Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    ...
    Толығырақ...
СЫР МЕДИЦИНАСЫНЫҢ СЕРПІНІ
11.10.2018 10:00

Өңірдегі денсаулық сақтау саласының дамуға деген сер­піні зор. Жақында облыстық медицина орталығына Оңтүс­тік Корея H+Yangji «Онкология және гематология» кли­никасының директоры Санг Ил Кимнің бастауымен делегация келді. Шетелдік мамандар Қызылордада бірінші рет онлайн түрде өткен операция және тік ішек пен асқазанға бірінші рет лапароскопиялық алып тастау отасын жасады. Лапа­роскопиялық оталар бұрын басқа ағзаларға жаса­латын. Ота аяқталғаннан кейін ОМО-ның мәжіліс залында ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Тақырыбы – «Асқазан және ішектің қатерлі ісігі бар науқастарды емдеуде операциялық лапароскопиялық хирургия». Алқалы басқосуға облыс әкімінің орын­басары Р.Рүстемов, облыстық денсаулық сақтау басқарма­сының басшысы А.Әлназарова, сондай-ақ, облыстың ме­дициналық мекемелерінің өкілдері қатысты. Орта­лықтың ота жа­сау­ бөлімінде Оң­түс­тік Кореяның дәрі­герлері Bae Byongku «Лапароскопиялық коллоэктомия», «Лапар­оскопиялық індіні жөндеу», «Гемо­рроидэктомия PPH аппараты арқылы», «Лапароскопиялық гастроэктомия», Park Jaeserk «Эндоскопиялық ота» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Ақхалаттылар сала бойынша мардымды ақпараттармен сусындап, тың идеяларға қа­нықты. Осы ретте өңірдегі медициналық туризмді жолға қою мәселесі туралы айтпай кету мүмкін емес. Облыс әкімдігі түйткілдің түйінін шешуді бас­тап та жіберіпті. Алғы шарттары дап-дайын. Шет мемлекет­тің клиникаларымен тәжірибе алмасу, маман даярлау, олардың білікті мамандарын ша­қыру жоспарлары бекітілген. Биы­лғы жылдың өзінде Корея мемлекетінде, Татарстан Республикасында дәрігерлердің білімін жетілдіруге басымдық беріліп, қаражат бөлінді. Өткен жазда аймақтағы 7 маман-дәрігер, медбике Кореяның Северанс клиникасында шетелдік әріптестерімен тәжі­рибе алмасып келді. Сондай-ақ,  Кореяның «ММФ Severan­ce - KZ» халықаралық медициналық қоғамдық қолдау қоры және Қызылорда облысы әкімдігінің Меморандумы аясында Кореяның жетекші клиникаларының дәрігерлері біздің  өңірге келіп, науқас­тар­ға көмек көрсетті. Бүгінде мемлек­етіміз медициналық туризм­ді дамыту мақсатында маркетингтік талдау жұмыс­тарын  жүргізіп жатыр. Ірі меди­ц­иналық клиникаларды белгілеп, санаторлы-курорттық  аймақ  анықталуда. Облыс­тық  денсаулық  сақтау  бас­қармасы мамандарының мәліметінше, Қызылорда облыс­ы бойынша медициналық ту­ризм­ және импортал­мастырушы мекеме ретінде облысты­қ  медицина орталығы, «Жаңа­қорған»  шипажайы, «Q - MED» ЖШС медициналық орталығы белгіле­ніпті. Об­лыстың 205 маманы денсаулық сақтау саласын модерниза­циялау, корпоративті басқару және менеджмент, маман даярлау, сапалы медициналық қызме­т көрсетуді басқару, мейір­бикелік іс, қауіпсіз  өнді­ріс, стационарлық қызметті жетіл­діру тұрғысында білім­дерін  көтерген.

Айта берсек, сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар шаш етектен. Сондықтан бұқараның базынасына нақты жауап­  беріп, халық денсаулығын нығайтуды көздейтін жүйе жаңылмай келе жатыр деп сене­міз. Биылғы 8 айдың өзін­де облысымызға 28 шетелдік науқас келіп, медициналық қызметті пайдаланған. Ден­саулық сақтау саласындағы соны жаңалықтардың бірі әрі біздегі дәрігерлер қауымының жұмысына деген сенім деп ұқтық  мұны.

Науқастарды дертінен құлантаза жазып жіберуде медиц­иналық құрал-жабдықтардың рөлі айрықша зор. Биыл  облыстық  бюджеттен  6,5 миллиард теңге емдеу ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін бөлінген. Нәтижесінде мекемелердің жарақтандыру көрсеткіші 45,19 пайыздан 77,6 пайызға дейін артыпты. Соңғы 2 жылдың көрсеткішіне­ қарасақ, 25 медициналық нысан­ қолданысқа берілгені еске түседі. Олар – 200 төсек орындық облыстық балалар ауруханасы, Қазалы аудандық орталық ауруханасы, 250 келушіге арналған типтік үлгідегі Жаңақорған  аудандық емха­на­сы, 11  дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық  бекет.

Қазіргі күні апаттық жағдайда тұрған Арал, Шиелі аудандық орталық аурухана­ларының құрылысы жүргізілуде. Ал мемлекеттік-жекемен­шік әріптестік  шеңберінде 25 жо­ба­ны  іске  асыру бо­йынша  қыруар­  тірлік  тын­ды­рылуда.

Болашақта медициналық нысандардың инфрақұрылымын 2018-2025 жылдары дамытуға арналған бірыңғай перспективалық жоспарға сәйкес, жалпы құны 73,5 миллиард теңгені құрайтын 118 нысан салыну көзделіп отыр. Оның 59-ы – мемлекеттік-жекемен­шік  әріптестік  шеңберінде.

Тегін медициналық кө­мек­тің кепілдік берілген көлемі шеңберінде амбулаториялық деңгейде тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету үшін 6 милилард 431 миллион теңге қаржы бөлінген. Қаралған сома өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп отыр. Сонымен қатар, тізімге енгізілмеген, сирек кездесетін 8 нозология бойынша 80 нау­қасты тегін  дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету  үшін  жергі­лікті бюджеттен 2018 жылы 180 миллион теңге қаражат бөлінді. Бүгінде 48 нозология бойынша  диспансерлік есепте тұратын науқастар тегін дәрілік  заттармен  қамтамасыз етілуде.

Дәрігерлердің білімін дамытып, ары қарай жетілдіру – заман талабы. Ендеше осы мәселелер төңірегінде жергі­лікті билік қандай шаруалар тындырып жатыр, соған назар аударалық. 2018 жылы облыс әкімінің арнайы дәрігерлерді дайындауға 20 гранты тағайындалған. Мамандықтарына сәй­кес 25 резидентті оқытуға облыс бюджетінен қаржы бөлін­ген. Оған қоса облыс әкімінің грантымен 22 резидент Республикамыздың 4 жоғары медици­налық білім беру орындарында оқуларын жалғас­тырып жатқанын тілге тиек етейік. Сонымен, биыл 30 бала бакалавр, 20 студент рези­дентураға оқуға түсті. Саланың жетістігі, мамандар жеткен биіктің  бірі – осы.

Осынша ілкімді істерден кейін Қызылорда өңірінің медиц­ина саласы дамудың даңғ­ыл жолында екенін сөзсіз түсінуге болады. Елде денсаулық сақтау саласына жоғары көңіл бөлініп келеді. Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету талабы­ барынша орындалып жатыр­. Салаға жыл сайын қыруар қаражат бөлінуде. Басқар­ма басшысының көр­сеткіштеріне сенсек, биыл­ғы бөлінген қар­жы өткен жылмен салыстыр­ғанда әлдеқайда артқан­. Демек, медицина маманд­ары үшін мүмкіндік жасалып жатыр­. Оны пайда­ланып білік­ті­лікті арттыру және ары қарай медицинаны өркендетуге үлес қосу – ақ­халатт­ылардың жауап­кер­шілігінде. Уақыт бір орында тоқта­п қалған емес. Ендеше, салаға ары қарай оң өзгеріс­терді енгізу де аяқталмайды. Бұл ретте облыс дәрі­герлері­нің еңбегі еселі, ал биліктің  ұсынымдары қолайлы  болып  отыр.

 

Ж.ҚОЙШЫБЕКОВА

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары