Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

    ...
    Толығырақ...
Жемқорлық жасағандарға 80 млн теңгенің үстінде айыппұл салынған
15.10.2018 11:15

Жыл басынан бері облыс соттарының өндірісіне түскен талап қою арыздарының саны өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 9,6 пайызға азайған. Мысалы, 2017 жылдың 9 айында 24156 талап арыз болса, биылғы 9 айда бұл көрсеткіш 22 041 болған. Есесіне азаматтық істер бойынша апелляциялық сатыға шағымданғандар көп. Егер өткен жылдың тоғыз айында апелляциялық сот алқасына 1041 іс түскен болса, биылғы жылдың есепті мерзімінде олардың саны 2853-ке жеткен. Бірінші сатыға түскен істердің аз болуына қарамастан, олардың екінші сатыда көбеюін Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаев банк істерінің артуымен түсіндірді.

Биыл өзге жылдарға қарағанда банктік істер көп. Себебі осыдан бірнеше жыл бұрын тұрғындарға берген несиелерінің үстінен заңсыз пайыздық үстемелер алып келген банктерге кредит алушылар шағымданып жатыр. Олар заңсыз алынған пайызды қайтарып алу үшін сотқа арыздануда. Тұрғындар арызы заңды болғандықтан, бұл істер бірінші сатыда оң шешімін табады. Алайда банк өздерінің істерінің дұрыс емес екенін біле тұра, қайта апелляцияға беріп жатыр,- деді Әділхады Жұмабайұлы 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында.

Есесіне қылмыстық істер бойынша үкіммен келіспей, қайта шағымданатындар азайыпты. Мысалы, ағымдағы жылдың 9 айында сот өндірісіне түскен 1260 қылмыстық іс бойынша 203-і ғана үкіммен келіспепті. Бұл жалпы істер санының 16 пайызын құрайды. Былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 12,8 пайызға кем. Алайда кісі өлтіру (+3), пара алу (+4), алаяқтық (+24), тонау (+14) деректерінің көбейгені байқалады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша сотты болған 24 адамның тек 3-4-еуіне бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалса, қалғанына айыппұл салыныпты. Жалпы салынған айыппұлдың сомасы 84 млн 918 мың теңгені құрайды екен. Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытжан Қалымбеттің айтуынша, бүгінгі күні салынған айыппұлдардың 40 млн теңгеден астамы өндіріліпті. Солардың ішінде ауыл әкіміне салынған ең жоғарғы 10 млн теңге айыппұл да бар екен. Сонымен қатар жаңадан қабылданған химиялық кастрациялау заңы 1 адамға тағайындалыпты. Бақытжан Мүсілімбекұлы қылмыстық істің жабық өтуіне байланысты бұл заңның нақты кімге, қай оқиға байланысты қолданылғанын айтпады. Ал елді елең еткізген «Ягодка» саяжайында болған оқиғаға тікелей қатысы бар қылмыскер арнайы есепте тұратын болғандықтан, жазадан құтылып кеткен. Қазіргі таңда ол ауруханада ем қабылдауда екен.

Статистика әкімшілік істердің де азайғанын көрсетеді. 2018 жылдың 9 айында (8155) облыс соттарының өндірісіне былтырғы жылдың есепті кезеңімен (9414) салыстырғанда 1025 іс кем түссе, 144 іс апелляциялық тәртіпте қаралған. Сондай-ақ осы сотта электронды сот төрелігін дамыту бойынша бірқатар жобалар қолға алынған болатын. Соның бірі – «Виртуалды сот» жобасы. Яғни бұл бойынша іске келуге мүмкіндігі болмайтын адаммен Skipe жүйесі арқылы-ақ байланысып, шешім шығарыла береді. 2018 жылдың шілде айынан басталған бұл жобамен бүгінгі күнге дейін 21 әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралып бітіпті. Ал «Түнгі сот» жобасы бойынша 18 сот процесі құқық бұзушылардың жұмыста болуына байланысты жұмыстан кейінгі уақытқа тағайындалып, қаралған.

Жансая  Жүнісова

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары