Өзекті мәселелер

  • 21.03.19

    «Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады». Осы тәмсілге сүйеніп, бала басын көбейткенді жөн санайтын қазақ елінде көпбалалы отбасылар саны 400 мыңға жақындайды. Оларға мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалып, жеңілдіктер қарастырылған. Алайда нарықтың қос бүйірден қысып тұрған шағында мардымсыз қаражат бастан башпайға дейін жетпейтіні үнемі айтылып келеді. Соның салдары еліміздің ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Үкіметтен басталған ауыс-түйіс жергілікті билікке де жеткен секілді. Ескерте кететін жайт, Қызылорда қалалық әкімдігінде «ат ауыстыру» жиі-жиі болып тұрады. Тіпті, «бір жарым ай ғана басшылық қызметте отырып, өзге салаға кете салу да оп-оңай ма?» деп қалдық. Енді заңды сауал туындап отыр. Жергілікті билікте кадр тапшылығы бар ма? Егер бұлай болмаса, қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бөлі...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Арық адамнан гөрі артық салмағы бар адамның мұңы басым. Ал ол әйел болса, тіпті, белгілі жайт. Қыс көрпесін түргеннен қыз біткен қысыла бастайды. Қызылды-жасылды киімге сай сымбатты қалайды. Әйел затының әу бастағы сұлулыққа құштарлығы дәл осы сәтте сынға түседі. Арығудың жолында диета ұстайды, фитнес клубқа барады. Алайда  салмақтан арылу үшін  денсаулықты бәйгеге тігу дұрыс па? «Тұмар...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    «Болар бала он бесінде баспын» десе, басқасының отызында не дейтінін баршамыз білетін шығармыз. Даналардың «ақыл жастан шығады» деуі тегіннен-тегін емес. Дарынды балалардың көптігінен еліміздің болашағын көруге болатындай. Кешегі Мағжандар жастарға сенім артқанда сенімге селкеу түсірмейтіндердің барын білді емес пе? Үдеден шыға алмай, беті қызарақтағандарды Терек төрелер қамшымен ұрып, ...

    Толығырақ...
  • 21.03.19

    Кемпір-шал осылай күйбеңдеп жатқанда Иванов бастаған жырындықор атаймандар жұп жазбастан кер даланың шаңын бұрқыратып барып, қалың жыңғыл жынысына кіріп жоқ болды. Бұл алап оңаша. Иванов тұрақтандырған бәрінің бөксе басар ұясы. Бастары аң-құс тегіс семіретін күзге қарай бір-бірімен хабарласып, осы бекетте тоғысып тұрады. Бұрынғының адамдары аң-құсты қақпанмен, тұзақпен аулайтын. Беріде орыстар ...

    Толығырақ...
Инвесторлардың құқығын қорғау жобасы таныстырылды
08.11.2018 09:51

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы фронт офис алаңында отандық инвесторлармен кездесу өткізіліп, инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы таныстырылды.

Кездесуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев ашып, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға тоқталып өтті.

Облыстық департаментің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Ізкенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша жобаны таныстыра отырып, осы жоба аясында құрылған фронт офис бизнес субъектілерімен тығыз байланыс орнатуда үлкен көмек болып отырғанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта фронт офиске инвесторлар мен кәсіпкерлерден 12 өтініш түсіп, оның 8-і өз шешімін тапса, қалған 4-еуі қаралу үстінде. Түскен өтініштер қатарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін жекеленген лауазымды тұлғалардың әрекетіне қатысты өтініштер бар», – деп атап өтті ол.

«Мысалға, Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Тасқынбаевқа қатысты шағым бар. Ол өзінінің заңсыз әрекетімен «Жолаушы А.Б. Сервис» ЖШС-не өз қызметін жүзеге асыруға кедергі келтірген. Аталған лауазымды тұлға серіктестікпен жасалған ауданішілік жолаушылар тасымалдау шарты бола тұра ішкі істер органдары арқылы автобекетке серіктестіктің көлік құралдарын кіргізбеуді сұраған. Осылай кәсіпкерлік субъектінің қызметіне ашық түрде бөгет келтірген. Сондай-ақ, Шиелі аудандық ауыл шарушылығы бөлімінің басшысы М.Әшірбеков өзінің әрекетімен басқа кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу құқығын шектеген. Аталған тұлға жерге орналастыру қызметін сатып алуды жалпы конкурс негізінде өткізбей, бір көзден сатып алу тәсілімен «Госспецзем» ЖШС-мен шартқа отырған. Нәтижесінде басқа кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу құқығы шектелген. Осы мәселелер облыстық әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, кеңес шешімімен лауазымды тұлғалар «Атқарып отырған қызметіне сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды» - деді ол.

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары