Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

    ...
    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
БАЙҚОҢЫРДАН ЕСКЕН ҚОҢЫР ЖЕЛ
08.11.2018 10:22

Осы бір жер атауы исі қазақты тегіне теліп, батасына­ иген бозінгендей жан рақа­ты­на бөлейді. Өткен ғасырда санам­ыз ғарышты игеру дүр­белеңімен жаңғырған ұрпақ ретінде біз үшін өз жеріміздің қызарып батар күні, бозарып атар таңы жүрегімізге қаншалықты жақын да болса, соншалықты тым алыста орналасқан екен ғой. Жұлдызды қаланың тұрғындарына сапалы тұрмыс­тық қызмет, құнарлы ішіп-жем, т.б. қажеттіліктеріне Мәскеу­дің оң көзімен қарасатыны жайлы малшы, егіншілер тамсана айтып отыратын. Дүние­нің тұңғыш ғарышкеріне қоғам қайраткері, қазақ ақыны Олжас­ Сүлейменов “Адамға табын­, Жер, енді” атты тарихи құжат есебіндегі жүрекжарды дастанын арнады.

Қаламызда Гагарин мөлтек ауданы бой көтерді. Мұны мақұл дейік. Екінші ғарышкер Г.Титов келгенде  іргемізді  кеңіткен  жаңа мөлтек  ауданға  бұрынғы  қаза­қы атауы болса да, ғарышкер­дің  есімін  бере салғанымыз не жөн еді? Ресей азаматтарының ізін ала өз ғарышкеріміз ұшқанда “Космосқа ит те ұшады” дегендей аса сабырлы бола қойғанымызды-ай. Өткенге салауат. 2011 жылы қыркүйек айында өткен республикалық суретшілер симпозиумына Байқоңырдан бір суретші қатысады деген хабардың өзіне сағыныш тұманынан от көргендей бір әуестік үмітпен қуанғанбыз. Симпо­зиумның жабылу рәсімінде өткен үлкен көрмеде оң жақ қанатта бірінші ілінген сурет­ші Жайлаубай Байсаловтың “Автопортреті” жұртшылықтың  әлі есінде. Иә, “Автопортрет”. Бұл – өткен ғасырда Арал теңізі ішін тартып, нөсері аз, кеселі жайлаған кезеңде жаһан­ жарықтық бүйірден қысып, кәсіп пен қоныс іздеп көшкендерге ермей, гүлденер кезін күткен тұрғындардың төзімі! Шыңырау құдықтағы ауызсудан ауласын суғарып жасыл желекке бөлегендердің төзімі. Ең бастысы, олар рухы мен базистік денсаулығын сақтап­ осы күнге жетті. Айтпақшы, суретшінің бейнелеу өнеріне бейім жасөспірім, көкөрімдерге уақыт бөліп ұстаздық  ететінін  Қызылорда телехабарынан  көрдік.

Бүгінде қазіргі және болашақ заман талабы деп құл­темір жасауға үйрететін ар­наулы үйірмелер үкімет тарапынан да қолдау көріп, белсенді жұмыс істеуде. Ал енді көркемдік жайлы мәнді ұғымдардың, яғни өркениеттегі өміріміз тірі табиғатпен бірге ұзақ болатынын қалтарыста қалдырмай, бейнелеу өнеріне ерекше бағыт-бағдар беретін үйірме не суретшілердің не­кен­-саяқ екенін мойындауымыз керек. Қош. Суретшінің әлеуметтік желіден көрген еңбегіне назар аударсақ. Онда аса бір ыждағаттылықпен сексеуілдің қоз шоғына үйітілген қойдың басын отанасы сумен жуғыштап жатқаны бейнеленген. Бүгін бір сыйлы қонақ келер­. Қазақы тәрбиемен қоса өрілген бас тарту рәсімі алда. Отбасындағы, тіпті қоғамдағы өз орнымызды іштей біле отырып бірнеше жан бір табақтан дәм татамыз. Бізден де басқа ғаламның небір рухы мықты жұрты өркениет сүзгісінен өтіп, тарихи трансформацияға түсіп жатқанымен түбінде өзінің ұлт болып қалыптасқан болмысына қайта оралып жатыр­  емес пе? Сол үрдістер­дің бірін жоғалтсақ не болады? Өкінішке қарай, көшпен­ділер ұрпағы бола тұра сал ауруына шалдығатын балалар саны азаймай отыр. Бұл ойын баласының сіңірі былбырап піскен сирақтың жілік майын шағып жемегенінен шығар.

25 қазанда асқаралы 60 жасқа келген Жайлаубайдың өнер әлеміндегі еншілеп алған өз “жайлауын”, өзіндік ерекше колоритін алдағы уақытта көріп, таныса жатармыз. Суретшіден дәріс алып жүрген балалардың ата-әжелерінің атынан Жайлаубайға күздей берекелі жемісін төк­кен шығармашылық пен от­басы шаттығын тілеймін! Әр­дайым ғарыш айлағына жақын елді мекендерден жеткен балам­а қуат көздеріне көшу, туризм, таза ауызсу, мектеп, т.б. жаңалықтарға қоңыр жел ескендей көңіліміз шалқиды. Қай жылы төбемізден құлап түскен ғарыш кемесінен төгілген, химиялық қарумен теңесіп қалатын ауа, су мен топырақ­қа тарайтын гептил зардабы жайлы ауыр ойла­ры­мыз санамызда  әлі  де мекендеп қалатындай...

Сәрсенкүл  ЖҰМАБАЕВА,

зейнеткер,

қала  тұрғыны

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары