Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 102 |
![]() | Кеше | 1631 |
![]() | Осы аптада | 10281 |
![]() | Өткен аптада | 15302 |
![]() | Осы айда | 45771 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3582791 |
ТОРҒА ТҮСКЕН ТАЛАНТТАР |
08.11.2018 10:47 |
Иә, адам баласы болғандықтан спортшылар да қателік жасайды және сол қателігінің жазасын алып жатады. Әсіресе, соңғы уақытта футболшылардың тарапына көптеген шағымдар түсіп жатыр. Салықтан жалтарды, төбелес шығарды, қыз зорлады, т.б. Осыған орай біз темір торға түскен танымал спортшылар туралы ізденіп көрген едік.
Майк Тайсон, бокс Тайсон бокстағы мансабын енді бастап жатқанда көп адамдар оның бір күндері абақтыға қамалатынын болжаған еді. Олар қателеспепті. Түрлі жанжалдар шығарған “Темір Майк” кейін “Мисс Қара Америка” деген атағы бар 18 жастағы Дезире Вашингтонды зорлады деп айыпталды. Сол қылмысы үшін боксшы үш жылға сотталды.
Аллен Айверсон, баскетбол 1993 жылы “Денвер Наггетстің” 18 жастағы болашақ қорғаушысы Аллен достарымен бірге ақнәсілді жігіттермен төбелесіп қалған. Сол үшін қара түсті жігіттер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, төрт айдан соң Виргиния губернаторы Айверсонды түрмеден босатты.
Дьюи Бозелла, бокс Бокс әлеміне енді аяқ басып келе жатқан 18 жасқа толған Бозеллаға 92 жастағы әйелді өлтірді деген айып тағылады. Осыған байланысты 1983 жылы Дьюи өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бозелла түрмеде де боксты тастаған жоқ, ол “сотталғандар арасында үздік боксшы” деген атаққа ие болады. Бокстан бөлек, ол түрмеде отырып 2 жоғары білім алып шықты. Спортшыға түрмеден ертерек шығу үшін қылмысын мойындау ұсынылған еді. Бірақ, Дьюи өз қылмысын мойындаған жоқ. Тек 2009 жылы ғана қосымша айғақтар табылып, Бозелла бостандыққа шықты.
Эдуард Стрельцов, футбол 1958 жылы “Торпедоның” аты аңызға айналған футболшысы Швецияда әлем чемпионатына дайындалып жүрген еді. Осы аралықта ол қыздармен бірге көңіл көтерген екен. Кейін сол қыздардың бірі “Стрельцов мені зорлады” деп арыз жазған. Тексерістің қалай өткені белгісіз, әйтеуір, Эдуард Стрельцов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, жақсы тәртібі үшін ол 1963 жылы түрмеден шыққан. Әйтсе де, футболшы мансабын қайта бастай алмады.
Билл Тилден, теннис Тилден – Дэвис кубогының 7 дүркін иегері және “Үлкен дулыға” турнирлерінің 10 дүркін жеңімпазы. Ол 1956 жылы 14 жастағы ұл балаға алымсақтанғаны үшін 2 жыл түрмеге жабылды. Бірақ, теннисші бостандыққа шыққан соң онысын тастаған жоқ. Сөйтіп, тағы да 10 айға қамалды. Кейін Тилденнен достары теріс айналып, оның спорттық мансабы аяқталды.
Бруно ди Соза, футбол Бразилия чемпионы, “Фламенго” қақпашысы Созаны өз елінде көп адам жақсы біледі. Бірақ, футболдағы жетістігі үшін емес. Футболшы сүйіктісі Элиза Самудиомен жанжалдасып қалған. Көп ұзамай, қақпашы достарымен бірге Элизаны өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Ол аз болғандай, бөлшектенген денесін итке жегізген. Футболшының бар кінәсі дәлелденіп, 22 жылға сотталды.
Майк Дентон, хоккей “Сент-Луистің” шабуылшысы 2004 жылы өз агентімен келіспей қалып, оны өлтіру үшін киллер жалдаған. Бірақ іс соңына дейін бармай, 24 жастағы Дентон кінәлі деп танылды. Сот кезінде Майк 7,5 жылға сотталған еді. 2010 жылы хоккейші түрмеден шығып, үлкен спортқа оралды. |