Оқырманнан хат
Келіп кету есептегіші








![]() | Бүгін | 125 |
![]() | Кеше | 2076 |
![]() | Осы аптада | 2201 |
![]() | Өткен аптада | 15257 |
![]() | Осы айда | 35615 |
![]() | Өткен айда | 52979 |
![]() | Бәрі | 3572635 |
Өмірге құштар, өнерге іңкәр |
14.11.2018 09:05 |
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара екі бөлімнен тұрады. Шараның І бөлімінде кітапханада өтетін барлық шараларға белсене атсалысып келген, кітапты жиі оқитын «Үздік оқырмандар» марапатталса, екінші бөлімінде кітапханада тұрақты жұмыс жасап келе жатқан Брайль алфавитін үйрететін «Ғажайып нүкте» атты үйірмесінің оқырмандары арасында Брайльша жазудан диктант жазу түрінде сайыс өтті. Қызылорда параолимпиада комитетімен бірлесе отырып спорттық ойындар үйірмесі жұмыс істейді, осы үйірмеде спортшыларымыз республикалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізеді. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбуова Мира Рахымжанқызының атынан құнды байлықты бойына сіңіріп, кітап атты рухани доспен сырласып жүрген «үздік оқырмандар» марапатталды. Сыр бойы – талай ақын, жыршыларды дүниеге әкелген киелі мекен.Осы шарада өнер майталмандарының өнерін жалғастырушы филармония өнерпаздары өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар кітапхана директорының атынан бағалы сыйлықтармен, Алғыс хат және дипломдармен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы |