Өзекті мәселелер

  • 23.05.19

    Ерсіннің жұмыссыз жүргеніне  біраз уақыт болды. Қырықтың қыр­қасына шыққан жігіттің  қызметінен кеткеніне үш жыл. Сонан бері үш балан­ың тамағы, киім-кешегі, жұмыссыз күйеудің бабын табу Алуаға оңай емес. Мектепте жұмыс ауыр. Күні бойы тыным көрмейді. Ерінің үйде бос жатысы мұғалім келіншектің жүйкесіне  тиеді.

    - Тым болмаса есік алдынағы бау-бақшаға қара. Малға жем-шөп беріп, өріске шы...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Ағылшын әдебиеті тарихында роман жанрының негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш романист жазушы, публицист, көрнекті прозаик Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты атақты шығармасын бес жастағы баладан бастап, белі бүгілген қартқа дейін білетіні анық. Тіпті, автордың атынан гөрі Робинзон Крузоның есімі әлемге әйгілі болған көркем образ екендігі де даусыз. Бұл – әрине, автордың ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Қазақ елі діни татулықт­ың үлгісі екені жаһанға мәлім. Бірлігінің бекемдігі де көп ұлттың басын біріктіріп тұрған шаңыр­ағының тыныштығынан көрі­ніп тұр. Елбасының сарабдал саясаты мен мемлекет үшін құндылығы  жоғары, саяси маңызы зор стратегияларының нәтижесінде біз осындай мәртебеге иеміз.

    ...
    Толығырақ...
  • 23.05.19

    Несібелі   МУСЛИМОВА:

    Тағдыр – жазмыш. Жазмышты жолынан жаңылдырып, пешенесін­  өзі  жазған пенде жоқ. Бір сәт күліп отырып көңіл босату,­ жылап отырып  жігерлі  кейіпке ену, шарасыздықтан  шаршап  немесе­ амалдың   жоқтығынан  жанар­ын  солдыру – бір  тағдыр иесіне­  ауырлық­. Сынақ  өзінің жеңім­пазын  таңдайды. Және сол жолда­ күресу үшін  кейіпкеріне  күш-жігер ...

    Толығырақ...
  • 23.05.19

    (Соңы. Басы газеттің 14 наурыздағы  №10, 18 сәуірдегі №15 сандарында)

    Менде тек ғана жұмыс тауып, жан бағатын тіршілік жасаудан басқа жол қалмады. Ал бала ше? Уақытша балалар үйіне өткізсем бе деген ой келді. Бірақ мен қайтып аламын дегенше, біреу асырап алса қайтемін деген күдік тағы бар. Осындай ой шырмауында жүргенімде ұялы телефон...

    Толығырақ...
“ҚАЙСАР” ЕЛУ ЖЫЛДЫ ЕҢСЕРДІ
14.11.2018 15:25

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымдағы соңғы ойынын “Қайсар” футбол клубы “Ақтөбеге” қарсы өткізді. Естеріңізде болса, маусымның шымылдығын да батыстық ұжыммен (1-тур, “Қайсар”-“Ақтөбе”, 0-1) ашқан болатын. Ал, 22-турда, яғни екінші айналымның соңғы ойынында сырт алаңда “Ақтөбеге” қонаққа барып, 3:1 есебімен есе жіберген-ді. Бұл жолы жерлестеріміз қарсыластарын 2:0 етіп ұтып, мерейтой аясында жанкүйерлерін қуанта түсті. 3 ұпай бізге ауадай қажет болатын. Тартысты ойында қайсарлық танытқан “қасқырлар” турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болып, өздеріне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бір сатыға жоғары. “Қайсар” биыл 33 ойынның 11-інде жеңіске жетсе, 12 ойынды тең аяқтаған. 10 ойында ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Қарсыластар қақпасына 35 доп соқса, өз қақпасына 31 голды енгізіп алды. Ескере кететін жайт, гол жіберуден “Астана” мен “Тобылдан” кейінгі үшінші орында тұр.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік шараға жанкүйерлер, ойыншылар мен команда ардагерлері, соның ішінде 20 жыл бұрын ҚР кубогын жеңіп алған “Қайсардың” алтын құрамы қатысты.

- “Қайсар” жанкүйерлер алдында беделге ие және қандай да жағдайларға қарамастан әрдайым өз абырой биігінде қалады. Клубтың бойтұмары ретінде қайсарлық, еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылу символы – дала қасқырының таңдалуы бекер емес. Қазіргі таңда жергілікті кадрларды тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. “Қайсар” футбол орталығында 400-ден астам жасөспірім жаттығады, біз оларды “Қайсар” мен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында көреміз деп үміттенеміз, - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Естеріңізде болса, өткен жылы аймақ басшысы сырбойылық командаға 6-орыннан, биыл бестіктен көрінуді тапсырған болатын. Команда құрамы мен басшылығы тапсырманы екі жылда да 100%-ға орындап отыр. Осыған орай, келесі жылы команданың бюджеті 1 миллиардқа көбейетін болады. Облыс әкімі шара барысында “қайсарлықтарға” келесі жылы медаль алып, Еурокубокте өнер көрсетуіне сәттілік тіледі. Демек, “Қайсар” келесі жылы үздік үштік үшін барын салатын болады. Басшылықтың үдесінен шыға білген бас бапкер Стойчо Младенов келесі жылы да “Қайсарды” жаттықтырмақ. Сонымен қатар, Пол Вере, Франк Джа Джедже, Джон Камара, Дмитрий Евстигнеевтер команда сапынан ресми түрде кетсе, Братислав Пуношевац, Матиас Курьор және тағы да басқа бірқатар ойыншылар клубта қалады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып ұжымнан бөлек тағы бір фарм-команда құрды. “Байқоңыр” футбол клубында 100% жергілікті футболдың тәрбиеленушілері ойнайды. 5 жыл бұрын “Қайсардың” базасы қайта жаңартылып, заманауи қосалқы алаң салынды, бүгінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Қызылорда фуболшыларына басты сыйлық – Сырдарияның сол жағалауында жаңа жабық стадион салынбақ.

“Қайсар” футбол клубының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған шара мерекелік концертке ұласып, онда Қазақстанның эстрада жұлдыздары “КешYOU” және “Ринго” топтары өнер көрсетті.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 

Пікір қалдыру


Қорғаныш коды
Жаңарту

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары