Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
ТАЛАЙДЫ ТАҢҒАЛДЫРҒАН ЖАС ЖЫРШЫЛАР
16.10.2019 09:15

Күллі түркі дүниесінің абызы Қорқыт бабамыздан жалғасқан ұлы өнердің мәртебесін мәңгілік еткен өлкемізде, жыраулық дәстүр ғасырдан-ғасырға жалғасып, кезең алмасқан сайын кемелденіп келеді.

Жүз жырау жыр дестелеген қасиетті Қармақшы елі өнерінің жылнамасында бүгін сәтті сағат.

Тұрмағамбеттік жас жыршы Арай Оңғарқызы 6 жасында Орталық  музейдің  ашылу  салтанатына шақыртылып,  ақын  Айдос  Рахметовтің  "Елін  сүйген  Елбасы" атты  термесін  Сыр елінің  мақам  сазымен  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  алдында  орындап, көшбасшы жас  жырауға   домбыра  сыйға  бергені баршамызға белгілі.

Ағымдағы жылдың  қазан айында Әзербайжан мемлекетінің Баку қаласында өткен халықаралық «Мугам» орындаушылардың фестивалінде  Шұғыла Маратқызы  ІІІ орынды иеленіп, Арай Оңғарқызы арнайы жүлдегер атанды.

Осы дүбірлі додаға бастап апарған «Жыраулар үйінің» директоры  Амандық  Қуандықұлы еліміздің атынан Халықаралық қазылар алқасының мүшесі ретінде шақырту алып қатысты.

Кеше аудан әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы талайды таңғалдырған жас жыршылармен кездесіп, арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады.

Аудан әкімі болашағынан үміт  күттіретін шәкіртер мен ұстаздарына  өнерде алар асулары биік, мерейлері үстем болсын деп тілектестігін білдірді.

Балғындарды баптаған ұстаздарын арнайы алғыс хатпен  марапаттап, ел абыройын асқақтатқан жас жыршыларымызға планшеттер табысталды.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ТОЙ МӘДЕНИЕТІ – ОЙ МӘДЕНИЕТІ
16.10.2019 09:05

Кеше Аралда той өткізу дәстүрін ретке келтіру туралымеморандумғақолқойылды.

Той – халықтыңқазынасы. Қазақтыңтойы – ұлттықтәрбиебесігі, дәстүр,сыйластық. Әдет-ғұрыптың, салт-сананың, өнердіңбағынашатын, бақсынайтынкезі де той деугеболады.

Дегенмен, қазіргітойлардыңтүр-түсібөлек, мазмұны мен маңызы да өзгеше. Мұныжаңашаландыдепжүргендеріміз де бар. Жалықтыратын, жалпақшешейлікке, батыстық та, шығыстық та емес, әркімойынакелгенінжасайтыншарағаайналып бара жатырдепжүргендеріміз де бар.

Осы орайда, қоғамдағы той мәселесітөңірегіндегікелеңсіздіктераралдықтарды да бейжайқалдырғанжоқ. Бұғандейінаудандыққоғамдықкеңестіңкүнтәртібіндеекімәртеталданып, бұқаралықақпаратқұралдарында той өткізутәртібінреттеужайындааудантұрғындарытарапынан да ұсыныс-пікірлержарықкөргенболатын. Ал, бұл жолы осы мәселеніңмаңыздылығыескеріліп,аудандыққоғамдықкеңестіңбастамасыменауқымдыкеңесотырысыөткізілді. Басқосуғаауданәкімініңорынбасары, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімініңбасшысы, аудандықішкісаясат, кәсіпкерлік, өнеркәсіпжәне туризм бөлімініңбасшылары, облыстықжәнеаудандыққоғамдықкеңесмүшелері, облыстықкәсіпкерлерпалатасыныңаудандық филиал директоры, ауданардагерлері мен жергіліктікәсіпкерлер, БАҚ өкілдеріқатысты.

КелелікеңестіаудандыққоғамдықкеңестөрағасыА.Жолановашып, аудандағытойлардыңбірқатартұстарынсынға ала отырып, бұлмәселенітұрғындарғақолайлыетужайын, соныңішіндетойдыңуақытылыбасталуы мен аяқталуынреткекелтіружөніндегіұсыныстыортағасалды. Өзкезегіндеаудан прокуроры А.Тәженов пен аудандық полиция бөлімініңбасшысыН.Әбдіразақ,бұл,біріншіден,аудандағықылмыстылықахуалыныңтұрақтылығыүшінмаңыздыекендігінайтса, облыстыққоғамдықкеңесмүшесіБ.Нұрхожаевтойдыңтымкешбасталып, аяқталуытойшылқауымүшін де,тойханақызметкерлеріүшін де салмақекендігін, яғниденсаулыққазиянекендігіналғатартып, ұсыныстыңорындыекендігінжеткізді. Кеңескеқатысушылар да бұлбастаманыңөтеорындыкөтеріліпотырғанынақолдаутанытып, біркісідейтәртіпкебағынудыжөнсанайтындықтарынбілдірді.

Күнтәртібіндегімәселеніңқорытындысыбойынша Арал аудандықҚоғамдықкеңесі мен жекекәсіпкерлерарасында «Тұрғындардыңтыныштығынсақтаужәнетәртіпсіздіктібодырмаумақсатындамейрамханалардакешкімезгілдегі той салттарыныңуақытынсағат 19:00 мен 00:00 аралығындаөткізу» жөніндемеморандумғақолқойылды.

«Тәртіпкебағынғанқұлболмайды» демекшіаудантұрғындарын алтын уақыттыбағалайотырып, той салтанаттарын осы бекітілген меморандум аясындаөткізугешақырамыз.

 

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН ЖОБАЛАР БАР
15.10.2019 15:06

Жастармен жұмыс істеу – бүгінгі күннің басты мәселесі. Бүгінгі күннің дегеннен гөрі биылғы жылдың деуге болады. Әйтпесе, жастар мәселесі қай заманда да өз өзектілігін жойған емес. Иә, биыл – «Жастар жылы». Облыста жастармен жұмыс істейтін арнайы құрылымдар бар. Олар – Жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық және қалалық жастар ресурстық орталығы. Сондай-ақ, әр ауданда бір-бірден жастар орталығы жұмысын жүргізуде. Ол жерлерде 263 маман тікелей халыққа қызмет көрсетуде. Облыс бойынша 14 пен 28 жас аралығында 176746 жас тұрады.

Аптаның алғашқы күнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов жастарға қатысты осы және өзге де мәліметтермен бөлісті.

Жалпы, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-ды құрайды. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 5,1%-дан 4,2-ге төмендеген. 2019 жылы жастар бастамаларына қолдау білдіру мақсатындағы әлеуметтік тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша 48 жоба жүзеге асқан. Қаржылық қолдау бойынша облыста жастар мемлекеттік жастар саясатының қаржыландыру деңгейі 25 пайызға артты. Жобалардың 30-ы қала, аудан әкімдіктерімен жүзеге асырылса, 18 жоба тікелей жастар саясаты мәселелері басқармасымен орындалуда. «Қалалық, аудандық жобаларды есептемегеннің өзінде тікелей басқармамен жүзеге асырылатын жобалар арқылы жыл аяғына дейін 4704 шара өткізіліп, 320 мыңнан аса жасты қатыстыру жоспарланған» деді басқарма басшысы.

Биыл жастарды еңбекпен қамтуда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен «Жас кәсіпкер» жобасы іске асырылған. Нәтижесінде 503 жұмыссыз жүрген, мүмкіндігі шектеулі жастар, жас отбасы мүшелері оқытылып, 440 жоба сәтті қорғалған.

- «Жас маман» жобасы негізінде еңбек ресурстары балансына сәйкес қажетті кадрларды даярлайтын 10 колледж тізбесі жасақталды. Сонымен қатар, оқу орындарында ауыл шаруашылығы, ветеринария, қызмет көрсету, құрылыс, техникалық және технологиялық, балық шаруашылығы, теміржол, өндіріс, тау-кен металлургия салалары бойынша оқыту бағдарламалары бекітілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерге бөлінген гранттар нәтижесінде 21 млн теңге болатын 44 бизнес жобаға қолдау көрсетілді, - деді Қуаныш Қуантқанұлы.

Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту мәселелері бойынша облысымызға белгілі 7 құрылыс компаниясына 70 адамға жұмысқа тұру үшін квоталар бөлінсе, 196 жас жұмысқа қабылданған.

«Жастар жылы» аясында облыста 131 тармақтан тұратын арнайы іс-шара жоспары бекітілген. Аталмыш жобаға облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға мүдделі мекемелермен 28 жасқа әлеуметтік жоба ұсынылып, оның 14-інің қаржысы қолдау тапты. Өңірлік кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес және жоспардан тыс түркітілдес елдері жастарының қатысуымен халықаралық фестиваль, халықаралық деңгейдегі тренерлерді тарта отырып IT эшелон жобасы, 100 жасты қамтыған республикалық лагерь, облыс әкімінің жүлдесі үшін республикалық әзіл кеші, көңілді тапқырлар алаңы қатысушыларымен ашық аспан астындағы жастар кеші, облыстық ауыл жастарының слеті, 3 рет көшпелі негізде аудандарда облыс әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысы өткізілген. Жыл соңына дейін шығыс жұлдызы атанған Ғани Мұратбаев атындағы республикалық деңгейдегі жастар сыйлығы, талантты, дарынды жастарға арналған облыс әкімінің сыйлығы табысталмақ. Бұл жастарды қолдауға арналған көптеген жобалардың бір парасы ғана.

Рыскелді  ЖАХМАН

 
ЖОЛДАУДАН ЖОЛ ТАПҚАН ЖҰМЫСТАР
15.10.2019 14:57

Апта басында өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Мира Абуова ҚР Президенті Жолдауынан туындаған міндеттер мен алдағы жоспарлар және 2019 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Жалпы, облыс бойынша 171 мәдениет үйі мен клубтары, 209 кітапхана, 14 музей, 11 архив, облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы, облыстық тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, қалалық демалыс паркі, барлығы 410 мәдениет және өнер мекемелері халыққа мәдени қызмет көрсетеді.

2019 жылдың І жартыжылдығында мәдениет нысандарын жаңғырту мақсатында 2 ауылдық клубтың (Арал ауданы, Шижаға ауылы және Шиелі ауданы, Тартоғай елді мекені) құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

- «Жастар жылына» және «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында көптеген халықаралық, республикалық, облыстық конкурс-фестивальдер ұйымдастырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру бағытында «Сыр өңірінің түркі халқытарының тарихы мен мәдениетіндегі алар орны» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға Германия, Ресей, Түркия елдерімен қатар Қазақстанның белгілі ғалым өнертанушылары қатысты, - деді Мира Рахымжанқызы.

Жастар жылына орай облыс әкімінің кубогы үшін «Feerie Dance-2019» атты халықаралық балдық би турнирі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы мен ақын, сыншы, аудармашы Жарасқан Әбдірашұлының шығармашылығына арналған халықаралық «Парасатты поэзия» фестивалі өтті.

Облыстық музейде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты жылжымалы көрмесі, көркемсурет галереясында «Ұлы дала елінің тұғырлы тарихы» атты көрме, «Жастар жылына» арналған «Аға ұрпақ өнері – жастарға аманат» атты халықаралық суретшілер симпозиумы ұйымдастырылды.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Жанкент, Сығанақ, Сортөбе, Бәбіш мола, Қышқала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде. Қышқала, Жанкент, Сығанақ қалашықтарында баспасөз турлары ұйымдастырылды. Қышқала қалашығынан тұрғын үйдің сегіз қырлы ішкі бөлмелерінің толық жоспары, қыш күйдірген үлкен пеш аршылса, Жанкент қалашығынан ортағасырда тұтынған заттардың фрагменттері мен сол ғасырда тұтынған иіссу құтысы табылды. Бүгінгі күні табылған тарихи орындар мен заттай экспонаттарға ғылыми зерттеулер жүргізіліп жатыр, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан археологиялық Сығанақ, Жанкент қалашықтарында аршылған нысандарға және Қазалы ауданындағы Ғанибай үйі ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күні басқарманың жобалық кеңсесі аясында «Жыр мұра», «VILLAGE LIFE», «SACRAL TUR» секілді 3 жоба жүзеге асырылуда.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА САҚТЫҚ КЕРЕК
15.10.2019 14:55

Қатты отынның сапасы сын көтермейді. Дұрыс жанбайтын көрінеді. Сондықтан сала мамандары жылу беру маусымында сақтық шараларын күшейту керек деп ескертеді. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.

– Қазіргі көмірдің сапасы нашар. Жануы қиын. Бықсып тұрады. Осылайша түтін моржа жолына жиналып, өзінің бір деңгейіне жеткенде түтін үй ішіне тарайды. Талаптарға сәйкес жылу беру маусымында пештің түтін шығу жолдары 2-3 рет тазалануы қажет, - деді Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев.

Дегенмен, департамент өкілі тұрғындардың бұған салғырттық танытатынын атап өтті. Бұған байланысты сала мамандары ерікті жастармен бірге 2018-2019 жылғы жылу беру маусымы кезеңінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында «Өрт қауіпсіздік айлығы» және «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» аясында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізген.

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша 147 өрт оқиғасы болған. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алыпты. Ал түтінге улану фактісі бойынша 11 жағдай тіркеліп, 26 адам (оның 12-сі жасөспірім) зардап шеккен. Қаза болғандар жоқ. Сондай-ақ, жылу беру маусымы кезеңінде табиғи газға улану фактісі бойынша 2 жағдай болған.

Брифингте сала мамандары әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар саны нақтыланып жатқандығын жеткізді. Алдағы уақытта Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен аталған отбасылардың баспаналарына көмірқышқыл газының дабыл қаққышы орнатылмақ.

Халық-хабар

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары