Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
МАРАПАТ МЕРЕЙДІ ӨСІРЕДІ
17.12.2019 17:00

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Департаменттің жылды қорытындылауына сай келген жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында жыл басынан бері республикалық және аймақтық оқу-жаттығулардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне қосқан зор үлесі үшін бірқатар сала мамандары алғыс хатпен, құрмет грамотасымен, медальмен марапатталды.

Алғашқы мерекелік құттықтау сөз кезегі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановқа берілді.

- Құрметті әріптестер, ең біріншіден сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Еңбектеріңіз еленіп, әрдайым марапат биігінен көріне беріңіздер! - деді Омар Құмарұлы.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері республикалық және аймақтық оқу-жаттығулардың жоғарғы деңгейде өткізілуіне, ұйымдастырылуына үлесін қосқаны үшін облыс әкімі орынбасарының алғысымен облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Әпетов, Ұлттық сараптама орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының басшысы Фарида Қалиева, Қызылорда облысының Полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Нұржановтар марапатталды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №657 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ғабит Бабаев пен Қармақшы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Серіккүл Әбжаеваға «азаматтық қорғау майоры» деген кезекті арнаулы атақ берілді.

Одан өзге қызметтік міндетін үлгілі орындағаны және қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізгені үшін №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Жандос Рысбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №672 жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес «ТЖ алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалін алса, №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Болат Томаев ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ, мерекелік жиында департамент бастығының алғысымен марапатталғандардың саны да көп болды. Олардың ішінде Ұлттық сараптама орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда облысы бойынша филиалының бас маманы Нағи Баекешов пен адам өмірін құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін қала тұрғыны Медет Рахметов марапат биігінен көрінді.

Еске салайық, 2019 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда қаласы, Астана мөлтек ауданындағы №6 тұрғын үйдің 3-қабатындағы №6 пәтердің самалдығында (балкон) балалардың отпен ойнауының салдарынан өрт оқиғасы болған еді. Түтінді бірінші байқаған төменгі қабаттағы көршісі Медет Рахметов өрт сөндірушілер келгенге дейін пәтер есігін бұзып кіріп, түтін арасынан бір айлық сәби Айзия Асылбекті және 7 жастағы Нұрдәулет Асылбекті қауіпсіз жерге алып шығарған.

Өрт – тілсіз жау. Дана халықта «сақтансаң, сақтайды» деген де тәмсіл бар. Ал, осы жолда қауіп-қатерге басын тігетін, тілсіз жаумен күн демей, түн демей «шайқасатын» сала мамандарының еңбегі әрдайым ерекше деуге тұрарлық.

Рыскелді  ЖАХМАН

 
ҚАЗАЛЫДА ҚАРАҒАЙДАН ЖАСАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ МОНША АШЫЛДЫ
17.12.2019 15:30

Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінен қарағай ағашынан жасалынған қоғамдық монша ашылды. Оның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, кәсіпкердік жұмысына сәттілік тіледі.

Қоғамдық монша арнайы Ресей елінен тасымалданып әкелінген қарағайдан салынған. 40 адамға арналған қызмет көрсету орны 3 бөлімшеден тұрады.

Ауданымызға белгілі кәсіпкер Шалғынбек Наурызбаевтың айтуынша, бұл моншаның өзгелерден өз ерекшелігі бар екен. Қабырғалары тек қана қарағай ағашынан тұрғызылған соң, моншаға түскен адамның өкпесі қысылмай, емін-еркін шомылады.

Айта кетейік, Қазалы ауданында 4 457 кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 970-і биыл ғана тіркелгендер. 2019 жылдың басынан бері ауданымызда «Exclusive», «AryNaz» сауда үйлері, «Сулпак» сауда орталығы, «RR», «Орда» мейрамханалары, «Рамазан» супермаркеті, «Аянат» ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Көлдеевтің «Автокөлікке қызмет көрсету» орталығы, өндірістік аймақтан Ә.Әбидің «Жылыжай кешені» пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін біршама кәсіпкерлік нысандары іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында көлік жуу кешені, жанар-жағармай құю бекеті және басқа да кәсіпкерлік нысандар бар.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
17.12.2019 15:10

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік кешті ардагерлер мен жастар, мемлекеттік қызметкерлер, барлық саланың мамандары, еңбек озаттары мен кент тұрғындары тамашалады.

Жиынға қатысқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қазалылықтарды еліміздің егемендік алған күнімен құттықтап, оның мәні мен маңызына тоқталды.

– Жәнібек пен Керей құрған керегені кеңейтіп, Елбасы байрағын көтерген Қазақстанның мемлекеттілігін әрі қарай нығайту – баршамыздың қасиетті міндетіміз. Өйткені, осыдан 28 жыл бұрын Қазақ жеріне орныққан Тәуелсіздік – бағасыз жеңіс, қайталанбас тарихи сәт. Сондықтан, қандай да болмасын мереке-мейрамның маңыздысы – Тәуелсіздік күні екені даусыз және солай болуы да тиіс. Ұлан-байтақ ұлы далада мекен еткен қазақстандықтардың бағына берілген бұл Тәуелсіздікті құлатпай ұстап тұру – бізге парыз, – деді.

Бүгінде еліміздің түрлі салалар бойынша жетістіктерге жетіп жатқанын айтқан аудан басшысы Мұрат Нәлхожаұлы мұның барлығы халықтың ауызбіршілігінің арқасында келгенін атап өтті.

Салтанатты жиын барысында аудан басшысы Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдары арасында өткізілген «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсының жеңімпазы аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағановқа Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің дипломын табыс етті.

Салтанатты басқосу аудандық өнер майталмандарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік отшашумен аяқталды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай Индира Назарова басқаратын аудандық орталық кітапхана ұжымы «Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – ұлы елім!» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА ЕКІ СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
15.12.2019 14:14

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Қ.Ысқақов Жаңақорған және Шиелі аудандарында жұмыс сапарымен болды. Жаңақорған ауданының Қожакент пен Сунақата ауылдық округтеріндегі  мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде салынған спорт кешендерінің  ашылу салтанатына қатысты.

Мемлекеттік-жекешелік тетігі ел экономикасын көтеріп, оны әртараптандыруға және кәсіпкерлерді ірі инвестициялық жобаларға тарта отырып, мемлекетпен бірлесе бизнесті жаңа белеске шығаруға септігін тигізуде. Осындай мемлекеттік-жекешелік әріптестік жоба аясында Жаңақорған ауданының Қожакент және Сунақата ауылдық округтерінде спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Облыс әкімі жаңақорғандықтарды жаңа спорт нысандардың ашылуымен құттықтап,жылы лебізін жеткізді.

"Тәуелсіздік күні қарсаңында Қожакент ауылындағы спортсүйер қауым үшін арнайы спорттық-сауықтыру кешенін ашып отырмыз. Сыр өңірінде мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүздеген маңызды әлеуметтік нысандар ашылып, ел игілігіне берілуде. Осындай серпінді жобалар Жаңақорған ауданында да жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басында Сүттіқұдық ауылдық округінде бой көтерген спорт нысандары осыған дәлел. Міне, бүгін Қожакент  ауылында да заманауи талаптарға сай спорт кешені ашылып отыр. Спортқа жаны құмар жас ұрпақты қуанышқа бөлеп, 13 тұрғынды жұмыспен қамтып, 300-ден астам жасөспірімге волейбол, бокс, ауыр атлетика, белбеу күресі, қазақ күрестерінен тәлім-тәрбие беретін, еліміздің жігерлі жастарын дайындайтын жаңа спорт кешені құтты болсын!",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сонымен қатар, дәл осы күні Сунақ ата ауылдық округінде демемлекеттік- жекешелік әріптестік аясында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың іске қосылуы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтып, жастарды спортқа баулуға қызмет ететін болады.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
15.12.2019 14:00

Сенбі күні облыс әкімі Қ.Ысқақов Тәуелсіздік күні қарсаңында баламалы негіздегі сағатына 50 мВт дейін күн энергиясынан қуат алатын «Байқоңыр Солар» электр станциясының ашылуына қатысты.

Күн электр станциясы – экологиялық тұрғыда таза, дыбыссыз, қауіпсіз әрі пайдалануға ыңғайлы және өз құнын жүз пайыз ақтайтын тиімді қондырғы. Оның басты артықшылығы – алынатын энергия көзінің қалыпқа келе алатындығында және белгілі бір шектеулі ресурсқа тәуелді емес. Шиелі ауданындағы аталмыш жобаның құны - 23 млрд.теңге. Нысанның жалпы ауданы – 150 гектар.

Аймақ басшысы аталмыш жобаның тиімділігі мен маңыздылығы туралы айтты.

"Электр станциясының іске қосылуы еліміздегі жаңартылған энергия көздерінің үлесін арттыру, «жасыл» технологияларға көшу бағытында жасалған зор қадам деп білу керек. Ендеше, болашақта аймақ тұрғындары баламалы энергия көздерін тұтыну деңгейін одан әрі дамыта беретініне сенімдімін!",-деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Сонымен қатар, жаңа жобаның іске асуы арқасында 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары