Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
5,5 МЫҢНАН АСТАМ ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАМАЛАР БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНБАҒАН
05.12.2019 11:10

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері Қызылорда облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралып, қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар айқындалды.

Қылмыспен күрестегі проблемалық мәселелер бұған дейін облыс әкімінің қатысуымен ведомствоаралық мәжілісте талқыланып, профилактиканың кешенді жоспары қайта бекітілді.

Облыстық прокуратурамен қылмысқа бейім адамдардың тізімі жасақталып, 3 мыңнан астам адам тәуекел топтарына енгізілді. Қазіргі уақытта олардың тұрмыс-тіршілігі уәкілетті орган өкілдерінен құралған жұмыс тобының күнделікті бақылауында.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында өңіріміздегі қылмыс 17%-ға төмендеді (7482-ден 6199-ға).

Бұл бағытта ұйымдастырылған шаралар өз нәтижесін беруде.

Дегенмен, жекелеген жағдайларда профилактикалық шаралар формальды атқарылуда.

Пробациялық бақылау жұмыстарының әлсіздігінен бұрын сотты болған 33 (35) адам қайталап қылмыс жасаған.

Прокурорлық тексерумен полиция қызметкерлерінің 10-нан астам құқық бұзушыға қасақана шара қолданбағаны анықталған. 5,5 мыңнан астам электронды хаттамалар бойынша шешім қабылданбай, құқық бұзған әрбір 10-шы тұлға жауаптылықтан заңсыз босатылған.

Аталған мәселелер алқа отырысында кеңінен талқыланып, құзырлы органдарға құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 
«ЖАНАРСЫЗ ДА ЖАРЫҚ ӘЛЕМ»
05.12.2019 10:10

4 желтоқсанда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне» орай «№1 Қызылорда әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Жанарсыз да жарық әлем» атты әдеби-сазды шара өтті.

Мақсаты - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зағип жандардың  шығармашылық насихаттау, қабілеттерін арттыру, қоғамға бейімдеу, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу.

Шараны кітапхана директоры Е.Алданазаров пен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары Ержан Кенжебайұлы ашып, қазыналы қарттарымызға ізгі тілектерін жолдады. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында С.Ысқақов атындағы колледж студенттері қатысып, өлеңдерін оқыды. Кітапхана оқырмандары Ақкенже Маханбетова мен Гүлсім Әбілова өздерінің туындыларын оқырмандарға ұсынды. Сонымен қатар «Жанары сөнсе де өнері сөнбеген» атты кітап және тифлоқұралдар көрмесі ұйымдастырылды.

 
БАСШЫЛАР ТІКЕЛЕЙ БАҒЫНЫШТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
04.12.2019 17:20

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы айтты.

«Осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген», - деді Ардақ Ерсейтов брифингте.

Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер –  министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.

«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті» екендігін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы хабарлады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатынығын түсіндірді:

- орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;

- облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;

- орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;

- облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;

- Аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.

Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.

«Тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған», - деп айтты спикер.

Бұдан бұрын, 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 
МӘДИНА ЕРАЛИЕВА АТЫНДАҒЫ «АҚБАЯН» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
04.12.2019 17:00

Қазалыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші, жерлесіміз Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауы өтті. Ән байқауына Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарынан талапкерлер қатысты.

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, әншілерге сәттілік тіледі.

Мұнан соң сахна төріне көтерілген өнерпаздар бірінші кезеңде Мәдина Ералиеваның репертуарынан бір ән орындаса, екінші кезеңде өздерінің қалауы бойынша бір әнді шырқады.

Нәтижесінде Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауының Бас жүлдесін Мадияр Жеткерген жеңіп алып, 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал, Нұрбол Тұранов бірінші, Аманжол Сламов, Айтуған Сембаев пен Ерлан Едігеев екінші, Динара Жакешова, Әмір Сариев, Әсел Тұрғанбаева үшінші орынға қол жеткізді.

Байқауда «Ақбаян» номициясымен Айғаным Тілепова марапатталды.

Айта кетейік, бұл байқау Қазалы ауданы әкімінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтті. Оны Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәденет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
КЕСЕНЕСІН БАБАНЫҢ ҚҰРМЕТТЕМЕУ – БОЛАР МІН!
04.12.2019 16:30

«Ойды ой қозғайды». Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановпен аз-кем тілдесу барысында көңіліме біршама ой түйдім. Әңгімеміз ортақ бабамыз әулие әрі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының кент орталығындағы кесенесінің күтімі, тазалығы мен көгалдандыру жайына ойысқанда тіпті қыза түсті. Кезінде ел ағаларының бастамасы, қалың бұқараның жұмылуы, жұртшылықтың демеушілігімен салынған кесене қазіргі таңда қастерлі де киелі мекенге айналды. Қашан барсаңыз да баба рухына тағзым жасап, аруағына сыйынып, құран бағыштатып жатқан адам қарасы үзілмейді.

Жуырда кесененің алғашқы шырақшысы Жанқожа бабамыздың тікелей ұрпағы Әбдіхалық Өмірбай көкеміз дүниеден озған соң ата жолын немересі Дәурен жалғастырып әкетті. «Ата көрген оқ жонар» демекші Дәурен бауырымыздың да шырақшы ретіндегі қадамы бөтен емес. Орда бұзар отыздан асқан жігіт есімі көпшілікке жақсы мәлім Қайрат қажыдан мұсылманша дәріс алумен қатар көзінің тірісінде даңққа бөленген әулие әрі батыр бабасының аңызға бергісіз шежіресін, ерлікке толы өнегелі өмір жолын, өңірдің тамырын тереңнен тартқан тарихын терең меңгеруді мақсат тұтуда.

Кесенені қастерлейтін қауым жеткілікті. Десе де, киелі орынның аумағына кейбір жандардың темекі тұқылын, сусыннан босаған қауашақ құтылар өзге де заттарды қоқыс салатын арнаулы жәшік болса да бейберекет тастап кететіндерін байқап жүрміз. Мұндай қылыққа баратындардың санасында «шырақшы бар, сол жинап алады» деген түсінік қалыптасуы да мүмкін. Әрине, шырақшы кесененің аумағын таза ұстауды басты міндетінің бірі санайды. Алайда өзіміз игі тілекпен барған киелі мекеннен ниетімізге дақ шалдырмай шыққанға не жетсін?! Бабаны құрмет тұтатын қабырғалы қауымның қиналған немесе талап қылған сәтте (тіпті егіс егуге талпынса да) Алладан соң Жанқожа бабаның аруағына сыйынатыны жалған емес. Ойланайықшы, бауырлар!

Баба кесенесінің төрт қапталы архитектуралық жобасына сай ашық екенін бәріміз де жақсы білеміз. Нысанның өте үйлесімді, көздің жауын алардай әдемі де аса айбатты салынғанына ешкім таласа алмасы анық. Бірақ... Қазалының үп еткен желмен қоса күз-көктемде сортаң шаңдағы, қыста қарлы дауылы жиі көкке көтерілетінін мойындауға тура келеді. Осындай сәтте жан-жағы ашық кесененің ішінің қандай күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Егер арнайы білімі бар, тәжірибелі сала мамандарымен ақылдаса отырып кесененің кесін-келбетіне зияны тимейтін тәсіл арқылы соңғы үлгідегі құрылыс материалымен (орг стекло немесе тағы басқа) ішінің жарығы толық сақталатындай деңгейде қапталдарын бекітіп, есік салынса, құран оқылғанда (қарт адамдар, жанына дауа тілеп келген сырқат жандар) жайғасып отыратындай аса көп болмаса да орын жасалса қалай болар еді?

Баршасы қаражатқа тірелетіні тағы белгілі жайт. Дегенмен, ел арасында игілікті іске қашанда қолұшын созатын жайсаң жандар жетіп артылады. Әрі солай болып та жүр. Оған қоса мұндай жағдайда аудандағы «Жанқожа батыр» атындағы қоғамдық қордың да қарап қалмасына сенім кәміл.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары