Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ОЛАР ОТАН ҮШІН ОТ КЕШТІ
10.05.2012 11:28

Дүние жүзін дүрліктірген, сан мыңдаған отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл - 67 жыл. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні - бейбітші­лік пен қайырым­дылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындат­қан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпей­тіндігін дә­лелдейтін белгі болып қалмақ. Отан үшін отқа түскен аталарымыздың батырлығы мен жан­қиярлығы, олардың туған жері­не деген шексіз сүйіспеншілік­тері Қазақстанның бүгінгі жауын­герлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыс­тыратын қоғамның рухани дамуы­ мен адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. 67-ші көктемді қарсы алып отырған бүгінгі ұрпақ үшін Жеңістің бағас­ы жоғары. Жеңіс – бұл Отан үшін өз өмірлерін құрбан еткендер, ұрыс даласынан қайт­пай қалған боздақтарын жоқтаған аналар мен жесірлер­дің көз жасы, миллиондаған адамдардың қайғы-қасіреті. Төнген қатерден Отанын қор­ғауға тек айбынды армия ғана емес, елжанды барша халық ат­тан­ды. Ұлы мерекені ұлықтау мақсатында Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма теа­трда «Мәңгілік жеңімпаз ұр­пақ» атты мерекелік шара өтті.

 
ҒАСЫР ЖАСАҒАН ҒАЗИЗ АНАЛАР
10.05.2012 11:19

Қыздарай  Аяпова


Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерді құттықтау – дәстүрлі үрдіс. Бүрсігүні Тасбөгет кенті әкімшілігі мен №11, 172, 257 орта мектеп өкілдері ғасырмен құрдас кейуаналардың үйіне сәлем бере барды.

Бүгінде кентте 100  жастан асқан­ 3 қарт кісі тұрады. Олардың ең үлкені – 110 жастағы  Қызылгүл Боранбаева. Қызылгүл әже 1902 жылы Жалағаш ауданының Шә­менов ауылында дүниеге келген. Анасынан ерте айырылған ол әжесінің тәрбиесінде болған. Револю­ция, ашаршылық кезінде ел асып, Өзбекстанның Пақташы ауданы, Зиядин станциясына қоныс аударады. Он құрсақ көтерген ана 2001 жылы атамекеніне оралып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды. Қазіргі таңда аман-есен өсірген 5 баласынан 19 не­ме­ре, 25 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр. Заманның сол бір қиын тұсында тігіншілікпен айналыс­қан әже 75 жасына дейін қолынан инесін тастамаған. Екі ғасырдың куәсі болған қарт әжейдің ден­саулығын дәрігер үнемі қадағалап тұрады. Біз барғанда да аймақтық емханадан халін сұрай келіпті. «Денсаулығы бірқалыпты. Тек анда-санда сырқаттанып қалатыны бар», - дейді дәрігер.

Ал Қыздарай Аяпова әжей 1908 жылы туылған. Есін білер-білмес шағында ата-анасынан айырылған оны ағасы мен әпкесі тәрбиелеген. Ашаршылық кезінде ағасы Өзбекстанның Шыршық облысына жер аударады. Сұрапыл соғыс жыл­дарында жауынгерлерге киім-кешек,­ шұлық, қолғап тоқыған. 50-жылдардың басында Сырдария ау­даны, Бесарық ауылына оралып, осында еңбек етті. Одан Тасбөгет кентіндегі «Межколхозстрой» меке­месінде күзетші қызметін атқард­ы. 104 жастағы Қыздарай әженің үлкен баласы 83-те болса, ең кішісі 48 жаста екен. Он баладан қалған 5-еуінен бүгінде 34 немере, 15 шөбере, 3 шөпшек сүйіп отыр.

102 жасты еңсерген Қағаз Құрманова Қазалы ауданының қазіргі Бозкөл ауылында өмірге келген. Бір атадан 2 ұл, 8 қыз туыл­са, қазірде өзі ғана қалған. Револю­ция, соғыс, тәркілеу науқанының, колхоздастыру, ашаршылықтың куәгері. «Ол жылдардың қиын­дығын бастарыңа салмасын», - дейді ана ет жүрегі елжіреп. Заманның қаталдығы мен жоқшылық сал­дарынан көп қиналған ол балық шару­ашылығында жұмыс жасап, нәпақасын айырды. Содан 1968 жылы Тасбөгет кентіне көшіп келген. Қазіргі кезде екі ұл, екі қызынан тараған 14 немере, 16 шөбере­сінің  ортасында бақытқа кене­ліп отыр.

Осындай қазыналы қарттарымызды ұлықтау – біздің перзенттік парызымыз. 100 жастан асқан ардақ­ты аналарымызға мереке қарсаң­ында жаулық жабылып, қамзол­ кигізілді. Сонымен қатар мектеп оқушылары арнайы мерекелік бағдарлама әзірлеп, өлең оқып, ән айтып, би биледі. Ризашылықтарын  білдірген  ақ жау­лықты  әжелер  ақ  батасын  берді.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК АЛАДЫ
02.05.2012 16:44

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Сыр өңірінде тұратын 156 соғыс ардагері Ұлы Жеңістің 67 жылдығына орай әрбірі 67 мың теңгеден бір мезгілдік материалдық жәрдем алатын болды. Осы көлемдегі ақшалай жәрдем, сондай-ақ 82 соғыс мүгедегіне, 16 соғыста қаза тапқан жауынгерлер жесіріне, 1 фашист концлагерінің тұтқынына беріледі. Сол сияқты Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еткен жанқиярлық еңбектері мен өзінің әскери борышын адал өтегендері үшін КСРО-ның ордендері мен медальдарын алған 288 адамның әрбіріне 25 мың теңгеден табыс етіледі. Бұған қоса, осы аталған категориядағы кісілердің әрбіріне коммуналдық қызмет, монша мен шаштараз қызметі, таксиді қосқандағы көлікте жүру ақысы есебінде тағы 64 720 теңге төленеді. Сонымен қатар бір мезгілдік әлеуметтік материалдық көмекті соғыс жылдарында тылда кемінде алты ай еңбек еткендер де алады. Бүгінде аймақта тұрып жатқан 8 741 еңбек армиясы мүшелерінің әрбіріне бұл орайда 46 700 теңгеден ақша үлестіріледі.

Халық-хабар

 
ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСЫ
18.04.2012 14:56

Елімізде зейнетақы жүйесіне реформа жасалғалы бері 14 жыл өтті. Осы уақыт аралығында Қазақстандағы ірі зейнетақы қорларының бірі «Қазақстан Халық банкі ЖЗҚ» АҚ инфляцияның жиынтық деңгейінен екі есе артық инвестициялық табыс тапты. Бұл инвестициялық басқарушылар біліктілігі­нің жоғары екенін аңғартса, екінші­ден, аталмыш қордың инвестиция­лық қоржыны құрамындағы қаржы құралдарының жоғары сапа талаптарына жауап беретіндігін көрсетеді. Содан соң елдегі зейнетақы жинақтау жүйесінің өміршеңдігін дәлелдеп отыр. Тәуелсіздік алғаннан кейін серпінді жұмыс жасап келе жат­қан бұл қордың ірі жеке институционалды инвестор ретінде беделі артты­. Бүгінгі күні зей­нетақы қорында 2,7 триллион теңге­ қар­жы бар. Оның 8 млрд. теңгесі мемлекет айналымында жүр.

- Айта кетерлігі, зейнетақы қорының үш құрылтайшысы бар болса­, соның алдыңғы шебінде “Халық банкі” тұр. Одан кейінгі орындарда «ҚазТрансОйл» мен «Қазақстан темір жолы» мекемесі келеді. Қазақстандағы зейнетақы қорларының 44 млрд. теңге қаржысының 20 млрд. теңгеден астамы осы банктің үле­сінде, - дейді «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ Қы­зылорда фи­лиалының директоры С.Тәшімбет.

Салымшылардың жинақтарын сақтап, көбейту үшін қор инвес­тициялық қоржындар қалыптастырады. Несие сапасы жоғары қаржы құралдарынан тұратын бұл қоржындар қысқа мерзімде де пайда табуға негізделген. Жыл басынан бері салымшылардың дербес зейнетақы шоттарына 22 млрд. теңге көлемінде инвестициялық табыс түсті. Бұл – елдегі барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары берген жалпы инвестициялық табыстың 64,4 пайызынан астамы деген сөз. Зейнетақы қорларының арасынан көш бастап келе жатқан қордың тұрақтылығы мен сенімділігін нау­рыз айына дейін меншікті капиталды 30,9 млрд. теңгеге жеткізгендігінен анық аңғаруға болады.

Н.ҚҰДАЙБЕРГЕН

 
ЖЕРЛЕСТЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
18.04.2012 14:55

Тәуелсіздік тамыры қазақ даласына жайылған тұста еліміздің сан қатпарлы қиындықтарға тап болғаны белгілі. Кейбір салалардың жұмысы тоқтап қалса, енді бірінің жұмысы­ жанданып, қыза түсті. Осы уақыт аралығында жас мемлекеттің аяғынан тік тұруына үлес қосқандар қаншама?­! Олардың арасында мұғалім де, дәрігер де, кенші де, тілші де болды. Сол арпалысы мол жылдарда қолына қалам алып, елдің жайын жазған қаламгерлер аз болмады. Әсіресе, жас буын өкілдері ата-бабаның аңсаған арманымен жеткен еркін­дікке сүйсіне қарап, мақаласының өзегіне айналдырып, жырына қосты. Сондай жандардың арасында қазіргі таңда «Дала мен Қала» басылымының Қарағанды облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келе жатқан жерлесіміз Айтбай Сәулебек те бар еді. Жоғары оқу орнын тәмам­даған жас маман 1982 жылдан бері сол өңірдің тыныс-тіршілігімен етене таныс. Одан бері де біраз жұмыстың жүгін арқалаған атпал азаматтың­ жүрегі әрқашан ел деп соғып келеді. Қаламы мен қағазын жанына серік еткен А.Сәулеб­ектің «Махаб­батым менің», «Жүректегі қызғалдақ», «Ақ пен қара», «Тәуелсіздік нұры», т.б. кітаптары жарыққа шықты. Қалың оқыр­манға есімі белгілі журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты­ ретінде де танымал.

Өткен аптада Сыр өңіріне ат басын тіреген А.Сәулебек оқырман қауымымен кездесіп, «Қаламы жүйрік қаламгер» атты шығармашылық кешін өткізді. Шара барысында ақынның өлеңдері оқылып, өткен шаққа саяхат жасалды. Сондай-ақ, тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерейтойына арнап жарыққа шығарылған «Елбасының алтын бесігі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болды. Кітапта Елбасының балалық шағынан бастап бүгінге дейінгі өмір деректері, қызметтері, ел дамуын­а қосқан үлестері мен бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған туындылары енгізілген. Сөз соңында Сыр жұртшылығына алғысын білдірген кітап авторы Ә.Тәжібаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына естелік кітап табыстады.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1091 1092 1093 1094 1095 1096 1097 1098 1099 1100 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Желтоқсан 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары