Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
Халық-хабар
«Брайль жүйесі - қазіргі ақпараттық қоғамда»
09.01.2019 16:56

3 қаңтар күні француздың тифлопедогогы Луй Брайльдің (04.01.1809 – 06.01.1852) туған күіне орай арнаулы кітапханада «Брайль жүйесі - қазіргі ақпараттық қоғамда» атты кең көлемде кітап қөрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Луй Брайльдің өмірі мен қызметі туралы ақпараттар жинақталған әдістемелік құралдар, брайльша журналдар, кітаптар, брайль жүйесін үйренемін деушілерге әліппе қойылып, оқырмандарға таныстырылды. Сонымен қатар оқу залында тұрақты жұмыс жасайтын Брайль үйірмесі туралы кеңінен таныстырылды.

Қ.Макосова,

Қызылорда облыстық зағип және

нашар көретін азаматтарға арналған

арнаулы кітапханасының оқу бөлімінің

кітапханашысы

 
«Сиқырлы әріптер сыры»
09.01.2019 16:55

Жақында Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен ҚСҚ-ның клубында француз тифлопедагогы Луй Брайльдің туған күніне орай «Сиқырлы әріптер сыры» атты ақпарат сағаты өткізілді. Кітапханашы З.Бисенова көз мүгедектерінің күні бүгінге дейін қолданып келе жатқан Брайль алфавитінің шығу тарихымен және алфавит авторы Луй Брайльдің өмірі мен қызметіне тоқталып өтті. Қазіргі кезде адамзат өмірінің барлық саласынан мәлімет беру үшін қолданып жүрген Брайль қарпі ғалымдармен қатар, қарапайым адамдарға да қолжетімді. Заманауи электронды құрал-жабдық кез келген хатты Брайль қарпіне алмастыра алады, бірақ бұл қаріптің алғашқы үлгісі әлі де болса маңызын жоғалтқан емес. І топ көз мүгедегі Ж.Тәжібаев - брайль қарпін өздігімен игерген оқырман, ол қазіргі уақытта кітап қорындағы брайль қарпімен жазылған кітаптарды үзбей оқитындығын және алдағы уақытта да осындай шаралар жиі ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр болар еді деп өз ойын түйіндеді.

З.Бисенова,

Қызылорда облыстық зағип

және нашар көретін азаматтарға

арналған арнаулы кітапханасының

абонемент бөлімінің кітапханашысы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 765 ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
09.01.2019 16:35

Мерекелік қайырымдылық шаралар аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға, көпбалалы аналарға, жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларға жәрдем берілді.

Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Оның аясында 765 қызылордалық отбасына сыйлықтар, азық-түлік пен қаржылай көмек берілді.

«Қайырымдылық шараға облыстық басқармалар мен департаменттер, сондай-ақ, қала мен аудан әкімдіктері атсалысты. Жиналған қаражатқа жаңа жылдық сыйлықтар мен мерекелік шараларға шақыру билеттері, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік сатып алынып, көмекке мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 765 отбасы қамтылды», - деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев.

Естеріңізге салайық, облыс әкімі, «Нұр Отан партиясы» облыстық филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев Саяси кеңес бюросының отырысында аймақтағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Жаңақорғандағы жауапсыздық
04.01.2019 11:37

2018 жылы Жаңақорған аудандық прокуратурасымен 9 209 азаматтың құқықтары қорғалған. Бұл туралы аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев мәлімдеді.

Прокуратура – азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін құзырлы органдардың бірі. Осы бағытта аудан көлемінде атқарылған шаруалар шаш етектен. Түрлі құқықтық мәселелер бір ізге түсіп, заң бойынша шешімін табуда. Айталық, былтыр мүгедектермен жұмыс істейтін мұғалімдерге 40 пайыз қосымша үстемақы төленбегені анықталып, қадағалау актісі негізінде 478 мұғалімге 8 миллион теңгеге жуық қаржы төленген.

- Біздің араласуымыздан кейін аудандық орталық аурухананың 1 256 жұмысшысына 125 миллион теңге айлық жалақылары (тамыз, қыркүйек айларына) төленіп, басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ғана медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 479 нәресте аудиологиялық скринингтік тексеруден өткізіліп, құқықтары қорғалған. Жедел медициналық көмек көрсету жағдайы талданып, енгізілген ұсынудың қаралу нәтижесінде жетіспейтін автоөкліктер сатып алынып, шектелмеген азаматтардың құқықтарының қорғалуына қол жеткізді. Екі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үй кезегіне қойылды, - деді аудан прокуроры.

Елімізде кәсіпкерліктің дамуына ерекше назар аударылып отыр. Кез келген дамыған экономиканың ажырамас бөлігі болып табылатын бұл сала заңмен қорғалады. Дерекке сүйенсек, Жаңақорғандағы кәсіпкерлердің құқықтары барынша заңмен реттеліп отыр. Мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан 4 мердігерге шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомалары заңмен белгіленген мерзімде қайтарылмай, олардың құқықтарына нұқсан келтірілген. Іске прокуратураның араласуынан кейін 1,1 миллион теңге кері қайтарылып, 4 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуы да айрықша бақылауда. Прокурорлық қадағалау актілері негізінде мемлекеттік бюджетке 27 миллион теңге өндірілген. 11,6 миллион теңге бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығының есепшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен 7 жылға шартты түрде сотты болды.

Жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушыларына 2 жыл бойы берілмеген зейнетақы жарналары толық төленіп, 1337 адамның конституциялық құқықтары қорғалды. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламсы аясында әлеуметтік жұмыс орнын формальді ашып, жалақы және зейнетақы жарнасына төлеп отырғаны жөнінде жалған мәліметтерді (жалған түбіртек) ұсынып, мемлекетке 500 мың теңгеге жуық шығын келтірген жеке кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағыты бойынша бюджеттік несиені мақсатына сәйкес пайдаланбаған кәсіпкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, мемлекетке келген 1,6 миллион теңге шығынды толық өтеген.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік қылықтары да аудандық прокуратура назарынан тыс қалмаған. Қызметтік жалғандық жасағаны үшін кент әкімі, ауыл әкімі мен бас маманына қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық іс қозғалып, сот үкімімен кінәлі деп танылған.

24 миллион теңгені құрайтын 2 мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылған. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін кент әкімінің орынбасары мен бас маманы, мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары мен бас маманы тәртіптік жазаға тартылған.

Жерді жалға беру жөнінде аукциондар бойынша келісімшартта көзделген сомалар белгіленген мерзімде төленбегені анықталып, қадағалау актісінен кейін мемлекетке 2,7 миллион теңге өндіріліп, 1,3 миллион теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Одан бөлек жерді жалға беру мерзімін заңсыз ұзарту, жер учаскесінің жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерінен төмен бағада сатылу, жер бөлу комиссиясының оң қорытындылары комиссия мүшелерінің көпшілігінің қатысуынсыз өткізілетіні, пайдаланылмай жатқан жерлер, нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмайтын жерлер және т.б. заңбұзушылықтар анықталған. Бұл заңсыздықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен жер қатынастары бөлімінің басшысы, мамандары тәртіптік жазаға тартылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданда қылмыстық істердің тергелуі электронды форматта жүргізілуде. Бұрынғыдай хат жазып, хат алыспай, азаматтар туралы жүйеге енгізілген ақпараттарды электронды түрде алып, тиімді жұмыс істеуге болады. «Е-қылмыстық іс» жобасын іске қосқалы 26 қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар электронды форматта жүргізіліпті. 2000 құқық бұзушыға электронды форматта әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар «Әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі» жобасы негізінде толтырылған.

Жаңақорғанда аудан прокуратурасымен бірлесіп атқарылған жұмыстар легі осы. Елдегі құқық қорғау саласының сапасына үлес қосу үшін әлі де толайым тірліктер атқарыла бермек.

Ж.Қойшыбекова

 
Жолға жанашырлық қажет...
03.01.2019 10:36

Жеке хат қоржыныма Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Рамазан Нұрымнан хат келді. Қашанда тура сөйлеп, тік айтатын мұғалім азамат бұл жолы аудан орталығынан Жанқожа батыр ауылына баратын ұлы жолдың Ақтан батыр ауылынан өткеннен кейін соңғы жауған қардың мұзға айналуынан жол қатынасын қиындатып жібергенін айтып, аудандағы құзырлы орындардың көңіл бөлуіне сетігімізді тигізуді өтініпті. Оқырман өтінішін орындау – кәсіби міндетіміз. Оған қоса жуырда Жанқожа батыр ауылына барған сапарымда мен де осы көріністерді көзіммен көрген едім. Назарларыңызға оқырман хатын қаз-қалпында ұсынып отырмыз.

«ЖКХ Қазалы, Қазалы ауданының әкімдігі, мына жолды адам өлімі болғасын тазалайсыңдар ма? Өткенде тек облыс əкімі үшін жолды тазалаған болып тұрсыңдар ғой. Ең болмаса анау трассаға құм сепсеңдер болады ғой, Ақтан батыр ауылы мен Жанқожа батыр ауылының ортасына. Күніне қаншама көлік аударылып жатыр, сол аударылған көліктердің шығынын кім төлейді?

Рамазан Нұрым».

 

Қазалының  құзыреттілеріне  құлаққағыс

Еліне кім бармайды, анасына,

Сағынса тайғағына қарасын ба?

Шідерлі дөненімдей зорға жеттім,

Жапсарлас қос ауылдың арасына.

 

Шығады иттің дауысы шәуілдеген,

Бөледі ортамызды жалғыз белең.

Япырмай, иек асты мекеніме,

Сағаттап жүргеніме, қалай сенем?

 

Айнадай жолдың үсті жалтырайды,

Шопырым зәресі жоқ, қалтырайды.

Көргенде тайып кеткен көліктерді,

Маңдайдан ащы тері тамшылайды.

 

Сыйынып, үнсіз келдік Жасағанға,

Үздіксіз, кім жалынған бас аманда,

Өмірдің кереметін жаңа сездік,

Көк мұздан көлігіміз босағанда.

 

Сөзіме көңіл бөлші, құзыретті,

Құмыңды, тұзға қосып жолға төкші.

Адамнан шығындану міндет емес,

Ойлашы, қысталаңда жүрген көпті.

 

Білеміз, қазынадан қаржы кетер,

Дабылдат, мәселені батыл көтер.

Қатеден азаматқа ажал тисе,

Жағымды жаңалықтың бәрі бекер!

«Сақтансаң, сақтармын» деген. Қолымызды мезгілінен кеш сермеп жүрмейікші!

 

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары