Өзекті мәселелер

  • 18.04.19

    Түрме рейтингі – кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін танытат­ын көрсеткіштің бірі. Бұл ретте­ Қазақстан қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын іске асыра отырып, жыл сайын бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалардың баламалы­ шараларын қолдану саласын кеңейтуде­. Соның нәтижесінде бұл түрме зерт­теулерін қадағалаудың халықаралық орталығы­ның (ICPS) жалпыәлемдік рейтингі...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар – тәннің құ­мары... Екіншісі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деп талпынып, көзі көрген, құлағы естігеннің  бәрін  сұрап  тыншымау. Бұл – жан құмары...»

    Абай  Құнанбаевтың

    «Жетінші  қара...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Дана қазақ «Көп жа­саған білмейді, көпті көр­ген біледі» дейді. Көп жасамадық, көпті көрмедік. Айтпақшы, «менің білге­німді өзгенің білмеуі керек» деп ақпаратты қыз­ғанатындар бар екен. Бар емес, олардың қатары қалың көрінеді. Әрине, әңгімеміз пайдалы ақпараттар мен мәліметтер турас­ында ғана. Әйтпесе, оқырман мен тыңдарманды адастыратын ақпараттың әрдайым жасырынып жүрген...

    Толығырақ...
  • 18.04.19

    Бала кезімнен әкеме жақын болып­ өстім. Таң атқаннан кеш батқан­ға дейін ізінен бір елі қалмайтын едім. Әкем жаны жайсаң, түрі сұсты, балаларына қамқоршы, мен үшін асқар таудай биік шың дер едім. Бізге қаладан «балала­рыма» деп базарлық­тың түр-түрін әкелетін. Осыдан әкемнің даладай дарқан көңілін  байқауға  болады.

  • 18.04.19

    Осыдан екі жыл бұрынғы ақпаратты айтайық. Ең алғаш естігенде есеңгіреп қалдық. Елімізде 2017 жылы 110 мың адам жоғары оқу орнын бітірген. Тек олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 7-ақ пайыз. Мұны мәжіліс депутаты Мұрат Бақтиярұлы баяндад­ы. Бұл ретте бітіруші түлектердің қалғаны қайда деген заңды сауал туын­дайт­ыны рас. Мәжіліс депутаты «КТК» арнасына берген сұхбатында жастарғ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
«Соғым» іс-шарасы өткізілуде
28.03.2019 12:14

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламаның талаптарын орындау мақсатында наурыз айының 26-28-і аралығында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығы қылмыстарымен айналысатын тұлғаларды анықтау үшін Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері «Соғым» жедел-профилактикалық іс шарасын өткізуде.

Полиция қызметкерлері ветеринарлармен бірлесіп, құжаттарсыз жануарларды әкелу фактілерін, мал союға және ет сатуға арналған сертификаттың жоқтығын анықтау үшін нарықтарда рейдтік іс-шараларды өткізіп отырады.

«Сұлтан», «Айтбек», «Отырар» сауда орталықтары және басқа да ет павильондары мен қалалық мал сою бекеті тексерілді. Бұл жағдайда 4 мобильді патрульдік автокөліктер және 12 полиция қызметкері тартылды.

Рейд қорытындысы бойынша 26 автокөлік тексерілді. Қызылорда облыстық полиция басқармасының бастамасымен барлық мал сою мен ет бөлуге арналған жерлерде бейнебақылау камералары орнатылды. Мал ұрлықтарының алдын алу үшін құжатсыз мал басын тасымалдайтын барлық көлік құралдарын тексеру ұйымдастырылды.

Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда Қызылорда облысы ветеринария бөліміне тексеру жүргізу үшін тиісті шешімдер қабылданады.

Полиция қызметкерлері мал ұрлау фактілері туралы полицияға уақытылы хабарласу қажеттігін ескертеді.Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ: ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
28.03.2019 12:12

Аз қамтылған көпбалалы 150 отбасы облыстық бюджет қаражаты мен "Болат Өтемұратов қорының" қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, аймақта өте нашар тұрғын үй жағдайындағы аз қамтылған мұқтаж көпбалалы отбасыларды анықтау мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған болатын. Қазіргі таңда Қызылорда қаласы бойынша комиссия 150 отбасыны анықтады.

"Көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамту үшін Болат Өтемұратовтың қорының қайырымдылық көмегі есебінен тұрғын үйдің бір бөлігін салу туралы мәселені талқыладық. Нәтижесінде, жергілікті бюджет есебінен 50 отбасы және қалған 100 отбасы қор есебінен баспанамен қамтамасыз етіледі", - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, баспананың 1 ш.м. құны 70 мың теңгені құрайды. Күзгі салқын түскенше отбасылар жаңа үйлеріне қоныстанып үлгерулері үшін тұрғын үй құрылысы 1 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Болат Өтемұратов қоры тарапынан тұрғын үйлерді салу бойынша «Баламекен» жобасының жүзеге асырылуына 450 миллион теңге бөлінеді.

"Өз тарапынан әкімдік осы уақытқа дейін барлық инженерлік инфрақұрылымдар - электр, газ, су, телефон байланысы мен автожолдар құрылысын аяқтауға, сондай-ақ, әрбір үйге 6 сотық жер телімін бөлуге кепілдік береді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Бүгінгі күні облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 27 906 адамды құрайды. Оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санаты бойынша 14 074 адам кезекте тұр, олардың 2038 көпбалалы отбасы болып табылады.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында облыста тұрғын үй құрылысы қарқынының тұрақты даму үрдісі байқалып отыр. Соңғы 6 жылда облыс бойынша тұрғын үйді іске қосу көлемі 2,5 есеге артты. 2013 жылы 270 мың шаршы метр болса, 2018 жылы 700 мың шаршы метрге дейін өсті. Осы жылдар ішінде Қызылорда қаласында 15 жаңа шағын аудан салынды, 361 тұрғын үй пайдалануға берілді, 7709 қызылордалық жаңа баспаналы болды, олардың қатарында апатты жағдайдағы үйлер мен жатақхана тұрғындары да қамтылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасы бойынша 2017 жылы аймақта "ОРДА" аймақтық Жол картасы қабылданды. «ОРДА» бағдарламасы арнайы халықтың аз қамтылған және әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын 500 мың теңге кепілдік жарна арқылы бастапқы 20% жарнасыз тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

2018 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй немесе 604 пәтер республика бойынша ең төмен бағамен - 1 шаршы метріне 120 мың теңгеден пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, 2019 жылы "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда облысы бойынша жалпы саны 568 пәтерлік 14 көппәтерлі тұрғынүйдің құрылысы жүріп жатыр, ағымдағы жылдың сәуір айында 928 пәтерлік 21 тұрғын үйдің құрылысы басталады. Айта кетейік, аталмыш тұрғын үйлер инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде ыңғайлы болу үшін сол жағалаудың бір бөлігінде орналасатын болады.

"Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясының XVIII съезіндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан бізге қосымша 3,6 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде 470 пәтерлік тағы 10 үйді алу мүмкіндігі туды. Ағымдағы жылы өңірімізде 1966 пәтерлік 45 көп қабатты тұрғын үй салынады. Олардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына беріледі", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
«Алпамыстағы» алыптар
28.03.2019 12:00

Жағымды  жаңалық

Әйтеке би кентіндегі №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасы ұжымының жас тәрбиеленушілерге тағылымды тәрбие берудегі озық іс-тәжірибесі көпшілікке жақсы мәлім. Білікті педагог Эльмира Нұрмағанбетова басшылық жасайтын аталмыш балабақша қызметкерлері мен мамандары баулыған кішкентай өнерпаздар түрлі деңгейдегі өнер сайыстарында да алдыңғы лектен табылуда. Осындай жағымды жаңалық күні кеше тағы да көрініс тапты. Бұл жолы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушілері ауқымды байқаудан алты бірдей бас жүлдені иеленіп, көпшілікті тәнті қылды.

«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің 10 жылдығы құрметіне арналған «Мәңгі ел – Қазақстаным» атты Қызылордада өткізілген оқушылар мен жасөспірімдер фестиваліне қатысқан Н.Сатыбай, А.Олжабек, Ж.Көптілеу, І.Темірбек, А.Жанұзақ, М.Жанәбіл «вокал», «көркем сөз», «би» жанры бойынша жоғарыда атап өткендей бас жүлдені иеленсе, №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан тәрбиешісі Р.Алғазиева, педагог ұйымдастырушы М.Тәңірбергенова, би жетекшісі А.Өтеген, ағылшын, орыс тілі маманы А.Рысмамбетова, музыка жетекшісі М.Шапихова фестивальге белсене атсалысқаны, педагогика саласында заманауи білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін «Бейбітшілік әлемі» президенті, «Халықаралық Адам құқығын қорғау коммитетінің» генерал-майоры, Қазақстан және Евразия Жазушылар Одақтарының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Әбен Нұрмановтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

Жеңімпаз бүлдіршіндер Біріккен Араб Әмірлігі Дубай қаласында өткізілетін ұстаздар, оқушылар мен ата-аналардың «DUBAI World of Peace 2019» Халықаралық өнер фестивальіне, ғылыми конференциясына, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясындағы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Бірлестігінің мерейтойына арналып Нұр-сұлтан, Алматы қаласында өтетін оқушылар мен жасөспірімдердің «Мәңгі ел – Қазақстаным!» өнер фестивалі мен ғылыми конференциясына шақыру құрметін иеленді.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 
Көпірде көлік құлады
27.03.2019 16:25

Қазалы ауданындағы «Әлсейіт» көпірінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталғаны белгілі. Бұйырса, жаңа көпірді 14 мыңнан астам тұрғын игілігіне пайдаланбақ. Жоба құны бақандай 2 млрд теңгеден асып жығылатын бұл көпір – аудан орталығымен байланыстыратын төте жол. Бүгінде дарияның арғы бетіндегі ағайын аталмыш құрылыстың тезірек тамамдалғанын тілеп жүр. Өйткені, абыржының уақытында қалқымалы көпірді ара-тұра алып тастайды. Кейде оқыс жағдайлар да болып жатады. 24 наурызда айтып отырған «Әлсейт» көпірінде оқыс жағдай тіркелді. Мәліметтерге сүйенсек, ГАЗ-53 автокөлігі қалқымалы көпірден ауып кеткен. Абырой болғанда адам аман. Зардап шеккендер жоқ.

– Сырдария өзені бойында орналасқан «Әлсейіт» көпірі «Қазалы жолшы» ЖШС-нің меншігінде. Апатқа ұшыраған ГАЗ-53 автокөлігі сол жердегі ауыр техникаларды пайдалана отырып 45 минутта жиекке шығарылды. Осы ретте халыққа ескертетін жайт, қалқымалы көпірден автокөлікпен өтер алдында белгіленген жүру жылдамдығын сақтауға, жолаушыларды түсіруді, көпірден жолаушылар толық өтіп болғанша автокөлікпен жүрмеуге және автокөлікті көпір үстінде тұрып артқа жүргізбеу талаптарын толық сақтауға шақырамыз, - деді Қазалы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Алтынгүл Сансызбай.

Рас, нысанның елді мекендердің серпін алуына септігін тигізері сөзсіз. Ауылдың әлеуетін арттыру алдымен инфрақұрылымға байланысты екені мәлім. Айтпақшы, «қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» демекші, жақында ғана айтулы жобаның құрылысынан ақау шығып, көпшіліктің көңілін күпті етіп қойған-ды. Естеріңізде болса, ақпан айында судың көп болып, мұздың жоғары деңгейде қатуына байланысты тіреуіштері отырған еді. Сол кезде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов: «Қазіргі таңда оны бұзып, қайтадан бетон тіреуіш дайындап жатыр. Жобаны жасаған кезде барлығы зерттелген. Қазір құрылысшылар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Белгіленген мерзім ішінде пайдалануға беріледі», - деген болатын.

Айта кетейік, жоба бойынша нысан алдағы маусым айында іске қосылуы қажет.

Халық-хабар

 
АРАЛДЫҚТАР ЕЛБАСЫН ҚОНАҚҚА ШАҚЫРДЫ
27.03.2019 14:40

Арал ауданында Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың тарихи шешіміне және Елордаға жаңа атау берілуіне орай форум өтті. Аудан тұрғындары Елбасының Сыр өңірі дамуындағы рөлі туралы айтты.

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер-журналист және Арал ауданының құрметті азаматы Шәкірат Дәрмағанбетов Елбасының Аралға келген сапарының маңыздылығын айта келе, сол кездегі естеліктерімен бөлісті. Тұңғыш Президенттің бастамасымен жүзеге асқан аудандағы игі істерге тоқталды. Ақсақал  өз сөзінде Елбасын тағы да Аралдың құрметті қонағы болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қазан айында Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Елбасы өңірдің талантты жастарымен кездескен болатын. Сол кездесуде аудан оқушысы Нұрсұлтан Жақсыгелдиев Елбасыға өскенде Президент немесе ғарышкер болғысы келетінін және Елорданы көруді армандайтынын айтқан еді. Нұрсұлтан Әбішұлы кішкентай аттасын қонаққа шақырып, ол отбасымен бірге Астанада болып, "Бәйтерек" және бас қаланың басқа да көрікті жерлерін аралап келген болатын.

Кішкентай Нұрсұлтан кездесуден алған әсерімен бөлісіп, Елорданы көру арманын орындаған Елбасына ризашылығын білдірді.

"Мен әлі күнге дейін достарыма Елордада көргендерімді қуана-қуана әңгімелеп, сол кездерді еске аламын. Менің арманым Тұңғыш Президенттің арқасында орындалды", - деді Н.Жақсыгелдиев.

Сондай-ақ, дарынды жас Елбасының туған жеріне - Арал ауданына келуін сұрады.

ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденінің иегері Күлмәриям Кемалова: "Елбасының бастамасымен "САРАТС" жобасы жүзеге асырылып, аралдықтардың ата кәсібі – балық аулау қайта жанданып, аудан тұрғындарының әл-ауқаты жақсарып келеді", - деп лебізін білдірді.

"Мен де, жерлестерім де, біз үшін Тұңғыш Президенттің Аралды құтқару жолындағы маңызды шешімін ешқашан ұмытпаймыз. Ел қалыптасуының алғашқы жылында, күрделі экономикалық жағдайда қабылданған Президенттің шешімі болмаса, біздің өңірімізбен, оның тұрғындарымен не боларын елестету қиын. Мен сол кезде Нұрсұлтан Әбішұлының үстелінде екі түрлі шешім болғанын естідім: біріншісі - Қызылорда облысын таратып, халқын басқа өңірлерге көшіру; екіншісі - барлық қиындықтарға қарамастан, теңізді қалпына келтіруге тырысу", - деді К.Кемалова.

Естеріңізге салайық, "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" (САРАТС) - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 90-жылдары бастаған "ғасыр жобасы" - Аралды құтқаруға бағытталған бірегей  жоба болып табылады.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары