Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ЖАҒЫЛДЫ
25.12.2018 10:45

Қызылорда қаласының орталық алаңында жаңа жылдық шыршаны жағу рәсімі өтті. Шыршаның биіктігі - 23 метр, ені - 10 метр.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтап, 2018 жылды қорытындылап өтті.

«Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамикаға қол жеткіздік. Индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылған 22 жобаның бүгінгі күні 17-сі өнім шығаруды қамтамасыз етуде. Тәуелсіздік күні қарсаңында Астанада өткен телекөпір аясында Шиелідегі тампонажды цемент зауыты іске қосылды. 2018 жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысы «Бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір» деп танылып, мемлекет басшысы "Алтын сапа" сыйлығын табыстады. Өңірімізде 2018-2020 жылдарды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы ретінде жариялануы осындай жетістіктерге жетуімізге зор мүмкіндік беруде»,-деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Қызылорда облысы - халықтың жан басына шаққандағы әлеуметтік саланы қаржыландыру бойынша республикада көшбасшы. Бірқатар көрсеткіштер бойынша, оның ішінде құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және т. б. инвестиция көлемі бойынша өсім байқалады.

Облыстың бас шыршасын жағу мәртебесі өңіріміздің мақтаныштары - "Men qazaqpyn-2018" ұлттық мегажобасының жеңімпазы жыршы Күнсұлу Түрікпен, парадзюдо бойынша бірінші қазақстандық әлем чемпионы Олжас Оразалыұлы мен "Мұрагер" мектебінің 11 сынып оқушысы, "Air Astana" және "Самұрық қазына" ұйымдастырған халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Евгений Демиденкоға табысталды.

Мерекелік іс-шара концертпен жалғасты.

Айта кетейік, аудандарда биіктігі 10 метр болатын 5 шырша, сондай-ақ, диодтық жарық шамдар мен билбордтар орнатылды.

31 желтоқсан күні кешке орталық алаңда мерекелік гала-концерт ұйымдастырылады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
25.12.2018 10:26

Облыс әкімінің өкімімен Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымына Қордабай Нұрғали Рахымшаұлы тағайындалды.

Н. Қордабай 1976 жылы туған. Қызылорда политехникалық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Құқық» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Дәнекер» АҚ бухгалтері ретінде бастаған.

1999-2015 жылдары Қызылорда облысының салық органдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

2015-2016 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің кеңесшісі.

2016 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

 
Кітап - рухани қазына
24.12.2018 16:20

20 желтоқсанда Айнакөл ауылындағы №175 негізгі мектепте мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап - рухани қазына» атты 5-7-сыныптарда үздік оқырмандар арасында интеллектуалдық сайыс өтті.        Мақсат - оқушылардың көркем әдебиетке құштарлығын арттыру, кітапхана қызметінің маңыздылығын арттыру, рухани тәлім-тәрбие беру.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде сайыскерлер тез, нақты сұрақтарға жауап беріп, ой ұшқырлықтарын көрсетті. Үшінші бөлімде оқушылар жаңылтпаш қайталаудан жарысып, есте сақтау қабілеттерінің мықтылығын дәлелдеді. Сергіту мақсатында жүргізілген «Bingo» ойыны, тіпті, қызықты өтті. Оқушылар қазақ жазушыларының шығармалары мен авторларын сәйкестендіріп, ұтыс сыйлықтарын жеңіп алды. Соңғы бөлімде сайыскерлер өз өнерлерін ортаға салды. Домбырамен ән салды. Қазақ ақындарының жырларын жатқа, нақышына келтіріп оқыды. Сайыс нәтижесінде 5-сынып оқушысы Айсәуле Әділхан сайыскерлер арасынан оза шауып, бас жүлдені жеңіп алды.

Президент Н.Назарбаевтың жолдауына көз жіберсек: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін мәселелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді», - делінген. Расында да бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты - білім, ал білімнің кәусар бұлағы - кітап екені белгілі. Еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы құлшынысына жолдама беретін кітапхананың маңызы зор.

 
"QAZALY MARATHON - 2018" өтті
24.12.2018 15:11

Өткен жексенбіде Қазалыда аудан әкімдігінің қолдауымен "Zangar Sport" қоғамдық бірлестігі мен "Жас Орда" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "QAZALY MARATHON - 2018" марафоны өтті. Салауаттылық салтын сақтау, бұқаралық спортты дамыту мақсатын көздеген шара ерекше тартымдылығымен танылды.

Дүбірлі доданы құттықтау сөзбен ашқан аудан әкімі Мұрат Ергешбаев марафонға қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетерлігі, марафонға жастармен қатар аудан басшысы да қатысты.


Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
Озаттар марапатталды
24.12.2018 15:03

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай сала қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтады. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен еңбек сіңірген қызметкерлеріне, саланың бастау алған сәтінде тынымсыз еңбектерімен дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді.

Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының «Ардагер энергетик» төсбелгісімен АйгүлҰлжекеш, Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығының Құрмет грамотасымен «Дәуле-Энерго» ЖШС-нің электр-монтер, бақылаушысы Жасұлан Құлтанов марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар сала қызметкерлеріне аудан әкімінің және облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының Алғыс хаты табысталды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары