Өзекті мәселелер

  • 10.01.19

    Өткен жылы облыс про­куроры Х.Дәуешов бірқатар БАҚ өкілдерінің басын қосып, галстуксыз кездесу өткізген болатын. Қашанда қара халықтың қамы үшін тер төгетін тілшілер қауымын шақыра отырып, ел-жұрттың көкейіндегі маңызды деген мәселелерді ортаға салуымызды сұраған-ды. Басқасы басқа, білдей қадағалау органы басшысының бұқараның жайын ойлағаны, әрине, қуантқан болатын. Бар білгенімізді «мынадай мә...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тоқсаныншы  жылдары балалардың ермегі еміс-еміс есімізде қа­лыпты. Шыбықты ат қып міндік, сымнан машина жасадық, асық ойнадық. Асылында, қаланың қайнаған тірлігінен алыс жатқан ауыл балалары алдан­ыштарын ойдан тауы­п жататын. «Ғұлы-ғұлы» дегеніңіз есіңізде шығар? Ләңгі ше? Сол жылдары ата-аналар қара сирақ жүгірмектерін үйге шақыра алмай әлек болатын.

  • 10.01.19

    Ділмұхамед  АБЫЗОВ,

    «Dalatex»  ЖШС-нің  директоры:

    ТМД  елдерінің ішінде жеңіл өнеркәсібі артта қалған ел болса, ол – Қазақстан. Себебі бізде отандық өнімдер аз. Бар болған күннің өзінде бағасы қымбат. Оның басты себебі барлық шикізатымызды сыртқа экспорттап, қайта қымбат бағамен сатып...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы жерлесіміз Ермекбек Пазлиевті ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтады. Батыр ұл Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Қызылорда қаласы  №2 мамандандырылған  өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі  болып  жұмыс  істейді. Қызыл жалынға қарсы күресіп, адам  ...

    Толығырақ...
  • 10.01.19

    “Қыз пен жігіттің арасында достық бола ма?” деген сауал ортаға тасталған ретте, “болады” деп бой бермей, мыңдап мысал келтіруге бар достарыңыз табылатын шығар. Расында, дәл осы сауал түрлі отырыс­тарда даулы мәселеге айналып, көптеген адамдарды мазалағаны­ анық. Сіздің ойыңызша, сөйлесу кезінде бір-біріне көңілі ауып, сезімі пайда бола бастаған адамдар дос болуы мүмкін бе? Немесе махабб...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Алғыс арқалаған ақжелеңділер
24.12.2018 14:54

Ұялы телефоным үсті-үстіне шырылдай жөнелді. Беймезгіл уақытта соғылған қоңырау үні қандай суық десеңші?!. Мұндайда адамның көңілі сан-саққа жүгіретіні, неше түрлі қорқынышты ойлар шырмап алатыны белгілі ғой. Үй-ішімізбен үрпиісіп, телефонның тұтқасын көтердім. Үлкен келінім Гүлзат екен. Дауысы қалтырап Нұр-перзенттің (әлі жасқа толмаған кішкентайы, біздің немереміз) қызуы көтеріліп, қатты сырқаттанып жатқанын, жедел жәрдем шақырғанын зорға жеткізді. Бұған дейін алғашқы нәрестесі Нұр-Ислам аяқ астынан шетінеп кеткендіктен, қатты үрейленіп тұрғаны анық байқалады. Жолдасым екеуміз кенттің шеткері бөлігінде тұратын ұлымыз Қайыркелдінің үйіне жетуге асықтық. Біз барамыз дегенше кідірмей келген «жедел жәрдем» көлігі немеремізді анасымен бірге аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне апарып жатқызыпты.
«Аузы күйген, үрлеп ішеді». Бізде (ата-әжесі) сол шақта «Соңы қалай болады?. Қазалы қанша дегенмен облыс орталығы немесе ірі қала да емес. Аудандағы дәрігерлердің шама-шарқы жетер ме екен? Ертерек білгенде Ақтөбе, Алматы, тіпті Астанаға апарып емдетер едік. Уа, Алла, батыр атамның аруағы өзің жар бол! Құлыншағымыз анасының бауырына аман-есен оралсыншы» деп іштей Жаратқанға жалбарынғанымызды, жерлес дәрігерлердің (аудан дәрігерлері мұнымызды түсінер, айыпқа бұйырмас деп ойлаймын) біліктілігіне пендешілік танытқандай болғанымызды несіне жасырайын?! Менің көкейімдегі күмәнді дөп танығандай ұлдарым аудандық аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі Бота Нұрмаханова да, ұжым мүшелері де білікті дәрігерлер екенін, әсіресе Гүлзат Алтынбекқызы есімді жас маманды көпшіліктің «емі шипалы» деп мақтайтынын жарыса айтып жатыр. Мұны естігенде толқыған көңіліміз сәлде болса сабасына түскендей болды.
Сонымен ұйқысыз таңды да атырдық. Ел арасында дәрігерлер туралы «ауған түйенің жүгін басқандай» деген теңеу бар. Мағынасы Алладан туралап ажал келмесе (ажалды пендені кім алып қалар дейсіз?) мүмкіндігінше жәрдемдеседі дегенді пайымдатса керек. Бұл жолы да солай болды. Кеселдің беті қайтты. Сәбиіміз аман-есен құтты шаңырағына анасымен бірге оралды. Аллаға мың да бір шүкір! Сәл уақыт өте екінші ұлымыз Есеттің қызы Аянамыз сырқаттанып қалсын. Бұл жолы әуелі Алла, сонан соң аудандағы дәрігерлердің еміне үміт арттық. Өткен жолғыдай анда-мында апарсақ деген ой болған жоқ. Шипа дарып Аянамыз да сауығып кетті.
Жақсылықты көре білген де абзал. Жаңа жыл қарсаңында Қазалы аудандық ауруханасының Бота Нұрмаханова қызым басқаратын балалар бөлімшесінің ұжымына, білікті дәрігер Гүлзат Алтынбекқызына, барша дәрігерлер қауымына еңбектеріңіз жемісті болсын, Құдайдың бір аты саналатын халықтың ықылас-пейіліне бөлене беріңіздер, шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, елге жасаған қызметтеріңіз Алладан қайтсын дегім келеді!

Жұмабек Табынбаев,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауераты,
Қазалы ауданы

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА 200 ОҚУШЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫНА ҚАТЫСТЫ
24.12.2018 14:50

Дәстүр бойынша мерекелік шараға оқу озаттары мен өнерлі оқушылар, облыс бойынша аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ "Атамекен" балалар ауылының тәрбиеленушілері, барлығы 9-13 жас аралығындағы 200 бала шақырылды.

Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа жылдық құттықтауымен ашылды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев қатысып, балаларды жаңа жылдарымен құттықтады.

«Бүгін республика көлемінде Елбасы – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей қолдауымен Президент шыршасы ұйымдастырылуда. Сіздердің халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық сайыстарда жетістікке жеткендеріңіз қуантады. Әрқайсысыңыз болашақта Қазақстан Республикасының атын әлемге әйгілі етеді деп сенемін!»- аймақ басшысы.

Оқушылар облыс әкіміне жан-жақты көрсетіліп жатқан қолдауы мен қамқорлығы үшін алғыстарын айтты.

Іс-шара мерекелік концертке ұласып, балаларға арнап дастарқан жайылып, сыйлықтар берілді, яғни «Bilim book» жинағы табысталды.

Сонымен қатар, жаңа жылдық мереке аясында балаларға қала бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Олар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, "Рухани жаңғыру" орталығына, «Мұз айдынына» барды және Қызылорданың басқа да көрікті жерлерін аралады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Жылы жүзді жүздесулер
21.12.2018 17:48

Бірлік ауылында округ әкімі Баймұрат Теміровтің ауыл тұрғындарына арналған есепті кездесуі өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов ашып, жүргізіп отырды.

Есепті кезеңде ауылдық округ әкімі Б.Теміров Қазақстан Республикасы Президенті Нүрсұлтан Назарбаевтың ел дамуынағы бес индустриялды реформасын жүзеге асыруға бағытталған «Жүз нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және дәсүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттер мен тапсырмаларды орындау мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп келе жатқандығын атап өтіп, ауылда атқарылған жұмыстардың барысы мен келер жылға межеленген ілкімді істерді баяндады.

Жиын барысында ауыл әкімі елді мекенде бала санының өсуіне байланысты балабақша ғимараты салынса деген халықтың ұсынысын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары да өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Жүздесуді аудан әкімінің орынбасары Әлімжан  Жарылқағанов қорытындылады.

Жалаңтөс батыр ауылында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, аудандық дербес бөлімдерінің мамандары, жергілікті қоғамдастық мүшелері, ауылдық округтегі мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысқан жиында Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Орысбек Жамшейтов жыл бойы атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері туралы баяндама жасап, оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарға тоқталды.

Басқосуда ауыл тұрғындары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Жиын соңында тұрғындар ауыл әкімі О. Жамшейтовтің жыл бойы жасалған жұмыстарын оң бағалап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

Ақтан батыр ауылдық клубында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап ауыл тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде ауылдық округ әкімі Шәкір Қартабай жыл көлемінде жүзеге асқан жұмыстарға кең тұрғыда тоқталды. Сонымен қатар округтегі кейбір шешімін мәселелер назарға алынып, жүзеге асыру жолдары талқыланды. Жиын соңында ауыл тұрғындары жыл бойы атқарған жұмыстарды оң бағалады.

Мұндай кездесу жиындары аудан көлемінде жалғасын табуда.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тілектер шыршасы» орнатылды
21.12.2018 15:49

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерінде «Тілектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттік қызмет алуға келуші кез келген азамат шыршаға ілінген бала тілегін орындап, шатыққа бөлей алады.

Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттік корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тілектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тілектері жазылған хаттар ілінген. «Бұл бастаманы біз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткізіп, 60 баланың тілегін жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниетті жомарт жандардың көп екенін білеміз, сондықтан бұл шараны биыл біз барлық облыстағы фронт-офистерде өткізуді жөн көрдік. Балалардың сұрататындары – өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперуші азамат бүлдіршінді шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлісіп, бала үмітін ақтайды, армандарына қанат бітіреді», - дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Шыршаға тілек жазушы балалар аймақтардағы әкімдіктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көпбалалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдіршіннің тілек хаты ілінген, ондағы балалардың «Аяз атадан» сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлі. Мысалы, қарағандылық 10 жастағы Бексұлтан сырғанайтын конькиді қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С.Пушкиннің өлеңдер жинағын алғысы келеді.

ХҚО-ға келуші кез келген азамат қалауынша хаттың біріндегі тілекті орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдіршіндердің армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелік шара барысында табыс етілетін болады.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында баланың ізгі тілегін орындап, әлеуметтік маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз.

«Тілектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайлары:

  1. Астана қ., Байқоңыр ауданы, №5 ХҚО бөлімі, Абай даңғ., 80
  2. Алматы қ., Медеу аудандық ХҚО, Марков к-сі, 44
  3. Шымкент қ., №1 ХҚО бөлімі, Мәдәлі қожа к-сі, 1/16
  4. Ақтөбе қ., №2 ХҚО бөлімі, Сәнкібай батыр к-сі, 249
  5. Ақтау қ., №1 ХҚО бөлімі, 15 шағын аудан, 67б
  6. Атырау қ., №1 ХҚО бөлімі, Қ.Сәтбаев к-сі, 23
  7. Көкшетау қ.,  №2 ХҚО бөлімі, Абай к-сі, 96
  8. Қарағанды қ. №3 ХҚО бөлімі, Шахтерлар даңғ., 5/2
  9. Қостанай қ., №1 ХҚО бөлімі, Тәуелсіз к-сі, 46

10. Қызылорда қ., №1 ХҚО бөлімі, Ғ.Мұратбаев к-сі, 2Е

11. Павлодар қ., №3  ХҚО бөлімі, Павлов к-сі, 48

12. Петропавл қ., №1 ХҚО бөлімі, Әуезов к-сі, 157

13. Орал қ., №2 ХҚО бөлімі, Шаған жағажай к-сі, 84

14. Өскемен қ., №4 ХҚО бөлімі, Қазақстан к-сі, 159/4

15. Талдықорған қ., Тәуелсіздік к-сі, 67б

16. Тараз қ., №5 ХҚО бөлімі, Рысбек батыр к-сі, 14

17. Түркістан қ., мамандандырылған ХҚО, Қызылорда тасжолы, 35а

 

«Азаматтарға арналған үкімет» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамының баспасөз қызметі

 
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БОЙЫНША КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫНДА МЕРЕКЕЛІК КҮНДЕРДІ ҚАУІПСІЗ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
21.12.2018 12:35

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев отырысты ашып, жаңа жылдық мерекелерді қауіпсіз өткізуде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін естеріне салды.

Жауапты мекемелер мен ұйымдардың басшылары мерекелік іс-шараларды өткізуге дайындық барысы жайлы баяндады.

"Жылыту маусымы өңірде тұрақты өтуде. Барлық 1166 әлеуметтік нысан мен 763 көпқабатты тұрғын үйге жылу беріліп, тиісті мекемелердің жұмысы – "Қызылорда ЖЭО" МКК, "КРЭК" АҚ, "ҚазТрансГаз Аймақ" және "Қызылорда су жүйесі" штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деді  облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың айтуынша, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп мерекелік іс-шараларды қауіпсіз өткізу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынды.

"Мереке күндері мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін облыстағы 408 әлеуметтік нысанға іс-шаралар жоспарына сәйкес қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізілді. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша облыстық комиссия эвакуациялық көшіру жолдарының жағдайын, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексерді, қауіпсіздік шаралары туралы халықты алдын ала ақпараттандырды  және мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне  нұсқау беріп, іс - шаралар өткізілетін орындарда жедел топтар құрылып, кезекшіліктер ұйымдастырылады", - деді О. Бержанов.

Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімі комиссия мүшелеріне жаңа жылдық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге жүз пайыз дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2018 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары