Өзекті мәселелер

  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

  • 16.10.19

    «Алтын дән – 2019» мерекесі қалалы­қ ипподромда ат бәйгесімен жалғасын тапты. Мұнда шабан­доздар тай, құнан, тоқ, аламан­ бәйге сынды 4 түрінен сынға түсті. Бәйгенің ең ұзағы (аламан) 25 шақырым болса, тай бәйгеде шабан­доздар 4 шақырымға шапты.­

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов шараға қатысып, диқандардың жеткен жетістігіне тоқталып, облыс­тағы ат спортына бөлінген көңіл турасын­да  айтты...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚАНША ҚАРЖЫ ҮНЕМДЕЛЕДІ?
16.10.2019 14:20

Осы күні облыстық басқарма басшылары өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Президенті Жолдауынан туындаған міндеттер туралы және алдағы жоспарлары жайында баяндама жасауға лек-легімен ағылып жатыр. Жаңа апта басталған шақта облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нәби Даужанов та БАҚ өкілдеріне арналған брифингте төбе көрсетті.

Өткен жылы өңірді цифрландыру аясында 3,5 млрд теңге қаржыға 29 жоба толық жүзеге асырылса, биыл «Ақылды» қалалардың эталондық стандартына сәйкес 9 бағыт бойынша («Білім беру», «Денсаулық сақтау», «Көлік», «Қауіпсіздік», «ТКШ», «Қалалық басқару», «Экология», «Ауыл шаруашылығы» және «Әлеуметтік сала») жалпы сомасы 13,322 млрд теңгеге 28 жоба қолға алынған. Нәтижесінде аталмыш жобаның 8-і толық аяқталып, 11-і жыл соңына дейін жүргізіледі. Ал, қалған 9-ы 2020 жылы жалғасын табады.

«Қауіпсіздік» бағыты бойынша тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелерде және қоғамдық орындарда қылмыстар мен әкiмшiлiк құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қылмыстық iс-әрекеттердiң ашылуына жәрдемдесу, қылмысты төмендету мақсатында Қызылорда облысының полиция департаментімен қала аймағына 1400 дана бейнебақылау камералары орнатылатын болады. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында істеледі.

«Қалалық басқару» бағытында «109-бірыңғай байланыс орталығы» (бұдан әрі – «109-ББО») жобасы жүзеге асырылуда. «109-ББО» жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды тәулік бойы қабылдауға бағытталған. Өтініштер мен шағымдарды «109» қысқа нөмірі, сайт (онлайн-консультант), мобильдік қосымша, Telegram-бот және электрондық пошта арқылы қабылдау мүмкіндігі қарастырылады. Аталған жобаларға облыстық бюджеттен 183,2 млн теңге қаражат бөлінген.

- «Білім беру» саласында цифрлық мемлекетке көшу бойынша 2019 жылы көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, техникалық және кәсіптік білім берудегі оқу процесін автоматтандыру (http://college.smartnation.kz), тегін және жеңілдікпен тамақтануды ұсыну қызметі, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға жолдамалар беру, тегін тасымалдауды ұсыну (http://mektep.smartnation.kz) мемлекеттік көрсетілетін қызметтері қамтылған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін білім беру саласындағы қызметкерлерді жұмысқа алу бойынша жоба іске асырылды, яғни білім саласындағы бос жұмыс орындары http://jumys.smartnation.kz сайтында жарияланады және түйіндеме қалдыру, психологиялық және педагогикалық сынамадан өту, әңгімелесу сайт арқылы онлайн түрде жүзеге асырылады, - деді Нәби Тоқмырзаұлы.

«Денсаулық сақтау» бағыты бойынша медициналық анықтамалардың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында 4 медициналық анықтама түрі автоматтандырылып (086/у, 083/у, 095/у және еңбекке жарамсыздық парағы), QR-код енгізілген. Анықтама түпнұсқалығын «Дамумед» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Бұл жоба денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.

«Көлік» саласын цифрландыру бойынша жолаушылардың автобустарды күту уақытын үнемдеу, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, автобустардың жұмыс уақытын, қозғалыс жылдамдығын, жиілігінің сақталуын қадағалау мақсатында қаланың қоғамдық көліктеріне электронды билет жүйесін желтоқсан айында пилоттық режимде енгізу жоспарланған. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қызылорда қаласындағы аялдамаларға 26 ақпараттық табло және 20 өткелге «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» орнатылмақ.

«Экология» саласында «Табиғат пайдаланушыларының есебін қабылдау» электронды жүйесі енгізілген (https://emission.orda.gov.kz). Бұл жүйенің баламасы республиканың басқа өңірлерінде жоқ. Жоба аясында барлық табиғат пайдаланушылар (оның ішінде барлық кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалар және т.б.) облыс орталығына келмей тоқсан сайынғы қоршаған ортаға шығарылатын нақты эмиссиялар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есептерін жүйеде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

- Есептерді қабылдаудың электронды жүйесі арқылы орташа есеппен бюджет қаражатынан жылына 32-36 млн теңге үнемделеді. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес, қараша айында «Астана Хаб» халықаралық ІТ стартаптар технопаркімен бірлесіп аймағымызда «Роуд Шоу» және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Цифрландыру күні» іс-шарасын ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нәби Даужанов.

Сондай-ақ, басқарма «Роуд Шоу» іс-шарасында «Астана Хаб» өкілдерімен ІТ компаниялар, жеке бағдарламалық өнім өндірушілер, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, әлеуетті демеушілерді стартап жобаларға тарту бойынша тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 
Намысты Назым әкесінің кәсібін қайта жандандыруда
16.10.2019 14:10

Назым Анарбекқызы «Бизнес-кеңесші» жобасын оқып, әкесінің кәсібін қайта жандандыруды қолға алды.

Қызылордалық Анарбек Күнтуаров осыдан 7 жыл бұрын жаяу жүргіншілер жолына төсеуге арналған брусчатка шығаруды қолға алады. Сол кезде кәсібі өрлеп, осы өнімді шығарудың қыр-сырын игеріп алады. Бірақ белгілі себептерге байланысты жұмысы тоқтап қалады. Бұл жолы көмекке қызы Назым келеді. Ол жұмыссыз болғандықтан «Бизнес-кеңесші» жобасын оқып, отбасылық бизнесті қайта жандандыруды қолға алады. Назымның жобасын Кәсіпкерлер палатасының мамандары әзірлеп береді. Одан әрі жобамен танысқан «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы оны жүзеге асыру үшін 10 млн теңге жеңілдетілген несие береді.

«Қызым: «Осы кәсіпті қайта жандандырайық. Әке, басында ие болып тұрсаңыз, қалған ұйымдастырушылық жұмыстарды өзім атқарамын», - деген соң бұл ісімізді қайта қолға алдық. Үйімізде бұл кәсіпті жасау ыңғайсыз болды. Тарлық етті. Сонымен өнімділікті арттыру үшін өзге жерден бокс салдық, әрі өнімдерді тұтынушыға жеткізіп беру үшін жүк көлігін алып, жұмысымызды бастап жатырмыз», - дейді жас кәсіпкердің әкесі Анарбек Күнтуаров.

Күнтуаровтар отбасы қазір брусчатканың 6 түрін, көбіне сұранысқа ие түрлерін құйып жатыр екен. Одан өзге жаңа түрлерін де нарыққа әзірлеуде. 5 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Жұмысшылар цементті әбден араластырып, қажетті түстерге бояйды. Содан соң түрлі пішіндердегі қалыптарға құйып, арнайы аппаратпен тығыздайды. Бұл жұмыстың барлығы тапсырыс берушінің қалауы бойынша жасалады. Одан бөлек өндіріс орнында жұмысшылар газоблок құюмен де айналысады. Шағын өндірісте тапсырысқа орай, күніне 50 шаршы метр брусчатка немесе 250 дана газоблок шығарады. Бағасы да көңілге қонымды. Брусчатканың 1 шаршы метрі 1700 теңгеден басталады.

Айта кету керек, биылғы жылдың өзінде «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 1 млрд 576 млн 400 мың теңгені құрайтын 397 жоба қаржыландырылды. Жеңілдетілген несие кәсіпкерлерге немесе кәсібін бастаймын деген жандарға 6-10 пайызбен берілуде.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
ӨРТ СӨНДІРІЛДІ
16.10.2019 14:05

2019 жылғы 15 қазанда 18 сағат 02 минутта «112» нөміріне Қызылорда қаласы КБИ мөлтек ауданы Мұнайшы көшесі №7 үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына 18 сағат 09 минутта өрт сөндіру қызметінің бірінші жауынгерлік есебі барлау жұмыстарын жүргізу барысында ауданы 41 шаршы метр болатын үй ауласындағы сарай және гараж жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында өрт сөндіру Қызметінің жылдам және нақты іс-қимылының нәтижесінде жанып жатқан тез жанғыш сұйықтық дизелді жанар-жағармайы 19 сағат 05 минутта оқшауланып, 19 сағат 23 минутта толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіруге барлығы 26 жеке құрам, 6 бірлік техника, электр тораптарын тарату мекемесінен 3 қызметкер, 1 бірлік техника, жергілікті полиция қызметінен 10 қызметкер және 3 бірлік техника, Апаттар медицина орталығынан 4 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

 

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі

 
«Абай Дәулетке» дауыс берейік!
16.10.2019 14:00

11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық «Қазақстанның үздік тауары - 2019» көрме-байқауына қатысқан 153 компанияның ішінде 27 отандық тауарөндіруші финалдық кезеңге өтті.

Қызылорда облысынан «Абай Дәулет» ЖШС «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша финалдық кезеңге жолдама алып отыр. Кеше, яғни 15 қазан мен 25 қазан аралығында онлайн дауыс беру кезеңі өткізіліп, нәтижесімен жеңімпаздар анықталады.

Жергілікті тауарөндірушіміз жеңімпаз атансын десек, төмендегі сілтемеге өтіп, белсенді дауыс берейік https://golos.altynsapa.kz/

Айта кетейік, «АБАЙ ДАУЛЕТ» ЖШС 2016 жылы құрылған. Жұмысшылар саны – 80. Кәсіпорын директоры – Сарсенбаев Мұрат Абайұлы. Кәсіпорынның басты кәсібі – күріш өңдеу. Шаруашылықта заманауи, жоғары автоматтандырылған күріш зауыты бар, Бесарық және Байтабын шаруашылықтары жаңа прогрессивті технологияларды және техникалық жаңаруды қолдану арқылы күріш өнімділігін тұрақты түрде арттыра отырып күрішпен қамтамасыз етуде. Жыл сайын нарыққа шығатын өнім көлемі артып келеді. Күріштің бірнеше түрлерін өндіреді. Жақында сағатына 7 тоннадан астам өнім өндіретін жаңа зауытты іске қосты. Кәсіпорында қалдықсыз өндіріс жолға қойылған. Күріш қалдықтарын жем дайындауға пайдаланады. Өнім Қазақстанның барлық облыстары мен ТМД елдеріне экспортталады. Шаруашылық күріш өндірумен бірге төрт түлік мал өсірумен де айналысады. Шаруашылықтағы қошқарлардың салмағы 140 келіге дейін барады. Ал аналықтары 70-80 келіге жетеді. Жылына 110-120 төл алып отыр. Түйе саны 60 басқа жеткен. Күніне 150 литр шұбат дайындалып, облыс орталығына жөнелтілуде. «Абай Дәулет» серіктестігінде мал азығы да дайындалады. Сағатына 3 тонна өнім өндіретін шағын зауыт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын басшысы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жоғары ұстанады. Шаруа қожалығы орналасқан елді мекендерді абаттандыру, асфальттау, әлеуметтік нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, демалыс орындарын қалыпқа келтіру, спорттық-мәдени шараларға демеушілік жасау, мектепке жаңа спорттық құрал-жабдықтар алу сияқты бірқатар жұмыстарды абыроймен атқарып келеді.

Қызылорда  облысы

кәсіпкерлер  палатасының  баспасөз  қызметі

 
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУДІҢ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢІНЕ 904 ҚАТЫСУШЫ ӨТТІ
16.10.2019 13:50

Президенттік жастар кадр резерві үміткерлерінің «Қабілеттерін тестілеу» кезеңі аяқталды.

24 сағат ішінде үміткерлер күрделі мәтіндік және сандық ақпаратты талдау қабілеттерін анықтауға бағытталған тесттен өтті.

Әрқайсысы 25 тапсырмадан тұратын вербалды және сандық тесттен өтуге сәйкесінше 25 минуттан берілді. Бұл кезеңде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мәтіндік материалдар мен құжаттарды талдады, сандық көрсеткіштері бар диаграммалармен, кестелермен жұмыс жасады. Тапсырмалар барынша зейін мен аналитикалық қабілеттілікті талап етті.

Тестілеу верификациясына ең жоғары балл жинаған 904 қатысушы жіберілді.

Сандық және вербалды тестілердің күрделілігі үздік үміткерлерді іріктеуге мүмкіндік берді. Белгіленген талаптарға сәйкес, тестілеуді верификациялауға қабілеттерін тестілеу кезінде ең жоғары балл жинаған 1000 адамнан аспайтын кандидаттар саны жіберіледі. Тестілеудің нәтижесі бірнеше үміткерлерде тең болған жағдайда іріктеудің келесі кезеңіне 1000 адамнан аспайтын үміткерлер саны жіберілуі мүмкін.

Белгіленген талаптарға сәйкес өту шегі 50-ден 30-ды құрады, бұл үміткерлердің қабілеттерінің жақсы деңгейін көрсетеді.

Қазіргі уақытта тестілеудің келесі кезеңі – тестілеуді верификациялауға жіберілгендер тізімі - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және pkrezerv.kz онлайн-платформасында жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеуге қатысу үшін алғашқы тіркеуден 13212 адам өтті, оның ішінде қыркүйек айының соңына дейін 7312 үміткер тіркеу рәсімін толығымен аяқтады.

Тестілеуге 5745 үміткер қатысты. Президенттік жастар кадр резервіне барлық кезеңдердің қорытындысы бойынша тек 300 үздік және барынша даярланған жастар алынатындығын ескере отырып, қабілеттерін тестілеу кезеңінде бәсекелестік бір орынға 19 адамды құрады.

Қатысушылардың тестілеуді қалай өту керек және күтпеген жағдайда туындаған мәселелер болған жағдайда не істеу керек, басқа да қойылған сұрақтарына онлайн режимде әлеуметтік желілерде және платформаның өзінде уақытылы тиісті жауаптар берілді.

Тестілеуді верификациялау 19 қазанда өтеді. Оны өту үшін үміткерлерге вебкамерасы мен микрафоны бар стационарлық компьютер немесе ұқсас гарнитурасы бар ноутбук қажет.

ҚР МҚІА баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары