Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА 150 ОРЫНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ
15.12.2019 13:55

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыр өңірінде бірнеше нысан пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қ.Ысқақов пен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевтің қатысуымен Шиелі ауданында 150 орындық аурухананың ашылу салтанаты өтті.

Құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында басталған аудандық аурухананың жобалық құны 5 млрд 5 млн теңгені құрайды. Жаңа медициналық мекемеде барлық қызмет түрі көрсетілетін болады. Ауруханада қолданыста бұрын да болған, бірақ, қызметі бірнеше есе жетілдірілген лапроскопиялық ота жасайтын видеостойка, жаңа туған нәрестеден бастап ересектерге дейін қолдануға болатын жасанды желдендіру аппараттары, шала туған нәрестелерді бірқалыпты жылуда ұстап тұратын кювездер, ауыр ждағдайдағы науқастардың жатуына ыңғайлы автоматты түрде көтеріліп-түсетін функционалды кереуеттерден бөлек, жаңа техникалық жабдықтармен қамтылған.

Аймақ басшысы аудан халқын жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап өту керек, Сыр өңірі әлеуметтік салаға қаржы бөлуден аймақтар арасында көш бастап тұр.

«Әлеуметтік саладағы ең маңызды бағыт - денсаулық сақтау қызметінің сапасы мен оның қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан, халықтың медициналық қызметке берген бағасын тұтастай мемлекетке, яғни билікке берілген баға деп қабылдау керек. Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар», цифрлық активтер құралдары сияқты тың технологиялық құбылыстарға бейімдеу, цифрлық қызметтердің жаһандық нарығына қатысу үшін ашық юрисдикция ретінде өзіндік брендке айналуы тиіс деп тапсырған болатын. Осы орайда, аймағымыздағы медициналық орталықтар цифрлық қызмет көрсету жұмысына көшті. Баршаңызды азаматтарымыздың денсаулығын жақсартып, қуаныш сыйлау үшін беріліп отырған жаңа аурухананың ашылуымен құттықтаймын!», - деді облыс әкімі Қ.Ысқақов

Емдеу мекемелерінің материалдық техникалық базасын жақсарту мақсатында ауданаралық аурухананың жаңа ғимаратына құны 2 млрд 226 млн. теңге болатын құрал-жабдықтар беріліп отыр.

«Бүгін Шиелі аудандық ауруханасының ашылуы салтанатына келіп отырмыз. Бұл –ең алдымен, Мемлекет басшысының және облыс әкімінің қолдауымен іске асқан жоба. 2025 жылға дейін облыс орталығында ғана емес, аудан мен елді мекендерде де жаңа ауруханалардың құрлысын жүргізу жоспарда бар. Өздеріңізге белгілі, келер жылдан бастап үлкен жоба іске асады. Ол-міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Ем алу, қымбат дәрі-дәрмек 2020 жылдан бастап қолжетімді болмақ. Мемлекет тарапынан бұл азаматтарға жасалған үлкен қолдау деп ойлаймын»,- деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішев.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
«КАРАМЕЛЬ» КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
15.12.2019 13:45

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ашылды. Атап айтқанда, жақында ғана қалаға қарасты Белкөл кентінде кәсіпкерлердің демеушілігімен балалар ойын алаңы мен спорт кешені және кент орталығынан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында заманауи медициналық амбулатория ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ал 13 желтоқсан күні Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа тұрғын ауданнан көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 240 отбасы қоныстойын тойлады.

Сенбі күні осы игілікті істердің жалғасы, қаламен қатар қарқынды дамып келе жатқан Тасбөгет кентінің орталығынан заман талабына сай жабдықталған, халықты сапалы қызметпен қамтамасыз етуді мақсат тұтқан «Карамель» кешенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Н.Нәлібаев арнайы қатысып, ұлық мереке қарсаңында қала тұрғындарына тарту жасап, өңірде кәсіпкерлікті дамытып және жұмыс көзін ұсынып отырған кәсіпкерге ризашылығын жеткізді.

«Ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында аймағымыздың тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысанымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай. Бұл дегеніміз– жаңадан жұмыс орындары ашылып, тұрғындар сапалы қызметті тұтыну мүмкіндігіне ие болатындығының нақты көрінісі. Тұрғындарға жайлы да сапалы демалыс орындарын ұсынып, қаламызда кәсіпкерлік нысандарының санын арттырып отырғаны үшін жоба басшылығына риясыз алғысымды білдіремін және жаңа бастамаларыңызға табыс, кәсіптеріңізге береке тілеймін. Өздеріңіз де білесіздер, бүгінде біздің еліміз кәсіпкерлікті қолдау жөнінен әлемде өзіндік орны қалыптасқан мемлекеттер санатында. Оның дәлелі, мемлекет тарапынан тұрақты түрде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп, мемлекеттік бағдарламалар қабылданып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке микро және шағын бизнес компанияларын негізгі қызмет түрлерінен салық төлеуден 3 жылға босатудың заңнамалық базасын әзірлеуді тапсырды және 2020 жылдың қаңтар айынан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді үш жылға тыйым салған болатын. Бұл мемлекеттік қолдау өңірімізде кәсіпкерлік саласының дамуына үлкен серпін береді деп есептейміз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, әрқашан тірлігіміз түзу, бірлігіміз бекем болсын, ағайын!», - деді шаһар басшысы.

Расында, қала келбетін арттырып, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда осындай демалыс орындарының орны ерекше.

«Карамель» кешені жобасының жалпы құны 50 млн теңгеніқұрайды. Жалпы аумағы 700 шаршы метр болатын кешеннің бірінші қабатында көтерме маркет, екінші қабатында балаларға арналған ойыналаңдары мен кафе жұмыс істейді, яғни бір сөзбен айтқанда келушілерге барлық талаптарға сай жағдай жасалған. Ең маңыздысы, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды басты мақсат тұтқан бұл нысан 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Бүгінде облыс орталығы Қызылорда қаласында өңірімізді өркендету бағытында айтулы бастамалар мен ауқымды жобалар жүзеге асып, қала тұрғындарының әлеуметтік әлеуеті артып, экономикамыз қарқынды даму үстінде.2018 жылдан бастап аймағымызда 3 жыл көлемінде «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Нәтижесінде, қала бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау» жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы құны 5 млрд. 115 млн теңгені құрайтын 696 жоба іске асырылып, 812 жұмыс орны ашылды. Ал, кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен 3 млрд. 878 млн. теңгені құрайтын 91 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, жаңадан 501 жұмыс орны ашылды. Жыл басынан бері 26 мың 331 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, оның ішінде 21 мың 899 нысаны нақты жұмыс істеуде. Облыс бойынша нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің 48 пайызы – Қызылорда қаласының үлесінде.

Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 
ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
15.12.2019 13:35

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде еліміздің ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күніне орай мерекелік шара өтті.

Салтанатты жиынға Департамент қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мерекелік шара Департамент басшысы Нұрман Талқанбаевтың құттықтау сөзімен ашылып, егемен ел болып еңсемізді түзегелі бергі елеулі жетістіктерге тоқталды.

«Тәуелсіздік күні – ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген мереке. Тәуелсіздік жылдары кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мақсатындағы тиімді реформалар қолға алынып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артты. Кез келген елдің дамуы алдымен татулықтың, онан соң тұрақтылықтың арқасында екені дәлелденген қағида. Ендеше оны сақтай білу - біздің құнды парызымыз», - деді Нұрман Талқанбаев.

Шара барысында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсының жеңімпаздары дипломдармен марапатталды. Облыстық департаменттер мен инспекциялар арасында өткізілген конкурстың жеңімпазы болып облыстық экология департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Марат Құрманбаев танылды. Ал, жергілікті атқарушы органдар арасынан Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағанов «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» атанды.

Мерекелік шарада мемлекеттік қызмет саласының дамуына өз үлестерін қосқаны үшін бірқатар сала мамандары Департамент басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағанов шараға қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.

 
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН АТАП ӨТТІ
15.12.2019 13:00

13 желтоқсанда облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған "Тәуелсіздік – тұмарым, Мәңгілік ел – тұрағым!"  атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 28 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Тәуелсіз Қазақстан етек-жеңін жинап, әлем картасында өз орнын қалыптастырды. Елбасының саясатымен еліміз этносаралық, конфессияаралық келісімдер мен толеранттылықтың ерекше үлгісін жасай біліп, бейбітшілік ордасына айналды.

Облыс әкімі Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес облыстың  бірқатар азаматтарына Мемлекеттік наградалары тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Көшербаев Қырымбек Елеуұлына, режиссер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Хұсейін Әмір-Темір Жүсіпұлына және Еңбек ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайруллаев Қорғанбек Қайруллаұлына Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық мәслихатының бірлескен шешіміне сәйкес «Қызылорда облысының құрметті азаматы» құрметті атағы берілді.

"Қазіргі таңда әлемде 252 ел бар, оның 195-і  ғана тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде өмір сүруде. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды және әлемдік аренадағы ұстанымын берік бекітіп, бірлік пен гүлденудің символына айналды.Тәуелсіздік жылдарында төл Конституциямызды қабылдап, шекарамызды шегендедік. Арқа төсіне Елордамызды көшіріп, Мемлекеттік Рәміздерімізді бекіттік, Төл Теңгеміз айналымға түсті. Сонымен қатар, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың анасына» балаған қасиетті Сыр өңірі де экономикасының құрылымын өзгертіп, қарқынды дамуға бет алды. Биыл ақпан айында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында аймағымыздың даму мәселелері арнайы қаралып, Қызылорда облысының кешенді дамуына қатысты бірқатар мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2019-2022 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына енгізілді.Кешенді жоспар нәтижесінде өңіріміздің даму қарқыны артып, халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсаратын болады",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертке ұласты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылордалық «Абзал және К» ТС «Парыз» сыйлығының Алтын жүлде иегері атанды
13.12.2019 18:27

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Парыз» сыйлығы иегерлерін марапаттау рәсімінде Сыр өңірінің «Абзал және К» ТС-гі Алтын жүлдеге ие болды.

Ел Президенті салтанатты шарада компания басшысы Мағжан Ералиевке «Парыз» сыйлығының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлдесін табыс етті.

«Абзал және К» ТС-гі 1994 жылы құрылған. Қызылорда қаласы Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында күріш егіп, алынған өнімді компания зауытында өңдейді. Компанияның екі зауыты бар: Оңтүстік Корея және Германиядан әкелінген. Әр зауыттың қуаттылығы сағатына 5 тонна. Компания жылына таза ақталған 25 мың тонна күріш өндіреді. Оның 50 пайыздан астамы Россия, Украина, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия т.б. елдерге экспортқа шығарылады. Компания күріш өндірушілердің үздік үштігінің қатарында. «Абзал және К» ТС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Нағи Ілиясов ауылына соңғы жылдары 1 млрд.теңгеден астам қаржы салған.

Мұнан өзге бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында компания биылдың өзінде 54 жаңа жұмыс орнын ашып, жалпы 400-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында жаңа күріш зауытын, «Мүсірәлі» мешіті мен мешіт жанынан медресесін, Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында стадион, ауылдық округ әкімдігі ғимаратын, «Айтбай» мешітін салып, ауылдағы мұражайға күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Ауылды толықтай көгалдандырды. Ауылдағы тұрмысы төмен, сондай-ақ көпбалалы отбасылардың үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасап берді.

Компания жұмысшыларын қызмет барысында тегін тамақпен, қызметтік көлікпен, медициналық тексерумен қамтамасыз етіп отыр. 5 қызметкерінің үйін күрделі жөндеуден өткізіп, бір қызметкеріне жаңадан пәтер алып берді. Қызметкерлерін компания есебінен Корея мен Германияда тәжірибе алмасуға жіберді. Сонымен қатар, тұрмысы төмен, көпбалалы  отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қаржылай көмектер көрсетті.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары