Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІН 85 ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
12.09.2019 13:10

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Қазақстанның құрметті журналисті, қазақ радиосының үздігі, Қорқыт ата мұраларын насихаттаушы Ахат Жанаевты қабылдап, мерейлі 85 жасымен құттықтады.

«Кеңестік кезеңнің өктем саясатына қарамастан Қорқыт мұраларын жазып алуды алдына мақсат етіп қойған Ахат ағамызға бүгінгі және келешек ұрпақтың зор алғыс айтары сөзсіз. Ахат ағамыз ұзақ жылдар қазақ радиосының облыстағы меншікті тілшісі қызметін атқара жүріп, Сыр елінің жауһар жәдігерлерін келешек ұрпаққа жеткізуді өз мақсаты етіп қойды. Қорқыт Ата, Мұзарап, Ешнияз сал, Әлшекей, Досжан, Жалмырза, сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің  ұмыт бола бастаған шығармалары Ахат ағамыздың табанды еңбегінің арқасында өскелең ұрпаққа жетіп, қазіргі таңда ел арасында кеңінен насихатталып жүр»,-деді аймақ басшысы.

«Қорқыт ата мұрасы: дастан, аңыз және музыка» деген атаумен ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілді. Бұл айтулы жетістікте де Ахат Жанаевтың зор үлесі бар.

Облыс әкімі мерейтой иесіне Сыр елінің мәдени-рухани дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың ең жоғарғы марапаты Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстады.

Сондай-ақ, бүгінгі шараға замандастары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрайымы Қаршыға Есімсейітова құттықтау сөз сөйледі.

Қазақ радиосының үздігі, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі», Жалағаш, Сырдария аудандарының «Құрметті азаматы» - Ахат Әбжаппарұлы 1934 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында дүниеге келген. Қызылорда педагогикалық институтын және Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. Қазақ радиосының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып 30 жылдай еңбек етті. 1987 жылы қалалық кеңестің депутаты болып сайланған.

Қорқыт күйлерін қайта жаңғырту арқылы халыққа танымал болды. 1975 жылы қарт қобызшы Нышан абыздан жазып алған Қорқыт Атаның 12 күйі бүгінде Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында сақтаулы тұр.

А.Жанаевтың «Арысы едің Алаштың», «Өтелген парыз», «Беркінбай әулие: аңыз бен ақиқат», «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» атты кітаптары жарық көрген.

 
«ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ»
12.09.2019 11:05

Облыс орталығындағы Асқар Тоқмағам­бетов атындағы мәдениет үйінде қазақ тілі оқулығының негізін салушы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұр­сынұлының туған күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты облыстық фестиваль өтті.

Алдымен шара қонақтары кітап көрмесін тамашалап, латын әліп­биінде басылған құнды мұралармен танысты. Одан әрі Ахмет Байтұр­сын­ұлы мен Абай Құнанбаевтың арасындағы байланысты бейнелеген «Ұлылар үндестігі» қойылымы сахналанды. Облыс әкімінің орынбасары Наурыз­бай Байқадамов:

– Елімізде жыл сайын атап өтілетін бұл мереке – достық пен бірліктің, түсіністік пен жарасым­дылықтың үлгісі. Бұл мереке өткен жылдан бері қазақ тілі білімінің негізін салушы, ұлт ұстазы А.Бай­тұрсынұлының туған күніне орайлас­тырып  атап өтілуінің де өзіндік себебі­ бар. Қазақ елі ешкімді ұлтына, діні мен тіліне және дәстүр ұстанымына  қарамастан құрметтеу арқылы­ бүкіл әлемге достық пен бірліктің нағыз­ үлгісін көрсетіп келед­і. Оған өңірі­міздегі әрбір ұлттың салт-дәс­түрлерінің, мәдение­тінің дамуына, этносаралық қарым-қатынастардың жарасымдылығына аймақтағы 11 этно-мәдени бірлес­тіктер де өз үлесін қосуда. Біздің өңір 2001 жылы еліміз бойынша ең бірін­ші  болып іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүр­гізуге көшкен еді. Қазақ тілінің қол­дан­ылу аясы жыл өткен сайын кеңейт­іліп, киелі Сыр елінде мемлекеттік тіл мәртебесі өзгелерге үлгі боларлықтай дами беруі тиіс. Қызыл­орда облысының тілдерді оқыту орталығында тіл үйренгісі келген­ жандар­ға, сондай-ақ, «Достық үйі» жанында этно-мәдени бірлестік өкілдеріне мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылып, олардың мемлекеттік тілі мен ана тілдерін дамытуға мүм­кіндіктер жасалғ­ан, - деді ол.

Бұдан әрі облыс әкімінің орынбасары «тіл мәртебесін – ел мәртебесі» деп білетін бірқатар азамат­тарды марапаттады. Олардың қатарында Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Гаухар Айдарова да бар.

– Бүгінгі таңда латын әріпі негізіндегі жаңа қазақ әліпбиін мем­лекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындарына оқыту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда 500-ден аса тұрғындарды оқытып шықтық. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады, - дейді жас маман.

Аталған орталықтың жетекшісі Нұрсәуле Мұсаева жаңа латын әліпбиін оқыту мақсатында арнайы бағдарлама алынғандығын жеткізді.

Фестиваль аясында аймақтағы этном­әдени бірлестік өкілдері өз өнерлерін ортаға салса, жас ақындар жүрекжарды жырларын оқыды. Ал жергілікті өнерпаздар туған тілге деген­ құрметін әуезді әндерімен жеткізді.

Аслан  НҰРАЗҒАЛИЕВ

 
ЕГІНДІ ӨСІРУ – АСУ, ЫСЫРАПСЫЗ ЖИНАУ – МӘРЕ
12.09.2019 10:55

Халық аузындағы «Жер жомарт­, жерге сенген ел жомарт­, еңбек еткен ер жомарт­» деген сөз сірә халық несібесінің ортаймайтынын білдірсе керек. Ерте көктемнен бастап еңбектеніп, ала жаздай алқаптың басында болатын Сыр диқаншылары күрішке орақ салуда. Даңқты күрішші Ыбырай Жақаевтың «Егінді өсіре білу – алғашқы асу ғана, ысырапсыз жинап алу – мәре» деген екен. Бұл ретте қызыл­ордалық егіншілер ауа райының  ыстығы мен су тапшы­лығына қарамастан өнімнің өнімділігін сақтай отырып, орақ маусымына жеткізуінің өзі – ерлік. Еңбектің даңқын асырған егінші жұрт бүгінгі заман­ талабына сай мықты әрі тиімді шаруаны жүргізіп, жоғары­  белестерді мойындатудың үлгісін көрсетіп, өңірдің дара дақылы – күріштің әр гектар­ынан 50 центнерден жоғары­  өнім  алуда.

Қала іргесіндегі Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ж.Махам­бетов ауылының диқан­шы­лары еселі еңбегінің несі­бесіне қол жеткізді. Орақтың басын күріш алқабына салу үшін «Дала күні – 2019» шарасына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ауыл және кент әкімдері, шаруашылық бас­шылары мен ақсақалдар қа­тысты. Жергілікті диқандардың даңғайыр еңбегін бағалап, егіннің бітік шығуына зор үлес қосқан шаруаларға ізгі ілти­патын білдірген қала әкімі жинал­ған көпшілікті тоқшылық  тойымен құттықтады.

– Ауыл шаруашылығы – аймақ экономикасын қалып­тастырудың  басым  бағытының бірі. Бұл мақсатта агроөнер­кәсіп кешенін дамытудың арнай­ы бағдарламасы бекі­тілді. Сыр жұртшылығы агробизнесті және агроөнеркәсіп кешенін дамытуда орасан зор үлес қосып, көш бастап келеді. Бүгін  де  Ақсуат ауылындағы ақ алтындай тербелген егіс дала­сында алғашқы орақ салу сәтіне куә болып отырмыз. Соңғы жылдары астық өндіру бағытында қала диқандары айтарл­ықтай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Биыл 8421 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ең негізгісі – күріш дақылы 4011 гектарды құрайды. Әрбір толағай табыс ауыл еңбеккерлерінің ынтымағы мен бірлі­гі­нің, еңбек даласында көрсеткен үлкен қажырлықтың жемі­сі, - деді қала әкімі.

Ағымдағы жылы ауыл шаруа­шылығы  дақылдарының нақты егісі 8421 гектарды құрады. Оның ішінде бидайдың жаздық және күздік түрі, арпа, сұлы, соя, рапс, сорго, мақсары, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, картоп, көкөніс, және бақша өнімдері бар. Негізгі дақыл­ саналатын күріш тұқымы 4011 гектарға тасталды. Қала бойынша ораққа түсетін егістік шығымдылығының 70 пайызына жақсы, 25 пайызына  орташа, 5 пайызына қана­ғаттанарлық деген баға беріп отыр  сарапшылар.

– Ақсуат ауылдық округіне қарасты күріш алқабының 300 гектарына күріштің «Ақ­маржан» және «Янтарь» сортын ектік. Аталған сорттар өңірдің климаттық жағдайы мен суармалы егіншілікке бейімде­лген. Оның әр гек­та­ры­нан 55 центнерден өнім жиналады деген жоспар бар. Егін жинау жұмысына әзір тұрған жаңа техникалар жеткілікті. Биылғы жылы ауа райының қолайлы және су тапшылығының  болмауы да үлкен септігін тигізді. Сол себепті сапалы әрі мол өнім жинауға толық мүмкіндік бар, - дейді «Ақме­шіт-Агро» ЖШС басшысы Ермек­  Ералиев.

Аймақтың әлеуметтік-эконо­микалық әлеуетін қам­тамасыз етіп отырған Сыр салысы­ның өзге дақылдарға қарағанда орны бөлек. Жыл сайын халықты астықпен қамтама­сыз етіп отырған Сыр өңірінің ауылшаруашылығы бағытындағы шаруашылық­тары Жер-Ананың берген несіб­есінен құр қалмайды. Егістік басындағы өнімді жинау­ үшін 795 тонна дизель отыны, 159 тонна автобензин, 48 тонна қою май қажетті көлемде қамтамасыз етілген. Қажетті дизель отынын мұнай өңдеу зауыты­нан арзан бағамен қалаға жеткізуші операторлар болып белгіленген «РК Мұнай» және «Нефтьтранс-Қызыл­орда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері литрін 178 теңгеден  босатуда.

Айта кетейік, қала бо­йынша­ картоп, көкөніс, және бақша дақылдарын жинау жұмыстары басталды. Бүгінде картоптың әр гектарынан  122, көкөністен 125, бақшадан 129 центнерден өнім жиналуда. Дала жұмыс­тары жалға­сады. Өткен жылы егілген күріш дақылынан 50 центнерден өнім жиналды, биыл да 55-60 центнерден төмен болмайды деп күтілуде. Айтпақшы, егін жинау нау­қа­нына 23 дана жатка, 25 комбайн, 68 трактор, 19 трактор тір­кемелері мен 2 дана жүк көлік­тері  дайын  тұр.

Н.ҚАЗИ

 
АҚЫНДАР ТІЛ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОЛҒАНДЫ
12.09.2019 10:45

Тіл үшін күрес – мерекеде, әкімшіліктің ішінде не мәдениет үйінде ғана емес, әр адамда күнделікті жүріп жатуы керек процесс. Ана тілдің тағдырына алаңдайтын адам көп болса, онда оның өміршеңдігіне алаңдамау қалыпты құбылыс секілді. Ана тілің – анаң. Ендеше, онсыз күн кешу қиын әрі қасірет. Әрине, ұғына білгенге. Бір жақсысы, ақын деген халық бұл жолда жаңылмай келеді. Өйткені, қанмен келген қасиетте қасіретке ұрындырмайтын  ұлылық  бар.

Жалпы, тіл тақырыбында толғанбаған ақын аз. Өткен аптада сырбойылық ақындар да бір арқаланып қалды. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі­мі Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүре­гім» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Облыс аудандары мен қала аумағынан барлығы 10 ақын қатысқан жыр додасына ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Толы­бай Абылаев, ақын-сазгер, ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Ділдәхан Торғаева, айтыскер ақын, екі дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязовтар қазылық жасады. Ақындар тіл тақырыбында және еркін тақырыптағы өлеңдерін оқыды.

Мүшәйра қорытындысы бойынша ІІІ орынды Шиелі ауданынан Бекжан Ержігіт пен Қармақшы ауданынан қатысқан Ай­бану Қалиева өзара бөлісті. Аралдық ақын Айдар Сайлауов және қызылордалық Ғабит  Кәдірбай ІІ орынды місе тұтты. Ал І орын Жала­ғаш ауданынан келген Жасұ­лан Серікке табыс­талса, бас жүлде қызыл­ордалық Ұлықбек Бек­ұзақұлына бұйырды. Қал­ған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

- Бүгінгі мүшәйраға қа­тысқан қыз-жігіттердің аяқалысы жаман емес. Әттеген-айы, сөзді дұрыс қолданбау, өлеңдегі шұба­лаңқылық  байқалады. Негі­зі, 10 шумаққа енген ойды 2 шумаққа сыйғызуға болады. Ол да – мықтылық. Осы ақындардың 1-2-еуі қазақ поэзи­ясына аяқ басса, бұл да біз үшін – үлкен  жетістік, - деді Толыбай ақын сахна төрінде.

- Талай жыр мүшәйраларына қатысып жүрміз, бірақ, бүгінгісі өзгерек деп айта аламын. Ақындар аламанда ана тілдің абыройын асқақтатып, қарашаға қара өлеңнің қадір-қасиетін барынш­а танытты. Аудиторияның басым бөлігі студенттер мен жастар болды. Олардың ақындарға деген ықыласы анық білініп тұрды. Сөз сайысын ұйымдастырушыларға алғыс ай­туым­ыз керек. Сөз құ­нын, өлең құнын ұғынатындар көбейе  берсін! - дейді ақын Ұлықбек  Бекұзақұлы.

Қазылар өз кезегінде ақындардың қарымы мық­ты­ болғанын, барлығы дең­гей­лес екенін айтты.

«Тыңдаушы айтушыдан күшті болсын» дейді емес пе? Мүшәйраға келіп қас қақпай тыңдап отыруларыңыз  сахнадағы  ақындардың емес, залдағы сіздер­дің жеңі­стеріңіз!» деп көрермендердің бағасын асыра сөйлеген айтыскер ақын Мұхтар Ниязов сөз додасындағы өлеңдердің деңгейі жақсы екенін, Сыр бойынан мықты  ақын шық­пауы­ мүмкін емес жағдай екенін айта кетті.

Байқағанымыз, ақындар өз өлеңдерін арқаланып оқыды. Патриоттық жырлардың олай оқылуы заңдылық та еді. Қуан­ғанымыз, қатысушылардың өлеңдегі ой-өрісінің кеңді­гі, тіл тағдырын жырлай алуы, оған  бейжай қарамауы  болды.

Рыскелді   СӘРСЕНҰЛЫ

 
ЕЛІМНІҢ БОЛАШАҒЫ – САЛАУАТТЫ ОТБАСЫ
12.09.2019 10:10

2013 жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күніне орай ұйымдастырылған республикалық «Отбасы – бақыт мекені» акциясы аясында облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп «Елімнің болашағы – салауатты отбасы» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Мақсаты -қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, жас өрендердің өнерлерін шыңдау, өнерлі балаларды анықтау, кітапханаға оқырмандарды тарту, оқырмандардың қызығушылығын арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет жасау.

Мерекелік шараға қаламыздағы №7,8 арнайы үлгідегі және №5 көзі әлсіз көретін мектеп-интернатының 5-6-сынып оқушылары қатыстырылды. Шараны кітапхана директоры Ерқазы Алданазаров ашып, отбасы күнімен құттықтап сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында түрлі ойындар мен сайыстар өткізілді. Шара 5 кезеңге бөлінді. Бірінші отбасылық сайыс, екінші дойбы ойынынан, үшінші көкөністерден композиция жасау, төртінші Абай өлеңдерінен үзінді оқу, бесінші «Арттерпия» психолог маманмен тренинг өткізілді. Отбасылық сайыстың мүшелері Қазақ соқырлар қоғамының жанұяларынан, яғни кітапхананың тұрақты оқырмандарымен топтастырылды. Отбасылық сайыс бойынша І орынды Шантаевтар, ІІ орынды Базартаевтар, үшінші орынды Жәмекеевтер иеленсе, Қожаниязовтар отбасы ынталандыру сыйлығына ие болды.

Жеміс-жидектерден композиция жасау сайысында бірінші орынды №7 мектеп, екінші орынды №5 мектеп, үшінші орынды №8 мектеп-интернаты иеленді. Дойбы ойыны бойынша өткен жарыста бірінші орынды №5 мектеп, екінші орынды кітапхана оқырманы БолатАғыбаев, үшінші орынды №7 мектеп-интернат оқушылары еншіледі. Шарада белсенділік танытып, ерекше көзге түскен оқушылар Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған шара жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар демеушілердің қайырымдылық көмектері арқылы жүзеге асырылды.

Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары