Оқырманнан хат

Келіп кету есептегіші

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1579
mod_vvisit_counterКеше2779
mod_vvisit_counterОсы аптада13249
mod_vvisit_counterӨткен аптада18090
mod_vvisit_counterОсы айда15679
mod_vvisit_counterӨткен айда58946
mod_vvisit_counterБәрі4196769


Өзекті мәселелер

  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Арнайы  бетіміздің  тұрақты айдарындағы кезекті қонағымызбен  сұхбаттасудың  сәті түсті. Бұған дейін есепшілер мен ұстаздар әулеті туралы жазған болатынбыз. Жасыратын түгі жоқ, бұл жолы кейіпкер таңдау оңайға соқпады. Нәти­жесі­нде таңдау арманы – бір, мақсаты – ортақ, бол­мысы – егіз, бірге оқып, медицина саласында бірге қызмет етіп, бір шаңырақтың түтінін түзу ұшырып отырған дәріг...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5 қазандағы Жолдауында «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялады. Жыл аяғы жақын. Күні бүгінге дейін елімізде жастар мәселесі бойынша озық істер орындалып, межелі мақсаттарға қол жеткізілді. Елбасы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында: «Менің ойымш­а, біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға орт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ЖИТС-тің 80 ПАЙЫЗЫ ЖЫНЫСТЫҚ ЖОЛМЕН ЖҰҒАДЫ
26.11.2019 10:45

Республика бойынша қазір 40 мыңға жуық ЖИТС жұқтырғандар бар. Ал Қызылорда облысында 158 адам тіркеліп отыр. Биылдың өзінде аймақта 15 адамнан АИТВ инфекциясы анықталған. Оның 7-еуі – ер адам, 8-і – әйел. Жұғу жолдары бойынша 11-і – жыныстық қатынастан, 1-еуі – инъекциялық есірткі тұтыну арқылы, 1-еуі – анадан балаға, 1-еуі ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер арасында тіркелген. Ал 1-еуінің жұғу жолы белгісіз.

- Вирус спермадан, қынап кілегейінен, емшек сүтінен және көп мөлшері қанмен келеді. Яғни, жыныстық қатынас, есірткі тұтыну арқылы, анасынан нәрестеге жұғады. Қазір көпшілігі денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды. Анықталған деректерге сәйкес, аурудың 80 пайызы жыныстық жолмен таралатындығы белгілі болып отыр. Мүмкіндігінше тек бір ғана адаммен жақындықта болған жөн, - деді облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі С.Шамиқызы.

Оның айтуынша, ЖИТС инфекциясы анықталғандармен құпия түрде әңгімелесіп, ары қарай ем-домын алуға ықпал жасалады. Сол себепті олардың аты-жөндері жарияланбайды. Сондай-ақ қазіргі жастардың дені сырт қалаларға барып, уақытша жұмыс істеп келеді. «Осындайдағы кездейсоқ жақындасудың соңы жаман аурудың туындауына алып келеді» дейді.

- Ауру адам өзінің бойында вирус бар екенін көп уақыт бойы білмеуі мүмкін. Ол айлап, жылдап жүре береді. Аурудың таралу жолын анықтаған кезде адамнан кімдермен жыныстық қатынаста болғанын анықтап, мүмкіндік болса сол адамды да тауып алуға тырысамыз. Өкінішке қарай, көпшілігі жақындасқан адамдарының кім екенін, қайда тұратындығын да білмей жатады. Сонысы қиындық туғызады, - деді С.Шамиқызы.

ЖИТС-тің алдын алу шараларын халық арасында пәрменді жүргізу мақсатында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығы «Қоғамдастықтың маңызы» ұранымен Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде жарияланды. Бұл күні жастардың, мінез-құлқы қиын топ өкілдерінің арасында АИТВ инфекциясының таралуын тежеу, ол жайында таным-түсініктерін молайту мақсатында ақпараттар таратылады.

- Қазір диспансерлік есепте 100 науқас бар. Олардың 30 пайызы – әйелдер. Оларға қажетті дәрі-дәрмек уақытылы егіліп жатыр. Жүкті әйелдерде ЖИТС инфекциясы байқалса, ол туғанға дейін және туғаннан кейін 18 айға дейін біздің толықтай бақылауымызда болады, - деді облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы емдік-көмек бөлімінің дәрігері А.Балмаханова.

Жылына ауруларға бюджеттен 28 млн теңге көлемінде қаржы бөлінеді екен. Әр науқасқа кететін қаржы 250-300 мың теңге шамасында. «Аурудың жақсысы жоқ». Медициналық мәселелер қатарындағы қатерлі кеселден ада болмаққа саламатты өмір салтын сақтау керек-ақ.

Әйгерім  НАЖМАДИН

 
ХАЛЫҚҚА КӨРСЕТКЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ ҮШІН 38,5 МЛРД ТЕҢГЕ ТӨЛЕДІ
25.11.2019 17:55

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін Қызылорда облысы бойынша медицина ұйымдарына 38,5 млрд. теңге төледі. Бұл – кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 86,1%-і. Қаржы тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде бөлінді», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген аймақтың медицина ұйымдарымен 44,7 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 14%-ке артық.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Руслан Бектібаев.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 73 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 43 жекеменшік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 7-еуге артқан, яғни 14%-ті құрайды.

Мемлекеттен тапсырыс алған жекеменшік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 
«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АКЦИЯСЫНДА 200-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ
25.11.2019 11:00

22 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Параграф» АЖ, zakon.kz порталы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалымен бірлесе Халыққа қызмет көрсету бойынша №1 қалалық бөлімінде «Халықтық заңгер» акциясы өтті.

Қала халқына консультациялық кеңес беру үшін 30 түрлі сала қызметкерлері қоғамдық қабылдау өткізді. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің кеңесшісі Мақсұт Нәлібаев пен қала әкімінің міндетін атқарушы Бектас Балғабайұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов және әлеуметтік, білім, кәсіпкерлік, жер, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы салаларының мамандары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының білікті мамандары бар.

Шараның басты мақсаты ашықтық, жариялылық принциптері негізінде елмен етене жұмыс істеу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Акция барысында 200-ден астам азамат қатысып, бақылау-қадағалау, әлеуметтік, денсаулық, жер, тұрғын үй қатынастары, қаржы институттары және басқа да қажетті орган өкілдері тұрғындарды жеке-жеке қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Акция аясында сонымен қатар, халыққа қызмет көрстеу орталығының мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» үкімет порталы мен egov mobile және Telegram bot мобильді қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЗАЛЫДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР МЕН ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АРАЛАДЫ
25.11.2019 10:45

Сенбі күні Қазалыға облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов жұмыс сапарымен келіп, кәсіпкерлік нысандар мен өндіріс орындарын аралады.

Қазалы ауданында Мұрат Самұратұлының алғашқы аялдаған жері күні кеше халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің бойынан ашылған жанар-жағармай құю бекеті болды. «TS Қызылорда Мұнай Өнімдері» ЖШС-нің жаңа жанар-жағармай құю бекетінде «АИ-92», «АИ-95» маркалы бензин, қыстық дизель отыны және маусымдық дизель отыны сатылады. Сондай-ақ мұнда халықаралық автожол бойымен өтетін жолаушылар мен туристерге шағын маркет қызмет көрсетеді.

Мұнан соң «Қамқор Локомотив» ЖШС Қазалы локомотив жөндеу зауыты, «Қамқор вагон» ЖШС-нің Қазалы вагон жөндеу депосы, «LCI-MK» ЖШС бетон зауыты, тазартылған, құйылмалы ауызсу шығару цехы, жеке кәсіпкер Д.Сабырдың «Ramazan» супермаркеті, «Қазалы керуені» автобекеті, «Sulpak» сауда орталығының жұмысымен танысты.

Сондай-ақ, Әйтеке би кентіндегі индустриялық аймақтағы жеке кәсіпкер Ш.Наурызбаевтың монша және жылыжай кешені, Бекболат Бибалаев басқаратын «АгроОптСервис» ЖШС-нің көкөніс өнімдерін сақтайтын қойма құрылысының жұмыстарын көрді.

Облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосовтың Қазалы ауданына жұмыс сапары барасында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев бірге жүріп, аудандағы кәсіпкерлік саласының даму қарқынымен танысты.

Жұмыс сапары аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
АУДАНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
25.11.2019 10:35

Өткен жұмада Арал ауданында Қызылорда облысы әкімінің өндіріс, инвестициялық саясат, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары Мұрат Имандосов және облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев арнайы жұмыс сапарымен болды.

Теңізді өлкеге табан тіреген облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында өңірдегі кәсіпкерлік саласының даму қарқынына қанықты.

Ең алдымен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізі бойының Қамыстыбас ауылдық округі тұсынан орын тепкен жеке кәсіпкер Т.Жалғасбековтың жол бойғы қызмет көрсету кешеніне ат басын бұрып, сервистік орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты.

Одан әрі, қазіргі таңда 20 адамды жұмыспен қамтып отырған «Арал Құрылысы» ЖШС-ның асфальт-бетон зауытындағы жұмыстарға куә болды. Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Қазақстан аквакультура ЛТД» ЖШС зауытына бас сұққан облыс әкімінің орынбасары аталған жоба жұмысымен танысты. Атап өту қажет, жоба құны 160 млн теңгені құрайтын балықты тереңінен өңдеу және пластикалық қайық шығару зауыты толығымен іске қосылған кезде 100 адамды жұмыспен қамтып, жылына 4000 тонна көлемінде балық өңдейтін болады.

Жұмыс сапары мұнан соң индустриялық аймақта орналасқан «Берекет» шаруа қожалығы және «Жаңа Арал» ЖШС-де жалғасты. Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Арал қаласынан ашылған «Sulpak» сауда орталығында және «Строй Инвест» ЖШС-ның  «YASSAY Hotel Management» қонақүйі құрылысының басында болып, «Арал Сервистік дайындау орталығы» ЖШС-де болды.

Жұмыс сапары аясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Қожабергенов «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында аудан тұрғындарымен жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары