Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚАРМАҚШЫДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ
02.09.2019 12:30

Биыл қармақшылық диқандар 23748 гектар егістік алқапқа түрлі ауыл шаруашылығы дақылын, атап айтқанда, 14633 гектарға күріш, 595 гектарға жаздық бидай, 125 гектарға арпа, 347 гектарға мақсары, 40 гектарға соя және 6831 гектарға жоңышқа мен 1187 гектарға картоп, көкөніс және бақша дақылдарын орналастырды.

Сонымен бірге, күзгі егін жинау науқанына 152 трактор мен оның 94 тіркемесі, 166 комбайн мен жатка, 62 жүк көлігін тарту жоспарланған болса, егілген 595 гектар жаздық бидайдан 297,5 тонна дән алынып, 125 гектар жерге егілген арпа дақылынан 125 тонна жиналды. 4553 гектар ескі жоңышқаның 450 гектары тұқымға қалдырылып, орылған жоңышқадан 17,1 мың тонна, ал 2262 гектар жерге орналастырылған жаңа жоңышқадан 814 тонна өнім алынды.

Міне, осындай ел ырзығын ысырапсыз жинап алуды мақсат еткен қармақшылықтар Мұрат Сәрсенбаев басшылық ететін «Достық Жер МК» шаруашылығында өткен ауданның алғашқы күрішке орақ түсу рәсіміне куә болды.

Мерекелік шараны ашып, оның өткізілу мақсатымен таныстырған аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қошалақов өңірімізде ауыл шаруашылығы саласы бойынша қол жеткізген жетістіктер мен алдағы жылға айқындалған мақсатты жобалар жайында сөз қозғады.

Содан соң сөз алған «Достық Жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев:

- Биылғы егін егу науқанында шаруашылық диқандары 2392 гектарға күріш, оның ішінде «Янтарь», «Элита», «Новатор» сынды күріш сорттарымен бірге, 336 гектарға жаздық бидай, 95 гектарға арпа және 1244 гектарға жоңышқа егіп, бүгінде осы ауыл шаруашылығы дақылдарын ысырапсыз жинап алуда тер төге еңбек етуде. Оған 283 адам мен 20 дана түрлі маркадағы жатка мен комбайн, 3 астық тиегіш пен 55 автокөлік пен трактор және басқа да ауыл шаруашылығы техникасы тартылуда. Сонымен бірге, шаруашылық ауылды абаттандыруға 59 млн теңге, ал әлеуметтік саланы дамытуға 92 млн теңге жұмсады, - деді.

Аудандық «Дала күні-2019» семинарында «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Орынбасар Төлепов, «Ы.Жақаев» атындағы қазақ күріш ғылыми зерттеу институты директорының міндетін атқарушы Әсет Тоқтамысов және ІІІ Интернационал ауылдық ардагерлер кеңсінің төрағасы Сайлау Мұқтаровтар сөз сөйлеп, тақырып аясында көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін зерделеп, ойларын ортаға салды.

Семинардан кейін оған қатысушылар шаруашылық бригадирі Әлімжан Пұсырманов басшылық жасайтын №5 егіс бригадасының сушысы Еркін Зәріпхановтың ала жаздайғы баптап, өсірген күріштігіне облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қошалақов және еңбек ардагері Орынбасар Сариевтің қатысуымен орақ түсіру рәсімінің лентасын қиюға қатысты.

Нұрбай  ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 
ЖАҢАҚҰРЫЛЫСТЫҚТАР РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРЕДІ
02.09.2019 12:20

Жаңақұрылыс халқының ардагерлері, мұғалім, мектеп оқушылары және ауыл тұрғындары атынан қолыма қалам алып, ел құрметтеген, алты жарым жыл бойы Қызылорда облысының әкімі болып, уақытпен санаспай маңдай терін төгіп, облыстың күрделенген, шешімін таппай келе жатқан жұмыстардың күрмеуін шешіп, қайбір сала болмасын, олардың ілгерілеуіне, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлесін қосқан, бойында қазақылықтың иісі аңқып тұрған, сөзі пәтуалы Қырымбек Елеуұлына жаңақұрылыстықтардың шынайы ризашылықтарын баспасөз арқылы оқырман қауымға жеткізуді жөн деп санадым. Жақсы адамның игілікті істерін, ұлағатты сөздерін бойымызға, ұрпақтарымызға түсіндіру – біздің рухани байлығымыз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, Қырымбек Көшербаев облысты басқарып тұрған кезінде, Қызылорда қаласында, аудандарда, ауылдарда халыққа күнделікті қызмет көрсететін қаншама әлеуметтік нысандар, яғни мектеп, аурухана, дәрігерлік емхана, фельдшерлік-акушерлік пункттер, мәдениет және тұрғын үйлер бой көтеріп, халық игіліктеріне беріліп, елдің алғысына бөленді. Бүгінгі таңда облыста бірде-бір апатты мектеп жоқ.

2014 жылы тамыздың тамылжыған күнінде Қырымбек Елеуұлы Арал ауданының Көкарал бөгетін көріп, сол өңірдегі жұртпен кездесуінде Жаңақұрылыс елді мекенінің тұрғындары ауылда халыққа қызмет ететін мектептің, фельдшерлік-акушерлік пункттің ескілігі жөнінде және жолдың қиыншылығын айтқан болатын. Міне, халықтың тілегі қабыл болып, 200 орындық екі қабатты мектептің іргетасын өз қолымен қалап, 2015 жылғы оқу жылында құрылыс сапалы аяқталып, елдің игілігіне берілді. Оның ашылуына аймақ басшысы арнайы келіп, лентасын өз қолымен қиып тұрып, «Жаңақұрылыстықтар, жаңа мектептеріңіз құтты болсын, балаларыңыз кілең 5-ке оқып, елдің мақтанышы болып, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, алтыннан алқа тақсын, қызыл куәліктерің көп болсын» деп жүрекжарды тілегін жеткізген. Дуалы ауызынан шыққан батасы қабыл болып, сол жылы мектеп бітіруші 2 оқушы алтын медаль алды. Содан бері жыл құрғатпай мектеп бітірушілер алтын алып, әрі оны қорғап келеді. Жоғарғы оқу орындарының грант иегері атанды, жыл сайын 9-сынып бітірушілерден 2-3 оқушыр қызыл куәлік алып келеді. Биылдың өзінде 1 оқушымыз 132 балл жинап, алтыннан алқа тағып, 3 оқушымыз қызыл куәлік иесі атанса, 6 оқушымыз жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды.

2018 жылы жаңа типті фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді. Биылдың өзінде «Жаңақұрылыс – Бекарыстан би» аралығындағы 23 шақырым тасжол жаңадан асфальттануда. Әрине, мұнда да кезінде Қазалы ауданына қарайтын автожолды Арал ауданының теңгеріміне алдырып, оның жөнделуіне қаражат көздерін тауып берді. Әрине мұнда да қолтаңбасы бар. Облыс көлемінде қаншама толағайлы істер атқарылды. Осындай жұмыстар Арал ауданынан шалғай орналасқан Жаңақұрылыс елді мекенінде де жалғасын табуда.

Кешегі 1 қыркүйек Білім күнгі алғашқы қоңырауда да мектеп оқушылары, мектеп бітірушілер биыл да жақсы оқып, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, алтыннан алқа тағамыз десе, 9-сынып оқушылары әрқайсысы қызыл куәлік алуға ұмтыламыз деп өздеріне сенім білдіруде. Ауыл ардагерлері жаңа оқу жылында тілектерің орындалсын деп батасын берді. Тарихты қашанда адамдар жасайды. Тарихтың тірек тұтар тұлғасы да, иесі де – адам. Сондықтан елде жасалған игі істер тарихта қалады. Қырымбек Елеуұлының әр елге жасаған еселі де ерен еңбектерінің арқасында және әрбір сөзіне ісі сай екендігін бағалай білген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президент әкімшілігінің басшысына лайықты деп тағайындауы – үлкен сенімділік. Біз жаңақұрылыстықтар Қырымбек Елеуұлына табыс тілей отырып, елге жасаған игі жұмыстарына ризашылығымызды білдіреміз.

 

Сердалы Шалбаев,

КСРО денсаулық сақтау

саласының үздігі,

Жаңақұрылыс ауылдық

ардагерлер кеңесінің төрағасы

Арал ауданы

Суретте: мектепке барған 1-сынып оқушылары мен ата-аналары.

 
СЫҢҒЫРЛА, АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ!
02.09.2019 11:35

Еліміздің барлық өңірінде өткендей, Қарақшы ауданында да 1 қыркүйек күні «Білім күні» мерекесі жоғары дәрежеде аталып өтті.

«Өткен оқу жылы аудандағы мектептерді тамамдаған 484 түлектің 26-сы «Алтын белгі», ал 15-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Сонымен бірге, ағымдағы оқу жылында өңір бойынша білім нәрімен сусындаған15 мыңнан астам шәкірттің 900-ге жуығы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, әліппемен танысатын болса,  сол шәкірттерге саналы тәрбие, сапалы тәлім беруде 1900-ден аса түрлі санаттағы сала маманы жұмыс істейді. Тағы бір айта кетерлік жайт, 2019-2020 оқу жылында сыныптар толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіріледі.  Биылғы жылдың тағы бір ерекше жаңалығы аудан орталығындағы №27 және №30 орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нақтысын айтқанда, мектептің сырты қапталып, ішкі беті қайта сыланып-сырлануда, есіктері мен терезелері алмастырылуда. Жөндеу жұмыстары қыркүйектің аяғында бітеді деп күтілуде.  Тоқ етері жуық арада аталмыш мектептер келбеті жаңаша кейіпке енеді. Сондай-ақ, аудан орталығынан шалғай «Қызылдың қиясында» орналасқан Көмекбаев ауылындағы №185 орта мектептің жылуы сұйық газге көшірілсе, №27,29,28  орта мектептер мен №105 мектеп-лицейінің бу қазандықтары сыртқа шығарылды» деп хабарлама берген  аудан әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қошалақов одан әрі білім саласы бойынша істеліп жатқан басқа да ілкімді істер жайында Омар Шораяқұлы атындағы  №30 орта мектепте өткен «Білім күні» мерекелік шарасында ұстаздар қауымы мен шәкірттер алдында айтты.

Ал, келесі кезекте сөз алған №30 мектеп басшысы Бауыржан Дүйсенбаев өзі басқаратын білім беру мекемесі бойынша өткен оқу жылында  ұстаздар мен шәкірттер қол жеткізген жетістіктерге тоқталды.

Шара барысында ардагер – ұстаз Бекдәулет Маханов пен 11-сынып оқушысы Мағжан Әбдіраман және басқа да оқу озаттары өздерінің мерекелік жылы лебіздерін білдірсе, 1-сынып оқушылары тақырып аясында тақпақ айтып, мектеп көркемөнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара соңында  1 және 11-сынып оқушыларының қатысуымен алғашқы қоңырау соғу рәсімі тамашаланды.

«Білім күні» мерекесін заманауи үлгіде салынған Үсен Томанов атындағы №183 орта мектеп ұжымы мен шәкірттері де ыстық ықыласпен қарсы алды. Ұжым басшысы Алтынша Кенжееваның айтуынша,биылғы оқу жылында 21 сынып комплектісі бойынша 358 шәкірт білім алуға келсе, оның 40-ы 1-сыныпқа қабылданған. Оқушылар заман талабына сай оқу-құралдарымен жабдықталған кең де жарық сынып бөлмелерінде жоғары білімді ұстаздардан саналы тәрбие, сапалы білім алып, өсе келе еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосуды алдарына мақсат етіп қоюда екен.

Сол күні «Білім күні» мерекесін ауданның барлық елді мекеніндегі білім беру мекемелері атап өтті.

Нұрбай  ЖАНӘДІЛОВ,

Қармақшы  ауданы

 
ҚАРМАҚШЫДА ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
02.09.2019 10:10

«Білім және ғылым» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық мәжілісі өтті.

Конференция қатысушы қонақтарға білім беру саласындағы былтырғы жылы жеткен жетістіктер мен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жаңадан шыққан оқулықтар,  шәкірттер мен ұстаздар жетістігі таныстырылды.

Аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясын аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы  Әділ Үсенұлы жүргізді.

Ол білім беру саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді саралады.

Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Жарқын Омаров білім беру саласындағы жетістіктер мен қазіргі таңдағы атқарылатын жұмыстарға хабарлама жасады.

Мәжіліс соңында ауданымыздың білім беруде өз үлестерін қосып жүрген бірқатар сала үздіктеріне Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» табысталды.

Шара соңында аудандық тамыз конференциясының ұсынымдары қабылданып, тамыз конференциясын аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әділ Үсенұлы қорытындылады.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
02.09.2019 10:06

Қармақшы аудандық мәдениет үйінде  Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы  ӘділҚошалақов аудан тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, әр саланың үздіктеріне алғыс хат табыстады.

Салтанатты шарада сөз алған Әділ Үсенұлы: «Ата Заңымыз егеменді еліміздің дербестігі мен саяси тұрақтылығын сипаттаған бірден-бір тарихи, әлеуметтік маңызы зор құжатқа айналды.

Ата Заңның қағидаттарына сүйене отырып, аудан тұрғындарының тұрақты дамуына жағдай жасаймыз, азаматтардың әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуге ұмтыламыз.

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Ата Заңымыз  Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің тұғырына айналды.

Әрбір азамат Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді», - деп атап айтып өтті.

Сонымен бірге шарада алғашқы мемлекеттік қызметке орналасқан жас мамандардың ант беру рәсімі болды.

Салтанатты шара ауданымыздың мәдениет майталмандарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына жалғасты.

 

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары