Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
Қ.ЫСҚАҚОВ: ПОЛИЦИЯ ОРГАНДАРЫ ЖҰМЫСЫНДА НӘТИЖЕ БОЛУЫ КЕРЕК
05.12.2019 11:20

Облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен Құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезектен тыс жедел отырысы өтті.

Соңғы 10 күндікте облыста бірнеше күрделі жол апаттары орын алды. Оның салдарынан 12 адам қайтыс болып, 20 адам жарақат алған. Атап айтқанда, 21 қараша күні Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылының бойында «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі қоғамдық көліктің аялдамасына соғып, нәтижесінде аялдамада тұрған 5 адамның 3-еуі оқиға орнында қайтыс болды. Бұл жол-көлік оқиғасында зардап шекендердің 3-еуі – оқушылар. Сондай-ақ, күні кеше (3 желтоқсан) «Құмкөл-Қызылорда» автожолының бойында «Саутс Ойл» серіктестігіне қарасты жолаушы тасымалдайтын автобус аударылды. Салдарынан 8 адам қайтыс болып, 22 адам жарақат алды.

Аймақ басшысы Полиция департаменті мен жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, бұл жұмыстар жеке өзінің бақылауында болатынын жеткізді.

«Соңғы болған жол-көлік оқиғасына Мемлекет басшысы тарапынан да назар аударылып, полиция мен жергілікті атқарушы органдардың құқықбұзушылық профилактика жұмыстарына қатысты ескертпелер айтылды. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың жол-көлік оқиларының динамикасы 47%-ға жоғарылап отыр, оның ішінде жарақат алғандар – 43%, қайтыс болғандар 44%-ға өскен. Полиция департаменті тарапынан берілген ұсыныстарға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Тиісті қаржы бөлініп, материалдық-техникалық базаларыңыз жыл сайын жаңартылуда. Алайда нәтиже жоқ. Жұмыс осы қарқында қалатын болса, ҚР Ішкі істер министрлігіне Полиция департаментінің жауапты басшыларының атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі жөнінде ұсыныс беретін боламын»,- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Комиссия отырысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары С.Шотаев баяндама жасап, болған оқиғалар мен аталмыш саладағы көрсеткіштердің өсуі полиция органдары тарапынан профилактикалық жұмыстардың тиімсіздігінен екенін айтты. Құқықтық статистикаға сәйкес өңірде жыл сайын жол-көлік оқиғаларының өсімі байқалады. Мәселен, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен Қызылорда облысы бойынша жол-көлік оқиғаларының 485 дерегі тіркелген.

Бүгінгі жиында талдау нәтижесі бойынша облыстық полиция департаментіне және аудан, қала әкімдеріне жол жүру қауіпсіздік деңгейін жоғарылату мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейту ұсынылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
5,5 МЫҢНАН АСТАМ ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАМАЛАР БОЙЫНША ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНБАҒАН
05.12.2019 11:10

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері Қызылорда облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде қаралып, қылмыспен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар айқындалды.

Қылмыспен күрестегі проблемалық мәселелер бұған дейін облыс әкімінің қатысуымен ведомствоаралық мәжілісте талқыланып, профилактиканың кешенді жоспары қайта бекітілді.

Облыстық прокуратурамен қылмысқа бейім адамдардың тізімі жасақталып, 3 мыңнан астам адам тәуекел топтарына енгізілді. Қазіргі уақытта олардың тұрмыс-тіршілігі уәкілетті орган өкілдерінен құралған жұмыс тобының күнделікті бақылауында.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында өңіріміздегі қылмыс 17%-ға төмендеді (7482-ден 6199-ға).

Бұл бағытта ұйымдастырылған шаралар өз нәтижесін беруде.

Дегенмен, жекелеген жағдайларда профилактикалық шаралар формальды атқарылуда.

Пробациялық бақылау жұмыстарының әлсіздігінен бұрын сотты болған 33 (35) адам қайталап қылмыс жасаған.

Прокурорлық тексерумен полиция қызметкерлерінің 10-нан астам құқық бұзушыға қасақана шара қолданбағаны анықталған. 5,5 мыңнан астам электронды хаттамалар бойынша шешім қабылданбай, құқық бұзған әрбір 10-шы тұлға жауаптылықтан заңсыз босатылған.

Аталған мәселелер алқа отырысында кеңінен талқыланып, құзырлы органдарға құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы тиісті тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.

 

Қызылорда облысының прокуратурасы

 
«ЖАНАРСЫЗ ДА ЖАРЫҚ ӘЛЕМ»
05.12.2019 10:10

4 желтоқсанда Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күніне» орай «№1 Қызылорда әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінде «Жанарсыз да жарық әлем» атты әдеби-сазды шара өтті.

Мақсаты - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зағип жандардың  шығармашылық насихаттау, қабілеттерін арттыру, қоғамға бейімдеу, уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізу.

Шараны кітапхана директоры Е.Алданазаров пен №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары Ержан Кенжебайұлы ашып, қазыналы қарттарымызға ізгі тілектерін жолдады. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымыздың шығармаларын насихаттау мақсатында С.Ысқақов атындағы колледж студенттері қатысып, өлеңдерін оқыды. Кітапхана оқырмандары Ақкенже Маханбетова мен Гүлсім Әбілова өздерінің туындыларын оқырмандарға ұсынды. Сонымен қатар «Жанары сөнсе де өнері сөнбеген» атты кітап және тифлоқұралдар көрмесі ұйымдастырылды.

 
БАСШЫЛАР ТІКЕЛЕЙ БАҒЫНЫШТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ
04.12.2019 17:20

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы айтты.

«Осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген», - деді Ардақ Ерсейтов брифингте.

Бұдан былай, саяси мемлекеттік қызметкерлер –  министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған жағдайда міндетті түрде отставкаға шығуға сұрану керек.

«Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы оның тікелей бағынышты қызметкеріне қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті» екендігін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы хабарлады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов қандай тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылатынығын түсіндірді:

- орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;

- облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;

- орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;

- облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;

- Аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.

Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті.

«Тікелей бағынышты қызметкерлер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған», - деп айтты спикер.

Бұдан бұрын, 2019 жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен өткен кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкаға кету институтын енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 
МӘДИНА ЕРАЛИЕВА АТЫНДАҒЫ «АҚБАЯН» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
04.12.2019 17:00

Қазалыда Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші, жерлесіміз Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауы өтті. Ән байқауына Қызылорда қаласы мен Жаңақорған, Сырдария, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарынан талапкерлер қатысты.

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйлеп, әншілерге сәттілік тіледі.

Мұнан соң сахна төріне көтерілген өнерпаздар бірінші кезеңде Мәдина Ералиеваның репертуарынан бір ән орындаса, екінші кезеңде өздерінің қалауы бойынша бір әнді шырқады.

Нәтижесінде Мәдина Ералиева атындағы «Ақбаян» атты облыстық әншілер байқауының Бас жүлдесін Мадияр Жеткерген жеңіп алып, 150 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал, Нұрбол Тұранов бірінші, Аманжол Сламов, Айтуған Сембаев пен Ерлан Едігеев екінші, Динара Жакешова, Әмір Сариев, Әсел Тұрғанбаева үшінші орынға қол жеткізді.

Байқауда «Ақбаян» номициясымен Айғаным Тілепова марапатталды.

Айта кетейік, бұл байқау Қазалы ауданы әкімінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында өтті. Оны Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық мәденет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесіп өткізді.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары