Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
Облыс әкімі апат орны мен Төретам кентінде болды
12.07.2013 16:14

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жуырда ғана Байқоңыр қаласында құлаған «Протон - М» зымыран тасығышының орнын жою жұмыстары бойынша жиын өткізді. Кездесуге мемлекеттік қызмет өкілдері және облыстық мәслихаттың хатшысы Бекмырза Еламанов қатысты.

Аймақ басшысы зымыран тасығыштың құлау жайын қорытындылай келе тексерудің нәтижесінің шараларын тізбектеп шықты. Айта кетсек, ресейлік мамандармен апат орын алған жерде үш химиялық қорғаныс бекеті құрылып, екі жедел топ жасақталды. Олар - В.Лопатиннің төрағалығындағы апаттың салдарын тексеретін топ және А.Фадеевтің басқаруындағы апаттан кейінгі жою жұмыстарын жүргізетін топ.

Ресейлік мамандар апат орын алған жерді залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуін есептеп, жобалар жасалған, сондай-ақ жер қыртысын залалсыздандыру кезінде жұмыс істейтін санитарлық және медициналық бекеттер қызмет көрсетуде.

Залалсыздандыру жұмыстарын 9 және 10 шілдеде ҚР Ұлттық космостық агенттігі «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК мамандарының қатысуымен жүргізді.

- «Протон» құлағаннан кейін сол күні түскі сағат 12-ден бастап Төретам, Ақай және Байқоңыр елді мекендерінде ауаның және топырақтың сынақтары алынып, гептилдің қатысы бар ма, жоқ па, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Сонан соң зымыран құлаған жерде жұмыс жасадық, - деді «Ғарыш-Экология» ҒЗО» РМК бас директоры Жайлаубай Жұбатов. - Сол жерден сынақтар алдық. Сол 3-4 шілдеде алынған сынақтардың нәтижесінде ластанған жердің көлемін анықтадық. Сол көлемде детоксикациялық жұмыстарға реагенттердің қандай концентрация керек, соны анықтадық. Соған байланысты Қазақстанның әр жерінен реагенттер алынып, ерітіндісі дайындалып 9-10 күні шұңқырдың детоксикациясы жасалып бітті. Бүгіннен бастап апат орнының айналасындағы жерлер залалсыздандырылып жатыр.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін де аумақты жіті назарда ұстау керектігін тапсырды. «Ең бастысы - халық денсаулығы», - деді Қырымбек Елеуұлы.

«Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңындағы жағдаймен жіті танысқан облыс басшысы түс ауа Төретам кентінде 100 орындық емхананың ашылу рәсіміне қатысты. Бұл әлеуметтік нысанды салуға облыстық бюджеттен 202 миллион теңге бөлінген болатын. Кент тұрғындарына уақыт талабына сай салынған медициналық мекемеде 13 дәрігер, 61 медбике қызмет көрсетеді. Кент тұрғындары бұл нысанның ашылуын ұзақ күтті. Себебі, бұл кентте тұратын тұрғын саны 10 мыңнан әлдеқашан асқан. Халық саны 4 мыңнан асқан Ақай ауылының да тұрғындары алдағы уақытта осы медициналық орталықтан ем-домдарын алады.

Емханаға алынған жаңа медициналық құрылғылар, флюрографиялық рентген аппараты, ультрадыбыстық терапия аппараты, бір каналды электрокардиография сапалы медициналық тексеру жүргізуге себепші болатыны сөзсіз.

Бұл емханадан бөлек, республикалық бюджет қаржысымен Төретам кентінде 600 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысы да биыл бой көтеріп, кент халқының әлеуметтік мәселелеріне қызмет жасайтын болады.

Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев салтанатты рәсімде Елбасының қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау саласына қомақты қаржының бөлініп отырғанын атап өтіп, Байқоңырда өңірдің өндірістік мүмкіндігін арттырып, жаңа өндірістер ашуға жағдай жасалатынына тоқталды.

Емхананың ашылу рәсімінде Ұлы Отан соғысының ардагері Жұматай Мұстафаев батасын берсе, Байқоңыр қаласы әкімінің міндетін атқарушы Анатолий Петренко тілектестігін жеткізді.

Салтанатты жиын соңында «Ақмешіт мелиораторы» ЖШС-нің директоры Ерлан Саттаров ресми түрде жаңа нысанның кілтін дәрігерлерге табыс етті.

Одан кейін аймақ басшысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде болды. Бұл тарихи кешен алдағы уақытта қайта жаңғыртудан өтпек. Осы орайда танымал сәулетші Бек Ыбыраев бастаған жұмыс тобы облыс әкіміне жаңа сызбаның жобасын ұсынды. Осы жерде уақыт талабына сай жаңа мұражай кешені, халықаралық дәрежеде жиын, форумдар өткізуге мәжіліс залы, баспасөз орталығы бой көтереді. Сонымен қатар ұлттық асханалар орталығы да салынып, емдеу кешендері де іске қосылмақ. Сызба жобасында түнгі жарықтандырудан бастап, көлік тұратын орындарға дейін қарастырылған. Талқылау барысында аймақ басшысы нысандарды түркі әлеміне ортақ нақыштармен безендіруге ерекше мән беру керектігін айтты. Әзірге бұл жоба болғандықтан, алдағы уақытта кешеннің сызбасына ішінара өзгерістер енгізілуі ықтимал.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ «ПРОТОН» ҚҰЛАҒАН ЖЕРГЕ ТАҚАУ ЕЛДІ МЕКЕН АУМАҒЫНАН ГЕПТИЛ ТАБЫЛҒАН ЖОҚ ДЕП ОТЫР
11.07.2013 15:07

«Байқоңырда» «Протон» зымыран тасымалдағышы құлаған жерге тақау орналасқан елді мекендердің топырағында және ауада гептилдің ұйғарымды концентрациясының шекті деңгейден артуы орын алған жоқ. Бұл туралы «Байқоңыр» кешені бойынша Үкіметаралық ресейлік-қазақстандық комиссия жанынан құрылған жұмыс комиссиясының отырысында ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.

Министрдің атап өтуінше, зымыран тасымалдағыш құлаған жер Ресей Федерациясы жалға алған аумақта, 81 мен 200-ші алаң аралығында жатыр. Зымыран құлағаннан кейін таяу аралықта орналасқан елді мекендердің топырағы мен ауасынан сынама алынған. Зертханалық сараптама барысында гептил табылаған жоқ.

Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10 секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.

 
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ 18-СЕССИЯСЫНДА ЖОЛДАР МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
11.07.2013 15:06

Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті 18-сессиясында аймағымыздағы автомобиль жолдарының жайы сөз болды. Сессияға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев және ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков қатысты.

Сессияда Жолаушылар көлігі және автомобильер жолдары басқармасының бастығы Бегман Көлбаев баяндама жасап, облысымыздағы республикалық, облыстық және аудандық маңызды жолдардың жалпы ұзындығы 3360 шақырымды құрап отырғанын айтты. Жыл сайын жолдарды жөндеуге қаржы көптеп бөлініп келеді. Мәселен, биылғы жылы 7200 млн. теңге қаралған. 2011-2015 жылдарда жолдарды дамытуға арналған арнайы жоспар да жасалған.

Әрине, проблемалық сұрақтар да жоқ емес. Олардың ішінде, жөнделген жолдардың сапасы, мамандардың деңгейін көтеру, және т.т. «Бұлардың шешімін табу үшін үнемі жұмыстарды қадағалап, жөндеу жұмыстарды жасап жатқан құрылыс орнында үнемі болу керек» дейді Көлбаев. Сондай-ақ, басқарма бастығы жасалған жолдың жағдайына енгізілген жаңа тәртіпті таныстырып өтті. Егер де, жолдың сапасыз екені анықталса, мердігер кемшілігіне сәйкес шеттетілмек.

Көлбаевтың баяндамасынан кейін мәслихаттың 18-сессиясы төрағасы Алтынбек Шоманов автомобиль жолдарының облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызы зор екенін айтып өтті. Сондықтан да жөндеу жұмыстарының сапасында мін болмау керек.

Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков баяндамашыларды қолдап, облыстардағы жол мәселесі үнемі комитеттің бақылауында болатынын жеткізді. Осы тұста Өмірбек Жүсіпов, Аманжол Оңғарбаев, Ибадулла Тілеп секілді облыстық мәслихат депутаттары өз пікірлерін ортаға салды.

Қорытындылай келе аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы көтерілген мәселенің маңыздылығын ескере отырып, өзекті мәселенің шешімін табу үшін сессия отырысына автомобиль жолдары Комитетінен өкіл шақырылғанын жеткізді. Біздің облыс жолдарды жөндеуде қаржыландырылған аймақтардың ішінде алғашқылардың бірі.

Келешекте облысымызда жөндеу және құрылыс сапасын арттыратын материалдық-техникалық базасы жақсы адал мердігерлердің қатары көбейетінін жеткізді.

Сессия отырысында өзге де өзекті мәселелер сөз болды. Соның ішінде күрішшілерді қолдау мақсатында күріш консорциумы құрылып, күріштің 1 гектарына 18-ден 25 мыңға дейін субсидиялау керектігін айтып өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ПІТІР САДАҚА – ЖАН БАСЫНА 150 ТЕҢГЕ
04.07.2013 17:47

Бүгін облыстық баспасөз орталығында облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров он екі айдың сұлтаны Рамазан айын түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді.

- Ораза – адам нәпсісін тыйып, рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, көркем мінезін тәрбиелеп қалыптастыруға мүмкіндік беретін ғибадат, – дейді Т.Омаров. – Санаулы күндерден кейін Рамазан айы басталады. Биылғы жылы 9 шілдеден 7 тамызға дейін деп бекітілді. 8 тамыз күні таңғы сағат 8-00-де айт намазы оқылады.

- Рамазан айында құран жерге түсірілген екен. Осы айдың қасиетті саналатыны да сондықтан. Ораза айында сауап істерді көп орындау керек. Ораза ұстау үшін ең алдымен мұсылман болу керек. Денсаулығы жарамды болу керек. Сонда ғана рұқсат беріледі. Егер де асқазанында жарасы бар, ауыз бекітуге шамасы жоқ, бірақ ораза ұстауға ниет етіп отырған адам підия садақасын бере алады. Яғни бір ай бойы мұқтаж жанды тамақтандырады, - дейді найб имам А.Жұбанов.

Рамазан айында екі жылдан бері өткізіліп келе жатқан 30 күнде 30 мекемеде уағыз айтылады. Сонымен қатар құран жарысы, журналистердің арасында мақала сайысын, содай-ақ Қадір түнінде сауалнамалар ұйымдастырылып, ниет етіп келушілерге таратылады. Осы сауалнамаға белсене араласқан жамағат сыйлықтармен марапатталады. Айта кететіні, пітір садақа жан санына 150 теңге болып есептелген. Оны ораза басталғаннан айт намазына дейін беруге болады.

Шынар БЕКБАН

 

 
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРЕДІ
02.07.2013 11:19

Жергілікті атқарушы органдардың құрылымында өзгеріс болатыны туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кеше аппарат мәжілісінде мәлімдеді.

2013 жылдың 13 маусымында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес бұрын орталық мемлекеттік органдардың құзырында болып келген кейбір функциялар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Бұдан былай үкімет мемлекеттік органдардың базалық құрылымын ғана бекітеді. Ал әкімдіктер аймақтың әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік органдарды құруға, біріктіруге және таратуға құқылы. Осыған байланысты Қызылорда облысында бес басқарма құрылатын болды. Олар – сыртқы байланыс, индустриалды-инновациялық даму, діни істер, балалардың құқықтарын қорғау және еңбек саласындағы бақылау басқармалары. Сонымен қатар туризмге қатысты функциялардың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына берілуіне байланысты аталмыш басқарма атауы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы болып өзгертілді. Мекемелер құрылымындағы өзгерістер бірқатар кадрлық тағайындауларға әкеп тіреді. Қармақшы ауданының бұрынғы әкімі Мұрат Имандосов индустриалды-инновациялық даму басқармасының, Сырдария ауданының экс-әкімі Ғизат Әбілтай кәсіпкерлік және туризм басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды. Еңбек саласындағы бақылау басқармасын бұрынғы бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Нұрлыбек Жолдасбаев басқарады. Ал Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы таратылды. Қармақшы мен Сырдария аудандарының әкімдері болып тиісінше Нажмадин Шамұратов және Ғанибек Қазантаев тағайындалды.

Жергілікті атқарушы органдардың 286 штаттық бірлікпен толығуына байланысты облыс әкімі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына штаттық лимиттерді бекіту жөнінде әдістемелік рекомендация әзірлеуді тапсырды. Аудан әкімдері болса, штаттарды бекіту кезінде, ең алдымен, әкімдік құрылымында жоғары білікті заңгерлер мен экономистердің болуына мән беруі керек. Оларға сондай-ақ таратылған мекемелердің қысқартуға ұшыраған қызметкерлерін еңбекпен қамту міндеттелді. «Бірде-бір қызметкер жұмыссыз қалмауы тиіс», - деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.

Назерке САНИЯЗОВА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1041 1042 1043 1044 1045 1046 1047 1048 1049 1050 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары