Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

Халық-хабар
ОҚУШЫ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСЫ БАР ТАҒЫ БІР КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
23.02.2012 12:36

Естеріңізде болса, Жаңақорған ауданы Төменарық ауылында оқушылар арасында болған түсініспеушілік салдарынан тоғызыншы сынып оқушысы М.Жасымбай көз жұмған болатын. Мәселе жоғары сынып оқушыларының ақша талап етуінен бастау алған. Алайда бұл талапқа көнбеген оқушыны бос тұрған ғимаратқа апарып соққыға жыққан. Ұрып-соғу оқиғасына қатысқан 8 баланың 1-еуі ғана қолға түскен еді. Сараптама нәтижесі оның жүрек тұсына тиген қатты соққыдан көз жұмғанын дәлелдеп отыр. Жуырда қылмысқа қатысы бар деген айыппен тағы бір бала қолға түсті. Бүгінде іс аудандық сотқа жолданған.

 
АҚПАННЫҢ АУЫС-ТҮЙІСІ
22.02.2012 14:40

Бүгінде облыстың басқару жүйесіндегі кадрлық тағайындау­ларға біздің етіміз үй­реніп кетті. Қазір әкім де, басшы да, басқа да орнында бір жыл да отырмай орын ауыс­тыратын болған. Жаңа ортаға, жаңа жұмыс ыңғайына енді-енді етене араласып, қарамағындағы қызмет­керлердің де жаңа басшыға ептеп-септеп бойы үйреніп келе жат­қанында, жылы орнынан  жылжып  жататыны түсініксіз.

Міне, облыстың бас­қарма басшылары арасында тағы да ауыс-түйіс. Былтырғы шіл­деде аймақтың бас энергетигі қызметін бас құ­рылысшыға ауыстыр­ған Батыржан Қара­көзов облыстық кәсіп­керлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып тағайындалды. Айтпақшы, бұл орынға желтоқсанда жайғасқан Ғизат Әбіл­тайдың екі айдан кейін Сырдария ауданына әкім болып кеткені бел­гілі. Ал, облыстық құ­рылыс басқармасына Әмірқұл  Жылқайдаров жетекшілік  ететін  болды. Төтенше жағдайдың  түп-төркінін  тәуір білетін Ә.Романқұл­ұлының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының «жалынан» ұстағаны кеше ғана еді. Екі айдан кейін қазіргі уақытта өсу қарқыны жедел­деген құрылыс саласының тізгіні тапсырылып отырғаны, оның қандай қызметте болсын жауаптылығымен ерекшеленгендігі шығар. Оның орнына облыс әкімі аппараты басшысының орын­басары қызметін ат­қарған  Бегман Көл­баев келді. Ал бірнеше жылдан бері облыс әкімі­нің көмекшісі болған Асқарбек  Әбдімәжитов енді облыс әкімі ап­параты  басшысының  орынбасары қызметін  атқарады.

Ақпанның ауыс-түйісі әзірге осы, бірақ оның астарында не жатқ­аны тек өздеріне белгілі...

Халық-хабар

 
СТУДЕНТТЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУГЕ ЫНТАЛЫ
21.02.2012 16:04

Ұлт ұрпағымен ұлықты, болашағымен баянды болмақ. Денсаулығы мықты, білімді де білікті жастарды тәрбиелеп, қоғамға қосу мәселесі қай кезде де маңыздылығымен ерекшеленеді. Елімізде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру арқылы аурудың алдын алып, адамдардың өмір сүру жасын ұзарту көзделгені белгілі. Бұл бағытта халықтың денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді жеңу үшін жас ұрпақты салауатты өмір сүруге үйретіп, дені сау ұрпақ өрбіту – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы мақсатта облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында қаламыздағы жоғарғы, орта оқу орындарының студенттік кәсіподақ төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда жастарды салауатты өмірге тарту мәселелері қозғалды.

Бұл бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атқару үшін оқу орындарының студенттік кәсіподақ төрағаларымен бірлескен меморандум жасалды. Осының негізінде студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау шаралары және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүйелі жүргізілмек. Жастардың денсаулық  индексінің төмендігі және олардың арасында суицид, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың, темекі шегушіліктің көбеюі – алаңдатарлық жағдай. Статистикалық дерек бойынша жастардың 40 пайыздан астамында әртүрлі ауру кездеседі. Жас ұрпақты салауатты өмір сүруге икемдеп, олардың арасында ақпараттық- насихаттық жұмыстарды күшейту – уақыт талабы. Өкінішке орай қазіргі жас өрендеріміз виртуалды кеңістікке тәуелді болып, пайдалы ақпараттан гөрі, ғаламтордың қажетсіз ақпараттарына көбірек қызығатыны үйреншікті жағдайға айналды. Сондықтан жастар арасындағы ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары студент жастар арасынан тартылған еріктілер арқылы жүзеге асырылмақ. Студенттік кәсіподақтармен меморандум жасау барысында осы мәселелер талқыланып, айтылған ой-пікірлер бір жерден шығып, алда атқарылар жұмыстар нақтыланды. Қазіргі таңда студенттердің өз денсаулығын сақтау жөніндегі білім деңгейін анықтайтын сауалнамалар жүргізілуде.

Н.ИБРАШТЕГІ

 
МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА БАЙИ ТҮСТІ
21.02.2012 16:00

Жуырда облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті. Оған емдеу мекемелерінің басшылары түгел қатысып, басқарма бастығы С.Игембаев баяндама жасады.

Өткен жылдың қортындысы бойынша облыста ана өлімінің көрсеткіші 2010 жылғы көрсеткіштен 70,1%-ға төмендеп, 100 мың тірі туылған сәбиге шаққанда 10,5-ті құрады. Сәбилердің шетінеу себептерінің басында перинатальды кезеңдегі жағдайлар тұр. Халықтың сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 51 705,2-ге дейін төмендеді. Жалпы өткен жылы негізгі аурушаңдық деңгейі республикалық орташа көрсеткіштерден төмен болған. Емдеу және алдын алу ұйымдарын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 752 534 мың теңге қаралып, 235 медициналық құрал-жабдық сатып алынған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен материалдық техникалық база 45 жаңа медициналық аппаратпен толыққан.

- Ауруларды ерте сатысында анықтау үшін ұлттық скринингілік бағдарлама шеңберінде аурулардың тізбесі кеңейтілді. Барлық аудандық ауруханаларға бейнеконференция арқылы байланысуға мүмкіндік туды, - деді С.Игембаев.

Мәжілісте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры А.Бисенов пен облыстық онкологиялық аурухананың бас дәрігері К.Төлеутаев саладағы міндеттерге қатысты өз ойларын айтты.

Б.ӘБДІРАХМАНОВА

 
ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛ РОЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ
17.02.2012 17:10

Қазіргі күні Қызылорда облысы бойынша 700-ге жуық мемлекеттік қызметші әйел бар болса, оның он шақтысы саяси қызметте жүр. 14 әйел – жергілікті мәслихат депутаттары.

Бұл мәліметтер облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бүгінгі баспасөз конференциясында айтылды. Әйелдердің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру барысында комиссия былтыр біраз шаруаның басын қайырған. «Бірлік – береке бастауы» атты облыстық қыз-келіншектер форумы, отбасындағы әйел мәртебесін көтеру мақсатында «Қазақстан ханшайымы» байқауы, кәсіпкер әйелдерге арналған «Қанатты әйел» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Үлгілі әкелер» слеті ұйымдастырылып, әкелер кеңесі құрылды. «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде халықтың ұлттық дәстүрлері мен ділін ескере отырып, отбасы жағдайы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Атқарылған жұмыстар «Қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі» атты әдістемелік құралда көрініс тапты.

- Отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған мәдени-көпшілік шаралар, әсіресе, Арал, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жақсы жүргізілді. Әлеуметтік мәні бар жобаларды ұйымдастыруда «Ақ босаға», «Батыр ана», «Сырдария әйелдері» сынды үкіметтік емес ұйымдар жоғары белсенділік танытты, - дейді облыс әкімінің кеңесшісі, комиссия төрайымы Р.Ахметова.

Журналистер жиын соңында азаматтық неке, тастанды бала, отбасындағы әйел – ананың рөлі жайлы сұрады. Қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлнар Жұмашеваның айтуынша, соңғы 3 жылда 20 тастанды бала тіркелген. Ал қазіргі күні тағдыр тәлкегіне түскен 2 сәби бар көрінеді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1061 1062 1063 1064 1065 1066 1067 1068 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2019 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары