Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
БОЗКӨЛДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ
19.08.2019 12:20

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері имандылық шараларына баса назар аударылып келе жатқаны белгілі. Жер-жерде Алланың жердегі үйі мешіттер көптеп ашылып, жамағатты хақ жолына баулуда. Өткен аптаның жұма күні Бозкөл ауылының тұрғындары осындай игілікті іске куә болды.

Аталмыш елді мекендегі «Туған өлкем, қандай көркем» атты ауыл күніне арналған салтанатты шара орталық саябақта ауыл өнерпаздарының театрландырылған көрінісімен басталды. Халық арасында «Бала ахун» атанып кеткен Тілеумұрат Қошанұлының ұлағатты өмір жолын сахналық көрініспен сомдаған өнерпаздар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Тұрғындардың қуанышымен бөліскен Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев өзінің құттықтауында бірлігі бекем, тірлігі тиянақты елдің алар асуы биік боларына тоқталды. Ауыл түлегі, облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Нұрман Талқанбаев бозкөлдіктердің атынан аудан басшысына алғыс айтып, театрландырылған көріністе басты рөлдерді сомдаған өнерпаздарға сыйлықтар табыс етті.

«Ауыл күні» аясында ауылдан шыққан азаматтар, тұрғындардың демеушілігімен салынған «Бала ахун» атындағы жаңа мешіт ел игілігіне берілді. Мешіттің ашылу рәсімінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, «Жанқожа батыр» атындағы орталық мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов имандылық үйі адамдар арасындағы ізгілік, адамгершілік қатынастарды одан әрі нығайта берсін деген ақ тілегін білдірсе, ауыл тұрғыны Күнәжат Қаниев рухани орталықтың салынуына үлес қосқан барша азаматтарға бозкөлдіктердің атынан алғыс айтты.

Бағдарлама барысында ауыл тұрғындары әртүрлі спорттық жарыстарды тамашалады. Жастар сынға түскен қазақ күресі, арқан тарту, волейболдан өткен жарыста мықтылар анықталса, бәйге ауыл мерекесінің көрігін қыздыра түсті. Шара орталық саябақта аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, от шашумен аяқталды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ
19.08.2019 12:00

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Арыс қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары мен Түркістандағы халыққа қызмет көрсету кешені құрылысымен танысты.

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жұмыс сапарымен Түркістан облысына барып, онда аймаққа бөлінген Арыс қаласындағы № 6 аумақты аралап көрді.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысына Арыс қаласындағы 268 тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 кәсіпкерлік нысан орналасқан №6 аумақ бөлінген. Бүгінгі күні қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің бірі бұзылып, оның орнына жаңа үй сатып алынды, келісім бойынша қаланың көпқабатты үйлерінің бірінен тұруға жарамсыз деп танылған жеке үй тұрғындары (93 жастағы әже, 60 жастағы мүгедек ұлы мен 19 жастағы немересі) мен бір аулада орналасқан тұруға жарамсыз екі үйдің тұрғындары үшін жаңа баспана сатып алынды. Қалған 264 үй толығымен қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстарын орындау үшін 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған болатын. Сырбойылық құрылысшылар Арыс қаласында өздеріне бөлінген жұмыстарын толығымен аяқтады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Түркістандағы халыққа қызмет көрсету кешенінің (Шығыс моншасы) құрылыс барысымен танысып, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Маминге құрылыс жұмыстары туралы баяндады.

"Бүгінгі таңда кешен қабырғалары мен бағаналарын салу жұмыстары толығымен аяқталды, ғимаратты жылу оқшаулағыш материал – минералды мақтамен қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кестеден қалыс қалу жоқ, құрылыс жоспарланған мерзімде аяқталады", - деді Қуанышбек Ысқақов.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы құрылғаннан кейін жаңа аймаққа  сый ретінде бірқатар әлеуметтік-мәдени нысан салып беру туралы шешім қабылданған болатын. Оның ішінде Қызылорда облысына тәулігіне 100 келушіге арналған халыққа қызмет көрсету кешені (Шығыс моншасы) құрылысы бөлінді. Кешеннің жалпы ауданы-3 мың ш.м астам, құрылыстың бас мердігері - "Бақ-Береке 2030" ЖШС.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚАЗАЛЫДА ЕРЕКШЕ АКЦИЯ ӨТТІ
19.08.2019 11:55

«Тазалықтыөзіңнен баста». Қазалыдаөткенерекшеакцияданосындай ой түйдік. Оқырмандарғатүсініктіболуыүшінсөзіміздітарқатыңқырапжеткізсек.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен облыстық балық шаруашылығы су айдындарында «Аулардан таза су» акциясын өткізу жоспарланғаны көпшілікке мәлім. Басты мақсаты су айдындарды иесіз қалған немесе броконьерлік балық ауларынан тазарту, табиғат пайдаланушыларды, қоғамдық ұйымдарды, волентерларды жұмылдыру арқылы су айдындардың аймақтарының тазалығын жақсарту болып табылатын акция өзінің маңыздылығымен ерекшеленді.

Акция барысында Ардақ Кәдір басшылық жасайтын «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ» ұжымы белсенділік танытты. Аталмыш ұжымның 30 қызметкері Құмкөл және Төртқұлақ су айдындарының жағалауын қоқыстан тазартып, мекемеден бөлінген автокөліктермен арнайы орынға жеткізді. Сондай-ақ, айдын ішіндегі қараусыз қалған балық аулары алынды.

Жұмабек Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
ҒАНИЖАН ҚАЛИЕВТІ ӘРІПТЕСТЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
19.08.2019 11:50

Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келген Қалиев Ғанижан Піртазаұлы жуырда ротациялау тәртібімен Қостанай облысына ауысты.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов Ғанижан Піртазаұлына аймақтағыжемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

"Ғанижан Піртазаұлы облыста қызмет атқарған жылдары өзін іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, қарамағындағы қызметкерлерді алға қойған мақсатқа жұмылдыра білетін білікті басшы ретінде көрсете білді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен жүргізілетін аумақтық Департаменттердің қызметін бағалау нәтижелеріне сәйкес 2018 жылдың қорытындысы бойынша Департамент үшінші орынға ие болса, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен Департамент екінші орынды иемденді. Өзінің тікелей қызметінен бөлек, Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі ретінде кеңестің жұмысына белсене араласты», - деді аймақ басшысы.

Қуанышбек Досмайылұлы Ғ.Қалиевтің жаңа қызметіне табыс тілеп, облыстың Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде, Ғанижан Піртазаұлы облыс әкіміне және барлық әріптестеріне бірігіп атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

 
ІШКІ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19.08.2019 11:45

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Егембердиев Марат Темірбекұлы Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

М.Егембердиев 1977 жылы туған. М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы «Медетші қоры» мекемесінің экономисті ретінде бастаған.

2003-2015 жылдары салық органдарында жауапты қызметтер атқарған.

2015 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары