Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
ЦИФРЛЫ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
11.10.2019 16:20

Бүгін облыстағы емдеу ұйымдары 36 жаңа санитарлық көліктермен толықты. Олардың 7-еуі – мамандандырылған реанимобиль, 12-сі – шақыртуларды қамтамасыз ететін арнайы «Ларгус» көліктері және 17-сі – тасымалдаушы санавтокөліктер.

Шараға облыс әкімі Қ.Ысқақов келіп, көлік кілтін емдеу мекемелерінің басшыларына салтанатты түрде табыстады.

- Халқымыз қашанда денсаулықтың қадірін білген. Дені сау халқы бар ел ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Осы орайда мемлекетіміз адами капиталды дамытуға аса мән беріп отырғаны белгілі. Алдағы 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты жалпы ішкі өнімнің 10 пайызына жеткізу жоспарланған. Біздің өңіріміз әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жағынан алдыңғы орында. Медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін көтерілді. Облыстың жедел жәрдем қызметін бір орталыққа үйлестірдік. Аралдан Жаңақорғанға дейінгі аралықтағы шұғыл медициналық көмекке мұқтаж науқастың барлық қажетті ақпараты бір жерге жинақталып, медициналық көмек көрсетуде жылдамдық пен сапаға қол жеткіздік,- деді ол.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыстың медицина қызметкерлері Корея, Жапония, Ресей мемлекеттерінің ең үздік клиникаларында тәжірибе алмасып келгендігін тілге тиек етті.

Осы жылдың соңына дейін емдеу ұйымдарына табысталуға жоспарланған 70 санитарлық көліктің қалғаны желтоқсан айында берілмек.

«Мағжан и К» ЖШС-нің Қазақстан бойынша тұңғыш цифрлы күріш өңдеу зауыты ашылды. Оған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Смағұл, Г.Шиповских, оңтүстіккореялық «DAEWON GSI» компаниясының бас директоры Со Бо Сон, Қызылорда облысының әкімі Қ.Ысқақов, қала әкімі Н.Нәлібаев қатысты. Цифрлы зауыттың салтанатты ашылуында алғашқы болып облыс әкімі Қ.Ысқақов сөз алды.

- Бүгін өңірімізде тағы бір күріш ақтау зауытын ашқалы тұрмыз. Бұл игі істі «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мағжан и К» ЖШС жүзеге асырып отыр. Серіктестік 2005 жылдан бастап Сырдария ауданында орналасқан Нағи Ілиясов  ауылында 600 гектар жерге күріш егіп, қазір 5500 гектарға дейін жеткізіп келеді. Нағи Ілиясов ауылының экономикасын дамытуға мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша едәуір үлесін қосып келеді. Сондай-ақ «Мағжан и К» ЖШС егін шаруашылығымен қатар 14 жыл ішінде Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданындағы елді мекендердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына да ұдайы көңіл бөліп, қомақты қаржы салып жүр, - дей келе, ашылған зауыт жұмысына сәттілік тіледі.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Г.Шиповских Сыр маржанымен аймақ экономикасын арттыруға үлес қосып келе жатқан «Мағжан и К» ЖШС-ның ұжымына алғысын білдірді.

- Бұл зауыт облысымыз ғана емес, еліміз үшін өте үлкен жетістік деп есептеймін. Тағы бір айта кететін жайт, Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «2019 жыл – Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осында жұмыс атқаратын қызметкерлердің басым көпшілігі 29-30 жас аралығындағы адамдар. Істеріңіз алға баса берсін,- деді ол.

Зауыттың қуаттылығы тәулігіне – 7 тонна. Мұнда жұмысшылар екі ауысыммен жұмыс істейтін болады. Жаңа кәсіпорында Оңтүстік Кореяның «DAEWON GSI» күріш өндірудегі цифрлы технологиясы пайдаланылады. Зауыт жаңа технологияның арқасында бір орталықтан автоматтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Бұл зауыттың әзірге Қазақстанда анологы жоқ. Сондай-ақ, компанияның техникалық паркі 90 пайызға жоғары технологиялық «Claas», «John Deere», «Case» маркалы комбайндарымен жаңартылған. Күріш және жоңышқа тұқымдары германиялық Petkus жоғары технологиялық тұқым тазарту зауытында қайта өңделеді.

 

Әйгерім  НАЖМАДИНҚЫЗЫ

 
АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТТЕР ТЫЙЫЛАР ЕМЕС
11.10.2019 09:50

Қызылорда қалалық прокуратурасымен алаяқтық қылмыстарға қарсы бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарды жылжымайтын мүлікті сатып алуда күмәнді келісімдерден сақ болуға шақырады.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, Қызылорда қаласының №2 сотына түскен 505 қылмыстық істің ішінде 101-і осы алаяқтық қылмыс ретінде тіркелген. Яғни, соттармен қаралған әрбір 5-ші іс – алаяқтық қылмыстар. Себебі азаматтардың басым бөлігі оңай жолмен тұрғын үй алуға үміттеніп, алаяқтардың арбауына түсіп қалады.

Мәселен, Ә.К. есімді азаматша 2016-2018 жылдар аралығында барлығы 58 жәбірленушіні «Қызылорда қаласының аумағында салынып жатқан үйлерден пәтер алып беремін» деп алдап, олардың сенімдерін теріс пайдалану жолымен бірнеше рет ірі мөлшерде мүліктерін жымқырған. Алаяқтық қылмыстық әрекеттерінен жәбірленушілерге 66 453 000 теңге көлемінде мүліктік зиян келтірілген. Мұндай алаяқтық әрекеті үшін Ә.К. сот үкімімен 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Алаяқтық қылмыстардың басым көпшілігі нәзік жандылармен жасалуда.

Атап айтқанда, Қ.М. есімді азаматша сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін иемденіп, оңай жолмен ақша табу мақсатында 2017-2019 жылдар аралығында 27 жәбірленушіге өзінің Қызылорда қаласының әкімшілігінде қызмет атқаратындығын, қала аумағында жаңадан салынған көпқабатты үйлердің бірінен кезектен тыс пәтер алып беретініне сендіріп, өзінің қылмыстық іс әрекетімен 30 454 500 теңге мүліктік шығын келтірген. Осы әрекетімен Қызылорда қаласының №2 сотының 19.07.2019 ж. үкімімен ҚР ҚК-тің 190-бабының 2-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тағы бір мысал, Тараз қаласының тұрғыны Ж.С. оңай жолмен пайда табу ниетімен қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласына келген. Қонақүйге орналасып, қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында кешкілік такси жалдап, қаладағы емхана, аурухана, медициналық орталықтарды, мәйітханаларды аралаған. Қылмыстық ойын жүзеге асыруға уақыт келген кезде, мәйітхана қызметіне жүгінгендерге туыстарының мәйіттерін сойдырмай алып беретініне сендіріп, әртүрлі көлемде ақшаларын алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Осы қылмысы үшін Ж.С. Қызылорда қалалық №2 сотымен ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қоғамнан оқшауланды.

Алаяқтардың жәбірленушілерді алдау тәсілдері негізінен олардың ең мұқтаж қажеттіліктеріне бағытталады. Олардың негізгілері – жер телімдерін алу, жеңілдікпен пәтер алу, банктерден кедергісіз тез арада несие алу, жұмысқа орналасу.

Асхат  Бекмұханов,

Қызылорда  қаласының  прокуроры

 
ҚЫЛМЫС ҚҰРБАНДАРЫ БОЛҒАНДАРҒА ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ
11.10.2019 09:45

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» қаңтардағы Заңның нормалары қылмыстық құқықбұзушылық жасауға кінәлі адамдардан мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бөлігінде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл институт Қазақстанда алғаш рет жәбірленушілерге қажетті материалдық көмекті жылдам көрсету бағытында құрылған.

Дүниежүзілік тәжірибеге және зиянды өндіріп алу туралы Еуропа конвенциясына сәйкес, өтемақы зорлық-зомбылық қылмыстарының құрбандарына төленеді.

Яғни, сексуалдық зорлық-зомбылықтың құрбандары болған кәмелетке толмағандар, адам саудасы мен азаптаулардың жәбірленушілері және денсаулығына ауыр зиян келтірілген не адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ/ЖИТС) жұқтырған адамдар өтемақы алуға құқылы.

Оларға төленетін сома мөлшері 30-дан 50 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі біржолғы төлемді құрайды.

Жәбірленушілерге өтемақы қорындағы түсімнің негізгі көзі – соттың айыптау үкімі шыққан кінәлі тұлғалардан күштеп өндірілген қаражат.

Осы тұрғыда, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша сот үкіміне сәйкес, мәжбүрлі өндіріп алулар басталды.

Мәжбүрлі төлемдердің сомасы қылмыстардың ауырлығына қарай 5-тен 30-ға дейінгі айлықтық есептік көрсеткішті құрайды.

Облыс аумағындағы жергілікті соттармен «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Заңы қолданысқа енгеннен бастап 2018 жылдың соңына дейін 472 адамға қатысты - 455, 2019 жылдың 6 айында 473 адамға қатысты 415 айыптау үкімдері қабылданған. Оның ішінде былтыр Заң қолдануға жататын барлығы 222 адамға қатысты 211 қылмыстық іс қаралып, ҚК-тің 98-2-бабына сай жалпы 2525 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) 6 млн 72 мың 625 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілген. Ал, ағымдағы жылдың маусым айын қоса алғанда Заң қолдануға жататын барлығы 217 адамға қатысты 201 қылмыстық іс қаралып, ҚК-тің 98-2-бабының талабына сай жалпы 2785 АЕК мөлшерінде 6,3 млн теңге мәжбүрлі төлем өндірілген.

Аталған Заңның талабы бойынша қорда жиналған қаражаттар қылмыстық құрбандары болған тұлғаларға 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап төленеді.

Қазіргі таңда облыстық прокуратурамен қорды қалыптастыру бағытында Заңның қолданылуы мен орындалу бағытында тиісті шаралар атқарылуда.

С.Төлеген,

Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА #PARABERME АКЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР
11.10.2019 09:36

Өңірімізде республикалық "Пара берме" акциясы өтуде. Мақсаты - әрбір азаматты пара алу және пара беруден сақтандыру. Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов пен басқарма басшысы Ғ.Әлімқұлова баяндады.

"Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен парақорлық фактілері бойынша 53 қылмыстық іс тіркелді. Оның 50 пайызы ауыр қылмыстар қатарына жатады. Пара беру фактілері бойынша 21 қылмыс анықталған, олардың 19-ы сотқа жолданды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің өңірде парақорлық деректері халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, ішкі істер агенттіктері және аудан әкімдіктері мекемелерінде кездесіп отырған", - деді Ғалия Убайдуллақызы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, пара алғаны үшін кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыра отырып, параның 80 еселенген сомасына дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.

Пара беруші мен пара алушының арасындағы жазадағы айырмашылық соншалықты көп емес, сондықтан азаматтар заңды бұзбас бұрын білуі тиіс.

 
ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
11.10.2019 09:30

Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында "өрт қауіпсіздігі айлығы" жарияланды. Нәтижесінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін, мұржаларын тазарту жөнінде үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент бастығының орынбасары Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.

- Өткен жылы жылу беру маусымында облыс бойынша 147 өрт оқиғасы тіркелген болатын. Биыл сондай олқылықтардың алдын алу мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Тұрғындармен кездесу барысында пештің түтін жолдарын жылу маусымында 2-3 рет тазалау, өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, 15 қазанда өрт қауіпсіздігі айлығы аяқталғанымен, ары қарай жылу беру маусымында қауіпсіздік шаралары жалғасады, - деді Руслан Сламбекұлы.

Сондай-ақ, сала мамандары тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән беріп, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертті. Құрметті қала тұрғындары, балаңыз бен отбасыңызға сақ болыңыздар!

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары