Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Халық-хабар
Колледждің жатақханасында өзге оқу орнының студенттері негізсіз тұрып жатыр
18.06.2018 10:46

Қызылорда облысында жатақханаға мұқтаж үш мың екі жүз студенттің тек үштен бір бөлігі студенттік жатақханалардан орынмен қамтылған. Кейбір студенттік жатақханалардың тозығы жетіп, арнайы жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы мониторингтік топ мүшелерімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжі, Қызылорда медициналық жоғары колледжі және Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі жатақханалары тексерілді.

Басты мақсат жатақханалар қызметіне қоғамдық бақылау орнату арқылы жемқорлық көріністеріне жол бермеу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау болып табылады.

Рейд барысында студенттік жатақханалардың мақсатты пайдалануы, оның ішінде, өзге санаттағы азаматтардың және отбасылардың негізсіз тұруын болдырмау басты назарға алынды.

Арнайы мониторингтік топтардың жүргізген қарауы нәтижесінде студенттік жатақханаларда отбасылардың тұрып жатуы анықталған жоқ.

Алайда қарау барысында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжінің студенттік жатақханасында өзге оқу орындары студенттерінің негізсіз тұрып жатуы анықталды.

Рейдтік қарау қорытындысымен облыстық білім басқармасына тиісті ұсыныстар енгізіліп, аталған колледж директорының орынбасары Ғ.Мамытов тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Рейдтер алдағы жалғасын табады.

Б.Әбдіқадыров

 
ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
18.06.2018 10:42

Аудан басшысының жұмыс сапары одан әрі ауданға қарасты Аманөткел ауылдық округінде жалғасты. Бұл арада аудан әкімі М.Оразбаев облыстық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 2,1 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар «Аманөткел елді мекеніне кіреберіс» автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарымен танысып, тиісті бөлім қызметкерлеріне аталған жұмыстың уақытылы әрі сапалы жүзеге асырылуын тапсырды.

Арал ауданының экономикасын дамытудың 2017-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» бойынша жүзеге асырылып жатқан жол жөндеу жұмыстары «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-гі арқылы ағымдағы жылдың сәуір айында басталған. Қазіргі таңда елді мекенде қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
АУДАН ӘКІМІ ҚАМБАШ КӨЛІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
18.06.2018 10:41

Сенбі күні аудан әкімі М.Оразбаев арнайы жұмыс сапарымен Қамыстыбас ауылдық округінде болып қайтты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы ең алдымен Қамбаш көлінің жағалауына табан тіреп, көл-жағалаудың жай-күйімен танысты. Осы тұста, жеке кәсіпкерлер тарапынан көл демалушыларына арналған демалыс орындарының дайындық жұмыстарын бағамдап, салықтың уақытылы төленіп отыруын ескертті. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге жағалаудың тазалығын және қоғамдық тәртіптің сақталуын баса ескертті.

Одан әрі, Қамбаш көлінің жағалауынан орын тепкен «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығына бас сұғып, лагерь жұмысымен танысты. Сондай-ақ, алдағы шілде айына жоспарланған дәстүрлі «Балықшылар слетін» өткізу жайын пысықтады.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
АРАЛДА ТОҒЫС ЖҰМАШЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТІП ЖАТЫР
18.06.2018 10:33

Сенбі күні орталық стадионда Арал ауданы əкімдігі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен бокстан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында Арал ауданының белгілі азаматы, меценат, облыстық мәслихаттың екі шақырылым депутаты Тоғыс Жұмашевты еске алуға арналған республикалық турнир өз жалауын көтерді.

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев қатысып, ауданымызға белгілі азамат Т.Махамбетжанұлының өмір жолына және көзі тірі кезінде атқарған игі істеріне тоқталып, турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Дәрежесі жылдан-жылға өсіп, биыл V мəрте өткізіліп отырған жарысқа еліміздің Қарағанды, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан барлығы 10 команда құрамында 80-нен астам спортшылар қатысуға ниет білдірді. Спортшылар 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Жарыс нəтижесі ағымдағы жылдың 18 маусымы күні белгілі болады.

Саналы ғұмырында жақсылық атаулыны жанына серік еткен Тоғыс Махамбетжанұлы қай ортада болмасын, өз ісінің шебері екендігін танытып, талай мәрте абырой биігінен көрініп, ауданның «Жыл демеушісі», «Үздік салық төлеушісі» атанды.

Еңбек жолын қала мектептерінде мұғалім мамандығынан бастаған ол, кейіннен «Арал» кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, аудандық комсомол комитетінің бюро, пленум мүшесі, Октябрь ауылдық кеңесінен депутат болып та сайланды.

Сонымен қатар, 1983-1987 жылдар аралығында аудандық ауыл шаруашылық басқармасында инспектор, қалалық құрылыс жөндеу мекемесінде шебер болды. 1987 жылдан «Қызылорда отын» мекемесінің Арал бөлімшесінде меңгеруші қызметін атқарған ағамыз 1998 жылдан өмірінің соңына дейін «Аралотын» ЖШС директоры қызметін атқарды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!
18.06.2018 10:25

Өткен жұмада болашағынан үлкен үміт күтіп, келешегіне зор сенім артып отырған, еліміздің ертеңгі болашағына ие болатын жастарымыз – мектеп бітірушілердің тағы бір легі үлкен өмірге аттанды. Осы орайда, теңіз төскейіндегі Арал ауданының барлық орта мектептерінде орта білім туралы аттестат тапсыру салтанаты өтті. Соның бірі - Арал қаласындағы №62 мектеп-лицейіндегі салтанатты жиын. Биылғы жылы 37 түлекті үлкен өмірге қанаттандырған мектеп ұжымының салтанатты кешіне аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы А.Елеш арнайы қатысты. Салтанатты шарада сөз алған Р.Өтешов аудан әкімінің арнайы құттықтауын жеткізіп, «Адамзат баласы өмір бойы білім жинайды. Өйткені білім – жалықтырмайтын жол, таусылмайтын қазына. Бүгін Сіздер ізденудің алғашқы баспалдағын аяқтап, келесі биік сатыларына аяқ басқалы тұрсыздар. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңа тілектеспін!», - деп ақжарма лебізін жолдап, мектеп бітірушілерге аттестаттарын табыстады.

Одан әрі ортада аяулы ұстаздар мен ата-аналар, түлектер өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, қарияның батасын алды.

Атап өту қажет, аудан түлектерінің арасынан биылғы жылы 37 алтын белгі және 13 үздік аттестат иегерлері анықталды. Соның ішінде, аталмыш мектеп-лицейді бітірушілер арасынан 6 түлек алтын белгі иегерлері атанды.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары