Өзекті мәселелер

  • 09.08.18

    Ел іші ешқашан даусыз болмаған. Бұрында да ренжісіп, жер, жесір дауы үшін бір-бірімен араздасқан адамдар өмір сүрген. Әсіресе, жайылымдық жер үшін таласып, бірінің малын екіншісі қуып шыққан сәттер әдебиеттерден белгілі. Алайда ол кезде қазіргідей сот билігі болмаса да, ата-бабаларымыз шыңыраулы түрмесіз-ақ сол дауды бейбіт жолмен шешіп, екі тарапты бір ауыз сөзбен татуластыра білг...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Біздің «Алдымен экономика, cодан  соң  саясат» деген­ айқын  формуламен ілгерілеп келе жатқанымызды мемлекет басшысы ай­қындап берген. Саяси реформалардың әрбір кезеңі эко­номика дамуы­ның  шекті  деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша халықтың рухани қазынасын жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге қол жеткіземіз. Ал білі­мі мен білігі сай ...

    Толығырақ...
  • 09.08.18

    Бас шаһардың әр бұры­лысында жер қазылып жат­қандығын байқаған шығарсыз. Шыны керек, облыс ортал­ығында жыл сайын осындай шаруалар шығады да тұрады. Бұған наразы тұр­ғындар жергілікті билікті сынап­ әлек. Бұл мәселенің мәнісі былай екен. Оны қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге бірқатар құрылыс нысандарын  аралау  барысында біліп  қайттық.

  • 09.08.18

    Өткен жұмада республикалық Қоғамдық кеңес төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов пен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бас­таған делегация Сыр өңіріне жұмыс сапары­мен келді. Олар бірқатар ны­сан­дарды аралап, мемлекет басшысының 5 әлеуметтік бастамасының жүзеге асыры­лу  барысымен  танысты.

  • 09.08.18

    Н.НӘЛІБАЕВ,  қала  әкімі:

    Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен кезекті жиында екі мәселе қаралды. Әуел­гісі Қызылорда қаласының жылу маусымына дайындығы туралы болса, екіншісі кент және ауылдық округтердегі 4-деңгейлі бюджеттің орындалу  барысына  арналды. Қала әкімі Н.Нәлібаев аппарат мәжілісіне арқау болған тақырыптарды айт...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 2018-2020 ЖЫЛДАР «ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖЫЛЫ» БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ
01.08.2018 17:20

2018 жыл аймақта «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» ретінде жарияланған болатын. Облыстағы жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесінің маңыздылығын есепке ала отырып, мерзімі 3 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы кәсіпкерлік саласының дамуы мен кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында өткен жиын отырысында белгілі болды.

2018 жылдың 1 тамыз күні облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен облыста жарияланған «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» аясында «Кәсіпкерлер үйін» таныстыру, кәсіпкерлік саласының дамуы мен кәсіпкерлік саласының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында жиын отырысы өткізілді.

Аталған жиын отырысына облыстық мәслихат, «Нұр Отан» партиясының активі, Қоғамдық кеңес, қала және аудан әкімдіктері, барлық мүдделі мемлекеттік органдар, қаржы институттары, өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.

Айта кету қажет, аймақ басшылығы әрдайым барлық деңгейдегі атқару органдарының басшылығына салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру міндеттерін кәсіпкерлікті дамыту арқылы шешуді ерекше мән беруді талап етуде.

Аталған міндеттерге қол жеткізу мақсатында жыл басында облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің, облыстық қоғамдық кеңестің және Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімімен 2018 жыл өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» ретінде жарияланған болатын.

Бұл шешімді жақында өткізілген мәслихаттың сессиясында өңірде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыссыздарды жұмыспен қамту мәселесін шешу, шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін ұлғайту мақсатында облыс әкімдігінің және мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы филиалының, қоғамдық кеңес пен кәсіпкерлер палатасының бірлескен шешімі негізінде 3 жылға ұзартылды. Яғни, 2018-2020 жылдар өңірімізде «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары» ретінде өтеді.

Облыс әкімі кәсіпкерлікті қолдау жылдарында бірлескен жұмыстың оң нәтижелерге қол жеткізу жолдарын атап өтті.

Жиын алдында «Кәсіпкерлер үйі» таныстырылды.

Мұнда болашақ және өз істерін бастаған кәсіпкерлер үшін барлық қолайлы жағдайларды жасау мақсатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, «Жобаларға сараптама жүргізу орталығы» ЖШС-і, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, «Цеснабанк» АҚ-ы Қызылорда филиалы және өзге де мекемелер орналастырылған.

Жалпы, бизнес орталық мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де ыңғайлы пандус және лифтпен жабдықталған. Ғимаратта әртүрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, форумдар, іскерлік кездесулер мен түрлі тақырыптар бойынша іс-шаралар өткізуге арналған 3 мәжілісі залы бар.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
Қызылордалық бүлдіршіндер жемқорлықсыз қоғамды таңдайды
01.08.2018 10:03

Қызылордалық бүлдіршіндер бүгінгі қоғамның өзекті мәселесіне айналған сыбайлас жемқорлық індетіне деген өздерінің көзқарастарын ерекше түрде білдірді.

Қызылорда облысының «Қамбаш» балалар сауықтыру лагерінде жазғы демалысын өткізіп жатқан балғындар арасында асфальтқа бормен сурет салудан сайыс өтті.

Сайыс барысында оқушылар "Жемқорлыққа жол жоқ", "Жемқорлық - індет", "Параға жол жоқ", "Параға жол берме" және басқа да суреттерді айрықша ынтамен салды.

Сайыстың жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының дипломдары мен сыйлықтары табысталды.

Б.Әбдіқадыров

 
Қозғалыс - денсаулық кепілі
01.08.2018 09:56

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен "Қамбаш" балалар сауықтыру лагеріндегі бүлдіршіндер арасында эстафеталық ойындардан сайыс өтті.

"Қозғалыс - денсаулық кепілі" ұранымен өткізілген сайыстың негізгі мақсаты - өскелең ұрпаққа саламатты өмір салтын ұстануды ерте жастан дағдыландыру.

Эстафета ұйымдастырушылары оқушыларға еліміздің болашағы бәсекеге қабілетті, түрлі жат қылықтардан бойын аулақ ұстайтын, дені сау ұрпақтың қолында екендігін түсіндірді.

Қызықты та тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Б.Әбдіқадыров

 
«Адал ұрпақ» клубтары: Біз жемқорлыққа қарсымыз
01.08.2018 09:51

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Қамбаш" балалар сауықтыру лагеріндегі жазғы демалыстағы "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтары мүшелерінің "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты акциясы өтті.

Акцияға Қызылорда облысының барлық аудандарынан және көрші Ақтөбе облысының Ырғыз ауданынан келген "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының мүшелері қатысты.

Акция барысында департамент басшысы Абзал Мұхимов: "Біз сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті бала кезден қалыптастыруымыз керек. Осы ретте, өскелең ұрпақтың жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, Отанына адал әрі тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болып өсуінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының маңызы зор және рөлі ерекше" деп атап көрсетті.

Бүгінгі таңда облыстың 284 орта мектебінде құрылған "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының мүшелігінде 15 мыңнан астам оқушы бар. Аталған клубтармен жыл басынан бері "Болашаққа жарқын қадам", "Жемқорлықсыз болашақ", "Біз жемқорлықсыз қоғамды таңдаймыз" және басқа да түрлі тақырыптарда 1000-нан астам кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылған.

Акцияда жас балғындар өз өнерлерін көрсетіп, оқушылар "Жас Арал" КВН командасының әзілдерін тамашалады.

"Қамбаш" лагеріндегі "Адал ұрпақ" ерікті оқушылар клубтарының "Біз жемқорлыққа қарсымыз" атты акциясы "Бір үйдің баласындай" атты кешкілік достық алауына ұласты.

Б.Әбдіқадыров

 
Жемқорлық індет – жою міндет
01.08.2018 09:42

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен "Жемқорлық індет - жою міндет" атты тақырыпта дебат-пікірсайыс өткізілді.

Пікірсайыстың басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға, мемлекетке зиян келтіретін індет екенін түсіндіру.

Дебат сайысына "Қамбаш" балалар сауықтыру лагерінің тынығушыларынан құралған командалар қатысып, ең үздіктері Департамент дипломдарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Б.Әбдіқадыров

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2018 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары