Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Жетімдер үйі.

    Аида бүгін алғаш рет жетімдер үйіне келді. Әрине, өзінің қалауымен емес. Күнкөріс қамымен жұмыс істеп, ақша табу үшін амалсыздан жетімдер үйіне жұмысқа тұрды.

    Бүгін, міне, оның жаңа жұмысына келген алғашқы күні. Шыны керек­, аяғы есікке қарай өз еркінсіз әлсін-әлсін беттеп келеді. Ішіне кіруге  зауқы жоқ. Бірақ амалы­ бар ма? Қазіргі сәтте оның отбасындағы қаржылық...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    «Апа, Болатбек неге көзін ашпайды?». Жалғыздық мұңы кеп қамағанда өндірдей қыздың жалынышты дауысын естимін. Көкпеңбек болып ісіп-кеуіп кеткен кіш­кентай інісін «Тұр! Неге көзіңді ашпайсың? Жүр ойнаймыз» деп жұлқылап жатқан жалбыр шашты қызды аяймын. Күнде бірге ойнап жүрген тентек інісін оята алмай, жұдырықтай жүрегі әлдебір жаманшылықты сезіп, анасы мен әкесіне жаутаңдап қарайды. Әкесі бетін ...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
03.06.2019 14:28

Облыс әкімінің өкімімен Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Ж. Абдусаметов 1969 жылы туған. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер педиатр» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы Төменарық ауылдық учаскелік ауруханасының дәрігері ретінде бастаған.

2002-2004 жылдары – Сүттіқұдық жанұялық дәрігерлік емханасының аға дәрігері, Жаңақорған аудандық емханасының бөлім меңгерушісі.

2004-2018 жылдары – Жаңақорған аудандық емханасы бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігер, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарып келді.

 
ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІК ЖӘНЕ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
03.06.2019 14:23

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымына Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы тағайындалды.

С.Мұстафаев 1960 жылы туған. Қазақ ауылшаруашылық институты мен Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Қызылорда қалалық қаржы бөлімінің аға экономисті ретінде бастаған.

1997-2014 жылдары – Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаменті бастығының орынбасары.

2014 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
03.06.2019 14:15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлы Қызылорда облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ.Орынов 1975 жылы туған. Қазақ тұтыну кооперация институтын, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік және Шымкент университеттерін бітірген.

1996 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарында қызмет атқарып келеді.

2007-2011 жылдары – Кентау қаласы бойынша салық басқармасының бастығы.

2011-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2018 жылдан бастап осы кезге дейін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
03.06.2019 14:05

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Байменова Ғалия Абсадыққызы Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғ.Байменова 1963 жылы туған. Иркутск мемлекеттік медициналық институтын «Фармацевт-провизор» мамандығы бойынша бітірген.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
03.06.2019 10:40

Жұмыс сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрі аудандар мен облыс орталығындағы бірқатар агроөнеркәсіптік кешендерді және су шаруашылығы нысандарын аралады, сондай-ақ дәстүрлі V малшылар слетіне қатысты.

Ауыл шаруашылығы министрінің Сыр өңіріне сапары Арал ауданынан басталды. Онда Көкарал бөгеті мен Қараөзек су қоймасының жұмысымен танысып, "Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау" жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Естеріңізге сала кетейік, Көкарал бөгеті 2005 жылы пайдалануға берілген еді. 2017 жылы арнайы комиссия су жинау құрылғысының оң бөлігіндегі ақауларды анықтаған болатын. Бүгінгі күні бөгетті жөндеудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе ағымдағы жылы 7 ақпандағы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында да көтерілді. Кеңес қорытындысы бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын әзірлеуді тапсырды. 28 мамырда ҚР Үкіметі құжатты бекітті. Аталмыш Кешенді жоспар өңірдің су шаруашылығын дамыту мәселелерін де қамтиды. Оның ішінде жалпы сомасы 14,7 млрд теңге болатын 15 іс-шараны іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, бұл іс-шаралар Көкарал бөгетін сақтауға және Сырдария өзенінің арнасын қалпына келтіруге, сондай-ақ "Күміскеткен" және "Қараөзек" су қоймаларын салуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы министрі Арал ауданында балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорында жылына 6 мың тонна өнім өндіріледі: мұздатылған балық, филе, стейк және т.б. Зауытта 60 адам, ал маусымында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыттың өнімдері Ресей, Қытай, Өзбекстан, Польша, Грузия, Әзірбайжан, Голландия, Германия және Данияға экспортталады.

Сонымен қатар, министр Қазалы ауданындағы тәулігіне 30 мың тонна сүт өндіретін "РЗА" АҚ сүт-тауар кешені мен сүт зауытының жұмысымен танысты. Зауыт өнімдері Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында сатылады.

С.Омаров Қармақшы ауданында Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне барып, музейдің жаңартылған экспонаттарымен танысты. Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында 1980 жылдары Түркі әлеміне ортақ рухани ұстаз Қорқыт Атаның құрметіне мемориалдық кешен салынған. 2014 жылы ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен кешенге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, қосымша жаңадан зиярат ету нысаны салынды. Мемориалдық кешен "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық автомагистралінің бойында орналасқан. 2018 жылдың қараша айында Порт-Луи қаласында (Маврикий Республикасы) ЮНЕСКО-ның 13-сессиясында Қорқыт Ата мұрасын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізу туралы шешім қабылданған болатын.

Бұдан соң ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 1956 жылы салынған Қызылорда су торабына барды. 2022 жылға дейінгі облысты дамытудың Кешенді жоспарында Қызылорда су торабын жөндеу қарастырылған. Соның нәтижесінде оның апаттық мәселесі шешілетін болады. Су торабы бұзылған жағдайда 110 мың гектар суармалы жер мен 250 мың гектар жайылымдық жер және де облыстың 3 ауданы аймағындағы шабындықтарын сумен жабдықтауы бұзылып, Қызылорда қаласы мен 400 мыңнан аса адамдар тұратын 35 елді мекенді су басуы мүмкін.

Шиелі ауданында Сапархан Омаров Жаңақорған және Шиелі аудандарын суармалы сумен қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы салынған үрлемелі бөгетті аралап көрді. Естеріңізге сала кетейік, Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы үрлемелі бөгеттер құрылысының арқасында өңір оңтүстік аудандарда пайдаланылмайтын 60 мың гектар егістік және жайылымдық жерлерді игеруге мүмкіндік алды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің жұмыс сапары қаржы институттары басшыларының, мал шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдарының және Қазақстанның 6 облысынан келген делегаттар қатысқан дәстүрлі малшылар слетімен қорытындыланды.

Еске салайық, аталмыш слет өңірде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді және аймақтағы мал шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланатын алаңға айналған. Биыл слет республикалық деңгейде өтуде. Слет шеңберінде мамандандырылған көрме мен семинар ұйымдастырылып, онда селекциялық мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері айтылды. Сонымен қатар, дәстүр бойынша слет аясында аграрлық саланың үздік қызметкерлері 11 номинация бойынша марапатталды.

Айта кету керек, соңғы 5 жылда облыста аграрлық салаға тартылған инвестиция көлемі 27 есеге өсті. Ал экспортталатын өнім түрлері соңғы 6 жылда 3-тен 16-ға дейін артып отыр.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары