Өзекті мәселелер

  • 21.06.18

    Ұлы Жібек жолының бойында орналас­қан көне қалаға жаңа атау берілді. Оңтүстік Қазақстан облысы бұ­дан былай Түркістан облысы деп аталады. Орталығы – Түркістан қаласы. Бұл тарихи шешімді бүрсі­гүні Ел­басы ресми түрде мә­лімдеді.

    Ақордада «Қазақстан  Республикасының әкімшілік-аумақты...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бүгінгі қоғамның басты мәселесіне айналғандай. Жыл сайын парақорлыққа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қанша кү­шейтілсе, керісінше қылмыстық фактілер де солай көбейіп барады. Әкім­дік­тердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп өткізген түрлі іс-шаралары да, экс-премьер-министр, министр мен әкімдердің қолына салынған кісен де парақорларды тоқтата алм...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Нақты жұмыстардың нәтижесі сұралатын уақыт жетті. Бұл облыстағы кәсіп­керлік саласына қатысты. Өткен  сенбіде Жаңақорған, Шиелі  аудандарында  өткен көшпелі  жиында облыс  әкімі  Қырымбек  Көшер­баев өңірдегі кәсіпкерлік са­ласының даму барысын назарға­  алды.

    Мемлекеттік органдар мен қаржы институттары өкілдері қатысқан жиында аймақ  басшысы:

  • 21.06.18

    «Оның бүркеншік аты – Пеле. Футболды жақсы көретін, жанын сала ойнайтын. Жылдамдығында шек жоқ. Осыдан 50 жыл бұрын, 19-20 жасымызда Алматы мемлекеттік консерваториясында Төлепберген Әбдірашевпен бірге бес жігіт бір бөлмеде тұрдық. Ауылдан келгенбіз. Қалтамызда тиын-тебеніміз де аз болды. Ішіміздегі ең пысық, ең жылдамымыз Төлепбереген еді. Вокзалға бару керек, троллейбусқа ақша керек деген сын...

    Толығырақ...
  • 21.06.18

    Азаттық таңымен бірге келген тарихымыздағы көптеген ақтаңдақтарды ашу, көмескіленген ұлттық сананы жаңғырту сияқты үлкен міндеттерді жүзеге асыруда­ көрер көз, сезер жүрек болса, қаламгерлеріміз атқарған істер аз емес. Жаңа тарих үдесінде өмірге бітімі бөлек көркем дүниелер келе бастады. Олар кейде жаңа өмір көктемінің алтынкүрек өкпегіндей еді. Сондай туындылардың бірі – жазушы Сайлаубай Жұбат...

    Толығырақ...
Халық-хабар
«Интернет-анаға» жүгінбеген жөн
13.06.2018 16:53

Соңғы деректерге сүйенсек, дүниежүзінде бір күнде 2300-ге жуық бала қайтыс болады екен. Соның 60-70%-ы үй жағдайында орын алады. Оның басты себебі – ата-аналардың бүлдіршіндерге салғырт қарауы. Бұл туралы «Қызылорда облысы бойынша Ұлттық оқу-клиникалық орталығы» және “Шаңырақ” аналар мен ханымдар қауымдастығының ұйымдастырумен өткен “Аман болсын ұрпағың” атты семинар-тренингте айтылды.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – аналар қауымына алғашқы медициналық жедел жәрдем жеткенше көмек көрсету әдістерін үйрету. Шындығында, бала тағдырына алдымен ата-ана, содан соң ақ халаттылар жауапты.

–Балғындардың денсаулығы тікелей иммунитетке байланысты. Баланың температурасы көтерілген жағдайда ата-ана бірден дәрі-дәрмек бере бастайды, ол дұрыс емес. Алдымен әр баланың иммунитеті сол аурумен күресуі керек. Болмай жатқан жағдайда дәрігер кеңесімен дәрі беруге болады,- дейді Қызылорда облысы бойынша штаттан тыс дәрігер-иммунолог Бибізада Малиқызы.

Мамандардың сөзінше, елімізде үй жағдайында жылына 1 мыңнан аса бала өмірден өтеді. Сондықтан әр ана өз баласына алғаш көмек бере білуі тиіс.

Тренинг барысында “Қызылорда облысы бойынша Ұлттық оқу-клиникалық орталығының” әдіскері Гүляйля Исламханқызы манекен мүсін арқылы шұғыл жағдайда балаларға алғашқы көмектің көрсетілуі (күйіп қалу, қан кету, жарақаттану жағдайында), жүрек қағысы тоқтап қалған кезде жүрек-өкпе реанимациясын жасау және тыныс жолдарына бөгде зат тұрып қалғанда жасалатын Геймлих әдісі туралы шеберлік дәрісін өтті. Айта кетсек, Геймлих әдісі 3 кезеңнен тұрады. Оның алғашқысы түйілген адамның артынан келіп, белінен құшақтау арқылы жасалса, екіншісі әдісінде құшағыңыздың түйіскен жері кіндік тұсына келгені дұрыс. Ал соңғысында дем түтігі бөгде заттан босағанша өзімізге қарай және сәл жоғары бағытта күшпен тартамыз.

– Қазіргі таңда “Интернет-аналар” көбейіп жатыр. Аналар бала ауырып қалған жағдайда оны интернетке жүгініп емдей бастайды. Ол дұрыс емес. Өйткені интернетте бір балаға көметескен дәрі өз балаңызға кері әсерін беруі мүмкін. Сол себепті абай болу қажет, - дейді “Шаңырақ” аналар мен ханымдар қауымдастығының атқарушы директоры Әйгерім Қожахметова.

Бірінші байлық – денсаулық. Сондықтан бала күтіміне дұрыс көңіл бөліп, алғашқы көмек бере білу – әр ананың міндеті.

Лемара Иргайбаева,

Қорқыт ата атындағы

ҚМУ-дың 2-курс студенті

 
Тілшілеріміз топ жарды
13.06.2018 16:46

Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында Сыр өңірінің жанашыр азаматтарын, меценаттар мен демеушілерді елге таныту мақсатында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты эссе байқауын ұйымдастырған-ды. Байқаудың шарты бойынша қатысушылар жазған шығармаларын әлеуметтік желіде жариялауы тиіс. Аталмыш орталыққа 15-тен астам эссе келіп түскен, кеше байқаудың нәтижесі белгілі болды. «Халық» газетінің қос бірдей журналисі жеңімпаздар қатарынан көрінді. Атап айтқанда, қазылар алқасының шешімімен 1-орынды «Халық» газеті бас редакторының орынбасары Қозы Көрпеш Жасаралұлы, ал 3-орынды «Халық» газетінің жауапты хатшысы Нұрбике Құдайбергенова иеленді.

Сондай-ақ, аталған байқауда 2-орынды «Ақмешіт апталығы» газетінің тілшісі Бағлан Тілеубергенова мен Сағира Уәли, 3-орынды «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ержан Қожас, «Қармақшы таңы» газетінің жауапты хатшысы Дәулет Қырдан алса, №267 мектептің 6-сынып оқушысы Алтынай Берік арнайы сыйлықпен марапатталды.

Халық-хабар

 
ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫ КОМАНДАСЫ АЛҒАШҚЫ ҮШТІКТЕ
13.06.2018 16:44

Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған ХVІІІ «Қозғалыстың жас инспекторлары» жасақтарының облыстық байқауы өтті.

Балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу және балаларға жол қозғалыс ережелерін насихаттау мақсатында өтілген дәстүрлі байқауына Қармақшы ауданынан қатысқан №279 мектеп оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОРКЕСТР ТҮРКСОЙ ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСЫП КЕЛДІ
13.06.2018 12:22

Қызылордалық Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі ТҮРКСОЙ ұйымы ұйымдастырған түркі халықтарының өнер фестиваліне қатысып келді.

Естеріңізге сала кетейік, 1-10 маусым күндері Түркияның 4 қаласында (Кастамону, Болу, Ақсарай және Анкарада) ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 25 жылдық мерейтойы аясында түркі халықтарының өнер фестивалі өтті.

Оркестрдің гастрольдік бағдарламасы Кастамону провинциясының Таскөпір қаласынан басталды. Концертке көптеген көрермен жиналып, музыканттардың өнерін ерекше ықыласпен қабыл алды. Өнерпаздар халық әндері мен Қорқыт, Құрманғазы және Әлшекейдің күйлерімен қатар классикалық шығармаларын да аса шеберлікпен орындап шықты.

Биыл ТҮРКСОЙ шешімімен түркі әлемінің мәдени астанасы аталған Кастамону қаласы - Түркияның солтүстік жағындағы көне қалаларының бірі. Қаланың іргетасы  б.д.д. VIII ғасырда қаланған.

Болу, Ақсарай және Анкара қалаларындағы концерттер аншлагпен өтті.

«ТҮРКСОЙ ұйымының атынан оркестр музыканттарына тамаша концерттік бағдарлама мен керемет орындау үшін алғыс айтқым келеді. Қызылордалық халық аспаптар оркестрінің фестивалімізге қатысқаны бекер емес, өйткені Сыр елі-жыр елі қайталанбас талант иелеріне бай екенін бәріміз де жақсы білеміз», - деді ТҮРКСОЙ-дағы Қазақстанның өкілі Асқар Тұрғанбаев.

Атап өтейік, концерт оркестрдың бас дирижері Кеулімжай Ботабаев пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі мен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің дирижері Мүсілім Әмзенің басқаруымен өтті.

Тұрмағамбет атындағы оркестр 2007 жылы танымал ақын-жырау Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдығына арналған мерекелік шаралар аясында облыстық филармония жанынан құрылған. Құрамында 60 шақты музыкант еңбек етеді. Ұжыммен оркестр бас дирижері Кеулімжай Ботабаев пен дирижер Күлдара Ізбанова жұмыс істейді. Көркемдік жетекшісі – Самат Абылаев.

Оркестр репертуарында 400 астам халық әндері мен күйлері, сондай-ақ, Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Қазаңғап, Шал Мырза, Бекпембет, Әлшекей, Жалдыбай, Досжан, Төлеген және өзге де қазақстандық және жергілікті композиторлардың шығармалары бар.

Оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық өнер жұлдыздары Ермек Серкебаев, Әлибек Дінішев, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Нұржамал Үсенбаева және т.б. концерттері өтті.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 
«МЕН ҚАЗАҚПЫН» МЕГА ЖОБАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
13.06.2018 10:00

«Мен қазақпын» мега жобасына аудандар мен Қызылорда қаласынан 18-40 жас аралығындағы 120-ға жуық талапкер қатысып, оның 25-і облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Qyzylorda" телеарнасының директоры Жағыппар Қарабала мәлімдеді.

Атадан балаға мұра болған дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жобаның облыстық іріктеу кезеңі 11-27 мамыр аралығында өтті.

«Сыр елі – қаймағы бұзылмаған өңір, төл өнердің жақсы дамып келе жатқанын байқадық. Облыстық кезеңге өту үшін талапкерлер жақсы дайындықпен келген. Ал облыстық іріктеудің ақтық сайысы 17 маусым күні Асқар Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өтеді»,- деді телеарна директоры.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Мира Әбуованың айтуынша, телевизиялық мега жобаға былтыр біршама өнерпаздар қатысып жақсы нәтиже көрсеткен. Сонымен қатар, облыс әкімінің кеңесшісі Айгүл Сағымбай өнер додасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Былтырғы сайыскерлер жырды көмей арқылы айтып, ерекше талант, дарындарын көрсеткендерін атап өтті. Бұл жоба Сыр өңірінің өнерпаздары үшін республикалық, халықаралық деңгейдегі додаларға бастар баспалдақ іспетті.

Осы жылы телевизиялық Мега жобасында тың жаңалықтар өте көп. Соның бірі, жүлделі орындардан бөлек, өнерпаздардың арасынан «Көрермен көзайымы 2018» анықталатын болады. Бұл номинацияны халық онлайн дауыс беру арқылы таңдайды.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2018 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары