Өзекті мәселелер

  • 20.06.19

    Гүлсім  ТАҢАТОВА,

    судья:

    Қап арқалаған қария. Әр сот отырысында жанынан тастамайтын кенеп қап... Оны есірткіге қатысты қылмысқа не мәжбүр етті? Тәжірибелі судьяның қылмыстық істі қараудан үзілді-кесілді бас тартуына не себеп? Бұл сауалдардың жауабын бірер айдан соң отс...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    АҒАЙЫНДЫ

    Екі ағайынды жігіт. Қабы да бір, сабы да бір: әке де, шеше де ортақ. Көргені де, жүргені де бір. Ішкені бірдей, жегені бір­дей... Бірақ біреуіне көптің көңілі қызығарлық ақыл қон­ған, біреуіне көптің шырқын бұзарлық арақ қонған...

  • 20.06.19

    ЕКІ  ЕСАЛАҢ

    Ол түнімен «Нақұрыстың өмірін» оқып шықты. Автордың жан дүние­сіне үңілді. Жаңбырдан соң ауаның балғындығын бүкіл тамырымен сезі­не­ отырып, тәтті қиялға берілді. Кенет, шулаған ессіз қыздардың ащы күлкісіне жиіркене қарады. «Олар айтқан жайтта қандай күлуге тұрарлық мән бар екен» деп ой алабына  сүңгіді. Күнде теріскей жақтан­ ке...

    Толығырақ...
  • 20.06.19

    Қазақ өз ұрпағына қашанда жақсы тәлім, өнегелі тәрбие беруден жалыққан емес. Тіпті тәрбиенің бір бастауы­н бесіктен­ бастап, оның ата-анасының да жауапкерш­ілігін жүктеп отырған. Бүгінде осы ұлы мін­детті жартылай да орындай алмай жүргендер бар.

  • 20.06.19

    «...Бізге керегі шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті». Иә, талантты да дарынды жастар – елі­міздің бетке ұстар мақтаныштары. Оны  жоғарыда айтылған Тұңғыш президентіміз Н.На­зар­баевтың сөзінен айқын байқауға болады. Жас ұрпақтың келешекке нық қадам басуы­ – қоғам үшін маңызды да жауапты күш. Еңсесін тіктеп келе жатқан ел...

    Толығырақ...
Халық-хабар
452 миллион теңге төтенше жағдайдың алдын алады
08.08.2014 10:31

Бірер айдың жүзі болды, департамент пен басқарма басшылары ағымдағы жылдың жартыжылдығында жүзеге асырылған жұмыстарын «жарнамалап» жатыр. Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С.Өмірзақов та «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте алты айдағы адуынды тірліктерін түгендеп айтып берді.

Брифингті тізгіндеген басшы Шиелі, Сырдария, Қармақшы аудандарында төтенше жағдайлар мекемелерінің жоқтығын жеткізді. Аймақта төтенше жағдайдан қаза тапқандар – 29, жапа шеккендер 101 адамды құраған көрінеді. Пайызға шаққанда, биылғы жылдың өзінде оқыс оқиғалардың салдарынан көз жұмғандар саны 3,6 пайызға артқан, ал зардап шеккендер 83,6 пайызға жоғарылаған.

Бүгінде авариялық-құтқару қызметтеріне өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары, Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы, суда құтқару қызметі, күре жол медициналық құтқару қызметтері кіреді. Жалпы, өңірде аталған қызметтер бойынша 505 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілген. Тиісінше, бұл жұмыстарға 1543 қызметкер, 719 техника жұмылдырылған. Тосын жайттарды ауыздықтау барысында сала мамандары 331 адамды ажалдан арашаласа, оның 69-ы балалар болған.

Аймақта адамдар өміріне қауіпті ошақтардан 300-дей тұрғын көшірілген. Тіпті, түрлі тосын жайттардан 26 адамның мүрдесі шығарылған.

- Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде Министрліктің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын, ҚР ТЖМ-нің операциялық жоспарын және департаменттің 2014 жылдың I жарты жылдығына арналған жұмыс жоспарын жүзеге асыру барысында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою кешенді іс-шаралары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аймақтағы тұрғындарға түсіндіру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Осындай сәтті пайдаланып, аймақ тұрғындарына өтініш білдіргім келеді. Әлі мектепке бармаған балаларыңызға «112» санын бірліктер арқылы түсіндіріңіз. Яғни, бір, бір, екі. Өйткені, балғындар ондық, жүздік цифрларды білмеуі мүмкін,-деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С.Өмірзақов.

Айдың-күннің аманында аяқастынан бола қалатын қауіптің алдын алуға биылғы жылы жергілікті қазынадан 452 млн. теңге қаражат қаралған. Бұрын-соңды алдын ала ақы бөлмейтін биліктегілердің бұл тірлігіне біраз адам таңдай қаққан да болар. Бірақ департамент басшысы «бұл - мемлекеттің біздерге жасап отырған қамқорлығы» деп түсіндірді.

Айтпақшы, бір Қызылорданың өзінде жиырмадан аса көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда. Брифингте БАҚ тарапынан осы мәселеге қатысты қойылған сауалға басшы «бұл біздің қызметімізге кірмейді» деп қысқа қайырды.

Н.ШӘКІМ

 
Қазақ елінің Ақбаяны
05.08.2014 17:27

Қазақ халқының ән өнерін дамыту мен насихаттау жолында тума талантымен жарқырай көрінген, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі», күміс көмей әнші, жерлесіміз Мәдина Ералиева - қазақ елінің зор мақтанышы. Осыған байланысты М.Ералиеваның туылғанына 60 жыл толуына орай апамыздың туған жері Ғ.Мұратбаев ауылында «Ақбаян» аудандық әншілер фестивалі өткізілді.

Фестивальда жиырмаға жуық өнерпаздар М.Ералиева репертуарындағы әндерді шырқап, апамызды бір сәт еске түсірді. Сондай-ақ, М.Ералиева туралы деректі фильм көрсетілді. Фестиваль қорытындысында өнерпаз әншілерге «Алғыс хаттар» табысталды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
Бірлескен істің берекесі бар
05.08.2014 16:41

Қала әкімдігінің мәжілісі басталмас бұрын орын алып жатқан кадрлық тағайындаулардан хабардар болдық. Осыған дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген­ Р.Рүстемов Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметіне ауысты. Оның орнын қала әкімінің арнайы өкімі бойынша Р.Аяғанқызы басты. Мұнымен қоса қалаға қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі А.Есмахановтың қызметтен кетуіне байланысты аталмыш ауылдық округке М.Сейі­лов әкім болып тағайындалды.

Ел экономикасының да­муы­на серпін берген 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялды-иннова­циялық даму мемлекеттік бағдарламасы бүгінде Қызылорда қаласында өз деңгейінде ат­қа­ры­луда. Қалалық кәсіпкер­лік, өнеркәсіп және туризм бөлі­мінің басшысы Қ.Ілиясовтың айтуынша, бағдарлама ая­сында қала бойынша жалпы құны 12,9 млрд. теңге құрайтын 17 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде жаңадан 359 жұ­мыс орны ашылды. Естеріңізде болса, индустриялды-инновациялық бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуы үшін Титов қыстағынан 760 га жер телімі бөлінген болатын. Қазір осының үдесінен шығу мақсатында оған 464,4 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, мерді­гер мекемелер жұмыс жасауда­. Индустриялық аймаққа «Нух Бәйтерек» АҚ-ның «Шыны шығару зауытының құрылысы», «Узаков» жеке кәсіпкерлігінің «Қабырға және жаяу жүргінші жолдардың матери­алдарының өндіріс кәсіпорнын құру», «Экосервис-К» ЖШС-нің «Қызылорда қаласында құбырларды пенополиуретанды полиэтилен және мырышпен қаптап жылу сақтандыру», «KazPump» ЖШС-нің «Ірі торапты электр насос қондырғыларын жинау цехының құрылысы» жобалары және өзге де ауқымды кәсіп­орындар орналастырылуда.

«Ақбұлақпен» атқарылған ауқымды істерді атап өтпеуге болмайды. Себебі ауызсу мә­селесі төңірегінде шешілмей келе жатқан мәселелер бар. Жергілікті тұрғындарды сапалы  таза  ауызсумен қамтамасыз  ету мақсатында бюджеттен 1 352,768 млн. теңге бөлініп, қала бойынша барлығы 119,7 шақырым ауызсу жүйесі жүр­гізіледі деп жоспарлануда. Келеш­екте қаралған қаржыға бас-аяғы бес бағытта жұмыс жасал­ады. Сондай-ақ қалаға қарасты Қараөзек, Айнакөл және Ақжарма ауылдары үшін дайындалған жобаларды толықтай  аяқтау мақсатында қала тайқазанынан қосымша 150179 мың теңге бөлінді.

- «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында жасалатын жұмыстардан оң нәтиже шығару мақсатында 2014-2015 жылдарға құрылыс монтаждау жұмыс­тарына бюджеттік өтінім бері­ліп, республикалық бюджеттен оған қосымша 4 225,233 млн. теңге қаралатын болса, жоспарда тұр­ған жобалар жүзеге асырылар еді. Олардың қатарында құны 140,013 млн. теңге болатын «Бір­қазан ауылын сумен­ жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кеңейту», «Қосшыңырау ауылдық округі Досан ауылының су құбыры желілер­інің құрылысы», «Ақ­жарма ауылдық округі Тал­ды­арал ауылының су құбыры мен кәріз желілерін қайта жаң­ғырту» жобалары бар, - деді қа­лалық құрылыс бөлімінің бас­шысы  М.Әлсеріков.

Мәжіліс барысында қала басшысы Н.Мәшбекұлы барлық сала басшыларына жасалған әрбір жұмыстың тиянақты әрі нәтижелі болуына көңіл аудару қажеттігін қадап айтты. Әсіресе, құрылыс саласында қателіктер кетпес  үшін ірге­тасы қаланған әр құрылыс нысан­ын бастан-аяқ бақылауға алу қажеттігін ескертті.

Әйгерім  БОЗАНОВА

 
Облыс әкімі жұмыс сапарымен оңтүстік аудандарда болды
05.08.2014 13:49

Биыл Қызылорда облысында 30 мектеп пайдаланылуға беріледі. Соның екеуі Жаңақорған мен Шиелі аудандарында салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, басқарма басшылары, аудан тұрғындары қатысты.

Мемлекет басшысының қолдауымен Шиелі ауданы Бестам елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Бұрынғы мектептің ғимараты ескі, жағдайы нашар болған-ды. Апта басында пайдалануға берілген жаңа мектеп ғимараты мұғалімдер қауымы, оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен қуаныш болды. Өйткені мұнда оқушының білім алуына қажетті жабдықтармен толық қамтылған. Енді №205 мектеп оқушылары жаңа оқу жылында жаңа зәулем мектепте білім алатын болады.

- «Мәңгілік еліміздің» мақсат-мұраты жолында сауатты да саналы азамат тәрбиелеуге үлес қоса берейік, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Білім ордасының лентасы салтанатты түрде қиылып, ақсақалдар ақ батасын берді. Қазіргі таңда 70 мұғалім дәріс беріп, 378 оқушы білім алуда. Мектепте 20 оқу кабинеттері, 2 компьютер кабинеті, 2 шеберхана, 1 мәжіліс залы, 1медпункт, 1 спорт залы жұмыс жасайды. Асхана 114 орындық, мұнда 104 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

Мұнан соң өңір басшысы кент орталығынан жаңадан ашылған "Мөлдір" дәріханасының жұмыс барысымен танысты. Итальяндық технологиямен және АРТ-модельді жиһаздармен жабдықталған дәріхананың 1-қабатында фармамаркет робот қондырғысымен қызмет көрсетіледі. 2-қабатында «Денсаулық және сұлулық» орталығы жұмыс жасайды. Онда терапевт, балалар дәрігері, УЗИ қызметі, инемен егу, нүктелі Тибет массажы және косметология бар.

Облыс әкімі Қ.Көшербаев Гигант ауылдық округіндегі "Бидайкөл" шаруа қожалығының жұмыс барысын көріп, Көкшоқы елді мекеніндегі «MKS COMPANY» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

Тағы бір білім ордасы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық елді мекенінде ашылды. Жалпы, бұл ауданда биыл 4 мектеп пайдаланылуға беріледі. Ал үшеуі күрделі жөндеуден өтуде. Зәулім ғимаратта оқушылардың білім алуына бар жағдай жасалған.

– Білім саласы басты назарда. Білімге құйылған қаржы - болашаққа салынған инвестиция. Облыста 25 апатты жағдайдағы білім ордасы бар. Соның 14-ін биыл жаңадан салып жатырмыз. Қалғаны келер жылы аяқталады. Балабақшамен қамту көрсеткіші - 90 пайыз. Келер жылдың соңына дейін бұл мәселе де түпкілікті шешімін табады, - деді аймақ басшысы.

Мұнан соң «Қазатомпром» ҰҚ демеушілігімен салынған 50 орындық «Жалын» балабақшасы және «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткен кітапхана жұмысымен танысты. Жаңақорған шипажайында болып, ем қабылдаушылардың жағдайын білді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 
Қызылордада 15 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын аттайды
01.08.2014 15:04

Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Сайлыбаев бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте баяндады.

Бұдан 6 жыл бұрын республика көлемінде қолға алынған «Мектепке жол» акциясы аясында өңірде 653 рейдтік іс-шара өткізілген. Аталмыш акцияның мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардағы балғындардың мектепке бара алмай қалуын болдырмау. Осы мақсатта өткен жылы жергілікті қазынадан қаралған 141 миллион теңге 24 мыңға жуық отбасы балаларының мектепке баруына жағдай жасау үшін жаратылған. Биылғы жылдан бастап бұл бастама «Балаға мейірім сыйла!» ұранымен жалғасын таппақ.

Еліміздің болашағы саналатын бүлдіршіндердің білім алуына компаниялар мен жекелеген кәсіпкерлер де қолдау көрсетіп келеді. Айталық, былтыр «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ – 2 млн., «Торғай Петролеум» АҚ – 1800 мың, «Транс Азия Констракшн» ЖШС – 300 мың, «Қор» АҚ 300 мың теңге көлемінде қаржы құйған.

- Мектеп формалары мен қажетті оқу құралдарының бағалары бойынша алдын ала мониторинг жүргізілген болатын. Соған сәйкес бастауыш сыныпқа баратын ер балаларға кем дегенде 14 мың теңге керек болса, қыздарға 16,4 мың теңге қаражат қажет екендігі анықталып отыр. Ортаңғы сыныптағы ер балаларға 19 мың теңге, қыз балаларға 21 мың теңгеден астам қаражат керек. Ал жоғары сыныптарда оқитын ер балалар 23,5 мың, қыз балалар 26,5 мың теңге жұмсайды, - деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Әбдіқалықұлы.

Біздің тараптан қойылған «Мониторингтің нәтижесі базардағы бағамен қаншалықты сәйкес келеді? Көрсетілген цифрлар тым төмен емес пе?» деген сауалға басқарма басшысының орынбасары «Бұл - ең төменгі көрсеткіш» деп тіл қатты.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, биылғы жылы толық емес отбасыларында – 8206, қолайсыз отбасыларында – 484, көпбалалы отбасыларында – 15405, тұрмысы төмен отбасыларында 21205 мектеп жасындағы бала тәрбиеленеді.

Айтпақшы, дәстүрлі түрде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» акциясы бойынша біздің өңір төртінші орында тұр.

Н.ШӘКІМ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 821 822 823 824 825 826 827 828 829 830 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары