Өзекті мәселелер

  • 18.10.18

    Диас  БАХРАДДИН,

    байдарка және каноэде есуден Жасөспірімдер олимпиада ойындарының чемпионы:


    Толығырақ...

  • 18.10.18

    Бұл өлке – өрелі өркениеттер тоғысы­нда тарихын тереңнен тартқан мекен.­ Талай қаһарман хандар мен білекті батырлар, суырыпсалма ақындар шыққан жер. «Жүз жырау» дүниеге келген осы Қармақшы елі әр қазақ үшін қастерлі, қасиетті. Аудан толығымен Тұран ойпатыны...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Сыр  өңірінде  өзінің  тарихымен, экономикасымен, даңқты тұлғаларымен дараланған бір аудан болса, ол – киелі Шиелі өңірі. Жер көлемі 3426915 га  құрайтын  аудан – ежелгі  Сырдария  өзенінің  орта  ағысынан­ орын тепкен мекен, талай тарихи оқиғаның к...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    «Алдағы  бес  жыл  ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау­  салаларына  барлық көздерден  жұмсалатын қа­ра­жат­ты  ішкі  жалпы өнімнің  10  пайызына дейін жеткізу  қажет».

     

    ЖАЛАҚЫ  КӨБЕЙЕ   БАСТАДЫ

    Мұндай пәрменді ел Президенті өз Жолдауында атап көр­сеткен болатын. Бұл сала мамандары үшін жақсы м...

    Толығырақ...
  • 18.10.18

    Лақ бірде жайылымда жүріп ұйықтап қалды. Оянған соң қараcа, көзіне ешнәрсе­ шалынбады. Далада жалғыз қалыпты. Отардың соңынан қуып, жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып қасқырға кезікті.

    – Ей, мұнда неғып жүрсің? - деді қасқыр­  көзі  оттай  жанып.

    – Қуаласпақ ойнап, - деді лақ тез ес жиып.

    – Кіммен?

    – Ағаммен. Сөйтті де, артына бұрылып:

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҮЗДІК МҰҒАЛІМДЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
03.10.2018 09:45

Ұстаздар күніне орай Қызылордада аймақтың үздік мұғалімдері марапатталды.

Облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аймақтың білім беру саласындағы жетістіктерін атап өтті.

«Біз білім беру саласына айрықша көңіл бөлеміз. Соңғы жылдары бюджеттен бөлінетін қаражаттың да ең көп бөлігінің әлеуметтік салаға, соның ішінде білім саласына бөлінуі - соның дәлелі. Биыл аймақтың 60% қаржысы әлеуметтік салаларға жұмсалды. Елбасының тапсырмасына сәйкес біздің өңірімізде үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді, апаттық мектептер қатары жойылды және 3-6 жас арасындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100% қамтылды. Білікті де білімді ұстаздарымыздың арқасында дарынды оқушыларымыз шетелде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарында жүлдегер атанып жүр. Биыл мектеп бітірген түлектердің 97%-ы жоғары және арнайы оқу орындарына түсті», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Кәсіби біліктіліктері үшін бірқатар облыс ұстаздары ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, министрліктің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ, «Ұстазым, өтермін бір өзіңе басымды иіп...» тақырыбындағы бейнероликтер сайысының жеңімпаздары Арал ауданының №13 мектебіне, Қазалы ауданының №93 білім ошағына және Қызылорда қаласының №222 мектебіне бағалы сыйлықтар (ноутбук) табысталды.

Атап өтейік, 2018-2019 жаңа оқу жылында аймақтағы 293 мектепте 20 466 мұғалім жұмыс істейді, ал оқушылар саны 153 541-ды құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік ұстаздар күні 1994 жылдан бастап жыл сайын 5 қазанда атап өтіледі. 1966 жылы мұғалімдердің мәртебесі туралы ЮНЕСКО / ХЕҰ ұсынысына қол қойды. Бұл күн Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ), Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ), Халықаралық еңбек ұйымы және Білім беру интернационалымен бірлесіп құрылған. Қазақстанда мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі.

Жаңа оқу жылында Қазалы және Жаңақорған аудандарында 300 орынға арналған жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жылдың соңына дейін Аралда 300 орынға және Қызылордада 600 орынға арналған мектептер салынады. 5 жылдың ішінде облыста 45 мектеп, оның ішінде 37-сі апаттық мектептің орнына салынды. Қазіргі таңда аймақтағы орта мектептердің 100 пайызына кеңжолақты интернет тартылып, электронды «Күнделік» жүйесіне қосылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
«Үздік бақылаушы» анықталды
03.10.2018 09:39

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық бақылау жұмыстарына қоғамдық ұйымдарды ынталандыру мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Үздік бақылаушы!» байқауы жарияланған болатын.

Байқаудың басты мақсаты «Жасырын сатып алушы» әдісімен түрлі салалардағы әкімшілік кедергілерді, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандартының бұзылуы мен тұрмыстық жемқорлық фактілерін анықтау және оны алдын алу бағытында тиісті шаралар жүргізу болып табылды.

Байқауға 5 қоғамдық ұйымдардан үміткерлер қатысып, "Үздік бақылаушы" байқауының жеңімпазы анықталды.

Осы орайда, көлік кұралдарын тіркеу саласындағы проблемалық мәселелерді анықтауға, медициналық қызметтің сапасын бақылау мен халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің стандарттарға сәйкестігін қадағалауға үлес қосқаны үшін «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының жоба үйлестірушісі Жанұзақ Қайрат Темірханұлы байқау жеңімпазы болып танылып, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

Б.Әбдіқадыров

 
Мектептерде ақша жинауға тыйым салынады
03.10.2018 09:35

Орта мектептерде ата-аналардан заңсыз ақша жинауды және оқушыларды ақылы тестілеуден өткізуге мәжбүрлеуді болдырмау мақсатында №12, №170 орта мектептерінің ата-аналарымен кездесу өтті.

Ата-аналармен кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы А.Сәлімжан орта мектептерде заңсыз ақша жинау мен ақылы тестілеуге мәжбүрлеу мәселесі қатаң бақылауда екендігін жеткізді және ата-аналар комитеттерін осы мәселеге бірлесіп қатаң қоғамдық бақылау орнатуға шақырды.

Кездесу барысында А.Сәлімжан заңсыз ақша жинауға жол бермеу үшін осы іске ата-аналар комитеттерімен қатар, тәлімгерлерді тарту маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, А.Сәлімжан орта мектептерге бюджеттен бөлінетін арнайы шығыстарға кеңінен тоқталып, бюджеттен мектеп қажеттілігіне сатып алынатын тауарлар мен қызметтер туралы түсіндіріп өтті. 
Кездесу қорытындысымен ата-аналар комиттетерімен бірлесіп осы бағытта белсенді профилактикалық шаралар жүргізуге келісілді.

Жалпы, облыс бойынша барлық орта мектептерде ата-аналар комитеттерімен және тәлімгерлермен кездесулер ұйымдастырылып, онда орта мектептерге және балабақшаларға бюджеттен қаралған шығыстар туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Б.Әбдіқадыров

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ІРІ ЖОЛ АПАТЫ ОРЫН АЛДЫ
03.10.2018 09:24

Апта басында орын алған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде 4 адам қаза тапты. Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОІІД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясына ОІІД анықтау басқармасының бастығы Әміржан Утегенов, ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руслан Шағырбай, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Азамат Қаюпов қатысты.

Бауыржан Ибраевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы кешкі 7-лер шамасында болған.

"Кеше Қызылордада қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғасы орын алды. «ВАЗ 2114» маркалы автокөлігінің жүргізушісі әуежай бағытынан қалаға қарай келе жатып, Сұлтан Бейбарыс көшесі мен әуежай трассасы бойында «SNACMAN» және «Опель вектра» көлігіне соқтығысқан. Нәтижесінде "ВАЗ" көлігінің жүргізушісі және 2 жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал, екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Бүгінде оның біреуі қайтыс болды. Ал, "Опель вектра" автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы дәрігерлік бақылаудан өтіп, үйлеріне жіберілді", - деді Бауыржан Ибраев.

Сонымен қатар, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталуда.

- Бұл жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған ірі жол-көлік оқиғасы. Қаза болғандар ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің 25-30 жастағы әскери қызметкерлері. Бүгінге дейін облыста 74 мың жол-көлік оқиғалары орын алды, - деді Б.Ибраев.

Ал, Руслан Шағырбайдың айтуынша, жүк көлігі жүргізушісіне бұған дейін ешқандай әкімшілік шара көрілмеген.

Сондай-ақ, айта кету керек, бүгінде сол қиылысқа бағдаршам орнату мәселесі шешілуде.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 
БАЛАЛАРЫМЫЗ СЕНІМДІ ЖЕРДЕ ОТЫР МА?
02.10.2018 17:56

Бұдан былай білім ұяларын қарапайым қарауылдар емес, мамандандырылған күзет агенттіктерінің мамандары күзетуі мүмкін. Сондай-ақ, мектеп асханаларындағы шарықтаған бағалар да қалтаға қонымды болып жатса, таңғалмаңыз. Себебі енді бұл мәселелермен прокуратура айналыспақшы. Апта басында БАҚ өкілдерімен кездескен облыс прокуроры осылай деді. Еркін форматта өткен басқосуда Х.Дәуешов билік пен халық арасындағы көпір саналатын журналистерден елдегі өзекті деген мәселелерді сұрады.

Шынында да, орта есеппен алғанның өзінде  500-ден аса оқушы оқитын мектепте қарауыл деген жоқтың қасы. Күндіз не мұғалім, не директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, одан қалды, еден жуушы есік күзетіп отырса, кешкілік зейнетке шыққан қарт кісілер қарауылдыққа шығады. Былай айтқанда, балаларымыз сенімді жерде отырған жоқ. Сондықтан мектеп оқушыларын мамандар күзетуі қажет дейді Х.Зейноллаұлы.

Облысымызда Байқоңыр қаласы бар. Аты қазақтікі болғанымен, заты – орыстікі. Сол себепті онда бару – шекара асумен тең. Шетелге шығу құжаты болмаса, өте алмайсың. Алайда адам алдынан күрделі мәселе шыққан сайын, жұрт оны шешудің тиімді жолын емес, төте жолын іздегіш келеді емес пе? Байқоңырға баратындар да тап сол оңай жолды тауып алыпты. Қандай дейсіз ғой, сол жақтағы бір кісінің үйіне тіркеле салады. Болды! Үйіне тіркегіштер де мұны кәдімгідей кәсіп етіп алған. Бір адамды мың теңгеден тұрғызатын көрінеді. Тіпті, кейде айына 40-60 адамды тіркейтіндер де бар екен. Кезінде бүкіл елді шулатқан Күлекбаев, кешегі Д.Тенді өлтірген Құдайбергенов те кезінде Байқоңырға осылай кіріпті. Сондықтан, бұл мәселемен күреспесе, қылмыстың көбейе беруі мүмкін.

Бұдан бөлек басқосуда облыстағы аяқсыз қалған құрылыстар да сөз болды. Себебі, жан-жағын қоршап қойып, қарауылсыз қалдыратын құрылыс нысандарының ішінде не болып жататыны беймәлім. Кешегі елді шулатқан Шалқиядағы оқиға да осындай иесіз қалған құрылыс алаңында болған-ды. Бұл қауіптенерлік жағдай болғандықтан, прокуратура құрылыс алаңдарын бақылаусыз қалдырмау жолымен жұмыс істеп жатқандарын  айтады.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2018 >
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары