Өзекті мәселелер

  • 13.06.19

    Ежелден халық педагогикасы ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі болып келді және бұл бағытта жас ұрпақтың болашағына берік байлам жасалды. Әсіресе, дарабоз қарттарымыздың даналық ойы, салиқалы сөз саптау үлгісі, өмір белес­терінен  көрген-білгенін, ғибратты әңгімелерін  тәрбие құралына айнал­дырып, одан жақсылыққа ұмтылу, ынтымақ­қа ықылас қою, бауырмалдық қасиетк­е бет бұру секілді тағылымның түрлі ө...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Бүгінде басы ауырып, балтыры сыздамайтын пенде жоқ. Сырқаттанған адамның алдымен жедел жәрдемнің көмегіне жүгінетіні белгілі. Дәрігердің ауырған жерін тәптіштеп сұраса, көпшіліктің дертінен айыққандай күй кешетіні тағы бар. Алайда «103» қызметкерлерінің әр күні сын сағатқа толы. Көбісі ем-дом жасауға дайын арашашы жандардың сан түрлі жағдай мен оқиғаны бастан кешетінінен бейхабар. Бұған...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Тоқсаныншы  жылдардығы тоқырау көптің есінде ғой. Жоспарлы экономикадан нарықт­ық экононмикаға бет бұрып, жаңа белесті бағын­дыруға бой түзедік. Бұқара бұған бірден үйрене қойған жоқ. Әркім «балапан басына, тұрымтай тұсына» кетті. Ал отба­сы ошақ қасында болған әйелдер ала  дорбасын асынып, көшеге шықты. Сауда-сат­тықпен айналысты. Ал еркек­ кіндіктің кейбірі көше кезіп кетсе, енді бірі арақ-ша...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    «Бірінші байлық – денсаулық». «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығы» мемлекеттік мекемесінің есігінен аттаған бойда осы аталы сөз ойға оралды. Жоқ, басқаша ойлап­ қалмаңыз. Ауладағы самал желмен­ тербелген әсем гүлдер, жайқалған саялы талдар, жеміс ағаштары, сүйкімді иісі танауды қытықтаған балғын жоңышқа, жүйектерді қуалап, сылдырай аққан тіршілік нәрі, баршасы мұнда шаруасына мығым ие...

    Толығырақ...
  • 13.06.19

    Әдетте, футболда көбінесе шабуылшылар­ға аса мән береді. Алайда­ команданың жеңуіне қақпашылардың үлесі зор екенін бірі білсе, бірі білмес. Үздік қақпашы найзағайдай жылдам реакц­иясымен, болаттай төзімді жүйкесімен және де дұрыс позиция таңдай білетін ақылымен командасына сеп­ті­гін тигізеді. Әсіресе, ойын тағдыры шешіле­тін «пенальти» секілді шиеленісті ойын кезін­де­ қақпасын голдан қор­ғап,...

    Толығырақ...
Халық-хабар
БАҒДАРЛАМАЛАУ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОЛИМПИАДА БАСТАЛАДЫ
13.02.2012 18:15

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі және «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингінің мұрындық болуымен мектеп оқушылары арасында бағдарламалау бойынша Олимпиада басталғалы жатыр. Олимпиаданың негізгі мақсаты - бағдарламалауға жастардың кәсіби бейімделуі мен қызығушылығын арттыру, ақпараттық технологиялар ауқымында талантты жастарды анықтау. Олимпиада барысында қатысушы мектеп оқушылары логикалық ойлау қабілетінің мықтылығын және бағдарлаудағы жылдамдығын көрсете алуы қажет. Айта кету керек, мұндай олимпиаданы дәстүрлі түрде өткізу жолға қойылған.

Олимпиада 3 бағыт бойынша, яғни мектеп оқушылары, колледж студенттері және жоғарғы оқу орны студенттері арасында өткізіледі. Олимпиадаға тіркелу 20 ақпаннан басталады. Оған кез келген 10-11 сынып оқушысы өзін http://olymp.iitu.kz сайтында тіркеу арқылы қатыса алады. 10-11 сынып оқушылары үшін олимпиада екі турдан тұрады. Алғашқысы - іріктеу (І тур) және қорытынды тур (ІІ тур). І турға қашықтықтан тіркеуден өткен оқушы бірден жіберіледі. Ал, ІІ турға байқау қорытындысы бойынша барынша көп балл жинаған талапкерлер қатыса алады.

Ең бастысы, олимпиаданың 10 жеңімпазына Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде тегін оқу гранты ұсынылады. Оған қоса, бас жүлдеге iPad, 2 ноутбук, 3 нетбук сыйға тартылады. Үміткерлердің тізімі мен қорытынды тур нәтижелері www.zerde.gov.kz және http://olymp.iitu.kz порталдарында жарияланады.

 
ІС-ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕП ЖҮРМІЗ?
13.02.2012 17:13

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында уәкілетті органдардан келіп түскен әкімшілік құқықбұзушылық туралы құжаттардың рәсімделу және заңда көзделген мерзімде сотқа жолдану жайы талқыланған семинар өтті.

Статистика көрсеткендей, былтыр әкімшілік сотқа 8 304 іс түссе, соның 7 202-сі 7 426 адамға байланысты қаралған. 763-і өндірістен қысқартылған, арасында мерзімі өтіп кеткендері де болды. Сот төрағасы И.Сматов хаттама толтыруда заң талабының көбіне-көп сақтала бермейтінін айтады. Мысалы, әкімшілік кодекстің 635-бабында оның жазылған күнi мен орнынан бастап хаттама толтырған және үстінен іс қозғалған адам жайындағы мәліметтер толық қамтылуы тиіс. Куәгерлердің де, жәбірленушінің де аты мен-жөні, мекен-жайы көрсетіліп, олдардан міндетті түрде түсініктеме алынады. Хаттаманың дұрыс жасалмауынан, іс-құжаттардың дұрыс рәсімделмеуінен сот материалдарды уәкілетті органға кері қайтаруға мәжбүр болады. Осы ретте 1 102 әкімшілік іс кодекстің 646-бабының 1-бөлігінің 4-тармақшасына сәйкес кері қайтарылған. Құқықбұзушылықтың мән-жайы дұрыс анықталмауына және дұрыс сараланбауына байланысты қысқартуға ұшырайтын жағдайлар да кездеседі. Кодекстің 79-5, 330-баптарымен келіп түскен істер бойынша да құқықбұзушылықтың мәні барынша ашылып, нақты көрсетілмейді екен. Кейбіреулердің не жазғанын адам түсініп болмайды. Мысалы, Р.Жидебаев пен Н. Төлебаев ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігі бойынша берген жауабында «көшеде байқамай айқайлап қалдым» депті.

Семинар-кеңесте облыстық көші-қон полициясы, жол полициясы, кеден және қалалық ішкі істер басқармаларының мамандары өзара ой алмасты. Оларға әкімшілік хаттама жасалғаннан кейін қолхат арқылы көшірмесі өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дер кезінде тапсырылуға тиіс екендігі ескертілді.

Бағила ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ

 
ӘЛЕУМЕТТІК САУАЛНАМА – ӘЛ-АУҚАТЫМЫЗДЫҢ КӨРСЕТКІШІ
13.02.2012 17:11

Өткен жылы Елбасы жолдауын насихаттау бойынша Қызылорда облысында ақпараттық-насихаттық топтар қызу жұмыс атқарды. Ұлтаралық достық пен ынтымақтастықты арттыру мақсатында да қолға алынған шаруа жетерлік. Ол үшін облыстық бюджеттен 7 млн. 797 мың теңге бөлініп, Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдігінің Астанадағы және облыс аудандарындағы күндері, «Мақсаттар бірлігі – рух бірлігі» атты ұлттық дәстүр фестивалі, өзге де іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл жөнінде ішкі саясат басқармасының есепті жиынында кеңінен айтылды.

Басқарма бастығы «Сыр медиа» коммуналдық кәсіпорнының жанынан құрылған ақпараттық-талдау орталығының жұмыстарын баяндады. Жыл бойында орталық мамандары 27 рет әлеуметтік сауалнама жүргізген. Зерттеулер нәтижесі аймақтағы жалпы ахуалға бақылау жасауға, туындаған өзекті мәселелер бойынша дер кезінде тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік берді.

Ал «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрайымы Д.Ақмағамбетова азаматтық сектордың даму қарқынын бағамдады. Он жыл бұрынғыға қарағанда, үкіметтік емес ұйымдар саны 4,2 есеге артып, олардың қатары 700-ге жеткен. Облыс әкімдігі, «Азаматтық альянс» және «Игілік» корпаративтік қоры аясындағы меморандумға сәйкес мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Биыл 76 млн. теңгенің 44 жобасы жүзеге асырылды. Жастар саясатын дамытуды көздейтін өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен өткен жылы 19 117 млн. теңге бөлінген. Бұл алдыңғы жылғыдан 30,8 пайызға көп. Өткен жылы «Сыр үміті» сыйлығын 40 жас иеленіп, оларға 75 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. «Дарын» продюсерлік орталығына керек-жарақтар алынды. Аудандардың арасында Қазалы, Жалағаш, Арал мен Жаңақорғанның көрсеткіші жоғары. Дегенмен, білікті де білімді мамандарды іске тартуда әлі де табандылық жетіспейді.

Қазіргі таңда Қызылорда облысында 170 діни ұйым бар. Оның 144-і – исламдық, 2-еуі – провославиелік, 2-еуі – иудаизм және 22-сі – протестанттық. Былтыр дінтанушылардың және имамдардың қатысуымен бірқатар кәсіпорындарда дәстүрлі ислам дінін насихаттау жұмыстары кең ауқымда жүргізілді. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудағы тағы бір үлкен тетік – бұқаралық ақпарат құралдары. Қазіргі таңда тіркеуде 82 БАҚ бар. Уақыт өткен сайын Сыр бойының ақпарат кеңістігі ұлғайып келеді. Өткен жылдың өзінде жаңадан 15 газет-журнал жарыққа шықты. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап еліміз бойынша қазақстандық сандық спутниктік теле-радио хабарлары таратыла бастады. Абоненттердің 5 мыңға жуығы – қызылордалықтар.

Бағила ӘБДІРАХМАНОВА

 
КӨШЕЛЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛДІ АТАУ КЕРЕК
10.02.2012 14:34

2010 жылы Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін құру қолға алынып, оған облыстық бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген болатын. Соған сәйкес қаладағы 15 мың га жердің космостық түсірілімі жасалып, аумағы жарты метрді құрайтын барлық жылжымайтын мүлік нысандары есепке алынды. Нәтижесінде барлық жер телімдері электронды картадан көрініс тапты. Жоспардың екінші кезеңі бойынша да біршама жұмыстар атқарылды. Бұл қоян жылын жемісті қорытындылаған сәулет және қала құрылысы басқармасының есепті жиынында айтылды.

- Сыртқы жарнама объектілерін орналастыруға байланысты 91 өтініш түсіп, 131 нысанға рұқсат құжаты берілді. Одан салық түрінде 52,9 млн. теңге қаражат жергілікті бюджетке пайда боп қайтты, - деді басқарма бастығы Өмірбек Шәменов.

Мекенжай тіркелімі бойынша атауы жоқ көшелер мен тұйықтардың саны анықталып, қазіргі таңда оларға қазақ тілінде атау беру мәселесі қала әкімдігінің қаперінде көрінеді. Атап өтерлігі, былтыр қазан айында аймағымызда республикалық ІІІ қала құрылысы форумы ұйымдастырылды. Шара сала мамандарының өзара тәжірибе алмасып, өздерінің үздік жобаларын жарыққа шығаруға мүмкіндік берді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 
ӘКIМНIҢ ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҒЫ
08.02.2012 16:28

Биыл қыс қақап тұр. Халықты қыстан жауратпай алып шығуға билік­тің шамасы жете ме?

- Соңғы кездері «Ақшабұлақ» кен орнындағы кейбір зауыттар әлсін-әлсін тоқтап қалуда. Бұл қаланы газбен қамтуға кері әсерін тигізіп отыр. Тұрғын үйлерге газ беру тоқтап қалғанда екі жылу ор­талығы да мазутқа қо­сылады. Газбен жұмыс істейтін автономды модул­ьді бу қазандық­тары 4-5-еу ғана, алдағы уа­қытта оларды да ма­зут­қа көшіреміз. Негізі мазут тарифте жоқ. Бірақ үйлерді жылы ұстап тұру үшін мазут жағу керек, - деді жер­гілікті мәслихаттың ке­зек­тен тыс ІІ сессиясында Қызылорда қаласының әкімі Мархабат Жайымбетов.

Көгілдір отыннан тапшылық көрмеу үшін одан 60 мың текше метр керек. Қазіргі күні қалаға 44-45 мыңдай көлемі ғана келіп тұр. Синоптиктер  бір айға тиесілі ауа райын  ғана болжай алады.­ Ал ақпанның үс­кірік аязы бетіңді қарып барады.

- Мазутқа жұмсалатын 2 млрд. 800 мың теңгеге 90 орындық 10 және 320 орындық 4 бала­бақша салуға болады. Сөйте тұра біз осындай қадамға барып отырмыз. 15 мың тонна мазут тек осы айға жетеді. Күннің ызғары наурызда да басылмаса, тағы 100 млн.-дай қаржы керек болады. Бұл – біздің бюджетке ауыр салмақ, - деді шаһар басшысы.

Жиында қаланың бо­лаш­ақ  дамуына  қа­тысты да  жаңалық  ай­тылды.

- Екі жақсы жаңа­лығым бар. Біріншісі, қаланың сол жақ бетінде көпір салынады. Екін­шісі, ұзындығы 12 км болатын алты жолақ­ты айнал­ма жол құрылысы басталады. Жан-жағында 5-9 қа­бат­ты үйлер орналасады. Қазірде жобалық-сметалық құжаттар әзір­ленуде, - деді М.Жа­йымбетов.

Айтуынша, көпір мен жолдың салынуы көптеген проблеманы шешеді. Сырттан келген көліктер қаланың ішіне кірмей-ақ Мұратбаев көшесімен Сыр­дарияны жағалай отырып шығып кете алады. Кептеліс азаяды. Жобаны іске асыруға облыс басшысының қолдауымен әзірге 900 млн. теңге бөлінген. Қалған сома келесі жылы қаралмақ.

Н.САНИЯЗОВА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 991 992 993 994 995 996 997 998 999 1000 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Маусым 2019 >
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары