Өзекті мәселелер

  • 15.11.18

    Сыр елінің серпіні ерекше екенін аймақ тұрғындары да, сырт көз – сыншылар да жиі айтып жүр. Экономикалық даму тұрғысынан кей салаларда сәл шегініс болса, басым бағыттар да жеткілікті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екендігін дәлелдеп келе жатқан қызылордалықтар мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз шаруасын шалқытып отыр. Әсіресе кәсіпкерлер тарапы жолдауда айтылған тапсырмалар бойынша өз міндет...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

     

     

    Берікбол  БАЙХОЖАЕВ,

    ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызы...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    «Балама әйелді өзім таңдап алып беремін. Байдың байлығына қызықпаймын, бидің билігіне қызықпаймын, асыл пышақ қап түбінде жатпайды. Келінім ақылды болса, ұлымның елге даңқы кетеді. Би түскендей үй болу – әйелден. Әйелі жақсы болмай ер оңбайды? Ердің бақытын кетіретін де – әйел, ерге бақыт әперетін де – әйел» деп келінін өзі таңдайтынын айтқан Төле бидің Данагүлді қалай жолық­тырып, баласына айт...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Қытық! Қызылы бар қызық сөз, құмары бар құнды сөз. Мұны солдан оңға қарай оқысаң да – қытық, оңнан солға  қарай  оқысаң да – қытық. Бұрын­ғы қыздардың бетінде қызарып, көз тартып­, көрініп тұрушы еді. Қазір ше? Зәру. Қат дүние. «Бүгінгі күні бүтін махаб­бат бар ма? Әй, қайдам? Сезім шіркін семіп кеткен. Ал қытық байғұс қырық жыл бұрын қайтыс болған» деп гөйітеді баз біреулер. Жо-жоқ, қытық әлі ...

    Толығырақ...
  • 15.11.18

    Бір күні қарап отырмай жеке бизнес жасағым келді. Жұрттың бәрі байып жатыр.­ «Кедей бол» деп менің маңдайыма біреу бормен бадырайтып жазып қоймағ­ан болар. Ауладағы жазғы үйді бұзып, «шындық» сататын дүкен аштым.

    - Әй, балам көп ұзамай тақырға отыра­сың,­ - деп әкем басын шайқады.

Халық-хабар
ЖАЛАҒАШ және СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР АШЫЛДЫ
15.11.2018 09:26

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев жұмыс сапарымен Сырдария және Жалағаш аудандарында болып, жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру шарасына және сумен жабдықтау жүйесінің іске қосылу рәсіміне қатысып, бірқатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысты.

Жалағаш ауданының М.Шәменов ауылдық округінде таза ауызсу берілді. Облыс әкімі тұрғындармен кездесіп, жаңа нысанның іске қосылуымен құттықтады.

«Халық денсаулығының мықты болуы ең алдымен таза ауыз судың сапасына байланысты. Мемлекет қолдауының арқасында аймағымызда сумен қамту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында 2020 жылы орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізу қалаларда 100 пайызды құрауы тиіс, ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 80 пайызға жетуі керек делінген. Осы ретте, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кент және 9 елді мекенде ауызсу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді», - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, сумен жабдықтау жүйесі республикалық және облыстық бюджет есебінен құрылған. Құрылыстың бас мердігері – қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Жалпы, соңғы 5 жылда Жалағаш ауданында 17 әлеуметтік нысан: мектеп, 9 балабақша, 3 амбулатория, аудандық емхана, 2 клуб және спорт кешені салынды.

Сондай-ақ, Таң ауылдық округінде тәулігіне 100 тонна күріш өңдейтін цех ашылды. Айта кетейік, биылғы жылы ауданның шаруа қожалықтары 36 315 гектар жерге, оның ішінде 22 366 гектарға күріш еккен. Сонымен қатар, жалағаштықтар мақсары, бидай және жоңышқаның мол өнімін жинады.

Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бесарық ауылындағы облыстық бюджет есебінен салынған "Жаңадария" арнасы арқылы өтетін көпірді аралап көріп, ел игілігі үшін жұмыс жасап тұрған құрылыс нысанына оң бағасын берді.

Көпірдің ұзындығы - 60,2 метр, ені - 13 метр. Айта кетейік, Сырдария ауданында соңғы 5 жылда 20-ға жуық ірі және шағын көпір салынған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы "Абай-Дәулет" ЖШС-нің өндірістік базасымен және Бесарық ауылындағы әлеуметтік нысандармен танысты. "Абай-Дәулет" ЖШС-нің базасында жылқы бордақылау алаңы, кірпіш зауыты, қой фермасы, құрама жем дайындау цехы, алма бағы және түйе шаруашылығы жұмыс істейді. Кәсіпорын қайырымдылық жобаларына белсене қатысады. Мысалы, жақында орта мектеп оқушылары үшін спорт жабдықтарын сатып алып, мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылордалық студенттерге кәсіпорындарда білікті тәлімгерлер бағыт-бағдар бермек
14.11.2018 17:49

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Тәлімгерлік мектебі» аясында екі күндік оқыту семинары өтті. Кәсіпорын қызметкерлері қатысқан шараға Астанадан арнайы «Атамекен» ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті директорының орынбасары Ләззат Шонаева келіп, тәлімгерлерге бағыт-бағдар берді.

Семинардың мақсат-міндетіне қатысты Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Жанна Сқакова: «Дуалды оқыту жүйесі» бойынша білім алушы студенттер оқу орындарында теориялық білім алса, кәсіпорындардан тәжірибе жинақтайды. Тәжірибеге барған практикант-студенттерге белгіленген тәлімгерлер көп жағдайда нені, қалай үйрету керек екендігін біле бермейді. Осы ретте, «Атамекен» ҰКП-сы осы жылдан бастап «Тәлімгерлік мектебі» жобасын жүзеге асыруда. Тәлімгерлік институтын қалыптастыру маман даярлауда ерекше маңызға ие. Жаңадан келген маманды ортаға бейімдеп, жұмыстың жай-жапсарын түсіндіру, бағыттау, қызметкердің әлеуетін көтеру жұмыс өнімділігін арттыруға да, кадрды тұрақтандыруға да айтарлықтай септігін тигізері сөзсіз. Біз сол үшін де тәлімгерлердің дайындығына мән беріп отырмыз. Жоба осынысымен де құнды», - дейді.

Екі күндік семинар үш циклдан тұрды, олар нормативті-құқықтық база білімін, теориялық және тәжірибелік машықты нығайтуға негізделген. Оқыту барысында тәімгерлерге жұмыс орнында оқыту үлгісін қалай қалыптастыру керектігі айтылып, оқытуды құрылымдық жоспарлау туралы түсіндірілді, жоспар дайындауға, шиеленісті жағдайда қалай жұмыс істеу керектігі үйретілді.

Ерекше тоқталатын жайт, бизнес өкілдері үшін бұл маңызды шара тегін жүзеге асырылуда. «Тәлімгерлік мектебінің» мультипликаторлары «Атамекен» мен Германдық Трир қолөнер палатасының бірлескен «Жұмыс орнында оқыту» халықаралық жобасы аясында әзірленген.

Аталмыш мектеп аясында оқыған тәлімгерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификаттар берілді. Құжаттың құндылығы сонда - оқытылған кәсіпорын қызметкерлері «Атамекенмен» қалыптастырылған арнайы тізілімге енгізіледі.

Айта кету керек, дуальды оқыту жүйесін енгізуге арналған Жол картасына облыстан 22 колледж енгізілген. Студенттер дуальды оқыту жүйесі аясында экономиканың басым 9 саласы бойынша даярлануда. Бүгінгі таңда кәсіпорындармен 180 келісім шарт жасалды. Нәтижесінде бүгінде Жол картасы аясында 1173 студент оқытылуда.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
“ҚАЙСАР” ЕЛУ ЖЫЛДЫ ЕҢСЕРДІ
14.11.2018 15:25

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымдағы соңғы ойынын “Қайсар” футбол клубы “Ақтөбеге” қарсы өткізді. Естеріңізде болса, маусымның шымылдығын да батыстық ұжыммен (1-тур, “Қайсар”-“Ақтөбе”, 0-1) ашқан болатын. Ал, 22-турда, яғни екінші айналымның соңғы ойынында сырт алаңда “Ақтөбеге” қонаққа барып, 3:1 есебімен есе жіберген-ді. Бұл жолы жерлестеріміз қарсыластарын 2:0 етіп ұтып, мерейтой аясында жанкүйерлерін қуанта түсті. 3 ұпай бізге ауадай қажет болатын. Тартысты ойында қайсарлық танытқан “қасқырлар” турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болып, өздеріне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бір сатыға жоғары. “Қайсар” биыл 33 ойынның 11-інде жеңіске жетсе, 12 ойынды тең аяқтаған. 10 ойында ұпай жоғалтуға мәжбүр болды. Қарсыластар қақпасына 35 доп соқса, өз қақпасына 31 голды енгізіп алды. Ескере кететін жайт, гол жіберуден “Астана” мен “Тобылдан” кейінгі үшінші орында тұр.

Мерейтойға орай ұйымдастырылған мерекелік шараға жанкүйерлер, ойыншылар мен команда ардагерлері, соның ішінде 20 жыл бұрын ҚР кубогын жеңіп алған “Қайсардың” алтын құрамы қатысты.

- “Қайсар” жанкүйерлер алдында беделге ие және қандай да жағдайларға қарамастан әрдайым өз абырой биігінде қалады. Клубтың бойтұмары ретінде қайсарлық, еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылу символы – дала қасқырының таңдалуы бекер емес. Қазіргі таңда жергілікті кадрларды тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. “Қайсар” футбол орталығында 400-ден астам жасөспірім жаттығады, біз оларды “Қайсар” мен Қазақстан ұлттық құрамасының сапында көреміз деп үміттенеміз, - деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Естеріңізде болса, өткен жылы аймақ басшысы сырбойылық командаға 6-орыннан, биыл бестіктен көрінуді тапсырған болатын. Команда құрамы мен басшылығы тапсырманы екі жылда да 100%-ға орындап отыр. Осыған орай, келесі жылы команданың бюджеті 1 миллиардқа көбейетін болады. Облыс әкімі шара барысында “қайсарлықтарға” келесі жылы медаль алып, Еурокубокте өнер көрсетуіне сәттілік тіледі. Демек, “Қайсар” келесі жылы үздік үштік үшін барын салатын болады. Басшылықтың үдесінен шыға білген бас бапкер Стойчо Младенов келесі жылы да “Қайсарды” жаттықтырмақ. Сонымен қатар, Пол Вере, Франк Джа Джедже, Джон Камара, Дмитрий Евстигнеевтер команда сапынан ресми түрде кетсе, Братислав Пуношевац, Матиас Курьор және тағы да басқа бірқатар ойыншылар клубта қалады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Қызылорда облысы республикада алғашқылардың бірі болып ұжымнан бөлек тағы бір фарм-команда құрды. “Байқоңыр” футбол клубында 100% жергілікті футболдың тәрбиеленушілері ойнайды. 5 жыл бұрын “Қайсардың” базасы қайта жаңартылып, заманауи қосалқы алаң салынды, бүгінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Қызылорда фуболшыларына басты сыйлық – Сырдарияның сол жағалауында жаңа жабық стадион салынбақ.

“Қайсар” футбол клубының 50 жылдығына орай ұйымдастырылған шара мерекелік концертке ұласып, онда Қазақстанның эстрада жұлдыздары “КешYOU” және “Ринго” топтары өнер көрсетті.

Рыскелді  СӘРСЕНҰЛЫ

 
БҮГІНІ БЕРЕКЕЛІ, ЕРТЕҢІ ЕҢСЕЛІ ЕЛДІ МЕКЕН
14.11.2018 14:32

Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылына жұмыс сапарымен келіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен және алдағы жоспарларымен танысты.

Алдымен аймақ басшысы ауылға кіребестегі «Жаңадария» каналының үстінен салынған жаңа көпірдің сапасын көріп, ел игілігі үшін жұмыс істеп тұрған құрылыс нысанына оң бағасын берді. Аудан әкімі Ғ.Қазантаев көпір құрылысының жүргізілу барысын түсіндірді.

Бұдан кейін аймақ басшысы №147 орта мектепке барып, білім ордасының қазіргі жай-күйімен танысты. Сонымен қатар Бесарық ауылының орталығында орналасқан аллеяны аралап, көрді.

Сапар барысында аймақ басшысы Қ.Көшербаевқа «Абай Даулет» ЖШС-ның төрағасы М.Сәрсенбаев серіктестіктің қазіргі таңдағы атқарып жатқан жұмысын баяндап, серіктестіктің жетістіктерін атап өтті. Аймақ басшысы «Абай Даулет» ЖШС-нің өндірістік базасына барып, мұндағы кірпіш, жем зауыты, алма бақ жұмысымен танысты.

Айта кету керек, ауыл инвесторы «Абай Даулет» және «Бесарық» серіктестіктерінің демеушілігімен көпшілік демалатын орынды абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар істелген. Ауылдық мәдениет үйіне, балабақшаға ішкі және сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, ауыл паспорты жаңаланып, елді мекенге кіреберістегі арка әрленіп, ауыл мешітінің айналасы толықтай абаттандырылған. Ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында дзюдо, бокс, таэквандо үйірмелері жұмыс істеуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНДЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
14.11.2018 14:26

Бүгін "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінің А.Иманов және Н.Ергешбаев көшелерінің қиылысынан салынған көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Көпқабатты тұрғын үйдің ашылу салтанатына облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысып, аудан тұрғындарын қоныстойларымен құттықтады. Аймақ басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын, бұл өз кезегінде баспана кезегінде тұрған азаматтар санын азайтуға тікелей әсер ететінін атап өтті.

Көпқабатты тұрғын үйдің ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мен пәтер алушы тұрғындардың атынан Г.Бершімбаева сөз сөйлеп, аймақ басшысына алғысын айтты.

Тұрғын үйдің лентасын қиылғаннан кейін аймақ басшысы Ұлы Отан соғының ардагері, Сырдария ауданының құрметті азаматы Яхия Тасыровтың пәтерімен танысты. Өз кезегінде соғыс және еңбек ардагері шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетеу керек, көпқабатты тұрғын үй Ұлы Отан соғысы ардагеріне, пәтер кезегінде тұрған осал топ өкілдеріне, бюджеттік сала қызметкерлеріне, баспанасы апаттық жағдайда деп танылған тұрғындарға берілді. Тұрғын үйдің құрылысын "Дәнекер" құрылыс компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, абаттандыру жұмыстарын "Орда құрылыс" компаниясы жүргізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2018 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары