Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ӘЛЕМДЕ 2 МЛРД.-ҚА ЖУЫҚ МҰСЫЛМАН АУЫЗ БЕКІТЕДІ
19.07.2012 18:22

Биыл күллі мұсылман қауымына ортақ қасиетті Рамазан айы шіліңгір шілдеге тура келіп отыр. Алайда, бұл Аллаһ разылығы үшін ниет еткен адамға сылтау болмаса, себеп емес. Дүние жүзінде 2 млрд.-қа жуық адам отыз күн ораза ұстауға ынталы. Облыстың бас имамы Талғат Омаров жылына бір айналып соғатын айлардың сұлтаны қарсаңында Сыр жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтады.

- Ораза ұстағаны үшін Аллаһ сауабын өзі береді. Әрбір ораза ұстаушының екі қуанышы бар: бірі ауыз ашқанда болса, екіншісі жұмақта. Сонымен қатар Имам Насаи жеткізген Әз Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде: «Рамазан Мүбәрак ай. Ол айда Аллаһ тағала сендерге ораза ұстауды парыз етiп, жәннат есiктерiн айқара ашып, тозақ есiктерiн тарс жауып, жын-шайтандарды кiсендеп қойды. Ол айда мың айдан қайырлы түн бар» - делінген. Ұстаған оразаларымызды Жаппар Иеміз қабыл етіп, өзінің мейірімі мен пайғамбарымыздың шапағатын нәсіп етсін, - деді ол БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Рамазан айы бүгін күннің ұясына батуымен басталады. Ал 20 шілде күні ниет еткен ағайын алдағы отыз күнге дейін ораза тұтады. Биыл пітір-садақа мөлшері жан басына шаққанда 100 теңге немесе екі келі бидайдың құны боп бекітілді. Расулуллаһ (с.ғ.с.) пітір садақаны адамның оразасы сөзіндегі қателіктерінен тазаруы және міскіндерге тағам ретінде көмек болуы үшін міндеттеген. 19 тамызда мұсылман жұртшылығы Айт мерекесін атап өтеді. Кімде-кім пітір садақаны айт намазынан кейін берсе, онда ол жай садақа болып қалады. Қасиетті Қадір түнін қалың жамағат тамыздың 14-інен 15-іне қараған түні қарсы алады.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ЖОЛ САҚШЫЛАРЫ ҚОС АЗҒЫНДЫ ҚОЛҒА ТҮСІРДІ
19.07.2012 18:22

Қызылордалық жол сақшылары қыз зорлаған қос азғынды қолға түсірді. Оқиға былай болған. Олар 10 шілде күні әдеттегідей Қызылорда – Павлодар тас жолы бойындағы тыныштықты күзету мақсатында кезекшілікке түседі. Әлгі екеуді Қарауылтөбе ауылына барар тұста ертеңіне ұстаған.

- Таңғы сағат 8 жарымдар шамасы болатын, «ВАЗ-2107» маркалы көлікті күдікті көрінген соң тоқтаттық. Тексеріп қарасақ, ішінде екі ер және бір әйел адам бар екен. Сөйтсек, жаңағы екеуі түннің бір уағында жолай қол қөтерген қызды «такси» деп отырғызып алып, айдалаға апарып, ойларына келгенін істеген, - дейді Қызылорда облыстық жол полициясы басқармасы жеке батальонының 2 взводының аға инспекторы, полиция лейтенанты Ерік Нұрмағанбетов.

Жасы жиырманың үстіндегі жәбірленушінің аяғы ауыр көрінеді. Қарындасындай қыздың абыройын айрандай төккендердің үстінен бүгінде қылмыстық іс қозғалды. Жол сақшылары қызмет бабында осындай түрлі қылмыстардың бетін ашуға көп септігін тигізіп жүр. Мысалы, күні кеше, 18 шілдеде бұзақылық пен ұрып-соғу дерегін, сондай-ақ 2 ұрлық фактісін әшкереледі.

 
ЖАСЫРЫН КАЗИНО ӘШКЕРЕЛЕНДІ
19.07.2012 18:21

Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 11 шілдеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін А.Хегайдың үстінен қылмыстық іс қозғады.

– Ол ағымдағы жылдың шілдесінде Қызылорда қаласындағы Сүлейменов көшесінің бойынан жасырын казино ашып, «Ойын бизнесі туралы» заң талабын бұзған. Жедел іздестіру шаралары барысында қаржы полицейлері заңсыздықтың жолын кесті. Ойынханадан ойын «фишкалары» және карталарымен қоса 2 покер үстелі табылды, - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Сабырхан Тоқтамысов.

Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 296-1 бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚҰТҚАРУШЫ ҚАТ
16.07.2012 16:12

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы мен суда құтқару қызметі баспасөз мәслихатын өткізді.

Мамандардың айтуынша, жаз шыққалы «тілсіз жаудан» келетін шығын көбейген. 12 шілдеге дейінгі аралықта 24 адам судың, 9 адам қызыл жалынның құрсауында қалған. Олардың арасында оңы мен солын ажырата білмейтін балалар бар. Жаның түршігеді. Суда құтқару қызметінің бастығы А.Алмашев:

- Орыстардан үйренуіміз керек. Олар қайтеді, балаларын суға әлсін-әлсін түсіріп, дария жағасында демалады. Онда да он-он бес минуттан әріге апармайды. Ал біздің қаракөздер деп айтайық, күні бойы судан шықпауға бар. Баланы бақылау жағы кемшін, - дегенді айтады.

Өрт сөндірушілер алты ай ішінде екі баланың өмірін сақтап қала алмағандарын өкінішпен еске алады.

- Өзіміздің де аяғымыз жетпейтін жерлер бар, - дейді облыстың бас өрт сөндірушісі Ғ.Төрешов. - Шалғай жатқан елді мекендерде біздің қызмет өкілдіктеріміз қарастырылмаған. Алдағы уақытта осындай ауылдардың 16-сында өрт сөндіру бекеттері құрылады деп жоспарлап отырмыз. Қазалы ауданының Шәкен деген жерінде құтқарушылардың уақытылы жете алмауынан мектеп-интернат жатақханасының түгел жанып кеткені бар. Абырой болғанда, адам аман.

Ал Шиелі, Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарында су сақшылары атымен жоқ. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында қоғамдық құтқарушыларды кеңінен жұмысқа тарту көзделуде. Алайда, айлық жалақысын азсынып келісе қоймайтын көрінеді көбі. Әзірге небәрі төрт адам ғана жұмыспен қамтылған.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 
317 мемқызметшінің 22 пайызы мүлт кетті
16.07.2012 16:11

Осы күні екі-үш жерде оқып, қалтасына қос-қостан диплом басқандардың қарасы өте көп. Қызылордадағы ұзын саны 3 087 мемлекеттік қызметшінің 469-ының екі не одан да көп жоғары білімі бар. Басқалары да «бір жапырақ қағаздан» кенде емес. Мектеп бітіргеннен кейін колледж не университетке мойын бұрмастан, еңбекке араласып кеткен, бүгінде аса жауапты салада дипломсыз жүрген адам облыс бойынша жалғыз екен.

- Оны жұмыстан босатудың ешқандай заңдық негізі жоқ, - дейді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылордадағы бас өкілі Ғалым Тұрсынбаев.

Орнынан қозғайтындай себеп болмаса, жалғыздың жайы түсінікті. Мемлекеттік қызметшілерді кейде «халықтың құлы» дейді. Сол айтылғандай, халықтың көңілінен шығу оңай шаруа емес. Жақпасаң, қайда барып, кімге жүгіну керектігін жақсы біледі. Көзі ашық, көкірегі ояу көптің. Тәртіптік кеңестің қарауына осы жартыжылдықта 204 арыз-шағым келіп түскен болса, оның басым бөлігі қаралған. Мемлекеттік мекемелерге дүркін-дүркін тексерістер ұйымдастырылып тұратыны тағы белгілі. Осылай жан-жақтан қаумалағанда абыройыңа - нұқсан, арыңа - сын, атыңа - кір келмеуіне ең алдымен өзің мүдделісің. Адалдық, тазалық, жауапкершілік сынды адами қасиеттер әркімнің тура жолға бастар темірқазығы болуы тиіс. Ал «Мемлекеттік қызмет», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдар мен Ар-намыс кодексін кез келгені көбейту кестесі сияқты жатқа соғуы тиіс. Алайда... Есепті мерзімде заңбұзушылықтар саны өткен жылғыдан еселеп артып отыр. Тәртіптік кеңестің тәжірибесінде соңғы уақытта қызметіне толық сәйкес емес деп тану және қызметтен босату сынды қатаң шаралар кеңінен қолданыла бастады. Мұны тырнақ астынан кір іздеу һәм біреуді тұқырту деп емес, заң талабының күшейтілгені деп түсінген игі. Тест - мектеп бітірушілермен қатар мемқызметшілердің де білім таразысына айналғалы қашан?! Жыл басынан бері аттестацияға қатысқан 317 адамның 22 пайызы сынақтың бірінші сатысында-ақ өз білімдерін дәлелдей алмай мүлт кетіпті. Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасы заңға байланысты тест сұрақтарын жинақтап, республикада алғаш рет көлемді кітап пен дискіні жарыққа шығарды. Басқарма бастығы Ғ.Тұрсынбаев бұл еңбектің мемлекеттік қызметшілер үшін таптырмас көмекшіге айналарына сенімді. Айтпақшы, мемлекеттік қызметшілерді жаппай аттестациялау тәжірибесі алдағы уақытта қолданыстан шығып қалуы бек мүмкін. Тестті тек жұмыста өзін көрсете алмағандар, яғни кімнің рейтингі төмен, солар тапсырады.

Н.ИБРАШТЕГІ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1001 1002 1003 1004 1005 1006 1007 1008 1009 1010 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары