Өзекті мәселелер

  • 19.09.19

    Әлемдегі өте қауіпті қылмыскерлер қамалатын, қауіпсіздігі ең қатаң сақталатын «Алькатрас» түрмесінен 1963 жылға дейін бірде-бір тұтқын қашып шыға алмаған. Ел абақтыны «Рок» (құз) деп те атайды. Сыртынан қарағанда сұсты көрінетін түрме әу баста қорғаныс шебі ретінде қолданылып, кейінірек әскери түрме салып, содан соң өте қауіпті қылмыскерлерге арналған абақты ретінде пайдаланылған. Толығырақ...

  • 19.09.19

    ЖҮРЕК   ДЕРТІНЕ  ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА  КӨМЕК

    Кеудедегі жұдырықтай жүректің қызметіне тең келер не  бар?!  Оны адам ағзасының «моторы» дейміз. Бірақ жүрек дерті жас талғамай тұр. Тым жасарып бара жатыр. «Жүрегі тоқтап қалыпты», «жүрегі ауырады»  деген сөздер бүгін­де  жасамысқа  емес, жастарға да  айтылатын  болды.

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Әлемнің  дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру идеясы жарқын  болашаққа бас­тайтын жол болуы тиіс. Жаһандану үдерісі дәуірінде еліміз өз тәуел­сіздігін орнықтырып, шекараларын айқындап, ядролық қарудан бас тартып, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, әлемдік ау­қымдағы тұрақтылық, достық, толеранттылық идея­ларын негіздеуде. Және бұл мәселелер Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    «Мәңгілік ел» идеясының негізі – бұл біздің Қазақстан халқы ұрпақтарының алдындағы жауапкершілік, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына ену мәртебесі белгіленген және бұйырған лайықты және ұлы Қазақстанды дамытудағы біздің стратегиямыз. «Мәңгілік ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарих...

    Толығырақ...
  • 19.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    ОЙ   ТОЛҒАДЫМ  БІР   КЕЗЕК

    Сөз жоқ, социализмді гүлдендіріп, коммунизм ор­нат­пақшы болған қоғамды қайтадан құру машақаты бастал­ғалы сонау отызыншы жылдардан «коммунизмнің сталиндік алып құрылыс­тары» ұранымен жүргізілген шабуылдан табиғаттың тепе-теңдік заңдылығын бұзып...

    Толығырақ...
Халық-хабар
48 ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
14.12.2012 15:23

Бүгін Қызылордада 2 арендалық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 48 отбасы шаттыққа толы шаңырақ тойын тойлады. Бұл Тәуелсіздік мерекесіне лайықты тарту болды.

Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін облыс әкімі Б.Қуандықов салтанатты жағдайда табыстап, қуаныштарымен құттықтады. Әрқайсысы 24 пәтерлік №3 және №4 тұрғын үйлер қала іргесіндегі Тасбөгет кентінде бой түзеді. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында салынған баспана сәл де болса, кезекте тұрғандардың қатарын сиретіп, халықтың қуанышын еселегені сөзсіз. Құрылыс жұмыстарын былтыр тамыз айында бастаған «Айдана» және «Мағмар» серіктестіктері уәдеде тұрып, жаңа жыл қарсаңында көптеген отбасыны қуантып тастады.

Аталған компаниялардың басшысы М.Абасилов өз кезегінде қалалық құрылыс бөлімінің бастығы А.Әнуарбековке бүгін салынып біткен үйлердің символикалық кілтін тапсырды. Жаңа қоныс иелері атынан осындағы бір пәтер еншісіне тиген Г.Қалманова мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылығын білдірді.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ҚҰРЫП БАРА ЖАТҚАН ЖАНУАРДЫ ЖАЙРАТЫП ТАСТАПТЫ
14.12.2012 10:42

Қызылордада қарақұйрықты қырғандар қолға түсті. Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бүгін осылай хабарлады.

Құрып бара жатқан жануарды жайратып тастағандар «Құқық тәртібі» шарасы аясында қолға түсті. Аңшылық жасап жүрген «Джип» автокөлігін «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері Жалағаш ауданынан 40 шақырым қашықтықта тоқтатқан. Тексеру кезінде олар қарсылық көрсеткен. Оқиға орнына облыстық ІІД-нің табиғатты қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері тез арада жетіп, көліктен 2 бас қарақұйрық,оған қоса 2 аңшы мылтығы, 12 калибрлі 70 және 7,62 калибрлі 45 патрон, 1 прожектор мен 1 асхана пышағын тапты. Браконьерлердің 2-еуі Қызылорда қаласынан, қалған 3-еуі Жалағаш ауданынан екен.

Қазіргі таңда аталған істі Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі тергеп жатыр.

Назерке САНИЯЗОВА

 
МҰНАЙ САҚТАЙТЫН ҚОЙМА АШЫЛДЫ
13.12.2012 18:16

Бүгін Қызылорда қаласында «Азия Транс Центр» ЖШС-нің мұнай өнімдерін сақтау қоймасы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Б.Қуандықов қатысты.

2005 жылы құрылған кәсіпорыннның жылдық айналымы 166 млн. теңгеден жоғары. Бүгінде онда 70-тен астам адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында алынған несие есебінен 2008 жылы жоба құрылысы басталған болатын. Ол осы жылдың қазан айында аяқталды.

«Азия Транс Центр» ЖШС-нің директоры Қуаныш Дабысов облыс әкімі бастаған қонақтарды жаңадан салынған қойманың жұмыс барысымен таныстырды. Б.Қуандықов қызметкерлерді Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келген қуанышпен құттықтады.

 
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨЛІКТІ БОЛДЫ
13.12.2012 18:15

Бүгін қызылордалық тәртіп сақшылары темір тұлпарға байып қалды. Тәуелсіздік мерекесіне орай аймақ басшысы Б.Қуандықовтың облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кездесуі барысында департаменттің техникалық базасы тағы 35 көлікпен толықты.

Салтанатты шара «Тағзым» алаңында өтті. Б.Қуандықов жиналғандарды алдымен еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, еңбектеріне сәттілік тіледі. Халықтың тыныштығын қамтамасыз етуде тәртіп сақшыларының сүбелі үлесі барын айтпауға болмайды. Олардың осы бағыттағы жұмысын күшейту мақсатында мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілуде. Өткен жылдың өзінде жергілікті бюджеттен ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 322 423 мың теңге бөлініп, нәтижесінде 200 компьютерлік техника, 20 жылдамдық өлшегіш құрал, 30 көлік және бейнебақылау қондырғылары алынды. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын тапты. Жыл соңында облыс полицейлерінің 35 көлік иеленуі – соның айғағы.

Облыс әкімі салтанатты шара соңында жеке құрамның жұмысымен танысты.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ 2013 жылдың 1 қыркүйегінде есігін ашады
13.12.2012 17:46

Бүгін облыс әкімі Болатбек Қуандықовтың және Қызылорда қаласының әкімі Мархабат Жайымбетовтың қатысуымен пресс-тур өтіп, Шығармашылық үйінің іргетасы қаланды.

Бейбарыс көшесі мен қаланың жаңа әкімшілік орталығын аралап көрген журналистер бірқатар әлеуметтік нысанның жұмысымен танысты. Олардың қатарында қазақ-түрік лицейі, 1 248 орындық №264 орта мектеп, сондай-ақ жақын арада пайдалануға берілетін ғимараттар бар. Олар – КБИ мөлтек ауданындағы 900 орынға арналған мектеп, көлік логистикалық орталығы, қалалық балалар үйі және құрамында ауысымына 50 әйелді қабылдайтын консультациялық емханасы бар 150 орындық перзентхана. Аймақ басшысы соңғы жылдары қалада қызу құрылыс қарқын алғанын, әсіресе, Шымкент жақтан кіреберіс аумаққа үлкен көңіл бөліп отырғанын айтты. Себебі қонақтар ең алдымен қаланың қақпасына, оның архитектурасына назар аударатыны сөзсіз. Сондықтан алдағы уақытта Бейбарыс көшесінің бойында, яғни көпірден жаңа мешітке дейінгі аралықта көпқабатты үйлер бой көтеретін болады. Биылдың өзінде 7 үйдің құрылысы басталып кетті. Ал жоспар бойынша екі көшенің бойына 20 үйден 40 көпқабатты үй салынуы тиіс. Жаңа әкімшілік орталықта облыстық ұйымдардың Достық үйі салынады. Оқушылар үйі, музыкалық колледж бен Достық үйі де көршілес қоныс теппек. Үлкен ғимаратта 1 000 адамға лайықталған концерт залы болады. Онда кең көлемдегі іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Одан бөлек, жуырда облыстық әкімшілік жаңадан салынып жатқан ғимаратқа көшіп, қалалық әкімшілік облыстық әкімшіліктің босаған ғимаратына ауысады.

Пресс-тур соңында облыс әкімі мен қала әкімінің, ардагер қаламгерлер, жазушылар және суретшілердің қатысуымен Шығармашылық үйінің іргетасы қаланды. Мұнда барлық газет редакциялары, республикалық басылымдардың меншікті тілшілері орналасады. Ғимарат жанынан заман талабына сай типография, 10 көлік тұрағы салынбақ. Шығармашылық үйінің құрылысымен «Орион ЛТД» ЖШС айналысып жатыр. Құрылыстың сметалық құнына қажетті 658 млн. теңгеден астам қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Серіктестік директоры Ш.Жаңабергеновтың айтуынша, құрылыс жұмыстары алдағы жылдың қазанында аяқталуы тиіс. Бірақ серіктестік одан ерте бітіруге уәде етіп отыр.

«Шығармашылық адамдары да оқушылар секілді жаңа кабинеттеріне 1 қыркүйек күні кіреді», - деді облыс әкімі әзіл-шыны аралас.

Шынар БЕКБАН

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары