Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
КӨЗБОЯУШЫЛЫҚСЫЗ ӨТКЕН БАЙҚАУ
26.02.2013 15:07

Қоршаған ортаны қорғау, табиғат-ананы аялау мақсатында «Сыр табиғаты» газетінің ұйымдастыруымен «Мен табиғатты сүйемін» атты жас суретшілер сайысы өтті. Аталмыш басылымның негізінің қалануына ұйытқы болған «Сыр табиғаты» қауымдастығының атқарушы директоры Айсұлу Алпысбайқызы өз сөзінде байқаудың барысына тоқталып, жасыл экономикаға түсінік берді. Жүзге жуық мектеп оқушылары қатысқан байқау 3 кезеңнен тұрды. Төрт айға созылған шараның негізінде экологиялық мәселелер де көтерілді. Байқаудың шешуші кезеңіндегі Байқоңыр мен Аралдың тағдырына қатысты суреттерді көргенде, еріксіз таңдай қағасың. Әділ қазылар алқасын бастаған Суретшілер одағының мүшесі, белгілі суретші Қайырбай Зәкірұлы өнер туындыларына «Америка, Франция көрмелеріндегі суреттерге жетеғабыл» деген баға берді. Тұла бойына талант біткен жас суретшілердің қарым-қабілетіне қарап, болашағынан зор үміт күттіретіндер жетерлік.

Шараның әділ түрде өткеніне ешкім дау келтірмеді. Бәрінің көз алдында болған байқау бірде-бір көзбояушылыққа бой алдырмады. Ақтық мәреде Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің бастығы Марат Құрманбаев «Мен табиғатты сүйемін» атты облыстық жас суретшілер байқауының I орын иегері Маржан Байзақты өзі марапаттады. II дәрежелі диломды Темірбек Рахым иеленсе, III дәрежелі дипломды Тайжан Нұрбек қанағат тұтты. Сонымен қатар, 15 сайысқа қатысушы алғыс хатпен марапатталды. Барлық марапатталушыларға бағалы және ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Насихат жұмыстарын жүргізген мектеп директорлары мен мұғалімдер де назардан тыс қалған жоқ. Атап айтсақ, №136 мектеп директоры Қайыркүл Әбдиева мен сол мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Мұрат Ысмаилов және №9 мектеп-гимназияның директоры Ләззат Балатайларды ерекше атап, алғыс хатпен марапаттады. Бір кітаптық дүниені бір суретке сыйдыра білген жас суретшілердің талантына тәнті болғандар ерекше көңіл-күйде тарасты.

Г.ЕСІМОВА

 
ТАҒАЙЫНДАУЛАР
26.02.2013 09:07

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 21 ақпандағы өкімімен Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы лауазымына Нәметша Сержан Қасқырұлы тағайындалды.

Нәметша Сержан Қасқырұлы 1976 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер-құрылысшы, 1998 жылы Мәскеу Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетінің Қызылорда филиалын экономист-менеджер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1970 жылы Қармақшы ауданы Жосалы нан қабылдайтын пунктінің жұмысшысы болып бастаған, 1976-1978 жылдары «Қызылордасельстрой» тресі ПМК-1602 бригадирі, құрылыс мастері, прорабы (Қармақшы ауданы), 1978-1982 жылдары Қармақшы ауданы Жосалы механикалық зауытының бас инженері, 1982-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Қармақшы аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1990-1992 жылдары халық депутаттары облыстық Кеңесі төрағасының аға кеңесшісі, референті, бас маманы, 1992-1994 жылдары Қызылорда облысы әкімінің көмекшісі, 1994-1995 жылдары Қызылорда қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары, 1995-2004 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, орынбасары, 2004-2006 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2006-2009 жылдары облыстық құрылыс басқармасының бастығы, 2009-2010 жылдары облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы, 2011-2011 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы, 2011-2012 жылдары облыстық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2012 жылдан осы уақытқа дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.

***

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 21 ақпандағы өкімімен Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы лауазымына Шамұратов Нәжмадин Шәкизадаұлы тағайындалды.

Шамұратов Нәжмадин Шәкизадаұлы 1986 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты Қызылорда филиалын инженер-гидротехник, 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер, 2004 жылы «Қайнар» университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қазалы қаласы № 64 жылжымалы мехколоннаның шебері болып бастаған. Қазалы аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Қазалы аудандық әкімшілік жанындағы жастар жөніндегі комитетінің төрағасы, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, осы ауданның әкімі, 2005 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастығы, 2010-2011 жылдары облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2011 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейін ҚР Құрылыс және ТКШ істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

***

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 21 ақпандағы өкімімен Қызылорда облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Шәменов Өмірбек Мөрәліұлы, Қызылорда облысының құрылыс басқармасының бастығы Жылқайдаров Әмірқұл Романқұлұлы басқа жұмысқа ауысуларына байланысты атқаратын қызметтерінен босатылды.

 
ШЫНЫ ЗАУЫТЫН САЛУ ТАҚЫРЫБЫ ТАҒЫ КӨТЕРІЛДІ
22.02.2013 18:21

Қызылордада шыны зауыты салынуы мүмкін. Көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан бұл тақырыпқа облыс әкімі бүгін қайта айналып соқты.

- Зауыттың қазығы қағылып қойылған. Бірақ бұл мәселе назардан тыс қалған. Осының салдарынан Ақтөбе алдымызға түсіп кетіп, шыны зауытын сонда салынатын болды. Облысымызда шыны шығаруға қажетті барлық шикізат көзі бола тұра, өңірдің экономикасына зор серпін берер өндірістен, ірі жұмыс орнынан айырылғанымыз өте өкінішті, - деді Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде.

Қолда барды бағалау жағы кемшін бізде. Аймақ басшысы осы мәселені үкімет басшысының алдына қайта қойғанын айтты.

- Премьер-министрдің қабылдауында болып, жобаның қайта қаралуын сұрадық. Зауытты орналастыру жайы әлі пысықталатын болады, - деді ол.

Бүгінгі күннің өзекті проблемасының бірі – облыста өңдеу өнеркәсібінің баяу дамуы. Оны шешудің бірден-бір жолы – шикізаттық тәуелділіктен арылу. Ол үшін пайдалы қазбалар қоры да және басқа да мүмкіндіктер жеткілікті.

- Шиелі ауданында ванадий кен орны бар. Қазіргі таңда «Балауса» серіктестігі «Бала-Сауысқандық» кен орнында қара тақтатасты автоклавты өңдеу жобасын іске асыруда. Жоба шеңберінде жалпы қоры 800 мың тоннаға жуық ванадий өндірісінің төңірегінде қосалқы өндіріс көздерін ұйымдастыру жоспарланып отыр, - деді Қ.Көшербаев.

Бұл өз кезегінде аймақтағы шикізаттық емес сектордың дамуына ықпал етіп, ал ол өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өңдеу өнеркәсібі саласының дамуына ықпал етпек.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ҚЫЗЫЛОРДАҒА 22 АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ
22.02.2013 18:21

Қызылордалықтарды әбден мезі қылған маршрут мәселесі біртіндеп шешімін табады. Бұл туралы бүгін есеп беру жиынында аймақ басшысы айтты.

- Талай жылдан бері сын тезінен түспей келе жатқан жолаушы тасымалдау жүйесін түбегейлі өзгертетін уақыт жетті. Осы мәселені шешу үшін биыл бюджет қаржысы есебінен арнайы мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын құрылатын болады. Сол арқылы біз автобус паркін жаңалауды қолға аламыз, - деді Қырымбек Көшербаев.

Көп ұзамай Қызылорда қаласына 22 автобус алынбақ. Ол үшін бюджеттен қаржы қаралды. Тағы бір түйіні тарқатылмаған мәселе, облыс орталығында қазіргі заман талабына сай келетін автовокзал жоқ. Аудан, қала және облысаралық жолаушылар тасымалына бұл кері әсер етіп отыр. Сондықтан қаланың Сұлтан Бейбарыс көшесінде мемлекеттік және жеке меншік әріптестігі шеңберінде қалааралық автовокзал салынбақ.

Назерке САНИЯЗОВА

 
2015 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ЫСТЫҚ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
22.02.2013 18:20

Қызылорда қаласы 2015 жылға дейін орталықтандырылған ыстық су жүйесіне қосылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі есепті кездесуде айтты.

Қызылорда қаласы – республикадағы ыстық сумен қамтылмаған жалғыз облыс орталығы. Бұл, әрине, қала халқының өмір сүру деңгейіне кері әсер ететіні сөзсіз.

- Қаланың қолданыстағы жылу көздерінің қуаттылығы барлық көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен жабдықтауға жеткілікті. Оған қоса жылу жүйелерінің диаметрі ыстық сумен жабдықтауға есептелген, - деген Қырымбек Көшербаев тұрғындарға бұл мәселенің екі-үш жыл көлемінде шешілетінін жеткізді.

Осыған байланысты қаланы ыстық сумен жабдықтауға байланысты биыл облыстық бюджет тарапынан жоба әзірленбек. Ал алдағы жылдары республикалық бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.

Назерке САНИЯЗОВА

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары