Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
КЕНЕДЕН КЕЛЕР ҚАУІП КӨП
22.02.2013 15:34

Бүгін Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында өткен дөңгелек үстелде белгілі болғандай, өңірімізде конго-қырым геморрагиялық қызбасы індетінің табиғи ошақтары көбейіп келеді. 2011 жылы облыс бойынша аталған індет 73 елді мекенді жайласа, бір жылдың ішінде мұндай елді мекендердің саны 98-ге жеткен. Атап айтар болсақ, Жаңақорған ауданында - 15, Шиелі ауданында - 24, Сырдария ауданында - 14, Жалағаш ауданында - 6, Қармақшы ауданында - 5, Қазалы ауданында - 8, Арал ауданында - 15 және Қызылорда қаласында 11 елді мекен індетті тарататын қауіпті орындарға айналып отыр. Өткен жылы облыс бойынша 6942,4 гектар жерге кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 268 елді мекеннен 50 мыңға жуық кене табылып, 4120 кенеден конго-қырым геморрагиялық қызбасының вирусы анықталды.

Былтыр бұл ауруды облыс көлемінде 8 адам жұқтырған. Ауру жұқтырғандар - Жаңақорған, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласының тұрғындары. Тіркелген аурулардың 75 пайызы мал бағу кезінде аурудан қорғану ережелерін сақтамағандықтан жұқтырғандығы белгілі болды. Үстіміздегі жылы індеттің алдын алу мақсатында көктем және күз айларында қауіпті саналып отырған елді мекендер аумағына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Ә.БОЗАНОВА

 
ЖАСТАРДЫҢ ТІЛІ НЕГЕ ШОРҚАҚТАНЫП БАРАДЫ?
22.02.2013 15:33

Облыс бойынша барлық кітап қоры төрт жарым миллионға жуықтайды екен. Оның ішінде қазақ тіліндегі оқулықтардың саны екі миллионнан асады. Ал Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасындағы кітаптар саны бүгінде 430 426-ға жеткен. Бұл кітапхана оқырманының саны қазіргі күні отыз мыңнан асып отыр. Оқырман демекші, ғасыр көші алға жылжып, ақпараттық технология заманы өрістеген сайын рухани дүниенің азығы саналатын кітапты жиі оқып, кітапханамен тұрақты байланыс жасап отыратын адамдардың қатары сиреп бара жатқаны мәлім. Кітапханаларға, әсіресе, жоғарғы оқу орнының студенттері «жиі» барады. Онда да оқытушыларының үйден орындауға берген тапсырмаларын іздеу үшін амалсыздан «оқымыстының» күйін кешуге мәжбүр. Жастардың бәрі бірдей емес, әрине. Дегенмен, кітап деген рухани қазынаның ұлылығын танып жүрген жастардың қатары сирек.

- Білімнің бастауы - тек кітаптан. Қазіргі жас буын өкілдері бұған аса мән беріп қарамайды. Кітапты аз оқиды, газет-журналға көз жүгіртпейді. Қазір жастардың тілге шорқақ, ойын дұрыс жеткізе алмайтын мәселесінің түпкі тамыры осында жатыр. Бұрын біз құрбы-құрдас, дос-жарандарымызбен бірігіп, кітаптарды жарысып оқитынбыз. Ал, бүгінгі жастар таңның атысы, күннің батысы тек компьютердің алдында отыруды ғана біледі. Заманның ағымына қарай технологияны да пайдаланған дұрыс қой. Алайда кітаптың адамға беретін азығы бөлек болады. Біз осыны соңғы буын өкілдеріне жүйелі түрде ұғындыруымыз керек,- дейді ардагер-ұстаз, дербес зейнеткер Х.Құнанқараев.

Жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада «Жас Отан» жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалы және облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Досыңа кітап сыйла» деген тақырыппен акция өткізілді. Білімге құштар, оқуға ынтық кітапқұмар жастар бір-бірімен өздерінің оқыған кітаптарын алмасты. Акцияның негізгі мақсаты - кітаптың құндылығын насихаттап, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру. Алайда, мұнда жиналған жастардың басым көпшілігі - мектеп оқушылары. Алдағы уақытта мұндай игі шараларға өзге де салада оқитын немесе қызмет атқаратын азаматтарды тарту жолға қойылғаны дұрыс. Кітап әлемінен алыстаған адамның болашағы бұлдыр, келешегі күңгірт болатынын ескерсек, рухани қазынаның қасиетін ұлықтауға тек жастарды ғана емес, қоғамның барлық кітапқұмар мүшелерін ұйымдастырған жөн болар еді.

Ә.НАЖМАДИН

 
ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
22.02.2013 14:29

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев елге есеп берді. Аймақ басшысы баяндамасында негізінен өңірдің өзекті мәселелерін қамтып, олардың шешілу жолдарын тілге тиек етті.

- Өзім қызмет бабымен кең-байтақ Қазақстанның қай жерінде жүрсем де, осындай қасиетті өлкенің тумасы болғанымды мақтаныш етемін. Ешқашан туған елден тамырымды үзіп, назарымды бұрып көргенім жоқ. Қызмет бабымен елдің әр қиырында жүрген сәттерде де мен сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен ақ тілектеріңізден кенде болған емеспін, - деген Қ.Көшербаев жерлестеріне шексіз ризашылығын жеткізді.

2012 жылғы жұмыстардың негізгі көрсеткіштері БАҚ-та бұған дейін жарияланған болатын. Оны қайталап жатуды жөн санамаған әкім алдағы міндеттердің, басты түйткілдердің жай-жапсарын таразылап, негізгі бағыттар жайлы ғана айтты. Былтыр облыстағы өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 трлн., ал ауыл шаруашылығы құрылымдарында 48,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Облыс экономикасының барлық салаларына 253,5 млрд. теңгеге инвестиция тартылды. Барлық көздерден 293,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Экономикалық өсім бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға ықпал етті. Жыл ішінде облыс бюджеті республикадан бөлінген трансферттермен қоса 50,5 млрд. теңгеге өсіп, 144,6 млрд. теңге боп бекіді. Экономикалық өсімнің арқасында әлеуметтік салада да оң нәтижелерге қол жеткізілді. Алдыңғы жылға қарағанда, жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеді. 6,4 пайыздық инфляция деңгейінде жан басына шаққандағы нақты ақшалай табыс өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1 пайызға артқан.

- Дүние жүзіне әйгілі социолог Самуэль Хантингтонның дәлелдеуінше, мемлекеттің дәулеті артқан сайын қоғамның да сұранысы өседі. Толық қанағаттанған қоғам болуы мүмкін емес. Алайда, кез келген мемлекет қоғамның сұранысы мен өзінің мүмкіндіктері арасындағы айырманы бақылап, оны ұлғайтпауға күш салуы тиіс, - деді аймақ басшысы.

Әкімнің, әсіресе, өндіріс орындарын құру, жерасты байлығын тиімді пайдалану, халықты ыстық сумен қамту, қоғамдық көліктер паркін жаңалау сияқты мәселелерге байланысты айтқан ойы көптің көңілінен шықты.

Назерке  САНИЯЗОВА

 

 
АУДАННЫҢ БАС САЛЫҚШЫСЫ 7 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
20.02.2013 15:26

Қызылорда облысының экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқо­рлыққа қарсы кү­рес департаментінің басқарма бастығы Н.Сәр­сенбаев сыбайлас жем­қорлық санат­ындағы қылмыстар жөнінде есеп берді. Алдың­ғы жылы осындай 86 қылмыс ашыл­ған. Оның   ішінде  парақорлық – 40 факт,  11-і – қызмет өкілдігін асыра пайдалану, 16-сы – бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, 8-і – қызметтік жалғандық жаса­у, тағы 8-і – алаяқтық сипатында. Әсіресе, па­ра­қорлық  белең алып тұр.

Мәселен, Қазалы ау­дандық салық бас­қар­масы бастығының орынбасары А.Сәтбаев  бір емес, екі жағдайда заң шеңберінен шығып, қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Алғашы­нда жеке кәсіп­керге айыппұл салмайтын болып, 25 мың теңге ал­ған. Ал екіншісінде салық басқармасының бастығы П.Яқияның өз орын­басарынан, яғни Сәтбаевтан 50 мың теңге алғанына байла­нысты қылмыстық іс қозғалған. Істің мәні былай. П.Яқия осы жылы басқарманың әкім­шілік ғимаратын жөн­деуден өткізу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін біле тұра, өз орынбасары Сәтбаевқа «Қамқор-вагон­» ЖШС Қазалы вагон­ жөндеу депосы филиа­лының бас есеп­шісінен 50 мың теңге көлемінде пара алуды тапсырған. Бүгінде А.Сәт­б­аев қамауда отыр. Ал басқа­рма  бастығы  қа­мауға алынған жоқ. Қылмыстық іс тергеліп  жат­қан көрінеді. Қаржы полициясының басқарма басты­ғы Н.Сәрсенбаев сот отырысынан кейін П.Яқия 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екендігін айтты.

Г.ЕСІМОВА

 
ЖУРНАЛИСТЕРДЕН НЕ ЖАСЫРДЫ ЕКЕН?
20.02.2013 15:24

Өткен бір жылда Қызылордада 30 млн. тоннаға жуық «қара алтын» өндіріліпті.  Бұл – қазақ мұнайының бір жылдық үлесі­нің 38 пайызы деген сөз. Бірақ ел байлығын жан-жақтан талап жатқандар жетерлік. Осы мәселе облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысқан құқық қорғау органдарының үйлес­тіру кеңесінде сынға алынды. Прокурорлардың айтуынша, алдыңғы жылы заңсыз мұнай айналымына қатысты 24 қылмыс­тық іс тіркелген. Экономикалық қылмыс­тардан 1 млрд. 518 млн. теңге бюджет тайқа­за­нына түспей, басқалардың уысында кетсе­, заңсыз мұнай айналымынан келген шығын 10 млрд. 815 млн. теңгенің үстіне шықты.

Ең қызығы, ел білуге тиіс мәселені тал­қылау алғашқы бес-он минуттан кейін жабық есік жағдайында жалғасты. Баян­дамада не айтылғанының өзі құпия біз үшін. «Артық ақпарат» кетіп қалады деп күдік­тенген сияқты. Журналистер басталмай жатып­ бөлмеден шығуға мәжбүр болды. Себеб­і талқыланатын мәселелер мемлекет­тік құпия екен. Журналистердің жұмысын «барып кел, шауып кел» баланың тірлігіне ұқсатқаны бір түрлі. Бастысы, халықтан не жасырды десеңізші...

Г.АМАНҒАЛИҚЫЗЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары