Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ДАРИЯДА ҮЗIЛГЕН ДЕМ
07.06.2012 12:05

Сақтықта  қорлық  жоқ!

Жаз басталысымен дария үш адамды жалмап тынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым­ның 2-сі күні өзен суына екі адам батып кеткен.­ Жосалы кентінің тұсында ізі-қайым жоғал­ған 39 жастағы қармақшылық Қайрат Жанпейісовті құтқарушылар табандарынан таусыла іздеп жүр. Ал Қазалы ауданының тұрғыны Асхат Қабақбайдың мәйітін жергілікті жұрт бір жарым сағат ішінде тапты­. Абай ауылының үстінен өтетін Сыр суына 13 жастағы мектеп оқушысы салқындайын деп түссе керек. Жексенбі күні тағы бір қайғылы оқиға орын алды. Қазалы гуманитарлық колледжінің студенті, 1984 жылы туылған Қанат Сүгірәлиевтің жақын-жуықтары қапыда қара жамылды. Абайсызда «тілсіз жаудың» құрбанына айналған марқұмның мәйіті әзірге жағаға шығарылған жоқ.

Жексенбінің кешінде Қазалыда құйынды жел тұрып, ол да құтқарушыларға жұмыс тауып берді. Аудан орталығында орналасқан №249 мектеп-лицей­ ғимаратының шатырын қатты жел көтеріп кеткен. Оңтүстік-батыстан секундына 15-18 метр жылдамдықпен соққан күшті желдің әсерінен оқу орнының 250 м2 көлемді шатыры зақымданған. Абырой болғанда, одан зардап шеккен ешкім жоқ.

Н.ШАМАУ

 
ҚАСИЕТТI ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ
07.06.2012 12:03

Еліміздің тәуелсіздігін айғақтайтын – төл рәміздеріміз. Бірақ, соңғы уақытта шетелдегі спорт додаларында, ішінара өз елімізде ұлттық құдылықтарымызға «шек келтірулер» жиі орын алып жүр. Біздің жүрегімізге рухани толқыныс пен патриоттық сезімді тудыратын әнұранымыздың орнына қиқу салған, реңсіз әрі мәнсіз даңғаз­а музыкалар қойылып, туымыз қоқыс сала­тын дорбаға айналып, біраз ұятты болған жайымыз бар. Алайда, аймағымызда рәміздер күніне орай ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» акциясы орын алған кейбір кемшіліктерді жуып-шайып жібергендей.

 
«ХАЛЫҚТЫҚ IPO» - ХАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ
07.06.2012 11:58

Еліміздің кез келген азаматы ұлттық компаниялардың белгілі мөлшердегі құнды қағазын сатып алып, акционер атануына мүмкіндігі бар. Қыркүйек айынан­ бастап сатылымға шығатын компаниялардың акциясы еліміздегі орташа табыс табатын азаматтардың қаржылық жағдайына байланысты бағалануда. «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында сатылған акцияларды қазақстандықтар ғана иелене алады. Жуырда облыс тұрғындарына бағдарламаның жай-жапсарын түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда­ министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның, ҚР Ұлттық банкі мен еліміздің қор биржасы мамандарының қатысуым­ен Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында кеңес өтті. Онда әр саланың мамандары бағдарлама төңірегінде сауал қойып, тиісті жауап алды.

 
ҚУАНСА, БАЛА ҚУАНСЫН!
07.06.2012 10:46

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында өз қамқорлығына алған Қазалы ауданындағы «Шапағат­» мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын және Жаңақорға­н ауданындағы «Балдырған» қоғамдық қоры балабақшасының тәрбиеле­нушілерін мерекемен құттықтап қайтты.


Бірегей орталыққа – 17 жыл

«ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы өз қарауына алған Қазалы ауданындағы «Шапағат» мүгедек балаларға арналған оңалту орта­лығын туған күнімен құт­тықтады. Орталықтың құрыл­ғанына 17 жыл толды. Айтулы мерекені шапағаттықтар дәстүр бойынша үлкен кон­цертпен атап өтті.

«Шапағат» орталығы 1995 жылы мамырда құрылған. 17 жыл ішінде мұнда 200-ден астам мүгедек бала мамандан­дырылған көмек алды. Соның ішіндегі қырыққа жуық бүл­діршін сырқаттарынан айығып, мектеп қабырғасында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Кейбіреулері жоғары оқу орындары мен колледждерде оқып жатыр. Бұл, әрине, орталықтағы қызмет көрсету тиім­ділігінің үздік көрсеткіші.

Бүгінгі таңда бұл жерде бала­лардың оңалуына барлық жағдай жасалған. Массаж, тренажер, сенсорлық, физиотерапевтік, электр-терапевтік кабинеттері жұмыс істейді. Балаларды әлеуметтік бейімдеуге әртүрлі секциялар мен үйір­мелер көмектесуде. Әсіресе, орталыққа 15 жыл бойына жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қосқан үлесін айрықша атап өту керек. Мұнайшылар орталықтың туған күніне саусақтардың қимыл-қозғалысын дамытуға арналған арнайы «пазли» ойын кешендерін сыйға тартты.

- «Шапағат» орталығы 15 жыл бо­йына компанияның қамқорлығында келе жатыр. Бөлінген қа­ражат тәрбиелену­шілердің тамақта­нуына, тұрып-жай­ғасуына және қызметкерлердің жалақысына жұмсалады. Біз аудан әкімдігімен тығыз байланыс жасап отырамыз. Орталықтың бүкіл жетістіктері - біздің ортақ еңбегіміз, - деді компанияның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Хусаин Сәрсембаев.

Мерекеге қатысушы қонақтардың ішінде орталықтың түлектері де аз болмады. Солардың бірі - Серікбол Шайхов, жасы 25-те. Көзі көрмей­тін ол өзінің дімкәстігіне қарамастан, өлең мен ән жазады. Оның кейбір туындыларын жергілікті әншілер орындап та жүр. Серікбол өзінің бойында­ғы үрейін жеңуге, өмірге деген құлшынысын оятуға септігін тигізген орталыққа дән риза.

- Мен алты жыл бойына «Шапағат» орталығында тәр­биелендім. Өзіме достар таптым, тәрбиешілер қолдау көр­сетіп, түсіністікпен қарады. Сондай-ақ, орталық өзімнің жеке шығармашылығымды дамы­туға серпін берді. Енді отбасын құрсам деген ойым бар, - дейді ол.

Осы күні «Шапағат» бірегей орталығының, оның президенті Шынар Жеңсікбаеваның және бүкіл ұжым қызметкерлерінің атына көптеген жылы лебіздер айтылды.

- 17 жылда адам балиғат жасқа толады. Осы жылдар ішінде не болмады десеңші, бірақ біз шыдамдылық танытып, жылдан жылға дамып отырдық. Мұның бәрі әкімдіктің, тұрақты демеушіміз «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ компаниясының және бірқатар ірі ұйымдардың арқасы. Балалардың және ата-аналардың атынан оларға зор  алғысымды білдіре­мін, - деді орталық жетекшісі.

Жағымды жаңалық. Мүм­кіндігі шектеулі балаларға арнал­ған «Ер Төстік» республикалық конкурсында «Шапағат» орталығының бес бірдей тәрбиеленушісі жүлделі орын­ға ие болды.

Мереке үлкен концерттік бағдарламамен аяқталды. Мұндай керемет жыр шашуды «Шұғыла» балабақшасының (меңгерушісі Г.Әліпбаева) өнерлі балғындары мен «Жас орда» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Атамекен» аудандық конкурсының бірін­ші кезеңінің жеңімпаздары дайындады. Сонымен қа­тар, шапағаттықтарды құттықтауға «БТА банк» АҚ Қазалы фи­лиалының директоры Т.Ақмырзаев атбасын бұрды. Ол «БТА банк» директоры Н.Шегебае­втың атынан балаларға әкелген ойыншықтарын табыс­тап, бүлдіршіндер мен орталық қызметкерлеріне денсау­лық пен амандық тіледі.

«Балдырғанның» 12-ші түлектері

Жаңақорған ауданындағы «Балдырған» қоғамдық бірлес­тігі жанындағы балабақшаның бітірушілеріне айрықша құр­мет көрсетілді. Болашақ бірін­ші сыныптықтарға компания тарапынан мектепке қажетті жарақтар мен оқу құралдары таратылды.

Бұлар - мектепке дейінгі мекеменің 12-ші түлектері. Осы жылдар ішінде «Балдыр­ған» балабақшасын «Петро­Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» мұнай компаниясы қамқорлығына алып келеді. Компания мұндағы тұрмысы төмен, көп балалы отбастарынан шыққан, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың тәрбие­ленуіне барлық жағдайды жасап­ берген. Балалар балабақшаға тегін барады. Балабақшаны және ондағы жабдықтарды күтіп ұстауға тиісті қаражат бөлініп тұрады.

«Балдырған» облыс бойынша ең үздік мектепке дейінгі мекемелердің бірі болып та­нылған. Сондай-ақ, әрбір мейрам сайын бас сұғатын мұнайшылар балаларды сый-сияпат­тарымен бір қуантып кетеді.

Бітірушілердің бірі – 6 жас­тағы Никита Пятиков. Осы жерде оқуды, жазуды, ән салуды, қазақ және ағылшын тіл­дерінде сөйлеуді үйренді. Енді мектепке дайындалмақ. Болашақта мұғалім болуды армандайды.

Ата-аналар мен тәрбиеленушілер қуаныштан мөлт еткен көз жастарын жасыра алмады. Кешегі ессіз балалар бүгін мектеп табалдырығынан аттауға дайындалуда. Балабақша оларды осы бір жауапты кезеңге барын­ салып даярлауға тырысты. Ертеңгілікте бүлдіршіндер өздерінің көп нәрсені үйренгендерін паш етті. Ән салып, би биледі, жаттаған тақпақ­тарын айтты.

- «ПетроҚазақстан» компаниясы біздің іс-шараларымызға міндетті түрде қатысып тұ­рады және мектепке баратын балал­арды бірге шығарып саламыз. Біз компанияға тұрақты қолдау-көмегі үшін шексіз ризамыз. 12 жыл ішінде балабақшада тұрмысы төмен отбастарынан шыққан 450 бала тәрбиелен­ді, - деген «Балдырған» ба­ла­бақшасының директоры Айсара Нәлібай мұнай компа­ния­сына жасаған қамқорлығы үшін шынайы алғысын білдірді.

 
БАЛАЛАР ҚУАНҒАН КҮН
01.06.2012 14:17

Балаларды қорғау күніне орай ойын-сауық, мерекелік кештер ұйымдастыру дәстүрлі үрдіске айналғалы қашан?! Еліміздің жарқын болашағы саналатын бүлдіршіндерге шадыман күлкі, қуаныш сыйлауды әр ата-ана өзінің міндеті санайды. Осы ретте бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен қалалық демалыс паркінде іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, бүгін қала мектептерінен жиналған 50 оқушы Астана қаласына туристік саяхатқа, Олимпиада және қосымша білім беру орталығына 120 бала, «Сырдария» жазғы тынығу лагерлерінің І ауысымына 150 бала демалуға аттанады.

Мерекеге сай безендірілген қалалық демалыс паркін аралап шыққан облыс әкімі Б.Қуандықов балабақша бүлдіршіндері сахналаған қойылымды тамашалады. «Ертегілер елі» деп аталған мұндағы қойылымдарға «Алпамыс», «Ботақан», «Шұғыла», «Сарыарқа», «Алтын кілт» балабақшаларының тәрбиеленушілері атсалысқан. Одан өзге «Біз өнерлі, тапқыр баламыз» тақырыбындағы көрме қойылса, «Жас суретшілер» байқауы да өз дәрежесінде өтті. Қылқаламның күшімен көрікті ой, ұшқыр қиялдарын сурет етіп салуда сайысқа қатысушылар белсенділік танытты. Әрі қарай биылғы жылы демалыс паркіне орналастырылған аттракционның жұмысымен танысты. Айта кетерлігі, қаланың көрікті жері болғандықтан жуық арада жаңадан алынған тағы да 3 аттракцион халыққа қызмет көрсетпекші. Демалыс орындарының жай-жапсарына қаныққан аймақ басшысы №5 Панфилов атындағы мектеп жанынан ашылған спорт алаңдарына ат басын бұрды. Еліміздегі бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы салынып жатқан спорт алаңдарының саны жыл санап артып келеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде қала көлемінде 30 спорт алаңы салынса, биыл да мұндай игі жұмыс жалғасын табады деп күтілуде. Мұндағы көлемі 42х25 метрлік футбол және 38х15 метрді құрайтын баскетбол алаңдарының салынуына «ИнтерГазорталықАзия» АҚ демеушілік жасаған. Бүгінде спортпен шұғылданатын оқушы балалар қуанышты көңіл-күймен доп қуалап жүр.

- Мемлекет демалыс орындарына назар аударған сайын кәсіпкерлер де өз үлестерін қосуда. Оған себеп – сенімнің пайда болуы. Алдағы уақыттары қаланың барлық, сондай-ақ Тасбөгет, Шанхай, Титов, «Ақмешіт» мөлтек аудандары және «Сыр ана» ескерткішінің жанына демалыс орындарын салу жоспарда бар, - деді аймақ басшысы Б.Баянұлы.

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары