Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
ОБЛЫС ӘКІМІ БАЙҚОҢЫРДА БОЛДЫ
18.02.2013 14:48

Өткен жұмада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласында болды.

Аймақтың жаңа басшысы мұнда қаланың бүгінгі жай-күйімен танысты, бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарға аялдады. Қала мэрі Александр Мезенцев оған Байқоңырдың тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қ.Көшербаев Қален Тоқмұхамедов атындағы мектептің жаңа ғимаратының ресми ашылуына қатысты. Әкімшілік басшысы А.Мезенцев пен облыс әкімі Қ. Көшербаев мектепке кіре берісте салтанатты жағдайда лентаны кесіп, кейін білім ордасының акт залында мектеп ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен кездесті.

Бұдан кейін делегация Владимир Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде болды. Онда білім беру жүйесімен және білім беру процесінің ерекшеліктерімен танысты.

Қ.Көшербаев Байқоңырда жұмыс істейтін қазақстандық құрылымдардың басшыларына «Жол картасы» бағдарламасы туралы айтып берді. Бағдарлама аясында Байқоңырда бірқатар нысандарды құру жоспарланған.

 
ЖАҢАДАН АУДАН ӘКІМДЕРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
15.02.2013 10:35

Кеше аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бірқатар аудан әкімдерін тағайындады.

Алғашқы тағайындау Шиелі ауданынан басталды. Аудандық мәслихаттың келісімімен Мұрат Нәлхожаұлы Ергешбаев Шиелі ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Қырымбек Елеуұлы Мұрат Нәлхожаұлына алдағы қызметінде Елбасы саясатын жүргізуге одан әрі үлес қосып, Шиелі ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына, инвестициялық әлеуетін арттыруға, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға бар күш-жігерін жұмсайды деген сенім білдірді.

Ал бұған дейін Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарып келген Нұрлыбек Машбекұлына ауданның дамуы жолында жасаған еңбегі үшін ризашылығын жеткізді.

***

Мұнан кейін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Арал ауданының активіне аудандық мәслихаттың келісімімен Арал ауданының әкімі лауазымына тағайындалған Мархабат Жайымбетұлын таныстырды.

Арал ауданына сегіз жылдан астам уақыт бойы басшылық еткен Нәжмадин Түркбенұлы Мұсабаевқа өңірдің дамуына, өсіп-өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Жаңадан тағайындалған Мархабат Жайымбетұлы аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен жақсы таныс. Басшылық қызметте ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибелі маман.

«Ол өзінің алдағы қызметінде Елбасының тікелей қамқорлығындағы Арал өңірінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан және жергілікті тұрғындардың ата кәсібі – балық шаруашылығының одан әрі дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынына сенімдімін», - деді аймақ басшысы.

***

Аймақ басшысының сапары Қазалы ауданында жалғасты. Мұнда облыс әкімі аудан активіне аудандық мәслихаттың келісімімен Қазалы ауданының әкімі қызметіне тағайындалған Бахыт Дүйсенұлы Жахановты таныстырды.

Бахыт Дүйсенұлына алдағы қызметінде Елбасының саясатын жүргізе, Үкімет пен облыс әкімдігінің тапсырмаларын орындай отырып, Қазалы ауданының келбетімен қатар инвестициялық тартымдылығын арттыруда және ауданның одан әрі дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Қырымбек Елеуұлы бұған дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарып келген Мұрат Самұратұлына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдірді. «Мұрат Самұратұлы жергілікті басқару жүйесіндегі жинақтаған мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін облыстың одан әрі дамуы мен көркеюіне жұмсайды деген сенімдемін», - деді аймақ басшысы.

***

Облыс әкімі Қырымбек Елеуұлының аудан әкімдерін тағайындауы Қармақшы ауданында қорытындыланды.

Аймақ басшысы Қармақшы ауданының әкімі лауазымына аудандық мәслихаттың келісімімен Мұрат Самұратұлы Имандосовты тағайындады.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы Имандосов Мұрат Самұратұлына жақсы таныс. Басшылық қызметте жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие тәжірибелі маман.

Оған алдағы қызметінде Елбасы саясатын жүргізіп, Қармақшы ауданының сәулеттік келбетін арттырумен қатар одан әрі дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім артылып отыр.

 
МҰНАЙ ҰРЛЫҒЫ ҰШЫНЫП ТҰР
14.02.2013 17:29

Былтыр Қызылордада 30 млн. тоннаға жуық «қара алтын» өндірілді. Бұл дегеніңіз– қазақ мұнайының бір жылдық үлесінің 38 пайызы. Бірақ ел байлығы талан-таражға түсіп жатыр.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде осы мәселе сынға алынды. Аймақ прокурорының аға көмекшісі Ғабит Тобажановтың айтуынша, 2012 жылы заңсыз мұнай айналымына қатысты 24 қылмыс тіркелген. Жалпы экономикалық қылмыстардан мемлекет 1,5 млрд. теңгеден астам зиян шексе, «қара алтынды» қарпып қалғандардың кесірінен келген шығын одан 10 есе көп. Қызылорда қалалық соты жалпы құны 1 млрд. 853 мың теңге тұратын 8 мың тонна мұнай ұрлаған А.Пұсырманов пен Д.Алланың бас бостандықтарын әртүрлі мерзімге шектеді. Шикі мұнайды заңсыз айналымға шығарған «СП КЗ Юнайтед Груп» серіктестігінің лауазым иелері Б.Ахметов пен Б.Қуанышбаевтар да сотталды.

Жиында ведомствоаралық мобильді топтың атқарған жұмысы қорытындыланып, құқық қорғау және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен ұсыныстар талқыланды.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13.02.2013 20:57

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің келісімімен тағайындалған өзінің жаңа орынбасарларын облыс активіне таныстырды.

Рзақұл Нұртаев енді облыс әкімінің орынбасары ретінде агроөнеркәсіп саласына жетекшілік жасайтын болады. Тау-кен инженері мамандығын меңгерген ол әр жылдары Қармақшы ауданында Төретам қыстағының әкімі, «Инфракос» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, Қармақшы ауданының әкімі, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы, облыс әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. Ал бұған дейін облысы әкімінің бірінші орынбасары болып келді. «Рзақұл Сәденұлы – тәжірибелі маман, білікті басшы ретінде жаңа қызметте де табысты еңбек етеді деп сенемін», - деді аймақ басшысы. Бұдан былай әлеуметтік сала мен ішкі саясат мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары қызметіне жаңадан тағайындалған Ақмарал Әлназарова жауапты. Президент әкімшілігінің келісімімен сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлығына Нұржан Әлібаев келді. Ол құрылыс және төтенше жағдайлар саласына жетекшілік жасайды.

Ал осыған дейін облыс әкімінің орынбасары болған Абай Алпамысов пен Нұрлан Ұранхаев басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымдарынан босатылды.

Назерке САНИЯЗОВА

* * *

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 13 ақпандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Нұртаев Рзақұл Сәденұлы тағайындалды.

Нұртаев Рзақұл Сәденұлы 1982 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері», 2001 жылы Мәскеу экономика және статистика институтын «юриспруденция» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы «Қазахвзрывпром» тресінің Алматы құрылыс басқармасында жерасты жұмыстарында ұңғушы болып бастаған, 1984-1986 жылдары Байқоңыр қаласының № 05909 әскери бөлімінде инженер, 1986-1987 жылдары Байқоңыр қаласының «Спецмашмонтаж» мекемесінде инженер, 1987-1990 жылдары Байқоңыр қаласының № 10992 әскери бөлімінде жұмыс өндіруші, 1990-1993 жылдары «Казтепломонтаж» мекемесінің бастығы, 1993-2001 жылдары Төретам кентінің әкімі, 2001-2004 жылдары «Инфракос» республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры, 2005-2007 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2008-2010 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2012 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.

2012 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

 

* * *

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 13 ақпандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы тағайындалды.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы 1994ж. Алматы мемлекеттік медицина институтын «дәрігер – педиатр», 2006ж. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Қызылорда қалалык балалар ауруханасының қабылдау бөлімінің дәрігері болып бастаған, 1995-1997 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасының бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігер орынбасары, 1997-1999 жылдары Республикалық педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы Қызылорда филиалының кіші ғылыми қызметкері, 1999-2001 жылдары Қызылорда облыстык денсаулык сақтау баскармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 2001-2003 жылдары Қызылорда қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері, 2003-2004 жылдары Қызылорда облыстык денсаулык сақтау баскармасының бастығы, 2005-2007 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналык қызмет көрсету саласын бакылау комитетінің Кызылорда облыстык баскармасының бастығы қызметтерін атқарды.

2007 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда медициналық колледжінің директоры қызметін атқарып келді.

Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы – облыстық мәслихаттың депутаты ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жетік біледі, саяси технологияларды меңгерген тәжірибелі маман.

 

* * *

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 13 ақпандағы өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары лауазымына Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы тағайындалды.

Әлібаев Нұржан Нұрмағамбетұлы 1967 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында туылған. 1992 ж. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер-механик, 2002 ж. «Әулие-Ата» халықаралық бизнес университетін экономист-қаржыгер, 2004ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Арал қаласындағы қайық жөндеу зауытының 1-разрядты слесарь-жинаушысы болып бастаған, 1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет, 1987-1988 жылдары Арал қаласындағы бұрғылау сорғыш-компрессорлық құрал-жабдықтарды шығаратын зауыттың 2-разрядты слесарь-жинаушысы, 1988-1992 жылдары Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің студенті, 1992-1995 жылдары Алматы қаласындағы «КазТЕЛМА» ЖШС менеджері, 1995-2001 жылдары «Анико» ЖШС директоры, Алматы қаласы, 2001-2002 жылдары Тараз қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары «Тараз-2000» корпоративтік қорының директоры, 2003-2005 жылдары Тараз қаласы әкімінің бірінші орынбасары, 2005-2006 жылдары «Мал өнімдері Корпорациясы» АҚ басқарушы директоры, Астана қаласы, 2006-2007 жылдары Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, 2007-2009 жылдары «Маңғыстау облысы әкімдігінің іс басқармасы» МКҚК директоры қызметтерін атқарды.

2009 жылдан осы уақытқа дейін «КазТрансГаз Аймақ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарып келді.

 
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
13.02.2013 20:50

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласының активіне жаңа шаһар басшысын таныстырды. Қалалық мәслихаттың келісімімен бұл қызметке осыған дейін Шиелі ауданын басқарған Нұрлыбек Нәлібаев тағайындалды.

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008 жылдан осы күнге дейін Шиелі ауданын басқарып келді.

Аймақ басшысы жаңа лауазымда оған сәттілік тілеп, осыған дейін шаһар басшылығында болған Мархабат Жайымбетовке Қызылорда қаласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары