Өзекті мәселелер

  • 19.12.19

    Кешегі даласында абақ­тысы жоқ, бес қаруы белінде жүрсе де жауынан өзгеге қару жұмсамаған заманда елдің бір-біріне өкпесі, кеткен есесі болмады дейсің бе? Болды ғой. Бірақ, сол заманның өзінде қойнындағы қаруға тұра ұмтылмай, әділдікті, ақ пен қараны шешетін әулеттің үлкені не ауылдың ажасы, оған көнбей жатса, елдің қожасына жүгінді емес пе? Дау бұған да бөгет бермеген кезде биге барып соңғы ше...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Ақыл  жетпес

    Адамның ақылы өлшеусіз мол. Алайда сол ұлан-ғайыр, шексіз ақылыңның кейде кішкентай, уақ-түйек мәсе­лелерді шеше алмай, тұйыққа тіреліп, жол таба алмай, адасып­  жүретініміз  қалай?!

  • 19.12.19

    «Кувад синдромы» туралы бұрын-соңды естіп пе едіңіз? Мүлдем естімеген болуыңыз да мүмкін. Бұл – ер адамның жүкті әйел секілді күй кешуі. Мұндай да болады. «Кувад» сөзі француздың «couver» деген етістігінен шыққан, яғни қазақшалағанда «жұмыртқа басу» дегенді білдіреді. Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал....

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Шырылдаған бала дауысынан селк ете қалған олар өздері секілді тағы бір күнә­сіз­дің жетім қалғанын сезді. Сәбиді түннің бір уағында тауып­ алған тәрбиеші дереу төсекке жатқызып, жұбата бас­тады. Әбден жылай-жылай көзінен жасы сарқылған баланың демі бітіп, әрең тыныс алады. Көздері жәудіреген бір топ баланың естісі аузындағы емізікті жұлып алып, апайына ұстатты. Жанаршылықпен қараған оның ересек...

    Толығырақ...
  • 19.12.19

    Поэзия

     

    Ботадай боздап аспан жылайды,

    Алдайды бәрін түлкі үміт.

    Жапырақтардан жас тамшылайды,

    Жапырақ жүрек бұлқынып.

Халық-хабар
ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН ЖЕРДІҢ ҚОЖАЙЫНДАРЫ ҚАЙДА?
15.01.2014 15:28

Кеше Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Жұмаханов журналистерге сала бойынша 2013 жылы атқарылған жұмыстардың жай-жапсарын тарқатты.

Бір кездері қала тұрғындарының игілігіне берілген егістік, жайылымдық және шабындық жерлердің мыңдаған гектары жылдар бойы игерілмей жатқаны, күтімнің болмағандығынан тозып, арамшөп басып кеткені жайлы түрлі деңгейде дабылдар қағылуда. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің біріне айналған күрделі жағдайдың күрмеуін тарқатуға қатысты жоғары деңгейде айтыла бастаған ұсыныстар жетерлік. Алдымен пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, кейіннен оларды қолынан іс келетін, қара жерді қаңтарып қоймай, ел игілігіне жарататын іскер азаматтарға беру керектігі тағы бар. Осы орайда қалалық жер қатынастары бөлімінде бұған дейін Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес біршама жұмыстар атқарылған еді. Елбасының тапсырмасы бойынша қала әкімінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі №424 өкімімен қараусыз қалған жерлерді түгендеу шаралары өткізілген. Сонымен қатар мемлекет басшысы берген жұмыстарды бекіту мақсатында 2012 жылғы 1 ақпандағы №22-ө өкіміне сәйкес иесіз қалған жерлерді айналымға енгізу үшін қалалық жұмысшы тобы құрылды.

Пайдаға аспай тұрған жер учаскелерін түгендеу барысында 226 шаруа қожалығы анықталып, жалпы аумағы 7940 гектар болатын жер телімі мемлекет қорына қайтарылды. Сондай-ақ, қала әкімінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №1185-ө өкіміне сәйкес ауыл шаруашылығына арналған игерілмей жатқан жерлердің жалпы көлемі 165,4 гектар, қосалқы шаруашылық жүргізу үшін 8444,6 гектар жер мемлекет қорына қайтарылды.

Қызылорда қаласы бойынша 9162 жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталған жер телімі де игерілмей отыр. Қалада - 2252, Тасбөгет кентінде - 2145, Белкөл кентінде - 233, Ақсуат ауылдық округінде - 1288, Қызылжарма ауылдық округінде 3244 азаматтың тізімі анықталып, ескерту хаттары берілді. Айта кетейік, тексеріс шаралары кезінде 262 жер учаскесі иесінің табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде танылған. Алдағы уақытта облыс әкімінің 2011 жылғы 12 қазандағы №103-ө өкімімен қаланың солтүстік-шығыс жағынан 2000 гектар болатын бос аймақтарды қосу жолы жоспарланып отыр. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 56 млн. теңге бөлінді. Аталмыш жоспар жүзеге асар болса, кезекте тұрған 5100 азаматтың өтінішін қанағаттандыруға мүмкіндік туады. Сонымен қатар Тасбөгет және Белкөл кенттерінің шекараларын өзгертуге жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Бұл жоба өткен жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталды. Бүгінде қала көлемінде 40 583 азамат жер алу кезегінде тұр. Алдағы уақыттарда ескерту хаттары берілген қожайындарға  қайта түгендеу жүргізіліп, ескертпеге сәйкес жер учаскелері діттеген мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда жер телімі мәжбүрлі түрде мемлекет қорына қайтарылып, кезекте тұрғандардың игілігіне табысталатындығы ескертіледі. Қара жерін қараусыз қалдырған қожайындардың қалтасы көтермесе, құрығанда қоршап, іргетасын құйып қоюы керек. Әйтпесе, талай жыл кезек күтіп алған жеріңізден әп-сәтте айырылып қалуыңыз мүмкін.

Н.ШӘКІМ

 
АНАСЫН БАЛАҒАТТАҒАНЫ ҮШІН «ОТЫРЫП» ШЫҚПАҚ
15.01.2014 12:56

Кеше Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Оспанқызы өткен жылға есеп берді.

Бұл соттың төрелігіне былтыр 10529 әкімшілік іс жүктелген. Алдыңғы жылғы есептік көрсеткіштен 507 іске артқан. 9346 адамға әкімшілік жаза тағайындалды. Соның біріне тоқталсақ...

Әлсейітов түн ортасында мас күйінде үйіне оралады. Келісімен анасы Әлсейітоваға былапыт сөздер айтып, аузына келгенді оттайды. Анасына сый көрсетпеген соң, ол шағымдануға мәжбүр болады. Кейіннен ұлы өз анасына ауыр сөздер айтқаны үшін қатты өкінетіндігін жеткізді. Оның мас күйінде жасаған бұл әрекеті оның жазасын жеңілдете алмады. Оған қоса айыпты бұрын да осындай әрекетке барған.

Құқық бұзушы кінәлі деп танылып, он күн әкімшілік қамауға алынатын болды.

Сондай-ақ, айта кетерлігі осы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты өткен жылы ұйымдастырылған «Үздік сот кеңсесі» конкурсынан бірінші орынды еншіледі.

Г.ЕСІМОВА

 
Көктайғақ болады
15.01.2014 09:20

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының мәліметіне сүйене отырып, 2014 жылдың 15–17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейіп, борасын, көктайғақ күтілетінін хабарлайды. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

 
«ҚУАТ»-тың ҚУАТЫНА ҚАНЫҚТЫ
14.01.2014 09:42

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қаладағы «Қуат» ЖШС жұмысымен танысты.

«ҚУАТ» ЖШС 1992 сәуір айында шаруашылық субъектісі ретінде құрылған. Компания құрылған кезден бері Ибраев Асылбек Қасымұлы бас директорлық қызметін атқарып келеді. Компания 1995 жылы өндіріс қызметін бастаған. Қазіргі таңда компания Қазақстан нарығында үздіксіз полимер құбырларын ТНД (жоғарғы тығыздықтағы төмен қысымды полиэтилен) және ПВХ (поливинилхорид) өндіруде. Аталған құбырлар суық қыспақ сумен жабдықтау мен кәрізге, табиғи газды тасымалдауға, сонымен қатар жерасты саңылауын сілтілеуді қазу әдісі арқылы өндіруде қолданылады. Компанияда 75 адамнан астам адам еңбек етуде.

2004 жылдан бастап кәсіпорында СТ ҚР ИСО 2008:9001 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесіне сай келетін сертификат енгізілген. Өндірілетін өнім мемлекетаралық Кедендік Одақ стандартына сай келеді, сертификатталған, қажетті куәліктері бар. Өнімді дайындауға Еуропада, Ресейде және Араб елдерінде өндірілетін жоғары сапалы ПНД (РЕ-100) шикізат қолданылады, ал құбырлар шығаратын қондырғылар Ресейде, Германия, Қытай сияқты елдерде шығарылған.

Компанияның өзіндік өндіріс базасы бар. Жалпы аумағы 14000 м/2 құрайды. Базада төрт өндіріс цехы, шикізат және дайын өнімдерге арналған қойма, кранасты аумақ бар.

2008 жылдың ақпанынан бастап диаметрі 32-ден 315 мм-ге дейін табиғи газды тасымалдайтын ТНД құбырын өндіру іске қосылды. Аталған өнім Қазақстан мен Ресейде сынақтың барлық түрінен өткен. Сынақ қорытындысы бойынша мемлекеттік сапа сертификаты алынған.

Қазіргі таңда «Қуат» ЖШС өз өнімін он бір технологиялық желіде диаметрі 25-630 мм-ге дейін ТНД құбырын, 90 мм ПВХ құбырын өндіруде.

Кәсіпорын басшыларының айтуынша, Қазақстанда теңдесі жоқ күшейтілген ШАП-50У конструкциясы полиэтиленнен жасалған араматураланған шланга өндірісіне арналған желі орнатылған. Компания ТНД және ПВХ-дан обсадтық трубаларын су қоршау ұңғымалары мен жерасты ұңғымаларын сілтілеу үшін тірек-дискілі фильтрлерімен бірге өндіреді. Аталған құбыр түрі Қазақстан аумағы мен  Ресей Федерациясында қолданылуда.

Өзіндік өндірісті кеңейту мақсатында және құрылыс-монтаж ұйымдарының ыңғайлығы үшін 2012 жылы кәсіпорын алынған құрылғы негізінде жаңа өнім түрін – диаметрі 450 мм-ге дейінгі ПНД құбырынан жасалған дәнекерленген ФИТИНГТЕР (құбыр элементтерін байланыстырушы) өндіруді қолға алған.

Аймақ басшысы кәсіпорынды жергілікті өндіруші ретінде қолдап, облыс инфрақұрылымын өткізу барысында осы компанияға тапсырыс беруді айтты.

 
БЕЛКӨЛДЕ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДА НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
14.01.2014 09:42

Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімі «Қазақстан–2050» Стратегиясының қалаға қарасты елді мекендерде жүзеге асырылу барысы жөнінде ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Белкөл кентінің әкімі Ақылбек Арыстанов хабарлады.

А.Арыстановтың айтуынша, кентте 25 кәсіпкерлік нысаны бар. Өткен жылы 4 жеке кәсіпкерлік нысаны (азық-түлік дүкені) ашылған. Мұнан өзге, кентте жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын 800 тонналық сақтау қоймасы бар газбен толықтыру станциясының терминал құрылысы салынуда. Нәтижесінде жаңадан 20 жұмыс орны ашылмақ. Мұнан өзге Қызылорда-Шиелі автожолының бойынан ауыр жүк көліктеріне техникалық қызмет көрсететін ангар құрылысы салынуда. Жоба құны - 210 млн. теңге. Құрылыс іске қосылғанда 17 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Кентте шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамту бағытында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 тұрғынға 9,5 млн. теңге несие беріліп, жаңадан 4 жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар, былтыр кенттегі 2 шаруа қожалығы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12,5 млн. теңге несие алып, 76 бас мал алған. Бүгінде аталмыш шаруа қожалықтары жоба аясында 8 тұрғынды жұмыспен қамтып, жұмыссыздықты жоюға үлестерін қосуда. Сондай-ақ, «Сыбаға» бағдарламасы аясында мемлекеттен несие алған шаруа қожалықтарының ірі қара малға селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен қаржылай қолдау көрсетіліп, субсидия бөлінуде. Бүгінде Белкөл кентіндегі 3 шаруа қожалығы бағдарламаның игілігін көруде. Оларға өткен жылы бюджеттен 4,4 млн. теңге субсидия берілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Шілде 2020 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары