Өзекті мәселелер

  • 10.10.19

    Мұны бәріміз де көп күттік. Жиырма жыл. Аз уақыт емес. Сөз жоқ, бұл жеңістің өзі оңайлықпен келген жоқ. Жасыл алаңда жан беріп, жан алысқан сәтті теледидардан телміре тамашалап, күйініш пен сүйінішті көрудің өзі бір ғанибет­  екен. Бұл күнге дейін не айтыл­мады, мақтау да, даттау да айтылды, бірақ біздің жігіттер жарады. Біздің айтып­ отырғанымыз – жексенбі күні елорда төріндегі «Астана Арена» ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінд­е ұсынған «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік саясаты қоғамның барлық саласын қамтиды. Әсіресе, президент көпбалалы отбасыларға қол­дауды арттыру қажеттігіне ерекше тоқталды. Өйткені, елімі­здегі баспанаға мұқтаж азаматтар саны азаймай тұр. Сандарды сөйлетсек, елдегі үй кезегінде тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың жалпы­  саны 28 мыңнан...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Қызылорда облысында экономика саласын дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетік­тері тиімді пайдаланылып келеді­. 2017 жылдан бастап мұнай өндіру көлемінің айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, жалпы өндірістік өнім көрсеткіші бойынша оң өзгеріс байқалады. Бүгінде өңір экономикасының барлық салас­ында тұрақты өсім қамтамасыз етілуде. Тек өнеркәсіп өндірі­сінде мұнай ұңғымаларының сулану­ы ...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Облыстың оңтүстігінде, қарт Қаратаудың іргесінде,  Сырдария өзенін жағалай қоныстанған, халқы – жайсаң, жері – жомарт Жаңақорған дейтін аудан бар. Батпағының өзі – бренд. Шөбі – шүйгін. Табиғи қазба байлығы талайды тамсандырған өңір. Жайылмалық жұрт жерсіндірген қарбызын алыс-жақын шетеліңіз таласып әкететіні тағы бар. Қысқасы, қазір Қаратаудың етегінде орныққан елдің бірлі...

    Толығырақ...
  • 10.10.19

    Байқоңырлық бұқараның әлеуметтік мәселелері оң шешімін тауы­п келеді­. Бұрын «Ресейдің иелігінде» деп онша иек артпайтын аумақ еді, соңғы жылдары­ екі елдің Үкіметаралық келісімдерінің арқасында «жұлдызды қалашықта» да біраз істің беті бері қарап қалды.  Түсінікті болу үшін тақырыпты тарқатайық.

Халық-хабар
ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
30.01.2013 08:49

Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) дүниеге келген айы мүбәрак болсын!

Осыған байланысты Сіздерді 2013 жылдың 9 ақпан күні Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда өтетін Мәуліт кешіне шақырамыз. Басталуы – сағат 11-де. Кіру тегін.

Пайғамбарымызға салауатты бірге айтайық!

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті

 
ЖАҢАДАН ШАҒЫН АУДАН САЛУҒА БЕТБҰРЫС ЖАСАЛДЫ
30.01.2013 08:48

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен кеше сәулет және қала құрылысы жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісі өтті.

Үкіметтің 2009 жылғы қаулысымен бекітілген Қызылорда қаласының бас жоспарына сәйкес атқарылып жатқан және алдағы уақыттың еншісіне тиесілі жұмыстар туралы алдымен облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Өмірбек Шәменов баяндама жасады. Бас жоспарда Сыр елінің бас шаһарын дарияның сол жақ бөлігіне қарай дамыту көзделген. Бүгінде әртүрлі құрылыс нысандарын салуға 1 532 га жер бөлініп отыр. Онда тұрғын үйлер мен басқа да зәулім ғимараттар бой көтермек. Сөйтіп, уақыт өткен сайын абаттанып, ажарланып келе жатқан қаламызда болашақта тағы бір жаңа шағын аудан пайда болады.

- Сондай-ақ газбен жұмыс жасайтын автономды жылу құбырлары салынады. Қорғаныс бөгеттері қаралған, - деді Ө.Шәменов.

Басқарма бастығы атап өткендей, жаңа ауданға электр жарығы оңтүстік және батыс подстанциялары арқылы жеткізіледі. Сырдария өзенінің үстінен көлік қатынасына ыңғайлы 4, жаяу жүргіншілерге арналған 2 көпір салу жоспарланған. Енді тек ол аумақтың геологиялық жағдайын зерттеу қажет. Қырымбек Көшербаев облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына тиісті қаржыны тез арада бөлуді тапсырды. Соған сәйкес геологиялық тексеру жұмыстарын бірден бастау керек. Облыс әкімі сондай-ақ судан келер қауіпті ескермеуге болмайтынын қаперге салды.

- Қаншама құрылысты салғаннан кейін оны су шайып кетіп жатса, еңбектің зая кеткені. Онда бұл жоба емес, нағыз қылмыс болады. Сондықтан судан қауіп төнбейтініне көзіміз жетуі керек. Бізге кепілдік керек. Жердің жағдайын жіті зерттеп алмай, жұмыс басталмайды, - деп тиянақтады аймақ басшысы өз сөзін.

Қаланың қанат жайып, өсіп-өркендеуіне ынта білдіріп отырған жергілікті кәсіпкерлер баршылық. Мемлекет оларды қай кезде де қолдауға әзір. Облыс орталығының жақын перспективадағы даму мәселесін сөз еткен қала әкімі Мархабат Жайымбетов:

- Батырлар аллеясы жобасын жандандырсақ деген ойымыз бар. Бүгінде Достық, Шығармашылық үйлері бой түзеуде. Алдағы уақытта өнер адамдарына, спортшыларға арнап үй салуды жоспарлап отырмыз. Илья Ильин атындағы ауыр атлетика орталығының құрылысы да – алдағы уақыттың еншісінде, - деді.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қаланы дамытуға мүдделі тиісті сала басшыларына алақандай ғана аймақтық бюджетке қарап отыра бермей, республикалық қаржы тайқазанынан үлес алуға ұмтылуды жүктеді.

Назерке  САНИЯЗОВА

 
БАУЫРЖАН ӘБДІШЕВ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛДЫ
30.01.2013 08:46

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Қарағанды облысы әкімі қызметіне бұған дейін ҚР Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметін атқарған Бауыржан Әбдішев тағайындалды.

Айта кету керек, Бауыржан Түйтейұлы 2010 жылдың қаңтар айынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін Қарағанды қаласының әкімі лауазымында болған. Кейін Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ал, Қарағанды тарихында осы лауазымда бір-ақ жыл отырған Әбілғазы Құсайынов бүрсігүні Елбасы жарлығымен қызметінен босатылып, Қазақстан кәсіподақ федерациясының төрағасы қызметіне ауыстырылған болатын.

 
ЕРЛАН ЫДЫРЫСОВ «БАЙҚОҢЫРҒА» ҚАТЫСТЫ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ
29.01.2013 15:56

Астана мен Мәскеу арасында Байқоңырға қатысты ешқандай келіспеушілік жоқ. Жалға беру шарты өзгереді деген әңгіме де бос сандырақ. Қос елдің сыртқы істер министрлері осындай біріккен мәлімдеме жасады. Ғарыш айлағы төңірегінде туындаған дауды реттеу үшін Қазақстанның Сыртқы істер ведомствосының басшысы бүгін Ресейде келіссөздер жүргізді. Ерлан Ыдырысов әріптесі Сергей Лавровпен кездесуінде ғарыштық саладағы байланыстың жанданбаса тоқтамайтынын ресми түрде айтты.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы Істер министрі:

- Байқоңырға қатысты Ресей мен Қазақстан арасында ешқандай дау да келіспеушілік те жоқ. Ғарыш айлағы үшін Мәскеу мен Астана келісе алмай жатыр деу негізсіз. Ресей - үлкен ғарыш державасы. Сондықтан біз жақын одақтасымызбен ғарыш саласындағы ынтымақтастығымызды бұзамыз деген қандай да бір пікірлер шындыққа жанаспайды, бұл сандырақ.

Ал Мәскеу Астанаға жолданған наразылық нотасы қыр көрсетуді білдірмейді. Ол тек нақтылауды қажет ететін күнделікті жұмыс барысындағы дипломатиялық хат алмасулар деп ақталды. Бұған дейін Қазақстан Үкіметі 2013 жылы Байқоңырдан ұшырылатын «Протон» зымырандарының санын 14-тен 12-ге қысқартқан еді. Құдайы көршіміз шешімді өзгертуді талап етіп бір айда екі нота жіберді. Айта кетсек, шатақ Ұлттық ғарыш Агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың Байқоңыр меншікке қайтарылуы мүмкін деген тосын мәлімдемелерінен басталған-ды. Енді ақпараттық жанжалға соңғы нүкте қойылған сияқты.

 
Бауыржан Омаров Президент баспасөз-хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды
29.01.2013 15:55

Белгілі публицист, ғалым, жерлесіміз Бауыржан Омаров Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз-хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Президентінің баспасөз хатшылығы секторының меңгерушісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігін, БАҚ басқарған. Жерлесіміз – филология ғылымының докторы, профессор, қазақ ұлттық академиясының академигі, Айтматов атындағы халықаралық дебат академиясы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби премиясының лауреаты.

Әр жылдары Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де проректор, Қызылорда әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерінде болды.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары