Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
АРАЛДЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҒАЛЫМДАР КӨЗІМЕН
23.05.2012 14:28

«Арал өңірі аймағының индустриалды-иннова­циялық даму басымдықтары» деген тақырыппен Қорқыт­ ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфере­нция өтті. Конференция қатысушылары алды­мен ғылыми-техникалық кітапхананың арнайы көрмесін тамашалап, университет ғалымдарының иннова­циялық жобаларымен танысты.

Инновацияларды экономиканың барлық салаларында қолдану, оны заман талабына сай индустрияландыру – мемлекетті өркениет көшіне бастайтын қадам болмақ. Білімнің қара шаңырағында ғылымды дамытуға барынша жағдай жасалған. Талмай еңбектеніп жүрген профессорларды ынталандыру мақсатында ғылыми кеңестің шешімімен осы оқу жылынан бастап үздік 75 оқытушы-ғалымға «Университеттің үздік оқытушысы» гранты тағайындалды. Бұл үрдіс болашақта үзілмейтін игі дәстүрге айналмақ. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің білім беру қызметін лицензиялау комиссиясының 2012 жылғы шешімімен университет Phd докторантураның 9 мамандығы бойынша қызмет көрсету құқығын иеленді.

- Елімізде жүзеге асып жатқан индустрияландыру ісінде инновациялық үдерістердің қанат жаюына ерекше мән берілуде. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылып жатқан өндіріс орындарының басым көпшілігі алдыңғы қатарлы жаңа технологиялармен жабдықталуда. Мұндай өндіріс орындарында жұмыс істеу үшін ерекше біліктілік пен білімділік қажет. Ал кәсіптік шеберлікті қамтамасыз етудің бір жолы – адамдарды оқытып үйрету, жаңа мамандыққа бейімдеу. Осы тұрғыда халықаралық «Бола­шақ» бағдарламасы аясында көптеген жастардың шетелдік озық оқу орындарында білім алуы, Назарба­ев университетінің ашылып, интеллектуалдық мектептердің құрылуы еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуына үлкен ықпал ететін болады, - деді университет ректоры Қылышбай Бисенов.

Конференцияға Ұлттық инженерлік академияның бірінші вице-президенті, химия ғылымдарының доктор­ы, профессор, Ұлттық академияның академигі Надир Надиров, геология-минерология ғылым­дары­ның докторы, профессор, Ресей ғылым академия­сының Сібір бөлімшесі геология және минерология институтының аға ғылыми қызметкері Сергей Криво­н­огов, техника ғылымдарының докторы, професс­ор, Ұлттық инженерлік академияның академигі, Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық техникалық универ­ситетінің кафедра меңгерушісі Меңлібай Мырзах­метов қатысты.

- Аралдың батыс бөлігінде мұнайдың мол қоры бары анықталып отыр. Болашақта теңіздің айналасы мұнай мен газдың ортасына айналуы ғажап емес. Осынша жерасты байлығын ендігі жерде табиғатқа залалы тимейтіндей етіп игеруді қарастыру керек, - деді Қазақстанның құрметті мұнайшысы Н.Надиров.

Шара барысында ғалымдар Арал аймағын заманға сай дамытуға байланысты жобаларымен бөлісіп, өз ұсыныстарын білдірді.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 
ТАЖАЛҒА ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?
23.05.2012 14:26

СПИД (ЖИТС) – ғасыр дерті. Бұл тажалдың азуына іліккендер жыл санап артып келеді. Мәселен, ВИЧ инфекциясымен жер бетінде 60 млн. адам тіркелген. Ал ТМД бойынша Қазақстан 5-орында тұр. Елімізде 18 мыңнан астам адам осы індетті жұқтырса, біздің облыста 70-ті құрап отыр. Бұл мақтанарлық көрсеткіш емес.

СПИД ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мен Қорқыт ата атындағы ҚМУ ұжымы Студенттер сарайында «Денсаулықты және құндылықты бірге жақсарту» тақыры­бында акция ұйымдастырды. Мақсат – індеттің алдын алу, жасөспірімдер арасында сақты­қ шараларын кеңінен насихаттау. Ең бастысы, дені сау, салауатты ұрпақ калыптастыру. Бұл үрдіс 1983 жылдан бері жалғасып келеді. Шара барысында мамандар ғасыр дерті тура­сында айтып, студенттер өнер көрсетті.

Айнұр  ТӨРЕМҰРАТОВА

 
ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
22.05.2012 15:01

Аралдықтар үшін маңызды теміржол құрылысы басталатын болды. Көптен күткен бұл істің ел игілігіне жарайтын уақыты да таяу. Жуырда Атанши ауылдық округінде Жезқазған – Сексеуіл - Бейнеу теміржол құрылысының сызбасын жасап жүрген топтың жетекшісі, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директоры Әділша Ермұхановпен кездескен аудан әкімі Н.Мұсабаев тарихи бастамаға сәттілік тілеген-ді.

Ирек-ирек құмдарымен ерекшеленетін даладан тікелей Сексеуіл кентіне тартылып, одан әрі Шалқар, Бейнеуге бет алатын шойын жолдың бойы енді қайнаған еңбек ұясына айналмақ. Яғни, құрылыс аясында 10 мыңға тарта адам жұмыс жасайды. Ал теміржол құрылысы біткенде, орта есепппен 3 мыңға жуық жанға нәпақа табылмақ. Бұл – Арал ауданы үшін үлкен жетістік. Елбасының әлемді әбігерге салған дағдарысты елеместен осындай қадамға баруы үлкен тәуекелшілдікті аңғартса керек. Әрбір 20 шақырым сайын бекет салынып, оның инфрақұрылымы да айрықша қарқынмен дамымақ.

Иә, Жезқазғаннан бастау алған жол құрылысына қарама-қарсы Сексеуілде де серпінді жұмыс жүрмек. Бүгінгі таңда жобаны іске асыратын мердігер мекеме де анықталды. Орталық кеңсесі Сексеуіл кентінде орналасқан «Базис-А» корпорациясы бүгінде жұмысшыларды жинап жатыр.

Сонымен, жіңішкеқұмдықтарды тепловоз үнімен оятып, байтақ даламыздың сан белесін артқа тастап, Тербенбес тауының баурайындағы іргелі мекенмен ұштасатын теміржолдың құрылысы басталады.

 
ЖҮРЕГІНІҢ ЖЫР ПАРАҒЫН АҚТАРҒАН
22.05.2012 15:00

Сұлу қыздың қос бұрымындай өрілген қос өзен Әму мен Сырдың бірінде туылып, екіншісінің бойын мекен еткен, қарақалпақ пен қазақ еліне деген махаббатын адал еңбегі мен өнері арқылы танытып жүрген Сұлушаш Сұлтанова ұстаздық пен ақындықты қатар алып келеді. 1986 жылы Өзбекстан жерінен көшіп келіп, қаладағы №253 орта мектепте ұстаздық жолын жалғастырған Сұлушаш Жақияқызы бүгінде осы білім ошағында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Ол - отыз жылдан аса уақыт бойы болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, өмірін өлеңмен, өлеңін өмірімен өрнектеп жүрген шынайы ғұмыр иесі, өз жанын аямайтын, еңбекті бағалайтын жан. Қолы қалт еткенде, жүрегінен шыққан жыр шумақтарын қаламымен ақ парақ бетіне төгілтеді. Сол жазғандарын топтап, 2009 жылы жергілікті «Тұмар» баспасынан «Жүрегімнің жыр парағын ақтарамын» атты жыр жинағын шығарса, жақында «Толғайды жүрек толғайды» атты кітабы оқырманға жол тартты.

Апта басында №253 орта мектепте ақын-ұстаз С.Сұлтанованың аталған жыр жинақтарының тұсаукесері өтті. Әуелеген ән, мың бұралған би, ұстаз-ақын жырларымен келісті өрілген кешті мектеп директоры Нүрия Сәдібекова ашып, әріптесіне әдемі де, әсерлі сөз арнады. Мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ниязбаева «Ақын және оның шығармашылығы» атты баяндамасы арқылы кеш иесінің өмірін деректеп, жырларына талдау жасады. Қос жыр жинағының редакторы, «Халық» газетінің бас редакторы Н.Әбжанұлы өлең жазу, оны кітап етіп бастыру екінің бірінің қолынан келе бермейтінін, ал С.Жақияқызының бойынан аналық мейірім де, ұстаздық ұлағат та, ақындық талант та табылатынын, оның жырларынан адамгершілікке, адалдыққа, аналық махаббатқа толы жүрегі мен жан-дүниесінің мөлдірлігін айтқызбай-ақ тануға болатынын жеткізді. Сондай-ақ, кеш қонақтары, облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру институтының маманы Қ.Есекеева, қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Әлімбетова, «Ер төстік» балабақшасының меңгерушісі А.Ниязова, мектептің ардагер ұстаздары, достары және ағайын-туғандары сөз алып, автордың махаббаттан, сағыныштан, аңсаумен қатар өкініштен туған өлеңдері әрбір адамға ой саларлық тәлімі мен тәрбиесі мол дүниелер екенін тілге тиек етіп, сый-сияпат жасады.

Кеш барысында мектеп оқушылары ұстаз-ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, әуелетіп ән шырқаса, «Нұрсәт» балабақшасының бүлдіршіндері періште көңілмен тілек айтып, биден шашу шашты. Жиналғандар өмірге деген құмарлығы, өз ұлтына деген сүйіспеншілігі, өнерге деген өшпес жалыны бар Сұлушаш Жақияқызының жүрегінің әлі де талай жырларды төгері сөзсіз деген тілекпен тарқасты.

Н.КЕНЖЕТАЙ

 
МҰРАЖАЙ ЖӘДІГЕРЛЕРІ КӨБЕЙДІ
22.05.2012 14:54

Ертеден қалған жәдігерлерімізді бүгінгі ұрпаққа өнеге етіп, ұлттығымызды, елдігімізді, тарихымызды танытатын мәдениет ошағы мұражай екендігі белгілі. Көненің көзін көрген халық құнды тарихи жәдігерлерді көзінің қарашығындай сақтайды. Мұндай хаттар жеке үй ішінде немесе жеке адамдар игілігінде ғана емес, мұражайда сақталып, елге көрсетілгені дұрыс. Бұл ретте біздің өңір азаматтары да белсенді атсалысуда. Оған 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Мұражайға беріп мәңгілендіру» тақырыбында өткен мәдени акция дәлел. Акция барысында музей қоры толықтырылды. Бірқатар азаматтар өнер жанашыры ретінде тарихи құны бар көне жәдігерлерді мұражай қорына табыстады. Олардың қатарында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ө.Мамақова, зергер З.Абдуханов, қолөнер шеберлері Ж.Маханбетов, Қ.Қасенова, белгілі азаматтардың тұяғы Д.Шайтұрсынұлы, Ғ.Бекмамбетұлы сынды азаматтар бар. Шара шеңберінде мұражай қоры 140-тан астам экспонатқа көбейді.

Сондай-ақ, Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Ж.Құрамысова музей қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, тарихи жәдігерлерге жанашырлық жасап жүрген азаматтарға Алғыс хат табыстады.

Н.ҚАЗИ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары