Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ТӘРТIП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМIР ТҰЛПАР ТАБЫС ЕТIЛДI
17.05.2012 11:08

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәр­тіпке бас иген құл болмайды» демекші, қоғам тыныштығын сақтау - тәртіп сақшылардың басты­ міндеті. Қоғамдық тәр­тіпті сақтау, құқық бұзушылық және қылмыспен күресу, сондай-ақ профилактикалық жұмыстарды өз деңгейінде жүргізу бағытында соңғы жылдары облыстың тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз атқа­рып келеді. Мұны статистикалық мәліметтерден анық аңғару­ға болады. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жеңіл автокөлік ұрлау 22 па­йызға, адам өлтіру 33 пайызға, жол апаттары 26,1 пайызға азайған.

 
АЛТЫН ҚҰРСАҚ АНАЛАР
16.05.2012 16:44

Бүгінде қала көлемінде көп балалы аналарды марапатт­ау жалғасын табуда. Ұрпақ өсіріп, елдің демогр­афиялық көрсеткішінің жоғарылауына үлес қосып келе жатқан аналар қашанда құрметке лайық. Бұрындары «Алтын алқа» он балалы аналарға табысталса, 2010 жылдан бері жеті және одан да көп бала туып тәрбиелеген аналарды осы алқамен марапаттау шешімі қабылданған болатын. Ал алты балаға­ жарық өмір сыйлаған ардақты аналар­ға «Күміс алқа» тапсырылып келеді. Өткен жылдан бері қаладағы 1134 анаға «Алтын алқа», 1476 асыл жанның омырауына «Күміс алқа» алқасы тағылды. Бұл – отбасында көп баланы аман-есен өсіріп, тәрбиелеген аналар­ға деген ізеттіліктің, перзенттік парыз­ды өтеудің белгісі.

Бүрсүгіні 15 мамыр – Халықаралық отбас­ы күні қарсаңында қала әкімі М.Жайым­бетов қала көлеміндегі көп балалы аналарға сый-сияпат жасады. Күллі әлемге нұр шашып, жүздерінен қуаныш тарқамаған асыл жандарға шаһар басшысы «Алтын­ алқа» белгісін табыстап, бір қуантты. Олардың қатарында он баланың анасы О.Естаева­, жеті баланың аналары А.Абайдуллаева, Р.Хами­тқызы, Қ.Кеңесқызы, К.Қабылшаева, Д.Тобжановалар бар. Ал «Күміс алқа» тағын­ған алты баланың аналары Б.Мұрат­қызы, З.Манасыпова, Ф.Ералықызы, Н.Сабралиева, Л.Сырғабаева, Г.Тұрсын­ханова және Г.Ысқақовалар да қуаныш­тарын жасыра алмады.

Н.ҚАЗИ

 
«Ақмешiттiң» «Ашық есiгi»
16.05.2012 16:40

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты – облысымыздағы маман дайындауда алдыңғы қатарда тұрған оқу орда­сы. Білім ошағы 1998 жылы құрылып, 2009 жылы облыстық әділет департамен­тін­де тіркелген. Бүгін­де институт еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлап келеді. Оқу орны Оңтүстік аймақ Ректорлар кеңес­і қауымдастығына кіретін жо­ғар­ғы оқу орындарымен байланыс жасап­, тәжірибе алмасып отырады. Өткен аптада аталмыш институт «Ашық есік» күнін өткізіп, абиту­риенттерге елімізде басымдыққа ие маман­дықтар туралы кеңес беріп, әр салалы маман­дықтар бойынша заманау­и құрал-жабдықт­армен  таныстырды.­

«Ашық есік» күніне қала көлеміндегі мектеп оқушылары ғана емес, аудан мектептерінің де оқушылары жиналды. Олардың мақсаты біреу – еліміздің дамуына септігін тигізер мамандықты таңдап, соның жолын қуу. Ал «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының ұсынар мамандығы жетерлік. Бүгінде білім ордасы 26-дан астам мамандық бойынша білім береді. Білім беру жүйесі жылдан-жылға дамыған сайын, соған орай білім ошағының жабдықтары да жаңар­тылып, ұстаздар да біліктілігін көтеріп келеді. Институтта 3 ғылым докторы, 51 ғылым канди­да­ты, 15 магистр студенттерге дәріс оқиды. Былтыр білімін күрделендіру үшін институттан 21 ұстаз облыстық білім жетілдіру және қайта даярлау орталығынан біліктілігін арттырса, биыл 36-сы білімін шыңдады. Соған орай институтта, оның ішінде құрылыс, авто­мобиль жөндеу мамандықтары бойынша 8,8 млн. теңге көлеміндегі құрал-жабдықтар жаңартылды.

- Мен бұл оқу ошағында 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келемін. Осы кезге дейін студенттерге сабақ сурет­термен, плакаттармен түсін­діріліп келді. Былтырдан бастап алынған құрал-жабдықтар олардың тәжірибе жүзіндегі білімін шыңдары сөзсіз. Көзбен көргеннен гөрі, қолмен ұстап, пайдаланған тиімді ғой. Бұл - білім ордас­ындағы үлкен жетістік, - деді инсти­тут  оқытушысы Р.Есмаханов.

Институт басшылығы облыстық мекемелермен келісімшартқа  отырып, студенттердің нағыз маман болуы­ үшін жұмыс жасауда. Сондай-ақ, аймақ­тық жастар саясатының жүзеге асуына дем беріп, студенттердің «Жасыл­ ел», «Құрылыс жасақтары» сынды ұйымдарда белсенді жұмыс жасауын­а  мұрындық  болып  келеді.

Дастанбек  САДЫҚ

 
ЖЫРДАРИЯСЫ ӘНДАРИЯСЫМЕН ӨРІЛГЕН
10.05.2012 11:30

Жүректен шыққан жырымен Сыр елін тербеткен қаламгер Махмұтбай Әміре­ұлы жайлы білмейтіндер кемде-кем. 1942 жылдың 20 ақпанында Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылында дүниеге келген қа­ламгер үстіміз­дегі жылы 70 жастың желкенін көтерді. Халқ­ына бергенінен берері көп ақын аға осы уақытқа дейін «Жүзім бағы», «Қызыл жыңғыл», «Ақ сәуле», «Сыр жырлары», «Сыр әндері», «Сыр мектебі», «Жылдар, жырлар», «Сырдария, жырдария», «Жеті белес», «Сыр елі» атты бірнеше жыр жинақтарының авторы атанды. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қызыл­орда қаласының және Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» М.Әміреұлының өткен аптада 70 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

 
ОЛАР ОТАН ҮШІН ОТ КЕШТІ
10.05.2012 11:28

Дүние жүзін дүрліктірген, сан мыңдаған отбасына қайғы-қасірет әкелген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл - 67 жыл. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні - бейбітші­лік пен қайырым­дылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындат­қан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпей­тіндігін дә­лелдейтін белгі болып қалмақ. Отан үшін отқа түскен аталарымыздың батырлығы мен жан­қиярлығы, олардың туған жері­не деген шексіз сүйіспеншілік­тері Қазақстанның бүгінгі жауын­герлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыс­тыратын қоғамның рухани дамуы­ мен адамгершілік негізі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. 67-ші көктемді қарсы алып отырған бүгінгі ұрпақ үшін Жеңістің бағас­ы жоғары. Жеңіс – бұл Отан үшін өз өмірлерін құрбан еткендер, ұрыс даласынан қайт­пай қалған боздақтарын жоқтаған аналар мен жесірлер­дің көз жасы, миллиондаған адамдардың қайғы-қасіреті. Төнген қатерден Отанын қор­ғауға тек айбынды армия ғана емес, елжанды барша халық ат­тан­ды. Ұлы мерекені ұлықтау мақсатында Н.Бекежанов атындағы музыкалық драма теа­трда «Мәңгілік жеңімпаз ұр­пақ» атты мерекелік шара өтті.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары