Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

Халық-хабар
ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
19.02.2013 19:22

Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Ғалым Әміреев тағайындалды. Оны бүгін облыс активіне аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев таныстырды.

Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистикалық институтының қаржы және несие, сондай-ақ Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің заңгер мамандықтары бойынша түлегі.

Еңбек жолын 1991 жылы «Фарид ЛТД» АҚ-ның брокері ретінде бастаған. 2001-2011 жылдары ҚР Экономика және сауда министрлігінде, ҚР Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде түрлі басшылық қызметтерде болды.

2012 жылдан осы кезге дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның инновациялық саясат департаментінің директоры қызметін атқарып келді.

- Ғалым Махмұтбайұлы – кәсіпкерлік және инвестициялық саясат салаларында үлкен тәжірибе жинақтаған жоғары дәрежелі маман, - деді облыс әкімі өз сөзінде.

Жаңа лауазым иесі сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мен инвестициялық саясат мәселелеріне жетекшілік ететін болады. Оған аймағымызда үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу жүктелді.

 
ЖАҢА БАС МҮФТИ – ЕРЖАН МАЯМЕРОВ
19.02.2013 17:09

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан бас мүфтиі сайланды. «Muslym.kz» сайты хабарлағандай, Ержан Маямеров – енді еліміздің бас мүфтиі, дінбасы. Талап бойынша бас мүфти болу үшін қырық жастан асқан, жоғары білімі болуы керек. Барлық ел имамдары кандидатурасын бірауыздан қолдаған Ержан Малғажыұлы құрылтайда өзінің найб мүфтилерін сайлады. Мүфтидің орынбасарлары болып «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Қостанайдағы «Марал ишан» мешітінің хатиб-имамы Серікбай Ораз тағайындалды. Маямеров Ержан Малғажыұлы 1972 жылы дүниеге келген. Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетінің түлегі. 2006-2008 жылдары аралығында Мысыр елі муфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды. 2011 жылы 10 қазан күні бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің ұйғарымымен ол ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды. Үйленген, 3 баласы бар.

 
ҮШ АУДАННЫҢ ӘКІМДЕРІ ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕ ҚАЛДЫ
19.02.2013 16:58

Кеше аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен тұрақты кеңес өтті. Кеңес отырысы тағайындаулардан басталды. Сонымен, Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылғы 18 ақпандағы өкімімен Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтанбек Тәуіпбаев, Сырдария ауданының әкімі Ғизат Әбілтай, Жалағаш ауданының әкімі Серік Сермағамбетов өз қызметтеріне қайта тағайындалды.

***

Тәуіпбаев Сұлтанбек Тәуіпбайұлы 1956 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын инженер-гидротехник мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Жалағаш ауданындағы «Мырзабай» ұжымшарында жұмысшы ретінде бастаған. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын бітірген соң Қазақстан мен Ресейдегі оқу орындарында оқытушылық және ғылыми қызметпен айналысқан. Техника ғылымдарының докторы, 2005-2007 жылдар аралығында Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған.

2003-2008 жылдары «Қызылордасушаруашылығы» МКК-ның директоры, 2008-2012 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметтерін атқарды. 2012 жылдан осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі лауазымында қызметін атқарып келеді.

***

Әбілтай Ғизат Майданұлы 1976 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін экономист-шығыстанушы, сондай-ақ Бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін экономист (қаржы және несие) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Қызылорда облыстық филиалының операциялық бөлімінің аға маманы ретінде бастаған. 1998-2000 жылдары аталған орталықтың экономикалық талдау және әдістемелік бөлімінің бастығы. 2000-2003 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы. 2003-2005 жылдары Қызылорда облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы бастығының орынбасары. 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары. 2008-2011 жылдары «Қазмұнайгео» және «Бушра» ЖШС-лерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2011-2012 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы. 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Сырдария ауданының әкімі лауазымында.

***

Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы 1965 жылы Қазалы ауданында туылған. Мамандықтары – экономист, заңгер.

1988 жылы Алматы шаруашылық институтын бітірген соң сол жылы Алматы қаласында Балық шаруашылығы Министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтау орталық базасының аға экономисті болып жұмысын бастады.

1989-1991 жылдары «Дәурен» кооперативінде, мемлекеттік аграрлық өндірісі жанындағы балық шаруашылық кооперативінде экономист, аға маман қызметтерін атқарған. 1991-2000 жылдары Қызылорда облыстық Халық Кеңесі депутаттарының аға есепшісі, облыс әкімі аппаратының аға инспекторы, бөлім кеңесшісі, қала әкімі жанындағы өндірістік-пайдалану бірлестігінің директоры болып жұмыс жасаған. 2000-2004 жылдары «Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жанындағы қаржы шаруашылық басқармасы» МКК-ның бастығы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдары Қызылорда қаласы әкімі аппаратының жетекшісі, 2008-2009 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, 2009-2011 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы лауазымдарында қызмет атқарды.

2011 жылдан осы кезге дейін Жалағаш ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келеді.

 
ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР МҮГЕДЕКТЕРДЕН НЕГЕ АЯҒЫН ТАРТАДЫ?
18.02.2013 14:49

Қызылорда облысында халық санының 3,5 пайызын мүгедектер құрайды. Мүмкіндігі шектеулі 24828 адамға арналған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік бағытта оңалту бағдарламасы бар.

- Соның ішінде мүгедектерді еңбекпен қамту көрсеткіші көңіл көншітпейді. Жұмыс берушілер баяғы әдетке салынып, аяқ тартып тұрады, - дейді облыстың бақылау және әлеуметтік бақылау департаментінің директоры Нұрлыбек Жолдасбаев.

Кембағал жандардың арасында қан тамырлары және жүрек сырқатына шалдыққандардың қарасы көп. Одан кейінгі орындарда қатерлі ісік пен туберкулез тұр. Сиырқұйымшақтанған және бір мәселе жайында.

- Талсуат ауылында балаларға арналған психоневрологиялық оңалту орталығы 2010 жылдың желтоқсанында қолданысқа берілуі тиіс болатын. Алайда, мердігердің салдыр-салақтығынан әлі күнге дейін адам қабылдаған жоқ, - дейді Н.Жолдасбаев.

Назерке САНИЯЗОВА

 
ОБЛЫС ӘКІМІ БАЙҚОҢЫРДА БОЛДЫ
18.02.2013 14:48

Өткен жұмада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласында болды.

Аймақтың жаңа басшысы мұнда қаланың бүгінгі жай-күйімен танысты, бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарға аялдады. Қала мэрі Александр Мезенцев оған Байқоңырдың тыныс-тіршілігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ Қ.Көшербаев Қален Тоқмұхамедов атындағы мектептің жаңа ғимаратының ресми ашылуына қатысты. Әкімшілік басшысы А.Мезенцев пен облыс әкімі Қ. Көшербаев мектепке кіре берісте салтанатты жағдайда лентаны кесіп, кейін білім ордасының акт залында мектеп ұжымымен, ата-аналармен және оқушылармен кездесті.

Бұдан кейін делегация Владимир Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде болды. Онда білім беру жүйесімен және білім беру процесінің ерекшеліктерімен танысты.

Қ.Көшербаев Байқоңырда жұмыс істейтін қазақстандық құрылымдардың басшыларына «Жол картасы» бағдарламасы туралы айтып берді. Бағдарлама аясында Байқоңырда бірқатар нысандарды құру жоспарланған.

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1011 1012 1013 1014 1015 1016 1017 1018 1019 1020 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қазан 2019 >
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары