Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ЕНДІ 160 МЫҢДАЙ ТҰРҒЫН АУЫЗСУҒА АЛАҢДАМАЙДЫ
03.09.2012 17:31

Облыстың солтүстік өңіріндегі Қосаман мен Әйтеке би кентінің аралығын ауызсумен қамтып отырған «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырының салынғанына да 25 жылдан асыпты. 734 шақырымды құрайтын құбырдың бүгінде тозығы жеткен. Арал мен Қазалы ауданының 160 мыңдай халқы өткен қыста ауызсудың азабын әбден тартты. Желі бойында үлкенді-кішілі 60-қа жуық апаттық жағдайлар орын алды. «Жығылғанға жұдырық» дегендей, күннің алабөтен суықтығы да кері әсерін тигізді. Тек облыс бюджетінен қаралған 147 млн. теңгенің арқасында шұрық тесіктер қайта жамалды. «Қыс жоқ деме, қыр астында» демекші, қылышын сүйреткен қыс мезгілі де жақындады. Қос аудан тағы ауызсусыз қалу қаупінде тұр. Ескі құбырды қанша жамап, жасқағанымызбен әлсін-әлсін сыр беруде. Сала мамандары мәселені жіті зерттеп, қайта жөндеуден өткізу үшін 7,7 млрд. теңге қаржы керектігін анықтаған.

- Негізінде топтық су құбыры Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» РМК-ға қарасты «Арал» құрылысы салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының теңгерімінде. Бірақ жағдай осылай екен деп қол қусырып отыруға болмайды. Апатты жағдай орын алғанда, мәселені шешуге тырыстық. Енді мұндай келеңсіздікке тап болмас үшін қайта жөндеуден өткізуіміз керек. Кешегі қиындық салдарынан ондағы жұмысшылар айлап жалақы алмады. Бұл жағдайды Үкімет басшысының, оның бірінші орынбасарының, тиісті министрліктердің алдына мәселе етіп қойдым. Нәтижесінде «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырын жаңғыртуға қажетті қаржы табылды. Енді білек сыбана іске кірісу керек. Дегенмен, жөндеуді қажет ететін ұзындығы 238 шақырым құбырды аз уақытта ауыстыру оңай шаруа емес. Бірақ осы жобаға құрылыс компанияларын бір кісідей жұмылдырып, жоғарыға берген уәдемізде тұруға тиіспіз, – деді облыс әкімі Б.Қуандықов «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбырына қатысты қалыптасқан жағдайға орай өткен мәжілісте.

Биыл қыстың қатты болуы, топырақ қабатының 2 метрден де терең қатуы онсыз да тозығы жеткен құбырдың жағдайын одан әрі қиындата түсті. Қалыптасқан қиын ахуалдан шығу үшін Қазалы ауданына Жағалау су айдау стансасы арқылы су беру мәжбүрлігі туындады. Сондықтан аймақ басшысы құбырларды қайта жаңғырту кезінде осы мәселені ескеру қажеттігін ескертті.

- Бүгінде бұл жұмысқа 9 құрылыс компаниясы тартылды. Мердігерлер 24 шақырым жерді қазып, 17 шақырым құбырды дәнекерлеп үлгерді. Құрылысқа қажетті құралдарды алу үшін мекеменің барлығымен келісімшарт жасастық. Қазірде құрылысқа қажетті материалдар тасымалдануда. Бірінші кезекте олардың сапасына мән берудеміз. Уақыт тығыз. Алайда, барлығын талапқа сай етіп жасауымыз керек. Негізі құрылысты қыс түспей аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді «Арал» ҚСЖКБД филиалының директоры Имамадин Оңғарбаев.

Расында бірінші кезекте сапаға мән беруіміз керек. Әйтпесе, жаңалаған құбырымыз қайта сыр беруі ғажап емес.

Т.ӘЛЖАНОВ

 
МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕ
31.08.2012 17:38

Бұған дейін қазақ даласында қасиетті де қастерлі заңдар болды. Әз Тәукенің «Жеті жарғысы», «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» ата-бабамыз құрметтеген заңдар санатынан саналды. Бүгінде елімізде ең басты құндылықтар қатарына Конституция да жатады. Бұл құжатқа елімізде арнайы мерекелік күн белгіленіп, елдікті ту еткен мемлекетіміз осы күнді мәдени іс-шарамен атап өтеді. Биыл Ата Заңымызға 17 жыл толып отыр. Осы орайда қалалық мәдени-демалыс паркінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!» атты мәдени іс-шара өткізілді. Аталмыш шараға қала әкімінің орынбасары Ж.Шынтасов қатысты. Концерттік кешті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалап, дән риза тарасты.

Шара барысында қазақтың тірегі әрі ақылшысы болған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би көрініс тапты. Қаны қазақтың қаймағы бұзылмауына септігін тигізген үш бидің бейнеленуінің де өзіндік мәні бар. Дау мен шиелініскен мәселелерді шешіп отырған үш жүздің билері айтқан шежірелі сөздері заңға пара-пар еді. Сонан соң, сахнада ана бейнесі сомдалды. Әрине, анаға бас имейтін адам жоқ. Түн ұйқысын төрт бөліп, баласын бесігінде тербеткен ана - отбасының ұйытқысы. Ал, отан отбасынан басталады. Бұл отанның символы екенін айшықтады. Шарада қалалық мәдениет Үйінің әншілері Алмас Қожахметов, Жарылқасын Оразғұлов, облыстық байқаулардың лауреаты Әйгерім Өмірбек көпшіліктің назарына бөленді. Сонымен бірге, облыстық филармонияның әншілері Назерке Нұрадинова мен Ерлан Садықовтардың орындаған «Тәуелсіздігім» әні талайды тамсандырып, отанға деген патриоттық сезімін оятты.

- Ата заңымыз - айбынымыз. Қазақтың тәуелсіздігін айшықтар Конституцияға биыл 17 жыл толып отыр. Әрине, бұл - аз ғана уақыт. Осынау жылдар ішінде көк туымыз талай додада желбіреп, биік шыңдардан көрінді. Бұл патриот жастардың бойында өнегенің шамшырағын жағып, еліміздің қасиетті символдарын құрметтейтін азаматтар қатарын көбейтеді деген сенімдемін, - деді қала тұрғыны Н.Әбдіраманов.

Д.САДЫҚ

 
АЗАТТЫҚТЫ АЙҚЫНДАҒАН АТА ЗАҢ
31.08.2012 13:29

«Адам мен оның өмірі – мемлекеттің басты байлығы». Бұл Ата Заңымыздың алғашқы бабында айқын көрсетілген. Адамды және оның өмірін басты құндылық санайтын еліміздің Конституциясының қабылданғанына да 17 толды. Тарихы Тәуке ханның «Жеті жарғысынан» бастау алатын Ата Заңымыздың қабылданған күніне орай Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында салтанатты шара өтті.

Ұлылар «халықтың өмірі мемлекеттің өмір сүруінің мән-мағынасына айналғанда ғана адамдар рухани тірекке табан тірейді» деп тегін айтпаса керек. Тәуелсіздік - бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Жалпы, сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамынан кеудемізді мақтаныш кернейді. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі бүкіл әлемде жоқ үлгіде сақталып отыр. Бүгінде мемлекетіміздің басты ұстанымы - азаттықтың мән-мағынасын нақты іспен толықтырып, бекіте түсу.

- Асыл мұраттардың бастауы болған Конституция күні құтты болсын. 17 жыл толып отырған Ата Заңымыздың тарихы тереңде деуге болады. Кезінде қазақ деген халықтың атын дала парламенті шығарғанын тарихтан жақсы білесіздер. Сол кездегі билер мен хандардың ұшқыр ойлылығын айтып жатудың өзі артық. Ел болып етек жеңімізді жинағанда қабылданған заңымызға бес мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Қазір еліміз даму жолында. Бүгінде экономиканы өндіріс арқылы өркендету жолында жасампаз жұмыстар атқарып жатырмыз, - деді Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Бекмырза Еламанов.

Азаттықты айқындаған Ата Заң салтанатты шара барысында театрландырған көріністермен ұлықталды. Одан әрі жергілікті өнерпаздардар патриоттық ән мен бимен шараға өзіндік әр кіргізді. Елімізді 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар пана қылып отыр. Олар да Қазақстанды өз отаны санап, ел болып қалыптасуымызға өзіндік үлестерін қосып келеді. Бұл мерекеде де өзге ұлт өкілдері бірлігіміз жарасқан ел екендігімізді аңғартты.

Т.ӘЛЖАНОВ

 
БЕЗБҮЙРЕК АНА ТАБЫЛДЫ
08.08.2012 15:42

Кеше қаладағы «Бейімдеу және оңалту» орталығының ауласына белгісіз біреудің 1,5 және 7 айлық балаларды тастап кеткендігі жөнінде айтқанбыз. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, нәрестелердің ата-анасын іздестіруге кіріскен-ді.

Бір қызығы, арада көп уақыт өтпей Сырдария ауданының 23 жастағы тұрғыны жанына әпкесін ертіп, балаларын қайта іздеп келіпті.

Қызылорда қалалық ІІБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, безбүйрек ана мұндай әрекетке күйеуімен ұрысып қалғаннан кейін барған екен.

Ерегістен есіріп, ашуын бейкүнә бауыр еті - балаларынан алған анаға қатысты қазіргі таңда тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

 
КӨЛІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ
08.08.2012 15:34

Тамыздың алғашқы жексенбісі - көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Мерейлі мереке Ә.Тәжібаев атындағы облыс­тық әмбебап ғылыми кітапханада аталып өтті. Көлік қызметкерлерінің қуанышын облыс әкімінің міндетін атқарушы Р.Нұртаев бірге бөлісті.

Ел экономикасының күре тамы­ры саналатын жолдың маңыз­дылығын айтып жатудың өзі артық. Қазіргі таңда аймағымызда 2228,5 шақырымды құрайтын 135 облыстық және аудандық маңыздағы автомобиль жолдары бар. Үкіметтің «Автожол саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналғ­ан бағдарламасына» сәйкес 15 694,8 млн. теңге қаржы қаралып, 753 шақырым жол жөнделді. Сондай-ақ, 1 көпір, 2 қалқымалы көпір және 2 паром өткелі, 5 су өт­кізгіш құбыры салынды. Қара жолдағы қарқынды жобаның бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халық­аралық көлік дәлізі. Мега жобан­ың 812 шақырымы Сыр елінен өтеді. Жалпы құны 188,1 млрд. теңгені құраған күре жол қарқынды іске асырылуда. Бүгінде айшылық алыс жерлермен жылдам жақындастыратын теміржол саласы да қарқынды түрде дамып келеді. Облыс аймағында 783 шақырым шойын жол бар. Еліміздің өзге аймақтарымен ғана емес, мемлекет­аралық 8 жұп пойызы да облыс халқы­на қалтқысыз қызмет көр­сетуде. Бұл салада да өңірімізде ірі жоба қолға алынды. Жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайтын «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының алғашқы қадалары қағылды. Алдағы үш жылда шойын жолдың қызығын көреміз деген ниет бар.

- Қазіргі көлік саласындағы жағдайды осыдан он жыл бұрынғы кезеңмен мүлдем салыстыруға келмейді. Алға ілгерілеушіліктің айқын­ көрінісі байқалады. Қоғамдық көлік мәселесін де жүйелі түрде шешуді жоспарлап отырмыз. Бұл салаға да субсидия бөлу мәселесін қолға алмақ­пыз. Бас жоспар бойынша алдағ­ы жылдары Сырдария өзенінің сол жағалауына қарай қоныс­танамыз. Соған орай екі көпір салына­ды. Әуе жолында жуырда жағымды жаңал­ық болып қалады. Бүгінде аптасын­а түрлі бағытта 26 рейс орындалып отыр. Алдағы уақытта халықаралық талапқа жауап беретін­ әуежай статусын алуға жұмыс жасаймыз, - деді Р.Сәденұлы.

Құттықтау сөзден кейін осы сала­ға ерекше еңбек сіңірген сала ардагерлері мен бірқатар қыз­меткерге «Құрметті автожолшы» төсбелгісі табыс етілді. Осы салада бірнеше жыл тер төгіп, аянбай­ еңбек еткен бірнеше қызметке­р Көлік және коммуникация министрлігінің алғыс хаты, автомобиль жолдары комитеті төрағасының алғыс хаты, облыстың құрмет граматосы және облыс әкімінің алғыс хатымен марапа­тталды. Ал, концерттік бағдарла­ма кештің ажарын аша түсті.

Т.ЖОМАРТҰЛЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1021 1022 1023 1024 1025 1026 1027 1028 1029 1030 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары