Өзекті мәселелер

  • 22.08.19

    Елімізде дәрінің көмегімен өмір сүретін азаматтар аз емес. Олардың дәрілік препаратсыз қауқары жоқ. Антибиотикке тәуелді науқасқа кім қарайды? Ақысыз берілетін дәрі-дәрмектерді кімдер, қайдан және қалай ала алады?

  • 22.08.19

    Халық «Елін сүйген ер болар» дейді. «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» дейді тағы  да.

    Иә, ел намысы үшін ерлік­ке бара алар азаматтарды кебен­ек ішінде танып-білу аса маңызды.

    Кебенек – сыртқы киім. Оны көбіне-көп жорықта, аңшылықта киеді. Демек, бұл киімді кез келген адам кие алады. Олай болса, «Ерді кебене­к ішінде  таны» деген – ер жігітті киіміне қарап емес, жан дүниес...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    ТЫНДЫРЫМДЫ   ІС – НӘТИЖЕЛІ   КӨРСЕТКІШ

    Қаланың экономикалық тұрғыда дамып­, қалыптасуында стратегиялық міндет жүйелі түрде өз-өзін айқындап отырады. Шаһардың болашағына байлан­ысты әр жоспар, әр бағыт өзіндік құнымен маңызды. Осындай іргелі істерді атқару барысында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың іскерлік һәм басшылық міндеті ж...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    Өткен бейсенбіде облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының қолдауымен, өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері Шиелі ауданына баспасөз турына барды. Жолай біз бағыт алған өңірдегі баратын нысандардың тізімі қолымызға тиді. Риза болғанымыз, бір-біріне ұқсамайтын бес қызмет түрін жандандырып отырған шағын кәсіп иелерімен таныстық. Оның ішінде ауқымды жерді алм...

    Толығырақ...
  • 22.08.19

    192   ШАҚЫРЫМ  ЖОЛ  ЖӨНДЕЛЕДІ

    Елдегі көлік саласы маңызды рөлге ие. Оған сауда-экономикалық бағыттағы тауарлардың көліктің қай түрімен болсын тасымалдануы дәлел. Одан өзге аймақтар үшін республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол­дардың  өзектілігі  жоғары.  Өткен  жылы осындай жолдар мен көшелерді дамыту­ға республикалық бюджеттен 1...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚ ЖАЛЫНАТЫН ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІК
17.02.2012 10:53

Бүгінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында үздіксіз жұмыс жасалуда. Жұмыстың жасалғаны да жөн шығар, бірақ өз елімізде өз туған тіліміздің мәртебесін жоғарылату керек деп ұрандатып, жалпақ жұртқа жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннің өзі ұят сықылды. Осыдан-ақ тілдің тұғыры аса биікте емес екендігі байқалып-ақ тұр. Мұны бейсенбі күні Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы өткізген жиында тағы аңғардық.

Басқарма басшысы Р.Рүстемовтың айтуынша, өткен жылы тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесі бойынша 120, «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту курсының» тереңдетілген деңгейі бойынша 96, одан бөлек 96 өзге ұлт өкілдері ана тілімізді үйрену курсынан өткен. Бұл жұмыстарға барлығы 8 млн. 600 мың теңге жұмсалған. Ал биыл 2 млн. 903 мың теңге қарастырылыпты. Айта кетерлігі, 2014 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сынақ тапсыру барлық мемлекеттік қызметкерлерге міндеттеліп отыр. «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген ақын М.Жұмабаевтың сөзі тура осы «жаңа қазақтарға» қарата айтылған секілді. Себебі өзіміз тіл білмей тұрып, өзгеден де талап ете алмаймыз. Ол аздай, қазаққа қазақ «қазақ тілін үйренейік» деп жалынатын деңгейге жеттік. Ұлттығымыздың осалдау тұсы да осы! Сонда біз кімбіз?

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
БАРЫМТАШЫ – БҰРЫНҒЫ ПОЛИЦЕЙ
16.02.2012 15:30

Соңғы уақытта ішкі істер қызметкерлерін ұялы телефонын жоғалтқандар мен өрістен малы қайтпағандар жиі мазалайтын болған. Ұрланды не, жоғалды не, бірі қалмай есепке алынуы тиіс. Қай-қайсысы бойынша да іс қозғалады. Ал бұл қылмысты ашуда қиындық келтіріп отырған көрінеді. Дегенмен, өткен жылы ұялы телефон ұрлығының әрбір төртіншісі бойынша атқарылған шаралар нәтижелі аяқталған. 970 түлік табылып, иелеріне қайтарылған. 31 қылмыстық топ құрықталған. «Балық басынан шіриді». Қызығы, барымташылардың арасында бұрынғы шенділер де жүр.

- Полицияның бұрынғы екі қызметкері Сырдария ауданы тұрғындарының оннан астам малын ұрлаған. Олардың бірі 2005 жылы, енді бірі 2009 жылы біздің қатарымыздан аластатылған. Қылмыстық іс аяқталды, алдағы күндері сотқа жолдаймыз, - деді кеше баспасөз конференциясында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Әлімхан Әбжанов.

Барымтамен айналысқан тағы бір топқа бұрынғы кеден қызметкері жетекшілік етіпті. Олар Жаңақорған ауданында 20 шақты бас малға жиендік жасағаны үшін жауапқа тартылмақ.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ

 
АРАЛДЫҢ ҰЛТАНЫ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ
16.02.2012 15:29

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2011 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Былтыр облыстық бюджеттен салаға 1,3 млрд теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 61,5 пайызға артық. Оған 16 канал және 34 гидроқұрылыс нысаны жөндеуден өткізілді. 12 650 қожалықтың үй іргелік жерлеріне аяқсу жеткізіліп, 20 238 га шабындықтар мен жайылымдар суғарылды. Орман мекемелерінің жұмысын жетілдіру және нормативтерге сәйкестендіру мақсатында 205 млн. теңгеге арнайы техника мен құрал-жабдықтар алынды.

- Ормандарды сақтау және республиканың орманды жерлерін көбейту жобасы аясында 30 мың га жерге сексеуіл ағашы егілді. 2013 жылға дейін 79 мың га алқап игерілетін болады. Мақсат – Арал теңізінің құрғаған ұлтанын орманға айналдыру, тозған жайылымдық жерлерді қалпына келтіру, - дейді басқарма бастығы Айтбай Көшербайұлы.

Өткен жылы ормандарда ешқандай өрт оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл қауіпті аймақтарға аншлагтар орнатып, ескерту жұмыстарын кең көлемде жүргізгеннен болса керек. Балық шаруашылығын дамытудың 2010-2020 жылдарға дейінгі бағдарламасы аясында да көптеген бастамалар қолға алынды. 13 көлді табиғи көл санатынан тауарлы көл, яғни балық шаруашылығы санатына ауыстырудың ғылыми-биологиялық негіздемесі әзірленді. Сондай-ақ балық аулау соңғы 5 жылда 1,5 есеге артқан. Былтыр Қамыстыбас көлі мен Сырдария өзені бойына су қорғау аймақтары мен белдеулерін орнатуға 18,6 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 
«БІРЕУДІҢ ҚАҢСЫҒЫ...»
15.02.2012 14:59

Әулие Валентин қазаққа ешкім де емес. Ендеше, 14 ақпанда оны құрметпен еске алып, сонша желігудің жөні жоқ.

Бүрсігүні Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжіне жиылған жастардың ойы бір жерден шықты. Конференцияны колледждің студенттер альянсы ұйымдастырған. Қатысушылар әулие Валентиннің атымен ғашықтар мерекесін атап өтуге бірауыздан қарсылық білдірді. Оның орнына сәуір айының 15-ін Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күні етіп белгілеуді қалап отыр. «Біреудің қаңсығы біреуге таңсық». Әулие Валентинді қадір тұтқанша, биыл ақпан айына дөп келген қасиетті Мәуліт мерекесіне мән берсе, қандай жарасымды?!

- Жастарымыз батысқа көп еліктейді. Ғаламтордағы қаптаған анайы көріністер түбімізге жетпесе болғаны. Сәбилердің некесіз туылып жатқанына бұл себеп емес деп көріңіз. Әулие Валентин күнін тойлап та осындай жағдайға ұрынып жатады. Нағыз ғашықтар қазақта жетіп артылады. Қозы мен Баянды, Қыз Жібек пен Төлегенді ұлықтап, әдепті де шынайы махаббатты сезіне білсек, сонда ғана өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтай аламыз,-  деді облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешiтiнiң найб-имамы А.Жұбанов.

Сондай-ақ студенттер Ә.Серік, Ж.Садырова, Ө.Әлібек өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Б.КАПИТАНҚЫЗЫ

 
БІР АЙДА – 1 МЛРД. 216 МЛН. ТЕҢГЕ
15.02.2012 14:57

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаменті осы жылдың алғашқы айының қорытындысымен республика бюджеті­не 1 млрд. 216 млн. теңге кеден төлемдері мен салықтарын түсірді. Негізі­нен, түсімдерді әкелінген және әкетілген тауарла­рға салынатын баж бен импортқа салынат­ын қосымша құн салығы құрайды. Ал заңбұзушылықтарға жол берген тұл­ға­ларға қатысты 58 әкімшілік іс қозғалған. Оларға 11 млн. 544 мың теңге айыппұл салынд­ы. Қазірдің өзінде өндіріле бастаған бұл қаржы облыс бюджетінің кірісін то­лық­тыратыны сөзсіз.

Былтыр Кеден одағының шекарасынан декларацияламай тауар алып өткен және уақытша  әкелінген  тауарларды қайта шығар­у тәртібін сақтамағаны үшін жауапқа тартылған «Evro Azia Oil» АҚ жыл бас­талмай жатып тағы талап бұзды. Сот компания әкімшілік кодекстің 414-бабымен 5 млн. 117 мың теңге айыппұл өндіру керек деп шешім шығарды.

Б.ОРДАНОВА,

департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1021 1022 1023 1024 1025 1026 1027 1028 1029 1030 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары