Өзекті мәселелер

  • 12.09.19

    Қасымды түлен түртті. Түрткенде тіпті шектен шықты. Соңғы уақытта ащы суға үйір болды­. Таң алекеуімнен оразасын ішімдікпен ашады. Ішке түскен қызу миында қордаланған уайымын ұмыттырады. Зіл-батпан денесін жеңілдетеді. Отбасымды асыраймын, жеткіземін деп істемеген жұмысы  жоқ. Базарда арба да сүйреді. Жүк түсіруші де болды. Шеберхана ашып, аяқ киім де тікті. Жалданып жұмыс та істеді.

  • 12.09.19

    Қалалық А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өткен мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған Қызылорда қаласының идеологиялық активі мен «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының саяси кеңе­сінің бірлескен отырысында басым бағыттар сараланды. Жиынды қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ашып, жүргізді.

    ...
    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Алғашқы 8 айдың қорытындысы бойынша қала қазынасына 12 452,6 млн теңге түсім түсіп, жоспар артығымен орындалған. Дегенмен, салық саласында  түйткілдер тым көп. Мәселен, қала  көлеміндегі 13 базарда 1342 орын, 8 ірі сауда үйінде 915 орын жалға берілген. Базарл­ар мен сауда үйлерінде сауда жерлерін жалға алып, кәсіппен айнал­ысып жүрген азаматтар табыстарын төмендетіп көрсеткен. Бұл жөнінде Қы­зы...

    Толығырақ...
  • 12.09.19

    Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов осыған дейін өңірдегі алты ауданға ат басын бұрып, ауылдарын аралап қайтқаны бар. Сонау солтүстіктегі Арал мен оңтүстіктегі Жаңақорғанға дейін түгел шарлап шықты. Бірақ Ғанибек Қазантаев басқаратын облыс орталығының іргесіндегі Сырдария ауданына табан тіреген жоқ.

  • 12.09.19

    Айжарық  СӘДІБЕКҰЛЫ

    СЕН   ӘЛЕМНІҢ ЖАНАРЫНДАСЫҢ,   АРАЛ!

    Арал атырабын жайлаған экологиялық апаттың дүние-әлемнің жанарына іліккеніне де талай жылдың жүзі аунады. Енді аманшылық болса, жиырм­асыншы ғасырды түгендеп, жаңа жүзжылдықты бастаймыз. Ең өкініштісі сол, алдағы ғасырдың табал­ды­рығынан тәуелсізді...

    Толығырақ...
Халық-хабар
СТУДЕНТТЕР САЛАУАТТЫ ӨМІР СҮРУГЕ ЫНТАЛЫ
21.02.2012 16:04

Ұлт ұрпағымен ұлықты, болашағымен баянды болмақ. Денсаулығы мықты, білімді де білікті жастарды тәрбиелеп, қоғамға қосу мәселесі қай кезде де маңыздылығымен ерекшеленеді. Елімізде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру арқылы аурудың алдын алып, адамдардың өмір сүру жасын ұзарту көзделгені белгілі. Бұл бағытта халықтың денсаулығына қатысты өзекті мәселелерді жеңу үшін жас ұрпақты салауатты өмір сүруге үйретіп, дені сау ұрпақ өрбіту – бүгінгі күннің басты міндеті. Осы мақсатта облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында қаламыздағы жоғарғы, орта оқу орындарының студенттік кәсіподақ төрағаларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда жастарды салауатты өмірге тарту мәселелері қозғалды.

Бұл бағыттағы іс-шараларды бірлесіп атқару үшін оқу орындарының студенттік кәсіподақ төрағаларымен бірлескен меморандум жасалды. Осының негізінде студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау шаралары және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүйелі жүргізілмек. Жастардың денсаулық  индексінің төмендігі және олардың арасында суицид, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың, темекі шегушіліктің көбеюі – алаңдатарлық жағдай. Статистикалық дерек бойынша жастардың 40 пайыздан астамында әртүрлі ауру кездеседі. Жас ұрпақты салауатты өмір сүруге икемдеп, олардың арасында ақпараттық- насихаттық жұмыстарды күшейту – уақыт талабы. Өкінішке орай қазіргі жас өрендеріміз виртуалды кеңістікке тәуелді болып, пайдалы ақпараттан гөрі, ғаламтордың қажетсіз ақпараттарына көбірек қызығатыны үйреншікті жағдайға айналды. Сондықтан жастар арасындағы ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстары студент жастар арасынан тартылған еріктілер арқылы жүзеге асырылмақ. Студенттік кәсіподақтармен меморандум жасау барысында осы мәселелер талқыланып, айтылған ой-пікірлер бір жерден шығып, алда атқарылар жұмыстар нақтыланды. Қазіргі таңда студенттердің өз денсаулығын сақтау жөніндегі білім деңгейін анықтайтын сауалнамалар жүргізілуде.

Н.ИБРАШТЕГІ

 
МАТЕРИАЛДЫҚ БАЗА БАЙИ ТҮСТІ
21.02.2012 16:00

Жуырда облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісі өтті. Оған емдеу мекемелерінің басшылары түгел қатысып, басқарма бастығы С.Игембаев баяндама жасады.

Өткен жылдың қортындысы бойынша облыста ана өлімінің көрсеткіші 2010 жылғы көрсеткіштен 70,1%-ға төмендеп, 100 мың тірі туылған сәбиге шаққанда 10,5-ті құрады. Сәбилердің шетінеу себептерінің басында перинатальды кезеңдегі жағдайлар тұр. Халықтың сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 51 705,2-ге дейін төмендеді. Жалпы өткен жылы негізгі аурушаңдық деңгейі республикалық орташа көрсеткіштерден төмен болған. Емдеу және алдын алу ұйымдарын медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 752 534 мың теңге қаралып, 235 медициналық құрал-жабдық сатып алынған. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен материалдық техникалық база 45 жаңа медициналық аппаратпен толыққан.

- Ауруларды ерте сатысында анықтау үшін ұлттық скринингілік бағдарлама шеңберінде аурулардың тізбесі кеңейтілді. Барлық аудандық ауруханаларға бейнеконференция арқылы байланысуға мүмкіндік туды, - деді С.Игембаев.

Мәжілісте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры А.Бисенов пен облыстық онкологиялық аурухананың бас дәрігері К.Төлеутаев саладағы міндеттерге қатысты өз ойларын айтты.

Б.ӘБДІРАХМАНОВА

 
ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛ РОЛІ АРТЫП КЕЛЕДІ
17.02.2012 17:10

Қазіргі күні Қызылорда облысы бойынша 700-ге жуық мемлекеттік қызметші әйел бар болса, оның он шақтысы саяси қызметте жүр. 14 әйел – жергілікті мәслихат депутаттары.

Бұл мәліметтер облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бүгінгі баспасөз конференциясында айтылды. Әйелдердің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру барысында комиссия былтыр біраз шаруаның басын қайырған. «Бірлік – береке бастауы» атты облыстық қыз-келіншектер форумы, отбасындағы әйел мәртебесін көтеру мақсатында «Қазақстан ханшайымы» байқауы, кәсіпкер әйелдерге арналған «Қанатты әйел» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. «Үлгілі әкелер» слеті ұйымдастырылып, әкелер кеңесі құрылды. «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік маңызды жоба шеңберінде халықтың ұлттық дәстүрлері мен ділін ескере отырып, отбасы жағдайы туралы әлеуметтік зерттеулер жүргізді. Атқарылған жұмыстар «Қазақ этнопедагогикасындағы отбасы тәрбиесі» атты әдістемелік құралда көрініс тапты.

- Отбасының мәртебесін көтеруге бағытталған мәдени-көпшілік шаралар, әсіресе, Арал, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жақсы жүргізілді. Әлеуметтік мәні бар жобаларды ұйымдастыруда «Ақ босаға», «Батыр ана», «Сырдария әйелдері» сынды үкіметтік емес ұйымдар жоғары белсенділік танытты, - дейді облыс әкімінің кеңесшісі, комиссия төрайымы Р.Ахметова.

Журналистер жиын соңында азаматтық неке, тастанды бала, отбасындағы әйел – ананың рөлі жайлы сұрады. Қалалық перзентхананың бас дәрігері Гүлнар Жұмашеваның айтуынша, соңғы 3 жылда 20 тастанды бала тіркелген. Ал қазіргі күні тағдыр тәлкегіне түскен 2 сәби бар көрінеді.

Жансая ЖҮНІСОВА

 
«СЕН ЖӘНЕ СЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫҢ»
17.02.2012 15:06

Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасу жағдайында балалар мен ата-аналардың құқықтық білімін арттыру ерекше мәнге ие. Ең басты мақсат – жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды сақтауға және өзгені құрметтеуге үйрету. 1994 жылы 6 маусымда ратификацияланған БҰҰ-ның бала құқықтары туралы Конвенциясы еліміздегі алғашқы халықаралық құқық қорғау келісімі болды. Ол – балалар жезөкшелігіне, порнографиясына, саудасына және олардың қарулы қақтығысқа қатысуына қарсы, бала еңбегінің ең нашар түрін азайтуды көздейтін бірден-бір құжат.

Кеше Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайында «Қазіргі әлемдегі адам құқығы» деген тақырыппен конференция өтті. Оны 15 ақпаннан басталған республикалық «Сен және сенің құқығың» атты онкүндік аясында облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен қалалық білім бөлімі ұйымдастырған. Онкүндік барысында ата-аналар мен балаларды конвенция ережелерімен кеңірек таныстыру мақсат етіліп отыр. Сондай-ақ жалпы білім беру орындарында ашық сабақ, пікірсайыс, «дөңгелек үстел», семинар, конференция және басқа да шаралар қамтылмақ. Конференцияда облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, қалалық білім бөлімі бастығының міндетін атқарушы М.Аралбаев, №1 мектеп-гимназияның ата-аналар комитетінің төрағасы Ғ.Серікбай, қалалық балалар мәслихатының өкілі А.Ибрагим өз ойларын ортаға салды. №198 мектептің 8, 9, 10 сынып оқушыларына «Қайырымды жүректер одағы» еріктілер бастамаларын дамыту орталығының жеке куәліктері тапсырылды.

Бағила ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ

 
ҚАЗАҚҚА ҚАЗАҚ ЖАЛЫНАТЫН ДЕҢГЕЙГЕ ЖЕТТІК
17.02.2012 10:53

Бүгінде мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында үздіксіз жұмыс жасалуда. Жұмыстың жасалғаны да жөн шығар, бірақ өз елімізде өз туған тіліміздің мәртебесін жоғарылату керек деп ұрандатып, жалпақ жұртқа жалпылама түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннің өзі ұят сықылды. Осыдан-ақ тілдің тұғыры аса биікте емес екендігі байқалып-ақ тұр. Мұны бейсенбі күні Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы өткізген жиында тағы аңғардық.

Басқарма басшысы Р.Рүстемовтың айтуынша, өткен жылы тілдерді оқытудың өңірлік орталығы арқылы «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» жүйесі бойынша 120, «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту курсының» тереңдетілген деңгейі бойынша 96, одан бөлек 96 өзге ұлт өкілдері ана тілімізді үйрену курсынан өткен. Бұл жұмыстарға барлығы 8 млн. 600 мың теңге жұмсалған. Ал биыл 2 млн. 903 мың теңге қарастырылыпты. Айта кетерлігі, 2014 жылдан бастап ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сынақ тапсыру барлық мемлекеттік қызметкерлерге міндеттеліп отыр. «Ұлттың ұлт болуына бірінші шарт – тіл» деген ақын М.Жұмабаевтың сөзі тура осы «жаңа қазақтарға» қарата айтылған секілді. Себебі өзіміз тіл білмей тұрып, өзгеден де талап ете алмаймыз. Ол аздай, қазаққа қазақ «қазақ тілін үйренейік» деп жалынатын деңгейге жеттік. Ұлттығымыздың осалдау тұсы да осы! Сонда біз кімбіз?

Н.ҚАЗИҚЫЗЫ

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1041 1042 1043 1044 1045 1046 1047 1048 1049 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қыркүйек 2019 >
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары