Өзекті мәселелер

  • 21.11.19

     

    Ерлан  ЕСТЕК,

    қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері:

    Толығырақ...

  • 21.11.19

    «Заманның  қожасы  да,  тұтқасы  да – жастар!». 1921 жылы «Жас Алаш» газетінің алғашқы нөмірі осы ұранмен жарыққа шықты. Тарих бетінде «Жас Алаш» көтерген үндеу алтын әріппен жазылды. Ел жастарының жанында жатталып қалды. Осы басылымда Ғани Мұратбаев тұңғыш редакт­орлық қызмет атқарған еді. Жалпы, Ғани туралы айтылатын, жазыла­тын дүние көп. Тым қысқа ғұмырында тындырымды тірлік жасап­  кеткені...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    «Шыдамның да шегі бар». «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК мен «Су жүйесі» МКК басшылығы осылай дейді. Сұрауы бар су мен қытымыр қыста жан сақтайтын жылудың ақысына келгенде тұрғындар таршылық танытатын­ көрінеді. Олар ай сайын емес, жыл сайын қордаланға­н қарыздарын жеке тұрғындар мен меке­мелерге ескертуден шаршаған. Жылдың басында жылуға­ қарыз көлемі 200 миллион теңгеге жеткен. Ал...

    Толығырақ...
  • 21.11.19

    Аграрлық өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар бүгінде өз жемісін беруде. Кеше ғана ауыл шаруашылығы саласында көштің басында тұрған Жалағаш ауданымен қалай мақтансақ та жарасады. Аллаға шүкір, ауыл еңбеккерлері Жер-Ананың берген ырзық-несібесін ысырап қылмай, Сырдың басты дақылынан тау тұрғызуда белсенділік танытуда.

  • 21.11.19

    Қазақстандық медицина  саласын  жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жобалардың  бірі – «Денсаулық» бағдарламасы. Үш жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бұл бағдарламаның да мәреге жетуіне аз қалды. Қызылорда облысында аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.

Халық-хабар
АУЫЗСУ САПАСЫ АЛАҢДАТПАЙДЫ
05.03.2012 15:58

Еліміздің кез келген азаматын таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін Елбасының бастамасымен бірнеше бағдарлама қолға алынды. Солардың бірі - «Ақбұлақ» бағдарламасы. Бүгінде осы жүйелі бастаманың нәтижесінде ауызсу мәселесі біршама шешіліп, оның сапасы арта түсті. Бұл қолжетімділік Сыр аймағына да тән. Өткен аптада облыс басшысы Б.Қуандықов Қызылорда қаласын таза ауызсумен қамтамасыз ететін №2 сүзгі станциясының ашылуына қатысты.

Бүгінде қала тұрғындары тәулігіне 55-60 мың м³ ауызсу пайдаланады екен. Күн санап көлемі өсіп жатқан қалаға ауызсуды жеткізу де үлкен мәселе туындатып отыр. «Қызылорда қаласының су жүргізетін және арналық кәріз желілерін кеңейту және қалпына келтіру» жобасы аясында 2008-15 жылдар аралығына 6,99 млрд. теңге қаржы бөлінген. Былтыр бөлінген қаржының 2,5 млрд. теңгесі игерілген. Жоба аясында 2015 жылға дейінгі бекітілген техникалық-экономикалық негіздемесі 45 пайызға орындалған. Жоба ойдағыдай жүзеге асса, қала тұрғындары толықтай таза ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Жаңадан пайдалануға берілген Тасбөгет кентіндегі №2 сүзгі станциясы да осы жоба аясында жүзеге асты. Тәулігіне 34 мың м³ таза ауызсу өндіретін станция итальяндық, австриялық құрылғылармен жарақталған. 11030 м² болатын ауызсу орталығы автоматты тұрғыда жұмыс жасайды. Осы кезге дейін қала тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етіп келген №1 сүзгі станциясы өткен ғасырдың 60-жылдары салынып, құрылғылары адам күшінсіз жұмыс жасамайтын. Бұл сүзгі станциясындағыдай автоматты құрылғы Қазақстан бойынша тек Астана қаласында ғана бар көрінеді. Су Сырдария өзенінен алынады. Сүзгі станцияның жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құраса, құрылыс жұмыстарын мердігер «Мелиоратор» ЖШС жүргізген.

- Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін арнайы жоба қабылданған болатын. Соған орай біршама жұмыстар атқарылуда. №2 сүзгі станция пайдалануға беріліп, халық таза ауызсу пайдаланатын болды. Сондай-ақ, 2009 жылдан бері Қызылорда қаласының жерасты суы зерттеліп, тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге Қызылжарма жерасты суы қолайлы деп танылды. Келер жылы ол жерден 87 ұғыма қазылып, ауызсуға тапшылық мәселесі толықтай шешіледі. Ал №2 сүзгі станциясының межеленген мерзімінде берілмеген себебі толық автоматтандырылған жүйені орнату оңай шаруа емес. Әрі бұл бізге таңсық жағдай. Мерзімнен кешіккенмен, сападан қалыс қалғанымыз жоқ. Жалпы, қалада өзге де мәселелер жетеді. Жеке сектордағы су құбырлары қыстың суығында қатып қалып, кей үйлер сусыз отыр. Бұған «Қызылорда су жүйесі» МКК-нің еш кінәсі жоқ. Жеке сектордағы құбырлар тұрғындардың өз қалауынша жүргізілген. Ал аймағымызда жердің қату деңгейі 1,5 метрді құраса, біздің мамандар құбырларды 2 метр тереңдікке көмді. Соның арқасында қыста ешқандай құбыр қатқан жоқ, - деді аймақ басшысы.

Дастанбек САДЫҚ

 
СУДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ
05.03.2012 15:57

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні. Осы күні Қызылорда облысының ТЖД Суда құтқару қызметі Сырдария өзеніндегі мұз қаупі және су тасқыны жағдайының ықтимал қолайсыз дамуын ескеріп, қауіпсіздік ережелерін жеткізу мақсатында «Қызылорда» суда құтқару стансасының базасында «Ашық есік күнін» өткізді.

Суда құтқару қызметінің мамандары жүргізген мониторинг барысында қысқы мезгілде облыс тұрғындарының көп жағдайларда судағы, мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындығы анықталып отыр. Қыс мезгілінде мектеп жасындағы балалардың көпшілігі өз демалыстарын өзен, көл жағалауларында өткізгісі келетіні алаңдатады. Сол себептен аталған шараға Сырдария өзеніне жақын орналасқан қаладағы 4 мектептен 60-тан астам 9-11 сынып оқушылары қатыстырылды.

Өткен жылдың басынан қызмет құтқарушылары қиындықтарға қарамай күнделікті кезекшілік жүргізу кезінде мектеп жасындағы 21 баланың өмірін құтқарып қалса, ағымды жылы облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шараларын ұйымдастыру нәтижесінде судағы мүшкіл жағдайға орын берілмеген. Шара барысында оқушыларға суда орын алған төтенше жағдайда су асты және су бетінде пайдаланатын жарақтарды қолдану таныстырылды. Мектептерде оған дейін теория жүзінде айтылған лекцияларды қорытындылау мақсатында практикалық түрде мұз опырылып суда зардап шеккен адамға көмек беру тәсілдері көрсетілді. Сондай-ақ мектеп оқушылары құтқарушылардың су асты сүңгуір жұмыстарын тамашалады. Іс-шара соңында аталған тақырыпта арнайы деректі фильм мен слайдтар көрсетілді. Өткізілген шарадан оң әсер алған жасөспірімдер өз ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Халық-хабар

 
ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ
05.03.2012 11:56

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында А.Тоқмағанбетов атындағы облыстық мәдениет үйінде салтанатты кеш өтті.

Бүгінде қала халқының 52 пайызын қыз-келіншектер құрайды. Олардың арасында қоғамның қауырт жұмысына ер кісілерден еш қалыспай, белсене араласып жүргендер аз емес. Кешке әртүрлі саланың өкілдерімен қатар көп балалалы аналар қатысты. Абай ауылында тұратын Зәурекүл Әбубәкірова 15 баланы бағып-қағып, бүгінде ұл-қызының қызығын көріп отыр. Орынкүл Жарылқасынова, Сара Бостанова, Бибісара Ерниязова, Шәрбан Досжанова, Ұлтабаш Ибрагимовалар да – демографияға ерекше үлес қосқан жандар. Кеш қонақтарын қала әкімі Мархабат Жайымбетов мерекелерімен құттықтап, отбасыларына бақ-береке, еңбектеріне табыс тіледі. Ықылас гүлін тарту етіп, мерекелік сый-сияпат көрсетті. Шараның көркін әнші, биші, жыршылар қыздыра түсті.

Н.ШАМАУ

 
ИІСШІЛ ИТ ҚЫЛМЫСТЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
01.03.2012 17:57

Қызылордалық кеденшілер мен желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлескен рейд кезінде 20 граммнан астам есірткіні тәркіледі. Шыны керек, бұл – Бэттидің олжасы.

«Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы №377 пойыздың жолаушысы иісшіл иттің назарына Шиелі станциясына таяу маңда іліккен. Салмағы 20,76 грамм болатын гашишті Алматы облысы, Талғар қаласының 22 жастағы тұрғыны оп-оңай алып өтемін деп ойласа керек. Әйтеуір, тәртіп сақшылары тап беріп ұстап үлгерді. Кеденде қызмет еткен үш жылдан астам уақытта Бэтти осындай 20-ға жуық қылмыстың жолын кескен. Былтыр желтоқсан айында ғана 6 операцияға қатысып, олардың бәрінен олжалы оралған болатын.

Бақыт ОРДАНОВА,

облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі

 
ПОЙЫЗ ЖОЛАУШЫСЫНАН ТАПАНША МЕН ПАТРОН ТАБЫЛДЫ
24.02.2012 17:11

Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері Қызылорда станциясындағы желілік ішкі істер бөлімімен бірлескен кезекті рейд барысында күтпеген олжаға кезікті.

«Алматы-Атырау» бағытындағы №29 жолаушылар пойызына Тараздан мініп, Байқоңырға жол тартқан азамат К.Р.-дың сөмкесінен тапанша мен оқ дәрі, дыбыс шығармау үшін жасалған түтікше табылды. Сот-баллистикалық сараптама қорытындысы көрсеткендей, 1895 жылғы үлгідегі «Наган» тапаншасы, оның 7 дана патроны атуға жарамды болып шықты. Ал дыбыссыз атуға арналған түтікше қолдан жасалған және әлгі револьверге салып қолдануға дайын екен. Бар болғаны 21 жастағы жолаушының сөмкесіндегі суық қару айғақ ретінде алынды. Ал аталған әрекет бойынша желілік ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.

Жалпы, қызылордалық кеденшілер жыл басынан бері 2 қылмыстық және 80 әкімшілік іс қозғады. 14 млн. теңгеден астам айыппұлдың жартысынан астамы жергілікті бюджетке түсті.

Б.ОРДАНОВА,

департаменттің баспасөз қызметінің бас маманы

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1081 1082 1083 1084 1085 1086 1087 1088 1089 1090 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қараша 2019 >
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 23 24
25 26 27 28 29 30  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары