Өзекті мәселелер

  • 17.10.19

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық­ диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялаған­ы баршамызға белгілі. Сарапшылардың басым­  бөлігі бұл Жолдауға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев айқындап берген саясаттың жалғасы деп баға беруде. Мұны еліміздің негізгі саяси бағыты с...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Әнуар Дәуленбаев – 2016 жылдың наурыз айынан бастап №8 Төретам сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты. Өзінің сайлауалды бағдарламасында Байқоңыр қаласы мен Қармақшы ауданындағы кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасын нығайтуға күш салатындығы туралы­  айтқан еді. Айтылған уәде бойынша мектепті жаңадан бітірген, тәжірибесі жоқ және жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарды...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    Таңмен таласып, жұртпен жағаласып, кезекті күнімізді қарбаласпен бастап жатырмы­з. Бәрі де бір мақсатты күйттеп, бағыт алып барады. Біреуі жеке көлігімен, енді біреуі қоғамдық көлікпен кетпекші. Қолсағатыма қарасам, сабақтың басталуына­ небәрі 10-15 минутқа­ жетер-жетпес уақыт бар екен. Таксимен жеделд­етіп жетпек ниет­пен, тұрақта тұрған көліктің артқы есігін ашып, отыра кеттім. Тәуелсіздік да...

    Толығырақ...
  • 17.10.19

    «Сыбырлағанды да Құдай есітпей ме?» деген. Несіне жасырамыз, осыдан бірнеше жыл бұрынғы Қармақшының халін дүйім жұрт біледі. Экономикасы баяу, кәсіптің көзі жоқ, алға жылжиын десе халықта ынта болмаған еді. Мұндайда елдің есін жинайтын көреген басшы керек. Жұрттың да тілегені табылғандай, әуелі Жаратқанның, содан соң білікті басшылардың арқасында Қармақшы ауданында динамикалық өсу қарқы...

    Толығырақ...
  • 16.10.19

    Тәуелсіздік күні қарсаңында «Шіркейлі» арнасындағы көпірдің ашылу салтанаты өтеді... «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер халық игілігіне пайдалануға беріледі... Жыл басынан бері сәулет-құрылыс саласындағы заңнама талаптарын бұзған тұлғаларға 16 млн 822 мың теңге айыппұл салынған... 2019-2021 жылдары газдандыру жұмыстарына 22 млрд теңге қаржы бөлінеді...

Халық-хабар
БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ МЕЗЕТІ
14.10.2019 11:20

«Білім ап саяңнан...». Осынау өлең жолдарында қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Мұны Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде өткен игілікті шараға қатысқан әрбір адамның жүзінен анық аңғарғандай болдық. Бұл күні тағылымы мол білім ордасын мерекелік көңіл күй кернеді.

Алғашқыда Қазалы паровоз депосының жанынан ФЗУ болып ашылып, кейін әртүрлі атауларды иеленген білім ошағы 2013 жылдың қаңтарынан Қазалы көлік-техникалық колледжі, екі жыл бұрын облыс әкімдігінің қаулысымен Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі статусын иеленді. Іргелі ұжымды қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері, байырғы маман Болатбек Ахметов басқарады. Кезінде ұлан-ғайыр Кеңес одағының түкпір-түкпірінен келген курсанттар дәріс алып, теміржол саласының ұсталарын, вагон жөндеушілер мен қараушыларды, вагон ағаш ұсталарын, өзге де мамандық иелерін дайындаған білім ордасының әлі де бәсі биік.

Мұнан тура 90 жыл бұрын іргетасы қаланған, өмірдің сан белесін бағындырған, қазіргі таңда Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі атауын иеленген білім ордасындағы салтанатты шараға ардагер ұстаздар, білім ордасының түлектері, әр ауданның колледждерінен келген оқытушылар қатысты.

Колледждің мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада Қазалы ауданы әкімі Мұрат Ергешбаев құттықтау сөзінде осынау іргелі білім ордасының өзіндік терең тарихы, бағыт-бағдары бар, тағылымы мол екенін, талай адамның бағын ашып, болашағының жарқын болуына себепші болғанын айтты. Аталмыш білім ордасы көпшіліктің мақтанышына айналғанын, теміржол саласының білікті мамандарын дайындайтын қара шаңырақ осы жылдар ішінде терең де ұлағатты тарихи жолдан өтіп, асқақ асуларды алғанын, арада өткен уақыт ішінде колледждің материалдық-техникалық базасы нығайып, педагогикалық кадрлар әлеуеті жоғары іргелі де бірегей оқу орнына айналғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, оқу орнын бітірген кадрлар облыстың, ауданның әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани салаларын дамып, өркендеуіне өз үлестерін қосып жүргендерін, колледжді үздік бітірген Геннадий Шиповских Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты екенін, білім бәсекесінде аудандық деңгейде ғана емес, облыстық көлемде зор маңызға ие колледждің тойы ортақ қуаныш саналатындығын тебірене жеткізді.

Келесі кезекте Мұрат Нәлхожаұлы бірқатар ұлағатты ұстаздарды облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. Шарада облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, «Қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Кәсіптік білім көкжиегі» газетінің бас редакторы Сексенәлі Раханов колледж ұжымын мерекелерімен құттықтады. Өз кезегінде Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің директоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздік қызметкері Болатбек Ахметов өзі басшылық жасайтын білім ордасының жетістігіне тоқталып, қонақтарға ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада мерейтойға орай жарық көрген «Күре жолдың шамшырағы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, меймандарға таратылды.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы ауданы

 
ҚАЗАЛЫДАҒЫ ИГІЛІКТІ АКЦИЯ
14.10.2019 09:30

Қашанда аудан жұртшылығы кез келген қоғамдық шаралардан қалыс қалған емес. Бұл жолы да осы үрдіс жалғасын тапты. «Жасыл желек – жанға дауа». Еліміз бойынша жарияланған «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акцияға қазалылықтар да ұйымшылдықпен қатысуда.

Бұл күні Жанқожа батыр кесенесі аумағына 200-ден аса әртүрлі ағаштар отырғызылды. Игілікті іске аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебай, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан бастап, Әйтеке би кенті әкімдігі және дербес бөлім қызметкерлері ұйымшылдықпен атсалысты.

Осынау игілікті іске ел азаматтары да қол ұшын созды. Республикалық ағаш отырғызу акциясы аясында егілген ағаштармен Ардақ Кәдір басшылық жасайтын Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, «Эко-Сервис-Консалтинг» ЖШС егілген ағаштарға су құюды қамтамасыз етті.

Жұмабек  Табынбаев,

Қазалы  ауданы

 
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ «АЛТЫН ДӘН» МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ
14.10.2019 09:25

Жылдағы дәстүр бойынша мереке аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан арнайы келген шаруашылықтар өз өнімдерін тұрғындарға арзан бағамен ұсынды. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жәрмеңкені аралап көріп, тұрғындармен сұхбаттасты.

Қызылорда облысының шаруалары жәрмеңкеге 1700 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін – көкөніс, бақша және сүт өнімдері мен балық, ет алып келген. Айта кетейік, барлық өнім нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен сатылды. Сонымен қатар, жәрмеңке алаңдарында өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Мұнан соң, «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады.

«Қазіргі таңда облыстың аграрлық секторында серпінді даму динамикасы қалыптасып келеді. Кейінгі жылдары аграрлық секторда өндірілген өнім көлемі 1,5 есеге өсті. Ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 46 есеге, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестиция 10 пайызға ұлғайды. Биыл облыс бойынша барлығы 183,1 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, жалпы егіс көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артты. Әртараптандыру бағытында малазықтық дақылдар 8 мың гектарға, майлы дақылдар 7 мың гектарға, ал күріштен басқа дәнді дақылдар көлемі 3,7 мың гектарға ұлғайды. Сондай-ақ, биылдан бастап облыста алғаш рет 3 шаруашылықта соя 50 гектарга егіліп, жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы жылы соя егісін 500 гектарға жеткізуді жоспарлап отырмыз,- деді аймақ басшысы.

"Үздік аудан" номинациясын биыл Жалағаш ауданы жеңіп алды. Егін шаруашылығы саласында жетістікке жетіп, "Озат аудан" номинациясы бойынша Шиелі ауданы, ал мал шаруашылығында Жаңақорған ауданы озат атанды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жеткен жетістіктері үшін Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев марапатталды. Мұнан бөлек аймақ басшысы сала еңбеккерлеріне Ауыл шаруашылығы саласының үздігі және Ы.Жахаев атындағы төсбелгілерін тапсырды.

"Алтын дән-2019" шарасында "Мағжан и К" ЖШС өзінің үздік қызметкерлеріне 7 автокөліктің кілттерін, сонымен қатар, "Достық-жер" ЖШС 6 автокөліктің кілттерін табыстады. Ал, "Жан-Арай жем" ЖШС үздік деп тапқан қызметкерлеріне 1 млн теңге және 500 мың теңгенің екі сертификатын тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыруда қабылданған Агрокарта шеңберінде ауылшаруашылық өнімдері түрлерін және экспорт көлемін ұлғайтып, ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, Сыр өңірінің күріші Монғолия, Түркия, Ауғанстанға экспортталып, сондай-ақ, Иран нарығына шығару да жоспарлануда. Өзбекстан, Иран және Біріккен Араб Әмірліктеріне сиыр және қой, ешкі экспортталса, көкөністер пен бақша өнімдері Қытай мен Ресей, т.б. елдерге жіберіледі.

Агрокарта аясында cоңғы 5 жылда облыстың жалпыөңірлік өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі 2,6 пайыздан 3,7 пайызға артқан. Сонымен қатар, биылдан бастап жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын 20 инвестициялық жоба іске асырылуда. Ағымдағы жылы облыста ғылыми негізделген жаңа технологиялар мен инновациялық жобаларды өндіріске енгізу арқылы АӨК қарқынды дамыту бойынша 9 инновациялық жоба қолға алынып, жоғары әрі сапалы өнім беретін күріш, картоп, асқабақ, соя, қант құмайының сорттары өндіріске енгізілді.

Сыр диқандары егін жинау жұмыстарын аяқтап, 87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 530,5 мың тонна Сыр маржанын құйды. Еліміз тәуелсіздік алғалы күрішшілер жеті жыл қатарынан осындай жоғары жетістікке қол жеткізіп келеді. 2019 жылы егілген егіс көлеміне толығымен жоғары репродукциялы тұқым пайдаланылған. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық құрылымдары өз қаржысы есебінен және «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 6,4 млрд теңгеге барлығы 229 дана әртүрлі ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алған.

Сенбі күні Қызылорда қаласының 201 жылдығы мен «Алтын дән» мерекесі қатар тойланып, салтанатты шара ат бәйгесімен жалғасты.

Облыс  әкімінің  баспасөз  қызметі

 
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ
11.10.2019 17:20

Сыр елі азаматтарының өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және дайын пәтерлерді сатып алуға қосымша 3,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 431 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін, 205 пәтер құрылысы жүргізіліп, 226 пәтер сатып алынатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

"Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй алуға барлық санаттар бойынша кезекке тіркелгендер саны 29 538 азаматты құрайды. Оның ішінде «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» бойынша 12 493, көпбалалы отбасылар санаты бойынша 3 202 азамат тіркелген. Бірінші кезекте Қызылорда қаласында жұмыс істемейтін, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды анықтау үшін құрылған арнайы комиссиямен тұрғын үйді шұғыл қажет ететін 150 отбасын анықтады. Нәтижесінде облыс әкімдігінің бастамасымен «Баламекен» жобасы шеңберінде 100 отбасы «Болат Өтемұратов Қоры» жеке қорының, ал қалған 50 отбасы жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады", - деді Арнұр Әлібекұлы.

Сонымен қатар, биыл өңірімізде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында 1997 пәтерді құрайтын 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 901 пәтерлі 23 тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға берілетін үйлер, 830 пәтерлі 17 тұрғын үй кредиттік тұрғын үйлер және 266 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Молдабаев аймақтағы құрылыс нысандарының деңгейі мен сапасына тоқталып өтті. Осы жылы «Doing Business» рейтингі бойынша республика көлемінде Қызылорда облысы 2-орынды иеленді.

"Биыл облыс бойынша 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның 6-ауыы 2018 жылдан өтпелі, қалған 15 нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Қазіргі уақытта 2-еуі пайдалануға берілсе,10-ы осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. ", -деді Марсбек Рүстемұлы.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 
ҚЫЗЫЛОРДАДА 137 ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
11.10.2019 16:45

Ағымдағы жылдың қазан айының 10-17-сі күндері аралығында республика көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру.

Іс-шара аясында облыс көлемінде көліктік бақылау басқармасы өкілдерінің қатарынан мобильді топтар жасақталып, көліктің жасырын бағыттарын анықтау (бағдарларда, соңғы аялдамаларда, белгіленбеген тұрақтарда), бұл ретте алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында (ауысым алдында) жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қамтамасыз ету бойынша тексерістер жүргізілді.

Шараның 1 күнінде жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған 137 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелсе, оның 14-і - көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген  жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша (ӘҚБтК-нің 592-бабы), 12-сі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі немесе тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ жүргізушінің көлік құралын басқару дерегі бойынша  (ӘҚБтК-нің 612,1-бабы), 6-ауы – тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару бойынша (ҚР ӘҚБтК-нің 590,7-бабы),  ұялы телефонмен сөйлесудің (ӘҚБтК-нің 591,1 бабы) 26 дерегі бойынша заңбұзушылықтар орын алған. Барлық заңбұзушылықтар бойынша хаттама толтырылып, тиісті әкімшілік шара колданды.

 

Қызылорда ОПД баспасөз қызметі

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Тамыз 2019 >
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары