Өзекті мәселелер

  • 13.12.19

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мазмұны терең, мағынасы зор мақаласын жуырда тағы бір мәрте шолып шықтым. Сол сәтте ойыма­ Арал ауданының Тоқабай елді мекенінде тұратын ардагер ұстаз, сол өңірге танымал өлкетанушы Үргенішбай Қуатов оралды.

  • 13.12.19

    Менде арман көп. Қиялдай кетсем, ойымда шек жоқ. Туған жерімде лайықты білім алып, ата- анам, туған қарындасыма қамқор болғым келеді. Қарындасымды шексіз жақсы көремін. Ол – менің бауыр етім. Ата-анамыз бізге күн сайын бір-бірімізге қамқор, мейірімді, адал болуды үйретіп отырады. Өйткені мейірімділік әлемді құтқарады. Егер біз мейірімді болсақ, біздің өміріміз қуанышқа, бақытқа тол...

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    «Құмкөл-Қызылорда» авто­жолы­ның 70-інші шақырымында «Кеңлік» кен орнынан Шымкент қаласына бағыт­ алған «Neoplan» маркалы автобус­ аударылып, 8 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған. Мәліметтерге сүйенсек, автобус ішінде барлығы 36 адам болған. Олардың барлығы – «Саутс Ойл» мұнай компаниясының қызметкерлері» деген ақпарат барша қазақстандықтың қабырғасын қа­йысты­рғаны  анық.

    Толығырақ...
  • 05.12.19

    Алты құрлықты ақпарат билеген уақытта оған ілесіп отырудың өзі жетіс­тік. Соңғы жылдары «жаңа медианың келешегі кемел, ал дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бұлыңғыр» деген пікір бірен-саран айтылып жүр. Қай медианың алға озып, қайсысы артта қалатыны уақыт еншісіндегі дүние деп білеміз. Бірақ ел алдымен интернетте жылт еткен жаңалыққа емес, газет бетінде қатталған хабар­ға сенетіні анық. Ол – ақиқат. Толығырақ...

  • 05.12.19

     

    Ерғали  АБДУЛЛА


    Қу  ақша

    Бермеймін дегенді – бергізеді. Көрмеймін деге...

    Толығырақ...
Халық-хабар
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК АУЫЛЫ АНЫҚТАЛДЫ
13.12.2019 16:40

Кеше облыс әкімі Қ.Ысқақовтың қатысуымен "Үлгілі ауыл" байқауы қорытындыланды. Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – аудан (қала) ішілік, екінші кезең - облыстық. Облыстық комиссия аудан, қала әкімдіктері ұсынған ауылдық округтердің құжаттарымен танысып, бағалап, үздік ауылды анықтады.

Байқаудың мақсаты – жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету. Айта кетейік, бұл шара республика бойынша тек Қызылорда облысында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның басты ережесі  тірек ауылдық елді мекендер арасында екі санат бойынша сондай-ақ, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен және санитарлық тазалықтың жай-күйі бойынша бағаланды.

"Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін «Ауыл - Ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба шеңберінде елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқымды істер жүргізілуде. «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 2019 жылы аймағымызда 1,9 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қаралды . 2020 жылға «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд.теңгеге 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар, бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс",- деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

Байқауға  барлығы 8  елді мекен (оның  7-еуі тіректі елді мекен) қатысты.

Тіректі елді мекендер бойынша жеңімпаздар: 1 орын- Интернационал (10 млн.теңге), 2 орын- Аққұм(7,5 млн.теңге),  3 орын- Ақжарма (5 млн.теңге). Ал елді мекендер бойынша жеңімпаздар: 1 орын- Таң(10 млн.теңге), 2 орын- Гигант(7,5 млн.теңге), 3 орын- Қожакент ауылы(5 млн.теңге). Ынталандыру сыйлығын Қазалы ауданындағы Қарашеңгел (Жалаңтөс Баһадүр) мен Өркендеу (Жанкент) ауылдары иеленді.Сыйақысы (2 млн.теңге)

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 
Қызылордалық кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев мемлекеттік «Құрмет» орденіне ие болды
13.12.2019 15:40

Кеше Нұр-Сұлтан қаласынан сүйінші жаңалық жетті. Қызылордалық кәсіпкер Мұрат Сәрсенбаев екі бірдей ерекше марапаттың иесі атанып отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен: Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін қызылордалық «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасымен наградталды.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі мен «Атамекен» ҰКП-ның Мұрат Абайұлын аталмыш наградамен марапаттау туралы ұсынысы Президент Әкімшілігі тарапынан қолдау тапқан болатын.

Мұнан өзге, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырған «Жомарт жүрек» сыйлығының "ЖЫЛ МЕЦЕНАТЫ" номинациясы бойынша Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев лауреат атанды.

Айта кетейік, Мұрат Сәрсенбаев – жасампаз басқарушы, кәсіпқой, өз ісінің мықты маманы. Әрдайым мәселелерді шешуде ерекше амалдарды пайдалана отырып, басшылық және оперативтік құрам күшін шебер бағыттайды. Іскерлік, табандылық, принципшілдік қабілеттерімен ерекшеленеді.

Өзінің ұйымдастыру қабілетімен және осы саланы жақсы меңгерген қарапайым, кішіпейіл, заман талабына сәйкес білікті, білгір басшы ретінде өңіріміздің дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қайырымдылық демеу көрсету аясында «АбайДәулет» ЖШС компаниясымен жыл сайын жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, зейнеткерлерге, басқа да мұқтаж жандарға қомақты қаржылық көмек көрсетілуде.

Жалпы, «АбаймДәулет» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік саясатты қалыпты жүргізуді бизнесті дамытудың ұзақ перспективадағы негізгі талабы деп қарастырады. Әлеуметті сала мен күріш өңдейтін ауылдарды дамыту компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады.

Басшы өз қызметінде ауылдарды, мәдени және әлеуметтік жобаларды, қоғамдық және демеушілік шараларды қолдауға аса мән береді. Әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейіне жету компанияның корпоративтік мәдениетінің бөлігі.

Серіктестіктің негізгі міндеттері – әлеуметтік инфрақұрылымды қайта салу және дамыту, абаттандыру және көркейту, кадрларды дайындау, денсаулық сақтау мен спорт салалары, шағын және орта бизнесті дамыту.

2018 жылы «Абай Даулет» ЖШС-нің негізін қалаушы құрылтайшылардың шешімі бойынша түрлі бағыттардағы жобалар іске асырылған.

Атап айтқанда, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылына абаттандыру, көгалдандыру, аялдама салу шаралары қабылданып, ауылдағы мәдениет үйіне, балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар үшін ұлттық киімдер, жаңа оқу жылына мектепке құрал-жабдықтар алынды. Мұнан өзге, Сырдария ауданына қарасты Бесарық, Тоқмағанбетов, Сейфуллин ауылдарының балалары үшін ағылшын тілі орталықтары ұйымдастырылып, Ульсана Ұлттық Университетінде студенттер оқытылуда.

Спорт компанияның қайырымдылық бағыттарының бірі болып табылады. Компания тұрақты түрде Қызылорда қаласындағы және Бесарық ауылдық округіндегі спорт үйірмелеріне қаржылай қолдау көрсетіп келеді, және де жыл сайын жаңадан қосымша спорт орталықтарын ашуда.  Сырдария ауданы Бесарық ауылында – «Бокс», «Таэквондо», «Дзюдо» секциялары, Қызылорда қаласында – Қ. Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназиясында және №253 орта мектепте «Таэквондо» секциялары ашылды.

Сонымен қатар, компания Қармақшы ауданына қарасты ІІІ-Интернационал ауылына қомақты қаржы салып, ауылды абаттандырды, көгалдандырды, қырман мен көлікжайды жөндеп, жарықтандыру орнатты, балаларға арналған ойын алаңын салып, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетті.

М.Сәрсенбаевтың басшылығымен және тікелей қатысуымен «Абай Дәулет» ЖШС-гі қалдықсыз өнім өндіру жүйесіне көшті. Бұрын күріш қауызын арнайы құрал болмағандықтан тастауға мәжбүр болған мекеме бүгінде бұл мәселенің де шешімін тапты.

«Абай Дәулет» ЖШС-і Қызылорда қаласындағы 10 жыл бойы қараусыз қалған зауытты күрделі жөндеуден өткізіп, іске қосқан. Алғашында 7-8 адам жұмыс жасайтын зауыттың жұмысшыларының саны бүгінде 100-ге жеткен.

Зауыттың жұмыс процесі ешқандай қалдықтың қалдырмайты технллогия. Күріш салысы зауытқа түскеннен бастап бірінші қауызынан тазартылып, содан кейін ақтауға түседі. Ақталған күріштің өзі бірнеше електен өткізіліп, майдалары бөлек алынады. Одан әрі дайын болған өнім жуылып, кептіріліп барып арнайы көлемдердегі қаптарға салынады. Күрішті ақтау барысындағы жемі малға беріледі.

М.Сәрсенбаев пен «Абай Дәулеттіктер» күріш қауызын кәдеге асырудың жолдарын іздеп, шет елдік тәжірибелерді зерттейді. Кәсіпорын арнайы аппаратты шетелден алдыртып, бүгінгі таңда бұрын пайдаланылмай келген күріш қауызын пайдаға асыруда. Бастапқыда негізгі жемге 5 пайыз ғана қосып көріңіздер деген ұсынысты қабыл алған, қазіргі таңда 50 пайызға дейін қосатын болды. Арпа, сұлы, бидай және басқа да дақылдар қосылған жем малға ауырлық қылып, көтере алмай, соның салдарынан өлімге ұшыраған жағдайлар көптеп кездескен екен. Күріш құрама жемін пайдаланғалы мұндай жағдайлар 70-80 пайызға дейін азайған.

Бүгінгі күнге дейін күріш алқабында қалған масақтар мен күріш сабандарын өртеу арқылы ғана жойылатын. Мұның басты зияны топырақ құрамындағы органикалық минералдар жоғалады. Қытайда күріш егетін фермерлерге күріш қалдығынан қандай да бір өнім ойлап шығарса, өртемегені үшін субсидия төлейді екен. Ал Польшада отын болмағаны үшін қолда бар өнімнен отын жасауды қолға алған. Бұл бастамаға мемлекет қолдау көрсетіп, субсидиялаған. Нәтижесінде бұл елдерде 100-ге жуық зауыттар халыққа қол жетімді бағада гранула түріндегі отындар шығарып, отын мәселесі толығымен шешіледі. Осы тәжірибелерді зерттей келе, «АбайДәулет» компаниясы сабанынан гранула түріндегі отын жасауды қолға алуда. Қызуы жағынан көмірден кем түспейтін бұл отын түрін шығаруды қолға алса 4 мәселені шешуге болатындығын жеткізуде. Біріншіден жаңадан жұмыс орындары ашылады, екіншіден отынның құны арзандайды, үшіншіден сексеуіл, жыңғыл сынды табиғи отыр түрлерін бей-берекет пайдаланудың алдын алуға болады. Төртіншіден топырақтың құнары сақталмақ.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 
Теңіз төскейіндегі Тәуелсіздік тойы
13.12.2019 12:55

Тәуелсіздік бабаларымыздың арманы, ертеңгі күнге деген үкілі үміті болғаны әмбеге аян. Осы орайда, аталмыш мерекенің маңызы да ерекше. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт.

Теңіз төскейіндегі қабырғалы қауым Тәуелсіздік мерекесін кең көлемде атап өтуде. Аудандық мәдениет үйіндегі «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты салтанатты шара Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған, Қазақ халқының тарихына шолу жасалған қойылыммен ашылды.

Салтанатты жиындағы өзінің құттықтау сөзінде аудан әкімі Мұхтар Оразбаев «Тәуелсіздік жылдары өңіріміздің де экономикалық даму көрсеткіштері қарқындап, Арал өңірі зор жетістіктерге қол жеткізді. Уақыт талабына сәйкес, аудан көлемінде жаңартулар мен жаңғыртулар жасалды. Бұл тарапта әрбір аралдықтың еңбегі, лайықты үлесі бар», - деп атап өтті.

Шара аясында ант қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге куәлік табысталып, бірқатар тұрғындар мен сала үздіктері облыс әкімінің, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және аудан әкімінің алғыс хаты, «Қызылорда қаласына 200 жыл», «Жалағаш ауданына 80 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар азаматтар Арал ауданының «Құрметті азаматы» атағын, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқан, жомарттық танытқан жандар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығының номинациясы, «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі», «Астананың 20 жылдық», «Ғарышқа алғаш ұшқандарға 50 жыл толуына орай 50 жылдық» медалін, өзге де марапаттарды иеленді.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы

 
МҰНАЙ КОМПАНИЯСЫ АРДАГЕРЛЕРІН АРДАҚТАДЫ
11.12.2019 17:30

Аймақта мұнайды геологиялық бар­ла­у мен өңдеуден баста­п, оны жоғары сапалы мұнай өнім­деріне қайта өңдеуге дейінгі біртұтас технологиялық тізбегі мен маркетингін ұйымдастырып, тасымалдау жүйесін дамытып отырған бір ғана компания бар. Ол – «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ. 120 жылдық тарихы бар Қазақстан мұнайының игерілуінде алдыңғы қатардан көрініп келе жатқан компания Қызылорда облысы экономикасының оң динамика қалыптастыруына да өзіндік үлес қосып келеді. Қазақстандық мұнай сала­сын­дағы көшбасшы компан­иялардың бірі ретінде қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келе жатқанына да куәміз. Компания басқаруының және компания қызметінің тиім­ділігін үздіксіз арттырып, жұмыскерлердің көшбасшылық қасиеттерін ынталан­дырып және біліктілігін дамыт­а отырып, компания өз акционерлерінің тәжірибедегі, білімдегі, инновациялардағы, технологиялар мен басқарудағы артықшылықтарын пайдалану арқылы даму әлеуетін толық іске асыру тұрғысынан жаңылған емес. Сондай-ақ, компанияға еңбегі сіңген ардагерлерді ардақтап, зейнет жасына жеткен қызметкерлері мен мерейтой иелеріне құрмет көрсету шарасын дәстүрлі өткізіп келеді. Бұл жолы да игі дәстүрінен айнымаған ірі мұнай мекемесі ел тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында 20 қызметкеріне дастарқан жайып, құрметті еңбек демалысына шығарып  салды.

- Бүгінде компаниядан зейнет­ке шыққан 167 ардаге­рі­міз бар. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» демекші, компания басшылығы мұнайшы ардагерлерін құрмет тұтуға қашанда әзір. Биыл да компанияның 20 қызметкері бейне­тінің зейнетін көру үшін зейнетке шыққан болатын. Тәуел­сіздік күні қарсаңында салтанатты түрде құрмет көрсету бұйырып тұр. Еңбектеріңіз еленіп, құрметті еңбек демалысына шыққандарыңыз құтты болсын! Әрқайсысыларыңыздың еңбек орындарыңыздағы істеген жұмыстарыңыз, жас­тарға берген бағыт-бағдарла­рыңыз – кейінгі буынға үлгі-өнеге. Адал да жемісті еңбек еткен баршаңызға алғысымыз зор, - деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Болат Көшербаев шараның ашылу салтанатында.

Өздеріңізге белгілі, биыл Қазақстан мұнайына 120 жыл толды. Яғни, аша тұяқ түлік пен түйе табанның ізін ғана бейнелеп жатқан сайын дала жеріне алғаш рет бұрғы салынғанына осынша уақыт өткен. Мұнай саласының осындай ұлы мерекесімен қатар 60, 70, 80 жас мерейлі мезетін де қабат өткізген мерейтой иелері де назардан тыс қалған жоқ. Шара барысында компания басшылығы Әмірбек Қуанышбаевқа 80 жас, Қазыбай Ахметов, Барлыбай Биманов, Болған Бейім­бетоваларға 70 жас, Нұрпану Бекенова және Айна Ұзақбай­қызына 60 жылдық мерейтойына арналған құттықтау хат тапсырып, естелік сыйлықтар берді.

- Мен компания ашылған 1987 жылдан бері бас бухгалтер болып жұмыс істегенмін. Қазір 25 жылдық еңбек өтілімен зейнетке шықтым. Өте жауапты іс болған соң компанияның барлық сатысынан өттік. Біздің кезімізде бухгалтерлік есепті қолмен жазып-сызатынбыз. Ондай есепті шетелдіктер қабылдамайды, тіпті есеп жоқ деп санайды. Соның барлығын компьютерлік жүйеге алғаш ауыстырған да – өзім. Қазір әріптестерім сол ізбен жұмыс жалғастырып келеді. Еңбегім еленіп, жақсы жұмыс істегенім үшін құрмет грамоталарын алдым. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына орай да марапатталдым. Қазір де еңбек ұжымымен араласып тұрамыз. Мереке, мейрамдардан қалдырмай, шақырып тұрады. Жыл сайын зейнеткерлерге азық-түлік пакетін үлестіреді. Қызылорда облысында өз қызметкерлеріне осындай құрмет көрсететін бір ғана компания деп айта аламын, - деп жылы лебізін білдірді 70 жас мерейтой иесі Болған Ескендірқызы.

Компанияның қалыптасуы мен даму кезеңдерінің қайнар бастауында болып, шеберлігін көрсетіп, тәжірибе арқылы зор еңбек сіңірген ардагерлер де қуанышты кейіпте. Кәсібіне шын берілген қажырлы еңбек­шінің айқын үлгісін паш етіп, мұнайшылар қауымының ұр­пақтар сабақтастығының дәс­түрлі жалғасы бола білген жандар үшін ізгі тілек пен ниеттен артық құрмет жоқ. Сондай-ақ, зейнетке шығып жатқан құр­метті қызметкерлер де марапат төрінен көрінді.

- Жалпы еңбек өтілімнің 22 жылын осы компанияда өткіздім. Бүгінде зейнетке шығып жатырмын. Компания басшылығы, ұжым қызметкерлері тарапынан үлкен құрметке ие болдық. Бұдан кейін де байланысымыз үзілмейді деп сенемін. Елеп, ескеріп жатқандарына алғыс білдіремін, - дейді  Мұрат  Мұсаев.

- Бүгінгі зейнет демалы­сына шығып отырған компа­нияның еңбек ардагерлерінің жемісті еңбек еткен жылдарындағы қызметтік тәжіри­белері мол. Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен төккен терлеріңіздің нәтижесінде компания абыройы артып келед­і. Алдағы уақытта да біз сіздермен үнемі байланыста боламыз. Еңбек ардагері атанған сіздерден жас мамандардың үйренері көп. Отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс, елімізге тыныштық тілеймін, - деді «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ кәсіподақ комитетінің төр­айымы Бақытжан Мұқашева.

Айта кетейік, компаниядан зейнетке шыққан ардагерлер қатарында ең алғашқы мұнай алынған жылдан бастап еңбек еткен мамандар бар. Бүгінде сол аға буын баулыған шәкірт­тер жұмыс кестесін үздіксіз жалғастырып келеді. Шара соңын­да компания еңбек ардагер­леріне азық-түлік толы пакет таратты. Еңбек ардагерлеріне құрмет ретінде «Сырғалым» той орталығының әнші­лері мен би тобы өнер көрсетті.

Н.ҚАЗИ,

А.Тайгунов (сурет)

 
«Халықтың» тілшісіне бас жүлде бұйырды
11.12.2019 17:00

«Әншінің тілі – дауыс, бишінің тілі – қимыл» дейді. Ал ақынның тілі – сөзі. Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүргендердің қатары күн санап толығып келеді. Десек те, сөздің киесін ұғынып, сара сөзді сүзгіден өткізу білу де – өзіндік өнер. Өткеннен үлгі алып, өркениетке қол созған бүгінгі саналы ұрпақ ой-өрісі мен терең білімі арқылы тың идея, соны серпілістерімен тәуелсіз ел тарихының жаңа белестерге жетуіне ықпал етуде. Олардың қатарында қолына қаламын серік етіп, жыр жастанып жүрген ақынжанды жастарымыз бар. Сөз әлемінде зергерлігімен топ бастап жүрген жас ақындардың әр жетістігіне қуанамыз. Бүгін де сондай сүйінші жаңалықпен бөліспекпіз.

Жалағаш ауданында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Темірше Сарыбайды еске алуға арналған «Шындық – Тәңір» тақырыбындағы облыстық жазба ақындар жыр мүшәйрасы өтті. Сол текті қалам иелерінің тебірене жазып, арқалана оқыған жыр бәйгесінде «Халық» газетінің тілшісі, ақын Рыскелді Жахман бас жүлде иеленді. Рыскелдінің шығармашылықта ширығып, өркендей беруіне тілектеспіз.

Сыр елінің сөз зергерінің есімін келер ұрпаққа ұғындыру және жастар шығармашылығының өрлеуіне жол ашу мақсатында өткізілген шара ерекше сипатқа ие. Байқау жеңімпаздары ақын атындағы кезекті мүшәйраға қатыса алмайды. Есесіне келесі жылы республикалық көлемде өтетін жыр бәйгесінде бақ сынауға мүмкіндігі бар.

Халық-хабар

 
<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>

Күнтізбе

< Қаңтар 2020 >
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Сауалнама

Аса мәртебелі шенеуніктердің қылмысқа шатылып жатқандығы нені аңғартады?
 

Ауа райы

Валюта бағамы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталардың ресми бағамдары